Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)
Мағжан Жұмабаев — қазақтың көрнекті ақыны. Өмірбаяны, творчестволық жолы, қоғамдық-саяси, журналистік, оқытушылық қызметі.
Мағжан Жұмабаев — лирик. Ақын лирикасының жанрлық, тақырыптық құрамы алуан түрлі. Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына жазған өлендері. «Сүй, жан сәулем», «Батқан күн, тақан таңның жыры», «Айрылығында», «Сен – сұлу», «Жұлдыз – жүзік, айды алқа ғып берейін», «Сүйгеніме», «Жан жарымды бір сүйейін түсімде», «Күміс нұрлы Ай», «Шолпы», «Сүйгенім анық», «Жас сұлуға», «Махаббат не?», «Тірілдім», «Гүлсімге», «Көңіл», «Жел», т.б. Олардағы сезім мен парасат, ғашықтық сезім мен құмарлық сезім тайталасы шебер бейнеленген.
Ақын лирикасындағы ел мен жер, дала мен қала, өмір мен өлім тақырыптары ақындық ізденістері арқасында жаңа шешім тапқан. Көркемдік дәстүрге қатынасы, жаңашылдығы, өленді күйге (музыкаға) бөлу мен дыбыстан сурет жасаудағы суреткерлік даралығы, лирикаға тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез дарыту шеберлігі.
Поэмалары: «Қорқыт», «Батыр Баян» поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, тақырыбы мен идеясы, сюжеттік желісі, образдылығы, ақынның ауыз әдебиеті дәстүрлерін творчестволықпен пайдаланудағы жетістіктері арқылы іске асқан. Поэмалардың поэтикалық жүйесінде ауыз әдебиеті мотивтерінің атқаратын көркемдік-эстетикалық қызметі аз емес.
Әдебиеттану мен әдеби-көркем сын саласындағы еңбектері «Ақан сері», «Ақан сері сөздері», «Әубәкір ақсақал Диваев», «Базар жырау», т.б. Ақынның әдеби шығарманы, ақындық өнерді тану, талдау шеберлігі жоғары. Жазу, баяндау мәнеріндегі ғылыми нақтылық пен суреттілік көзге түседі. Көркем аударма саласындағы еңбектері. М.Горькийдің «Сұңқар жыры», «Жұртын сүйген жүрек», «Ана», «Темірді жұмсартқан ана», «Хан мен ұлы» әңгімелерін аударудағы үстанған творчестволық принципі, аудармашылық тапқырлығы мен шеберлігі аудармаларының маңызын көтерді. Мағжан Жұмабаев творчествосының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны, маңызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *