Редакциялау ұғымы өте күрделі ұғым. Латын тілінен аударғанда «redactus» – «тәртіпке келтірілген» деген мағынада. Баспасөз, радио, теледидарда редакциялау қоғамдық-әдеби іс-әрекет облысы, жариялауға материал дайындау дегенді білдіреді. Көптеген жағдайда редакциялаудың міндетін айқындауда оның мәтінді түзету деген бір жағы ғана қарастырылады. Түзету — редактор іс-әрекетіндегі маңызды құбылыс. Оның басты міндеті мазмұн мен шығарма формасына сараптама жасау болып табылады. Бұл оны дұрыс бағалау мен жетілдіру үшін қажет. Редакциялаудың міндеті – шығарманың қоғамдық бағалануы. Теледидардардағы редакциялау пәні түрлі жанрдағы мәтіннен бастап бейнеқатардың иллюстрациялары бола алады. Редакциялауға саяси және қоғамдық мәні бар аспект кіреді. Редакциялау арқылы шығармадағы қателер түзетіледі. Редактордың міндеті — өзі түзеген материалдың эффектілі болуын қамтамасыз ету. Ол эфирге шығатын жарияланымға толығымен жауапты. Ал сыншы-рецензент жарыққа шыққан материалдың кемшілігі мен құндылығын анықтайды, көрермен мен оқырманға оны дұрыс бағалауға көмектеседі, авторға қажетті кеңес береді.
Өзінің ақпараттық қызметін орындау барысында БАҚ материалдары жақсы, түсінікті баяндалуы тиіс, өйткені ол түрлі топ өкілдеріне арналады. Редактордың шығармашылық мүмкіндігі мен шеберлігінен материалдың сапасы айқындалады. Редактор мамандығында сыншы мен тіл маманы, стилист пен педагог, ұйымдастырушы мен суретші мамандығы ұштасады. Редактор өз білімін әрдайым жетілдіріп отыруы қажет. Жан-жақты білімі бар, логикалық ойлауы зор, әдеби тілдің нормаларын жетік білетін адам ғана редактор бола алады. Редакторлық бағалау – шығармаға нақты мақсат тұрғысынан қарау, автор еңбегін шыншылдық масштабымен айқындау.
Редактор кітап, радио немесе телебағдарлама дайындаудың барлық өндірістік-технологиялық процесін білуі шарт. Полиграфия негіздері мен техникалық мүмкіндіктерді білуі оған шығарманың әсерін күшейтуге көмектеседі. Редакциялау – шығармашылық процесс, оны редактордың жеке дара ерекшеліктері айқындайды. Бүгінгі таңда тәжірибеде редакциялаудың жалпы әдістемесі қалыптасты.
Дайындық кезеңі. Редакторлық іс-әрекеттің басы – дайындық кезеңі болып табылады. Оны ұйымдастырушы – шығармашылық кезең деп те есептеуге болады. Оған басылым, радио немесе теледидар бағытына сәйкес тақырыптық бағдарын айқындау, айдарлар мен жобалар, автор таңдауы жатады.
Әдеби редакциялаудан ең алғашқы дәрісін 1952 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде профессор К. И. Былинский оқыған. Бұл дәріс арқылы курстың жалпы концепциясы қалыптасып, бағдарламаның негізгі бөлімдері анықталды. Бұл жаңа оқу бағдарламасының дайындық кезеңі аяқталды дегенді білдіреді. Практика бағдарламасы жасалып, алғашқы әдістемелік еңбектер жарық көре бастады.
«Әдеби редакциялау» ұғымы баспасөз тарихына К. И. Былинскийдің «Әдеби редакциялау мен газет материалдарына түзету енгізудің негіздері» кітабы жарық көргеннен кейін, яғни 1940-шы жылдардың аяғында енді. Жаңа терминнің шығуы екі жағдаймен түсіндірілді: «Газет жұмысы жағдайында материалдардың редакциялық дайындығының спецификасын айқындау мен «әдеби өңдеу» – тіл мен стиль қателерін түзету» деген ұғымды кеңейту болды. Газет материалдарын редакциялаудың ерекшеліктері айқын еді: редактор публикация характерін, оның ақпараттылығын, автор позициясының спецификасын, автордың оқиға мен оқырманға жақындылығын, ақпараттың жылдамдығы мен редакцияның жұмыс жағдайын есепке алуы тиіс.
Алғашында әдеби редакциялауға деген көзқарас практикалық ойларға негізделді. Кейіннен әдебиетке көптеген авторлар келді. Олардың қолжазбаларын баспаға жіберу үшін көптеген қарапайым қателерді түзеу керек болды. Редакциялаудан жазылған алғашқы еңбектер редакторларды осы жағдайларға үйретті. Өзінің қалыптасуы кезеңінде әрбір практикалық пән норма мәселелерімен қақтығысады. Практикалық талаптар мен ғылыми білім деңгейі әрқашан тығыз байланыста болды. Әдеби редакциялаудың өткен жолы қолданбалы гуманитарлық пәндермен бірге өтті. Әдеби редакциялаудың қалыптасу процесі әлеуметтік контекспен айқындалды. Өзінің дамуы жағынан ол редакциялаудың теориясы мен практикасы сияқты пәндермен қатар жүрді.
Мәтінмен жұмыс істеу — өте күрделі процесс. Автор жаңа, құнды, дәлелді деректер тапқан кезде қажетті сөздер ойға өздері келеді. Бұл — өте кең тараған көзқарас. «Жақсы жазу үшін жақсы ойлау керек» деген тұжырым екінші орында болды.
Баспа теоретиктері өз құрылымдарында филологиядан гөрі әлеуметтану көп екендігін мойындайды. Әдеби редакциялау жайлы мәлімет өте аз болды. Бүгінгі күні редакциялауды филологиялық пән ретінде қарастыра келе, біз жинаған бақылауларымызды бір жүйеге келтіріп, оны терең ұғына аламыз. Құрылымы жағынан кешенді пән болғандықтан, ол бірнеше гуманитарлық пәндерді, соның ішінде логика, психологияны қамтиды. Ал теориялық құрылымы жағынан әдеби редакциялау лингвистика мен әдебиеттануға сүйенеді. Осыған байланысты біз практикалық міндеттерді шешу кезінде библиография, текстология, информатика сияқты пәндерге жүгінеміз.
Мәтінді түзету процесі. Редактор мәтінді түзету үшін ең алдымен оны терең ұғынып, оқып алуы қажет. Көркем әдебиет редакторларының тәжірибесіне негізделген редакциялаудың дәстүрлі әдісі осылай жасауды қажет етеді. Ғылыми және техникалық әдебиетті баспаға дайындау кезінде ұсынылған редакциялаудың динамикалық әдісі редакторға материал жайлы өз әдісі бойынша, мәтін терең зерттеліп оқылғаннан кейін түзету енгізіледі де, басуға ұсынылар алдында тағы бір қаралады.
Редакциялаудың теориясы мен практикасына байланысты әдебиетте редакторлық сараптама мәселелерін екінші орынға ығыстырып шығарды.
Редакторлық жұмыс — өте күрделі жұмыс. Кез-келген мәтінге қолданыла беретін түзету түрлері болмайды. Түзету әдісін редактор өзі таңдайды. Бірақ оның бұл таңдауы нақты, әрі негізделген болуы қажет. Түзетулер мен өзгертулердің саны ол жұмыстың сапасын айқындамайды. Бүгінгі күні де газет редакцияларында кейбір қызметкерлер автор шығармасын қайтадан жазып шығуды өз міндеті деп санайды. Мұндай өңдеуден кейін көп жағдайда мәтін өз өңін жоғалтады.
Түзету түрлері. Редакциялау әдісінде түзетудің төрт түрі белгілі: қайта оқып түзету, қысқарту арқылы түзету, өңдеу арқылы түзету, қайта жазып барып түзету.
Қайта оқып түзету – тексті түпнұсқасымен салыстырып оқып барып ондағы әріп қателерін түзету. Ресми материалдарды, қайта басылып шығатын кітаптарды редакциялау барысында түзетудің осы түрі қолданылады.
Қысқарту арқылы түзету – текстің мазмұнын, логикалық жүйесін сақтай отырып, оны белгіленген көлемге, яғни таңбаға, жолға, бетке түсіріп ықшамдау. Шығарманы шұбалаңқылықтан, нанымсыз дәлелдерден, біртекті дәлелдеулер мен қайталаулардан арылту үшін де түзетудің осы түрі қолданылады.
Өңдеу арқылы түзету – авторлық тексті сақтай отырып, шығарманың композициялық құрылысындағы олқылықты жою, деректік және логикалық қателерін түзетіп, тілі мен стиліндегі кемшіліктерін жөндеу.
Қайта жазып барып түзету — әдеби тілді нашар меңгерген авторлардың қолжазбаларын әзірлеу кезінде қолданылады. Мұнда әдеби өңдеуші автордың негізгі ойын, өзіндік стиль ерекшелігін сақтай отырып, шығарманы қайта жазып шығады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.
2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972.
3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.