Мұхтар Әуезов (1897-1961)
М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Жазушының творчестволық өмірбаяны. Жазушылық сапарын әңгіме мен пьеса жазудан бастауы. Әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Көксерек», «Білекке білек», «Іздер», «Құм мен Асқар», «Шатқалаң», «Бүркітші», «Асыл нәсілдер», т.б. Олардың тақырыбы мен проблематикасы, көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Эпикалық және лирикалық сипаттары. Драмалық шығармалары: «Еңлік-Кебек», «Қарағөз», «Айман-Шолпан», «Шекарада», «Тартыс», «Тас тілек», «Ақ қайын», «Сын сағатта», «Қынаптан қылыш», «Қарақыпшақ қобыланды», Түнгі сарын»,т.б. Олардың тақырыптық идеялық сипаты мен жанрлық құрамы, сюжеттік желісі, поэтикасы. 1930 жылдардан бастап түрлі жанрдағы шығармасында Абай образын жасауға бет Бұруы. «Абай» пьеса, «Абай жырлары» кинофильмнің сценарийі, «Абай» операсының либереттосы. Л.соболевпен бірігіп жазған «Абай» трагедиясы (1940). Проза жанрындағы алғашқы тарихи шығармашылығының бірі – «Қараш-Қараш оқиғасы» (1927). Шығармадағы алғашқы қазақ кедейлерінің өмірі. Повестің тарихи негізі. Бақтығұлдың шытырман тағдыры, бастан кешкен сан-қилы уақиғалары. Шығарманың халықтығы, ұлттық сипаты. Повестің тілі, суреттелігі, сюжеті мен композициясы. «Қилы заман» (1928). Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанры. Шығармадағы халық өмірінің көріністері, олардың тарихи шындыққа қатынасы. Ресейдің отаршылық саясатының қаталдығы мен сұрқиялылығы. Жазушының образ жасау шеберлігі, суреткерлік позициясы. «Абай жолы» — тарихи эпопея. Оның қазақ прозаның өсіп дамуына әсері. Бүкілодақтық әдебиет көлеміне көтерудегі мәні. Романдағы суреттелінетін дәуір шындығы. Абай образының даму заңдылығы. Оның гуманист, азамат ақын, ағартушы қайраткер, ойшыл, философ бейнесінде суреттелуі. Дәркембай, Базаралы, Михайлов, т.б. бейнелері. Әйелдер бейнесі:Зере, Ұлжан, Әйгерім, Тоғжан, Салтанат, т.б. Құнанбай, Тәкежан, Ысқақ, Шүбар, Майбасар, т.б.іс-әрекеті, образдары. Жазушының шеберлігі, романның көркемдік ерекшелігі. Эпопеяның негізін құраған тарихи өмір шындығы, этнографиялық фактілер және олардың көркемдік-эстетикалық қызметі. Образ жасаудағы ойдан шығару, оның өмір шындығына қатынасы, психологиялық талдау (аналитикалық, синтетикалық-лирикалық, эпикалық) Абай жөніндегі барлық еңбектерінің жиынтығы «Абай жолы» атты сериялы романы үшін жазушының Лениндік сыйлық алуы. М.Әуезовтің (халық) ауыз әдебиеті, әдебиет тарихы саласындағы зерттеу еңбектері. М.Әуезов және абайтану проблемалары. М.Әуезовтің әлем халықтары әдебиеті туралы ойлары. Қаламгер еңбектерінде жазышылық, шеберлік проблемаларының пайымдалуы. Аудармалары: Гогольдің «ревезоры», Шекспирдің «отеллосы», «Асауға тұсауы», Н.Погодиннің «Ақсүйектері», А.Треневвтің «Любовь Яроваясы», А.Кронның «Флот офицері», А.Тургеневтің «Дворян ұясы», т.б. Жазушы творчествосының зерттелуі. М.Әуезовтің көркемдік дәстүрлі және оның бүгінгі әдеби даму үшін маңызы.т