Ағылшын тілін оқыту

Оқу — сөйлеу əрекетінің негізгі түрлерінің бірі. Оқу сөйлеу əрекетінің
рецептивті түрлеріне жатады. Себебі ол графикалық белгілерді
қабылдаудан, түсінуден тұрады. Оқу сөйлеу əрекетінің тыңдау, жазу
сияқты түрлерімен тығыз байланысты. Оқу мен жазу дағдыларының
шет тілін үйретудің бастапқы кездегі алатын орны ерекше. Оқу мен
сөйлеу тығыз байланысты. Оқытудың екі түрібар.
1) дауыстап оқу
2) іштей оқу
Ағылшын тілін оқуға үйретудегі негізгі қиындықтар
Ағылшын тілін үйретудегі ең қиын процестің бірі -оқушыны оқуға
үйрету. Себебі ағылшын тілінде 26 əріп 146 əріптік белгі бар.
Оқуға үйрету тілдің əліпбиіндегі əріптерді таныстырудан басталады.
Ал ағылшын тілін үйретуде тілдің əріптер жүйесімен бірге дыбыстық
жүйесін де қатар үйрену керек. Сөздің дыбыстық белгіленуі транскрипция
арқылы беріледі. Оқушылар дыбыстардың ашық, үнді, дауыссыз, дауысты
екенін жəне дыбыстың буынның түрінде оқылу ерекшеліктерін білуі
қажет. Ағылшын тілінде оқытуда оқудың барлық ережесіне үйрету мүмкін
емес, дегенмен кейбір ерекшеліктерін есте сақтаған абзал.
Оқу процесін жеңілдету үшін жаңа сөздерді, сөз тіркестерін,
фразаларды алдын-ала оқыту қажет.

Оқуға үйрету əдістері

I. Оқыту əріпті сөзді жəне графеманы таныстырудан басталады. Бүл үшін карточкаларды қолдану ыңғайлы.
II. Ереже бойынша оқылмайтын сөзді жеке таныстыру:
III. Сөздердің сыңарын таңдап алу:
Оқуды үйретуде негізгі орын алатын транскрипцияны үйретуге
байланысты.
Ішінен оқуға үйрету
Ішінен оқуда негізгі орын көруге, көзді пайдалануға беріледі. Ішінен
оңыған кезде лексикалық, грамматикалық жөне айту дағдылары
дамытылады.
Оқудың үш түрлі қызметі болады:
1) жүйелеу, жинақтау
2) танымдық
3) қарым-қатынас
Ондағы негізгі мақсат — ағылшын тілін оқыту арқылы оқушының
өнегелік жəне эстетикалық жағынан əр жақты дамыған, саяси идеялық
жағынан танымды еңбексүйгіштікке тəрбиелеу. Бүкіл оқыту барысында
қатынастық бағыт бере отырып, ағылшын тілінен алған білімін іс жүзінде
жоғары оқу орындарында, еңбек ету барысында пайдалануға
дағдыландырады. Алайда, ағылшын тілін оқыту күрделі, ол қатынастың
функционалды бағытта болу тиіс. Қай тілдің болмасын механизмін үйрену
үшін мынадай екі жағдайды білу қажет.
1. Сол тілдің жүйесі қалай құрылған?
Оны тəжірибелік жағынан қалай меңгеру керек?
Демек, ағылшын тілінің құрылысын жəне оны тəжірибелік жағынан
меңгеру оқу процесінде бірте-бірте қатынастық ұйымдастыру тиімді деп
айтуға болады. Өйткені, қатынастық тəсіл оқу процесінің барлық жағын
қамтиды:
— сабақ əдістерін таңдау, оны жүргізу əдістері, жолдары, сабақ
мазмұнының тəрбиелік жəне білімдік меңгерудегі дағдысы мен қабілеті
т.б. Əр түрлі қатынастық маңсатта оқыту ағылшын тілін тəжірибелік жағынан меңгеруге ықпал жасаумен қатар оны үйренуге деген
қызығушылығын арттырады.
Оқытудың нəтижесі əдістерге тəуелді болады. Оқыту əдісі оқушыға
білім, тəрбие беру жəне оның қоғамдық мəнісін дамыту міндеттерінен
шығатын оқу материалын, теориялық жəне тəжірибелік меңгеру формасы.
Оқыту əдісіне қойылатын талаптар:
Оқыту əдісінің нақтылығы, ғылымилығы, жүйелігі, қол жетімділігі,
айқындылығы, нəтижелілігі.
Қазіргі кезде педагогикада оқыту əдістерін үш топқа бөліп қарастырып
жүр:
1) сөздік
2) көрнекілік
3) тəрбиелік-тəжірибелік əдістер
Оңытудың сөздік əдістерінің тобы мұғалімнің сөзіне сүйенеді. Сөздік
əдістердің тобына баяндау, əңгіме, түсіндіру, арнайы мəтін мен кітап оқу
жəне магнитафондық жазбамен, өз бетімен жұмыс жатады. Оқытудың
көрнекілік əдістеріне көрнекіліктерді құрастыру жəне оны пайдалану
жолдары жатады. Көрнекілік əдістер сөздік əдістермен тығыз байланысты.
Себебі, кез келген көрнекі құрал түсіндіріледі, талданады. Оқытудың
тəжірибелік əдістеріне оқушының киімі мен дағдыларын қалыптастыру
жəне жетілдіру процесіне байланысты əдістер жатады. Бұл əдістерге
жазбаша жəне ауызша жаттығулар, тəжірибелік жұмыстар, өз бетімен
орындалатын жұмыстың кейбір түрлері жатады. Ағылшын тілі пəніне тəн
оқытудың басты əдістері мыналар:
— əңгіме əдісі ағылшын тілі сабағында кеңінен қолданылуы тиіс. Оны кез
келген сабақта қолдануға болады. Сондықтан ол мазмұны жағынан сан
алуан болады. Əңгіме əдісі оқыту материалын оқушының жеке өмір
тəжірибесімен байланыстыруға үлкен мүмкіндік береді. Оқытуда
əңгіменің екі түрі пайдаланылады;
— сұрақ-жауап негізіндегі əңгіме жəне эвристикалық жаңалық ойлап
табу жолындағы əңгіме. Катехизикалық əңгіме оқушының білімін тексеру,
бекіту, оқылған мəтіндерді талдау жұмыстары үшін қолданылады. Ал,
эвристикалың əңгіме жаңа білім беру мақсатында оқушылар ойын жаңа
қағидалар мен қорытындыларға əкелу бағытында қолданылады.
Мəтіндерге тілдік талдау əдісі. Мəтіндерге тілдік талдау əдісі көркем
Ол мəтіннің сөздік құрамын анықтауда сөз мағыналарын, сөздердің
қолданылу мақсатын ашу, талдаудан тұрады. Талдаудың бұл түрі
оқушының логикалық ойлауын, талдау қабілетін дамытуға жетелейді.
Грамматикалық талдау əдістері. Грамматиканы оқығанда оқушылар
біріншіден грамматикалық құбылыстарды табады. Сөйлем мүшелері, жеке
морфемалар, олардың нақты белгілеріне қарай түр-түрге, мақсатына
сəйкес бөліп, толық грамматикалық сипаттама береді. Жұмыстың бүл
түрінде оқушының өздігінен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
Ағылшын тілін оқытудың тиімді əдістерінің бірі, сипаты, түрі, мақсаты
жағынан алуан түрлі жаттығулар жүйесі болады. Оқушылар жаттығулар
орындағанда тілге белсенді байқау жүргізеді, тілдік фактілерге талдау
жасайды, қорытындылайды, жинақтайды.
Тест əдісі. Қазіргі кезде ағылшын сабағында негізінен қолданылатын
əдістердің бірі — тест əдісі. Тест оқушылардың оқыған тақырыбын, игерген
білімдері мен білім дағдыларын тексеру, бағалау, өткенді бекіту, қайталау
сабақтарында пайдаланылады. Тест оқушылардың ойлау белсенділігін,
қабылдау, ой қорыту мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.
Оқуға қойылатын негізгі талаптар. Ағылшын тіліне тəн дыбыстарды
дұрыс оқуға байланысты мəтіндегі сөз, сөйлемдерді орфоэпиялық нормада
айтуға жаттықтыру үшін арнайы жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Мəтінді
оқытудан бұрын оның құрамында кездесетін жаңа сөздер түсіндіріледі.
Оқушылар мəтінді рөлге бөліп, оқумен, аударумен ғана шектелмей,
оның мазмұнын ағылшынша айтуға жаттығады. Мəтін бойынша
қойылатын сұрақтар осы талапқа сай ойластырылып, оқушылар мəтін
мазмұнын түсініп оқуға, жүйелі түрде айтуға талпынады. Бұл мақсатқа
жету үшін оқушының сөздік қоры мол, грамматикалық түлғаларды
меңгеру дəрежесі ойдағыдай болумен қатар, оны байланыстырып, сөйлей
білуі қажет.
Оқушылар мəтінді оқып, оның мазмұнын айтып беру үшін əр мəтінді
дұрыс мəнерлеп түсініп оқуы, сұрақтарға дұрыс жауап беруі, жетекші
сұрақтарға жауап беріп, тыныс белгісіне дауыс ырғағын келтіріп оқуы,
мəтінді əр сөзге, сөйлемдерге дауыс екпінін дұрыс түсіруі керек. Мəтінді
екі тілде бірдей аудара білуі маңызды. Əр мəтін сайын жаңа сөздердің, сөз
тіркестердің, мақалдардың, нақыл сөздердің сөздігін жасап отыруы қажет.
Мақал-мəтелдерді мəнерлеп оқу сөйлемдердің логикалық екпінге ие сөзді,
логикалық паузаны, дауыс ырғағын білуге үйретеді. Оқушы мəтінді
оқыған кезде алдына мақсат қоюы керек. Оларды шығарма кейіпкерлерін
өз атынан əңгімелетуге үйретудің де маңызы зор. Шығар-маның рухани
кейіпкерлерінің сезім сырларына баға бере отырып, оған тыңдаушы
назарын аударта білуі қажет. Автор сөзінің, төл сөздің дауыс ырғағын
сақтай отырып, төл сөздерді жалғас əуенмен оқуы тиіс.
Диалогтарды рөлге бөліп оқып, диалогты, мəтінді авторлық баяндау,
суреттеулерге оқуға жетілдіру, жаттықтыру да оқуға қойылатын негізгі
талаптарға жатады.
Тілді үйренудегі дұрыс айтудың маңызы. Кез келген тіл ауызша
сөйлеуден басталады. Барлық тілдердің негізі — дыбыс. Сөздер сол
дыбыстардан құралады. Сөзді түсіну үшін əуелі оны тыңдау керек. Сөзді
дұрыс айта білу үйренушінің осы сөзді дұрыс тыңдай білуімен тығыз
байланысты. Тілді үйретудің мақсаттарының бірі -үйренушіні сөзді жəне
таныс емес дыбыстарды тыңдай білуге үйрету. Сөзді тыңдау дегеніміз —
оның акустикалық формасын білу. Сондықтан сөзді айтуға үйрету
оқушының тыңдау жəне сөйлеу дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруда
үлкен орын алады. Сөзді айтуға тек қана тыңдау мен сөйлеуді үйрету ғана емес, сонымен қатар оны жазып, сөздің дыбыстарының графикалық белгіленуін үйрету
де жатады. Сөзді дұрыс айтпау оны түсінбеуге əкеліп соғады. Егер сөзді айтушы
сөздің бір дыбысын өзгертіп айтса, сөздің мағынасы өзгереді.
Мұғалім сөзді дүрыс айтудың маңызын жақсы білуі керек.
Ағылшын сөздерін айтудағы негізгі қиындықтар. Əр тілдің өзіне тəн
дыбыстық жүйесі бар. Бұл ағылшын тіліне де қатысты. Ағылшын тілінің
дыбыстары қазақ тілінің дыбыстарымен бірдей емес, бірақ екі тілде де
ұқсас дыбыстар бар.
Ағылшын тілінің мына дыбыстары айтуда қиындық туғызады: [w], [р],
[f], [еə].

Ағылшын тілінің дыбыстың жүйесі үлкен үш топқа бөлінеді:
1) Дауысты дыбыстар
2)Дифтонгтар
Дауыссыз дыбыстар
Ағылшын тілінде 12 дауысты дыбыс бар.
Ағылшын тілінде дыбыстың ұзақ-қысқалық қасиеті бар. Қазақ тілінде
дауысты дыбыстардың ұзақ айтылатын түрлері жоқ. Ағылшын тіліндегі
дауысты дыбыстың ұзақ түрінің айтылуы да əртүрлі.
Мысалы: Іеар [Іі:р] сөзі мен Іір [Іір] сөздерінде үзақ [і:], қысқа [і]
дыбысынан ұзақтау айтылады. Сондай-ақ, мына дыбыстың топтардың
айтылуында айырмашы-лықтар тек қана ұзақтығында ғана емес,
дыбыстық сапасында да бар. Мысалы: [і:] — [ і ], [u] — [u].
Ағылшын тілінің дыбыстық жүйесінің тағы бір ерекшелігі дифтонгтардың — қосарланған дыбыстардың болуы. Қазақ тіліндегі мұндай
қосарланған дыбыстар аз, ал ағылшын тілінде олар: [оu], [і:], [ju:], т. б.
Ана тілінде жоқ болғандықтан оқушылар бұл дыбыстарды айтқан-да,
оларды монофтонгқа ұқсас айтады. Ал, дауыссыз дыбыстар жүйесінде оқушыларға айтуға қиындық келтіретін дыбыстар: [р], [f], [w], [h], т.б. Ағылшын тіліндегі дауыссыз
дыбыстардың айтылу сапасы олардың сөздегі орнына байланысты.
Сөздерді айтып үйренгенде оның дыбысталуын ғана емес, сонымен
бірге оған түсетін екпінді де үйрету керек. Ағылшын тілінде екпін кейбір
сөздерде бірінші буынға түседі.
Ағылшын сөзін айтып үйренуде екпіннің маңызы зор. Ағылшын тілін
тыңдаушылар көбіне ағылшын тілін, оның екпініндегі ерекшеліктеріне
байланысты түсіне алмайды. Ал сөйлемді айту үшін негізгі екі əуенді қол-
данамыз, көтеру (гіzе) жəне түсу (fall). Бұл əуендер қазақ тілінің əуендеріне сай келмейді. Оқушылар оңығанда көбіне ана тілінің əуендерін
қолданады. Сондықтан сөйлем ағылшын сөйлеміне ұқсамай, мағынасы түсініксіз болады.

Айтуға үйретудің мазмұны
Ағылшын тілінде айтуға үйретудің негізі ретінде ағылшын тілінің əдеби
айту нормалары алынады. Бұл əдеби норма — ол тілдің радиода,
теледидарда, театрда, университеттерде, мектептерде қолданылатын түрі.
Біз оқушыларға ағылшын тілінің осы түрін оқытамыз. Бұл түрлердің
ерекшеліктері мынадай:
1) анық ритмнің сақталуы
2) дыбыстардың анық айтылуы
3) көмекші етістіктерді қысқартып пайдалану Сөздерді айтып үйренуде
оқушылар нені меңгеруі керек? Олар мыналар:
1) ағылшын тілінің дыбыстық жүйесі
2) қазақ тілі мен ағылшын тілінің дыбыстық жүйесіндегі айырмашылықтарды білу
3) сөзге екпін қоя білу, сөйлемге дұрыс əуен қоя білу, сөйлемді дыбыс,
дауыс ырғағын топтарға бөле білу
Ағылшын тілінде айтылған сөйлемді тек қана оның айтылуы, дауыс
ырғағы дұрыс болғанда түсінуге болады.
Лексиканы оқыту туралы айтқанда, лексиканы түсіндіру жəне оны
оқушылардың игеруі туралы айту керек. Əр сыныпта бұл сұрақтардың
ерекшеліктері бар, сондықтан əр кезеңде сөзді үйрету əдістемесі əр түрлі
болады. Шет тілінің сөзін үйретудің негізгі түрі — оны туған тілге аудару, оның
аудармасын білу. Аударманы қолданудың жетістігі — сөздің туған тілден
аудармасын жылдам тауып, оның мағынасын есте сақтауға мүмкіндік
беруі, ал кемшілігі кейде сөздің туған тілде баламасының болмауы. Бұл
тілдерді білу деңгейінің алуандығына да байланысты. Кей жағдайда сөздің
мағынасын тіке аудармай, сөйлемнің деңгейінде аударамыз.
Тілді аударып пайдалану оқыту барлық кезеңінде жүргізіледі. Сөз
дыбыстан құралады, əріппен жазылады, оқу ережесі болады.
Сөзді үйретудің басқа бір түрі — көрнекілікті пайдалану. Көрнекілік
сыртқы (заттың немесе суреттің) жəне ішкі (тілдік) болып бөлінеді. Заттық
немесе суретті көрнекіліктің сөздің мағынасын берудегі қызметі өте
төмен. Мысалы, сыныптағы, үйдегі заттардың атауын білу көп
көмектеседі, керісінше, заттардың суретін салу оның мағынасын беруге
көмектесе алмайды, кейде оқушылар заттарды суретіне қарап тани
алмайды. Сондықтан затты көрсеткеннен кейін оның аудармасын беру
керек.

