Қорқыт ата дастаны. «Қорқыт ата кітабы» — түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысы, әдет – ғұрпын, салт – санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра. Қорқыт ата хикаясы – YII – YIII ғасырларда Сырдария бойын ұрпақтан – ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге шығарм.
Біздің дәуірімізге дейін «Қорқыт ата кітабының» екі қолжазба нұсқасы сақталып келген.
Қазақстан ғалымдарынан «Қорқыт ата кітабын» зерттеу, аудару, насихаттау ісіне академик Ә. Марғұлан, профессор Ә. Қоңыратбаев және филология ғылымдарының кандмдаты Б. Ысқақов белсене ат салысып келді.
«Қорқыт ата кітабының» сюжет құрылысы, эпикалы бейнелері, композициялық желісі, өлең құрылысы, көріктеу құралдары қазақтың толып жатқан жыр дастандарына жақын.
• Бақылау сұрақтары:
1. Ежелгі дәуір әдебиеті.
2. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет.
3. Күлтегін және Тоныкөк жырлары.
4. Қорқыт ата дастаны.
• Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қыраубаева, А. Шығармалар жинағы. 5-томдық. Т.2. Ежелгі әдебиет / А. Қыраубаева; [томды баспаға әзірлегендер Г.Асқарова, Н.Мәтбек].- Алматы: Өнер, 2008. 114-118 б.
2. Келімбетов, Н. Ежелгі дәуір әдебиеті: Жоғары оқу орынд. филол. фак. арн. / Н. Келімбетов.- 2-ші бас., толық.- Алматы: Ана тілі, 1991. 63-68 б.
3. Кенжебайұлы, Б. Шығармалар жинағы: 5-томдық. Т.1. Түрік қағанатынан бүгінгі күнге дейін… / Б. Кенжебайұлы.- Алматы: Асем-Систем, 2010. 142-147 б.
4. Жүсіп Баласағұн. 2-кітап/ Бас ред. Арын Е.М.- Павлодар: С.Торайғыров атындағы мемлекеттік ун-т, 2003. — 205 б.- (Рухнама. Кереку-Баян кітапханасы).
• Модуль 1. Ежелгі дәуір әдебиетінің даму кезеңдері
• Тақырып 2. Оғыз дәуіріндегі әдебиет
• Дәріс жоспары:
1. Оғыз-наме дастаны.
2. М.Қашқари «Диуани лұғат-ат түрк».
3. Ж.Баласағұн «Құтты білік».
«Оғыз — наме» — түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма. «Оғыз – наме » — әрі көркем, әрі тарихи туынды деуге болады.
«Оғыз — наме» көркем қара сөз, яғни проза түрінде жазылған шығарма. «Оғыз – намеде» негізінен Оғыз қағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ерлік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеясы – елді ауыз бірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.
Бұл көркем туындының ауызша тарағаннұсқалары негізінде кейнірек қайта жазылған екі нұсқасы бар. Бірі – ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған. Екіншісі – араб әрпімен жазылған.
«Оғыз — наме» — генелогиялық аңыздар негізінде жазылған, қазіргі түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан едәуір мағлұмат беретін, көркемдік дәрежесі биік, эпостық туынды.