Ахмет Байтұрсынов (1873-1938)

Ахмет Байтұрсынов (1873-1938)
Ахмет Байтұрсыновтың аса көрнекті қоғам қайраткері, саңлақ, санаткер, ірі ғалым – лингвист екені. Шығармашылық және көсемсөздік (публицистикалық) мұрасының ұзақ жылдар бойы негізсіз жоққа шығарылып келгені. Қазақ зиялыларының Ахмет Байұрсыновты қазақтың рухани көсемі деп тануы. А. Байтұрсыновтың қоғамдық –саяси, ғылыми, әдеби қызметінің шындығы. Оның шығармашылығының жазықсыз жазаланғанға дейінгі әдеби-ғылыми ортада бағалаеуы. А. Байтұрсыновтың шығармашылығы, азаматтық тұлғасы туралы М. Дулатов, С. Сейфуллин, М. Әуезов ой-пікірлерінің тарихи және ғылыми маңызы. А. Байтұрсыновтың халық ағарту, ғылым саласындағы еңбектерінің мәні. Оқу құралдарын жасау жолындағы қызметі. Тұңғыш биресми газет шығарушы екені, «Қазақ» газетінің бас жазушысы ретінде саяси- әлеуметтік, мәдени-ағарту, әдебиет пен өнер жайлы жазған мақалаларының құндылығы. Аударма саласындағы шығармашылығы («Қырық мысал» 1909ж.) Мысал аудармаларының жаңашылдығы . Аудармадан төл туынды жасау шеберлігі. Мысал аудармаларындағы Абай дәстүрі және өзіндік ерекшелік («Қарға мен түлкі», «Бақа мен өгіз» т.б.). Пушкин, Надсон, Жадовская, т.б. жасаған өлең аудармаларыныңкөркемдік жетістіктері. Аударма жинағының белгілі жүйемен құрылуының өзіндік бет- бағдарды танытатыны. Тақырыбының әр алуандығына қарамай, жинақтағы басты ой-идея ел азаттығы екені. Төл туындыларының жинағы («Маса», 1911ж.). Өлеңдеріндегі ой- идея сонылығы («Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ») . Азаттық сарынның басым келуі. Отаршылдық саясатқа ашық қарсы шығып, ел санасын оятуға ұмтылуы. Өлеңдерінің көркемдік жетістіктері. А. Байтұрсыновтың ақындық жаңашындығы. Азатшыл бағыттың көш бастаушысы екендігі.
ХХ ғасырдың басында тюркология, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихы, теориясы саласында жасаған еңбектері. Абайды алғаш ғылыми тұрғыдан зерттеуші екені («Қазақтың бас ақыны»). Қазақ жазба әдебиетін өркендетудің жолдарын меңзейтін мақалалары («Білім жарысы» т.б.). А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиеті ғылымындағы әдебиеттануды қалыптастырушы ғалым ретіндегі орны. «Әдебиет танытқыш» атты кітабының (1926) бұл саладағы тұңғыш еңбек екені. Зерттеу еңбектегі әдебиеттанудың ғылыми-теориялық бастауын жасап, басты-басты атаулар мен ұғымдардың терминдік негізін ғылыми жүйеге түсірудегі ізденістері. Жалпы әдебиет, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет туралы ой-пікірлерінің ғылыми-жүйелілігі. Жазба әдеби тіл, қазақ өлең өрнегі, осыған қатысты атаулар мен терминдерді қалыптастырудағы ғылыми ізденістерінің бағалығы.
Ахмет Байтұрсыновтың ХХ ғ.б. қазақ әдебиетіне қосқан ұланғайыр арналы үлесінің тарихи мәні. Ол негізін салған азатшыл бағыттың кейінгі жастар шығармашылығында жалғасын табуы. Бүгінгі ғылыми-әдеби зерттеулердегі А. Байтұрсынов шығармашылығына деген жаңаша көзқарастар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *