Министр: Ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді

Ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді

Қазақстанда кейбір жеке тұлғалар педагогтерге арналған жалған наградаларды жасап, оларды оңды-солды сатып жатыр. Күмәнді ақылы конкурстарға қатысу нәтижесінде алынған наградалар мен дипломдар педагогтерді аттестаттаудан өткізу кезінде ескерілмейді.

ҚР БҒМ ведомстволық наградаларының қатарына «Ы.Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Еңбек арадагері» төсбелгілері, «Құрмет грамотасы» және «Алғыс» грамоталары кіреді. Бұл ресми төсбелгілер мен грамоталар ведомстволық наградалар жөніндегі комиссияның шешімі бойынша ғана беріледі.

Сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» Заңға сәйкес 2020 жылдан бастап облыстық әкімдіктер мұғалімдерге арналған жергілікті наградаларды бекітіп, айтулы даталарға орай марапаттауға құқылы. Ол наградалар тегін екенін ескерген жөн.

?Толығырақ ҚР БҒМ сайтынан оқи аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/138960?lang=kk

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *