Мақыш Қалтаев (1869-1916)
М.Қалтаев шығармашылығындағы діншілдік сарынның басымдылығы. Жалпы адамзаттық имандылыққа көбірек үндеуі. Дінді адам жанының рухани тазаруы ретінде ұсынуы. М.Қалтаев XX ғасырдың басында ең көп кітап жазған ақын екендігі.
М.Қалтаевтың «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бәхас еткен манзұмасы» (1907), «Қазақтын айнасы» (1910), «Біраз ғибрат сөз» (1910), «Насихат қазақия» (1911), «Бар оқиға» (1912), «Тура жол» (1912) атты жинақтарына тән өзіндік ортақ тақырыптар бар екені. Татар ақындары З.Кәрими мен Ғ.Рашидиден аударған «Айна», «Сақ сұқ» өлеңдер жинағындағы төл туындылық белгілер.
Діни көзқарас жетегінде бола тұра Мақыштың өз кезінде замана шындығын дұрыс пайымдай білуі. Оның жинақтарына енген өлеңдерінде («Аалотондай адамдар кедей болып» т.б.) әлеуметтік теңсіздікті көре білуі. Ақынның дүние, тіршілікке өз көзқарасын білдіріп, өзіндік ой-пікір қорыта алуы. Шығармаларында алданы сүю, Мұхамметтің үмбеті болу тәрізді діни уағыздарды алға қою басым болуымен қатар, ой астарында өмірдің қиындығына төзу, басымдылығы. М.Қалтаев өлеңдерінде ұлттық мүдде жоғары қойылып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің жырлануы.
«Қазақтың айнасы», «Біраз ғибрат сөз» жинақтарының сөз жүйелілігі, сапасы жоғарлығы. «Біраз ғибрат сөз» жинағындағы мысал өлеңдерінің («Есектің ойнауы», «Аз үмітпен көп зарар берер», «Бал құрты мен шыбын», «Жақсылыққа жамандық», «Пақырлық пен Байлық» т.б.) тәрбиелік мәні.
М.Қалтаев шығармашылығына тән басты ерекшелік адамдық, адамгершілік қасиеттерді ардақтап, жалпыға ортақ ілгершілікті қолдайтыны. Мақыш Қалтаевтің өмірден түйгендерін, оқыған-білген нәрселерін қарапайым қазақы тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баяндау тәсілінде жазуға бейім екені. М.Қалтаев поэзиясының идеялық маңыздылығы, мазмұн байлығы, көбіне уақыт тынысын дәл танып, күрделі ойларды арқау еткен пікірлер толғайтыны.
М.Қалтаев поэзиясында жалаң дидактиканың көрініс беріп қалуы. Ақынның тіл шұбарлығына жол беріп алатындығы. Өлең жолдары Араб, Парсы, Татар тілдеріндегі сөздермен араласып, қазақ тіліне тән ұйқас, үндестік заңдарының бұзылып отыратындығы.
Жалпы алғанда, М.Қалтаевтың өз дәуіріндегі күрделі мәселелерді қозғап, халықты оятуға күш салып, өнер-ғылымды насихаттап ағартушылық әдебиетке елеулі үлес қосқаны.