Тілдік көрнекілік шет тілін оқытуда кеңінен қолданылуы керек. Тілдік
көрнекіліктерге мыналар жатады:
1. Сөздің мағынасын сөйлем аясында түсіндіру.
2. Сөздің мағынасын антонимдер, синонимдер арқылы түсіндіру.
3. Сөздің мағынасын сөз жасау белгілері бойынша түсіндіру
4. Сөздің мағынасын оның ағылшын тілінде берілген анықтамасы
бойынша түсіндіру:
5. Енді осы тілдік көрнекіліктің мықты жəне əлсіз жақтарын
қарастырайық.
Контекст-мағына — бұл көрнекіліктің пайдасы сөздің сөйлемде
қолданылған мағынасы ой туғызады, есте ұзақ сақталады, бірақ
сөйлемдегідей оның мағынасы негізгі мағына болуымен қатар қосымша
мағынасы болуы да мүмкін, осы жағдайда оны қолдану тиімді емес.
Сондықтан сөйлемдегідей мағынасын іздеп табу керек, бұл оңай емес,
оған қосымша түсініктеме берілуі керек.
Синонимдер мен антонимдер.
Жаңа сөздің мағынасын үйретудегі синонимдер мен антонимдердің
маңызы шектеулі. Себебі, синонимдердің мағынасы негізгі мағынаға өте
жақын емес. Сондыңтан амонимді пайдалану онша табысты емес.
Сөйлемдегі сөздің қолданылу мағынасы да түрлі жағдайда əртүрлі.
Сөз жасау: сөз жасау жолдарын талдау сөз мағынасын түсінудің жаңсы
құралы, бұл тек сөздің түбірі оқушыға таныс болғанда ғана табысты
болады. Егер түбірсөз түсініксіз болса, жасалған жаңа сөздерді игеру де
қиын.
Сөздің мағынасын ағылшын тілінде бейнелеу (суреттеу). Сөздің
мағынасын алудың бұл түрі белгілі бір жағдайда қолданылады. Оның
мағынасын алуға жəне өткен жаңа сөздерді де қолдануға, қайталауға
қолданса өте тиімді болады.
Тілдік көрнекілікті барлық оқу кезеңінде қолдануға болады. Бірақ оның
барлық түрлерін бірдей қолдана алмаймыз. Мысалы, сөз жасауды кез
келген кезеңде əр түрлі деңгейде қолдануға болады. Суреттеуді жақсы
дайындық бар кезеңде ғана қолдануға болады. Тілдік көрнекілікті қолдану
сөздің аудармасын бермей-ақ қоюға болады деген сөз емес.
Сөздер мəтінді оңымастан бұрын түсіндіріледі. Сөзді жекелеп алып
түсіндіруге болады немесе тұтас сөйлем мағынасында түсіндіріледі. Сөзді
оқу процесімен жарыстыра отырып түсіндіруге болады.
Сөздің мағынасын түсіндірудің жолдары сөздің түріне жəне оқыту
деңгейіне байланысты.
Сөзді мəтінді оқымастан бұрын түсіндіру
Сөзді мəтінді оқымастан бұрын түсіндіру үшін жаңа сөздерді тыңдау
қажет, оның айтылуын үйрену, айту қажет, сөзді тақтаға немесе дəптерге
жазу керек, сөздің жазылуын жəне транскрипциясын, оның аудармасын
бірге жазады. Сөзді осылай түсіндіргенде оны затты немесе суретті
қолданып көрсету үні бірге қолданылады.
Сөздермен жүмыс жасау жолдары мына үлгі бойынша жүргізіледі:
1) затты көрсету
2) сөзді бірнеше рет айту (дыбыстау)
3) сөзді туған тілге аудару
4) сөзді жекелеп немесе хормен айту
5) сөзді таңтаға транскрипциясымен, аудармасымен жазу
6) мүғалімнің көмегімен дыбыстарға əріптік талдау жасау
7) сөзді сөздікке жазу
Əрі қарай мəтінді оқу кезінде сөздің мағынасы түсіндіріледі. Əр жаңа
сөзге тоқталу қажет. Сөздің мағынасын анықтауға барлық оқушылар
қатысады. Түсіну тірегі ретінде сөздің тек сөйлемдегі мағынасы ғана емес,
оның сыртқы белгілері де қолданылады: сойлемдегі сөздің орны, сөздің
алдында артикльдің болуы, сөз жасаушы суффикстер мен профикстердің
болуы.

Ағылшын тілі пəнінен сыныптан тыс жұмыстардың маңызы күннен-күнге
өсіп келе жатыр. Сыныптан тыс жұмыстар қала жөне ауыл мектептерінде
де жүргізіледі. Шет тілінің мұғалімдері сыныптан тыс жұмыстарды кейде
өз дəрежесінде өткізбейді. Олар жұмыстың бұл түрін қосымша деп
есептейді, уақыт болған жағдайда ғана өткізеді. Бұл дұрыс емес.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пəнге деген қызығушылығын
оятып, ағылшын тілі оқыту ісіне үлкен пайда əкеледі. Сыныптан тыс
жұмыстардың тілді үйретуде үлкен рөлін соңғы кезде тəжірибе жүзінде
көруге болады. Сыныптан тыс жұмыстардың оқу процесіндегі алатын
орнын үнемі есте сақтау қажет.
Сыныптан тыс жүмыстардың тілді оқып үйренудегі рөлі
Қазіргі кезде мемлекеттік тіл халықаралық, экономикалық, саяси жəне
мəдени байланыстарын ұлғайтып келеді. Əсіресе, экономика саласында
шетелдік инвестициялардың көптеп тартылу ағылшын тілінде сөйлей
білуді талап етеді. Сондықтан, қазіргі мектептердің алдында тұрған міндет
— ағылшын тілінде сөйлей жəне жаза білетін мамандарды даярлау. Бүл
жұмыстар оқу бағдарламасымен бекітілген. Бұл мақсатқа жету үшін
сыныптан тыс жүмыстардың маңызы зор. Ағылшын тілін тек пəн ретінде
ғана емес, оны тілдік атмосферада жəне қарым-қатынас құралы екенін өз
көздерімен көріп сезінеді. Мысалы, ол шет тілінің мұғалімімен кездес-
кенде, газет оқу процесінде кездеседі. Мұғалім оқушыға сол елдің
жағрафиясы, тарихы, əдебиеті, өнері туралы кеңірек білім береді. Мұғалім
сыныптан тыс жұмыс əзірлеу кезінде оны жақсы ұйымдастырып, берілетін
материалды дұрыс таңдап жəне бұл жұмысқа оқушыларды ұйымдастыра
білсе, жаңа əдістеме мен технологияны қолданса, ол жұмыс тиімді болмақ.

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда мұғалім оның сабақ
процесінен формасы мен мазмұны жағынан үлкен айырмашылығы бар
екенін есте ұстау қажет, бірақ сабақ процесінде осы жұмыстарды жүргі-
зудің негізі қаланады. Мысалы, 5-6 сыныптарда мынадай сөйлем үлгілері
оқылады. Сыныптан тыс жұмыстар кезіндегі ойын ойнау сабақтарында осы
сөйлем үлгілері қолданылады. Сыныптан тыс жүмыстар міндетті емес,
оқушы бүл жұмысқа өз еркімен қатысады. Ұйымдастыру кезінде тек қана
үздік оқушыларды таңдап алу дұрыс емес. Бұл жұмыс түрінде баға
қойылмайды, бірақ оқушының қандай жүмыс жасағаны жазылады.
Нəтижелі жұмыс мектеп бойынша айлықтар, жарыстар концерттер,
ертеңгілік өткізгенде көрінеді. Оқушылардың белсенділігіне,
шығармашылығына негізделеді. Сонымен қатар, əр оқушының икемі,
қызығушылығы ескеріледі. Əр жаңа жұмыстың материалы түсінікті, жеңіл
түрде беріліп, əр түрлі формалар мен тəсілдер жəне аудио-видео құралдары қолданылуы керек, оқушы өз жұмысының нəтижесін көріп,
қанағаттануы қажет, өзінің жетістігін көре білуі қажет. Сыныптан тыс
сабақтардың мынадай түрлері бар:
1) жеке

2) топтық
3) бұқаралық


Жеке түрі. Мұнда бір оқушымен жүмыс жасалады. Жұмыстың бұл
түрінде оңай жəне көп жетістікке қол жеткізуге болады.


Топтық

түрінде.
1) бұл түр көбінесе оқушылардың
қызығушылықтарына, я əуестіктеріне байланысты ұйымдастырылады.
Олар ойын үйірмелері, хор, ауызша үйірме, драма үйірмесі, əдебиет жəне
өнер үйірмесі. Альбом жасау, газет шығару, буклет жасау, сурет, макет
жасау. Бұқаралық жұмыстарға ағылшын тілінде жарыстар, дискуссиялар, ток-
шоулар, конференция, кештер, ертеңгілік өткізу, энциклопедиялар əзірлеу,
ойындар өткізу, газеттер шығару, стенд əзірлеу жатады. Бұқаралық
жұмыстың бір түрі — клуб жұмысы. Мысалы, ағылшын тілі клубы, мұнда
ағылшын тілінде сөйлеушілермен кездесулер өткізу, ағылшын тілінде
қойылымдар əзірлейді.
Сыныптан тыс жұмыстар əдейі ұйымдастырған бөлмеде, суретті,
композиторлардың суреттері сол елдерге қатысты басқа да материалдар
болуы қажет. Көрнекіліктер ауыстырылып отыруы керек. Бөлмеде елдің
картасы, ағылшын тіліндегі кітаптар, магнитофон, суреттер болған дұрыс.
Сонымен бірге, ойын түрлері лото, домино, ағылшын тіліндегі газет-
журналдар жəне соңғы жаңалықтардың бүрышы болуы керек.
Сыныптан тыс жүмыстардың мазмұны жəне оны жүргізу тəсілдері.
Бұл жұмыстарды əзірлеу үшін қосымша материалдар алуға тура келеді.
Бұл жаңа материал, ақпарат оқушының қызығушылығын оятады, қызығу
туғызған нəрсе оқушының ойында ұзақ сақталып, əрі қарай жұмыс істеу
мүмкіндігін арттырады. Оқушының сөйлеуіне, оқуына, жазуына, түсінуіне
табиғи қажеттілік туғызу керек. Оқушының əрбір сұрағына,
қызығушылығына мұғалім жауап беруге əзір болуы тиіс. Ол оқушыға тілді
қалай қолдануға болатынын көрсетуі қажет. Ол нақты жағдайға бай-
ланысты жаңа сөздер мен құрылымдарды үйретеді. Жаңа материал алудан
қорықпау қажет. Оқушы өзі қызығып жасаған жұмысын жақсы жасайды,
өзінің дарындылығын, білімін көрсетеді. Материал əр жағдайға арналған
тиянақты түрде іріктелуі қажет. Сыныптан тыс жұмыстардың табысты
болуы мынадай факторлармен анықталады:


1) сыныптан тыс жұмыстар сабақ процесімен байланысты
2) оқушылардың энтузиазмы
3) жағдайдың нақтылығы
Сыныптан тыс жұмыстар сабақ жоспарымен байланысты болады.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылығы мен ынтасына
негізделсе, екіншіден мүғалімнің тілдік материалды, табиғи жағдайды,
тілдік тəжірибені пайдалануына негізделеді. Мұғалім тапсырма береді,
өткізу жоспарын жасайды, керекті материалды береді, көмектеседі, қалған
жұмыстарды оқушылар аяқтайды. Жоғарғы сынып оқушысы төменгі
сынып оқушысына көмектеседі.
Қорыта келгенде, төмендегілерді ескеру керек:
1. Сыныптан тыс жұмыс — ағылшын тілін оқытудың құрамдас бөлігі.
2. Сыныптан тыс жұмыстың əр түрлі формалары арқылы мүмкіндігінше
көп оқушыны қамту керек.
3. Сыныптан тыс жұмыста техникалық құралдар қолданылуы қажет.
4. Сыныптан тыс жұмыста оқытудың алдыңғы қатарлы, жаңа үлгілерін
қолдану қажет.
Сыныптан тыс жүмыстың мазмұны мен əдістемесін одан əрі қарай
жетілдіру қажет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *