Мектептерде ақылы олимпиадалар өткізуге қатаң тыйым салынады
⠀
Жеке ұйымдар оқушылар мен мұғалімдерге арналған күмәнді ақылы онлайн конкурстар мен олимпиадаларды ұйымдастырып жүр. Сондықтан ҚР БҒМ педагогтерді, ата-аналарды ұйымдастырушылардың алаяқтық әрекеттерінен сақ болуға шақырады. Олардың көздеген мақсаты – заңсыз ақша жинау.
⠀
Білім және ғылым министрлігі ата-аналарға білім беру ұйымынан тыс ақылы негізде өткізілетін конкурстар мен олимпиадаларды таңдауда мұқияттылық танытуға шақырады. Мектептерде ақылы олимпиадалар өткізуге қатаң тыйым салынғанын да ескерген жөн.
⠀
?Толығырақ ҚР БҒМ сайтынан оқи аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/138960?lang=kk