Міржақып Дулатов

Міржақып Дулатов (1885-1935)
Көрнекті қазақ жазушысы, ірі қоғам қайраткері М.Дулатовтың шығармашылығы XX ғасыр басындағы қазақ елінің саяси-әлеуметтік, қоғамдық жағдайы мен қазақстанда өтіп жатқан түрлі мақсаты саяси күрес, шайқастармен тығыз байланысты. Қоғамдық қызметін мұғалімдіктен бастаған М.Дулатов 1905 жылғы қазақ халқы атынан Ресей патшасына петиция жазуға дейінгі аралықта саяси, идеялық күрескер деңгейіне дейін көтерілді. А.Байтұрсынов пен М.Дулатов арасындағы достық қазақстан мемлекетінің егемендігін қалпына келтіру жолындағы идеялардан бастап, нақты іс-әрекет, күрес кезеңінде шындалған. Елдік сананы көтеру, өркениетке көз тігу, оқу-білім, өнер мен әдебиет – мерзімді баспасөз бетінде М.Дулатов, А.Байтұрсынов көп қозғаған тақырыптар. Олар шығармашылық қызметте де бірін-бірі қолдап, көмектесіп үн қосып отырған. «Қазақ» газетін шығарудағы А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың қызметі идеялық үндестіктің жемісі. М.Дулатов публицистикасының XX ғасыр басындағы қоғамдық санада алатын орны қаншылықты зор болса, қаламгер шығармашылығында алатын орны да аз емес. Нақты уақиғаларға қатысты ақын ой сезімін мөлдірете жеткізетін, бейнелейтін көркем тіл, батыл байлам, іс-әрекетке шақыратын пафос оқырманды бейтарап қалдырмаса керек.
М.Дулатовтың алғашқы шығармасы «Оян, қазақ!» аталған өлендер жинағындағы батыл ой қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдайларды шынайы суреттеу, теңсіздік пен қанаудың, надаедық пен зорлықтың негіздерін көрсету, іс-әрекет жасауға шақыру патша үкіметін қобалжытты. Кітап тәркіленді, автор куғындалды. 1910 жылы М.Дулатовтың екінші кітабы «Бақытсыз Жамал» романы жарық көрді. Қазақ қызы басындағы қайғылы жайды баяндайтын шығарма оқырманын тапты. Кітап 1914 жылы екінші рет баспа көрді. М.Дулатовтың елдік сананы ояту мен қазақ мемлекетінің егемендігі үшін күресуі, «Алаш» қозғалысына қатысуы Совет үкіметін де үрейлендірді. Қуғын көру, турмеге қамалау, қаламгердің көркем шығармашылықпен айналысуына мүлде мүмкіндік бермеді. Сондықтан да М.Дулатов оқу-құралдарын жазу және аудармамен айналысты (қуғыннан оралғаннан кейін). Лермонтов пен Пушкиннен, Әбу Фирастан, Н.Ановтан аударған шығармалары бар. М.Дулатов драматургия саласында да шамасына қарай еңбектенген. 1922 жылы «Балқия» атты 4 бөлімді пьеса жазған. Сол жылы Орынборда көркем өнерпаздар күшімен қойылып, үлкен табысқа жеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *