ШАЛКИІЗ ТІЛЕНШІҰЛЫ (1465-1560)

ШАЛКИІЗ ТІЛЕНШІҰЛЫ (1465-1560)
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560)- қазақтың жыраулық поэзиясының атасы. Шалкиіз алшын руы, Құяс табынан шыққан. Әкесі тіленші дала шонжарларының бірі болған. Шешесі Ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызы. Шалкиіз үш айлығында анасынан айырылып, нағашы атасының тәрбиесінде болады. Жырау өмірінің басым бөлігшін ноғай ордасының әміршісі Темір бидің төңірегінде өткізген. Шалкиіздің шығармалары В.В.Радловтың, дағыстандық Мұхамед Османовтың кітабында ерте кезде (1883 ж.) жарық көрген. Жыраулардың ішінде Шалкиіз шығармалары алғаш рет орыс тіліне аударылған. Ақын шығармашылығы төңкерістен кейін көп жылдар бойы париялық талап пен саясаттың назарына іліккен. Шалкиіз – сахара жұдызы, дала данасы, сөз құдіреті, көмейінен күмбірлеген жыр төгілген классикалық дәрежедегі жырау. Оның шығармалары философиялық тоглғауларға толы, «далалық пәктік пен сұлулық». Шығыс даналығын бойына жиған, бай қиялға, қазақ поэзиясын суреткерлік шырқау биікке көтерген екпінді қуатты поэзия. Шалкиіз жырлары — өзі сияқты өр де тәккаппар, батыр да, батыл, шыншыл да сыншыл, ықшамды да ойнақы., нақты, әрі терең шын өнер, шын сөз даналығының көзі. Шалкиіз — новатор, қазақ әдебиетінің тарихындағы өзгеше құбылыс, «феномен». Шалкиіз поэзиясының рухы – ерлік. Жырау толғауларындағы соғыс майданы, найза өңнерген жауынгерлер, қаптаған қалың қол көріністері орта ғасырлық жыраудың өз көзімен көрген, куә болған жайттары.
«Би Темірге бірінші толғау» — Темір бидің іс-әрекетіне риза болмай шығарған толғауы. Темірді аспандата, асқақтата тіті табына мадақтайды. «Алдаспаным», «қағбам», «арабы торым», «алтынсың, жібексің, сұңқарсың» деген сөздермен береді. Өз бейнесін керісінше кішірейтіп береді. Ол үшін салыстыруды, балауды шебер пайдаланады. Толғауға ақыл-нақыл, афористік сарын тән. Жыраудың бұдан басқа философиялық ой-тұжырымға негізделген әр тақырыптағы өлеңдері – «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Шағырмақ бұлт жай тастар», «Асқар, асқар, асқар тау», «Айырдан туған жампоз бар» тәрізді өлеңдері бар Бұл толғаулары көлемінің шағындығы, ықшамдығымен, айтылмыш ойдың нақтылығы, анықтығымен ерекшеленеді. Жыраудың артында ақыл-нақылға, мақал-мәтелге айналып кеткен сөздер мол. Мысалы: «Жаманнан туған жақсы бар , Адам айтса нанғысыз», «Жауынды күні көп жүрме, Жар жағасы тайғақ-ты, Жаманға жақыным деп сөз айтпа, Сол жаман күндердің күні болғанда өз басыңа айғақ-ты» т.с.с

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *