Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат — түрік» Махмұд Қашқари – он бірінші ғасырда өмір сүріп, еңбек еткен ұлы филолог, ауыз әдебиеті үлгелерін жинап, зерттеуші ғалым, белгілі саяхатшы. Ол «Диуани лұғат ат – түрк» атты еңбек жазып, өз заманындағы түркі тілдерінің тұңғыш ғылыми граматикасын жасады.
«Диуани лұғат ат – түрк» — тілі білімінің ең бастысалалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасағанғылыми еңбек. Ғалымның бұл сөздігі шын мәнінде энциклопедиялық туынды деуге болады.
Шығарманың көшірме қол жазбасы XX ғасырдың бас кезінде табылды. Бұл еңбектің автор қолымен жазылған түпнұсқасы сақталмаған. «Диуани лұғат ат – түрк» 1915 – 1917 жылдары Стамбул қаласындағы Ахмет Рифат баспасынан үш томдық кітап түрінде жарық көрді.
«Диуани лұғат ат – түркке» екі жүзден астам өлең, үш жүзге тарта мақал – мәтелдер, толып жатқан қанатты сөздер, көркем теңеулер т.б. енген.
Махмұд Қашқаридің теңдесі жоқ бұл шығармасы біздің еліміздегі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ асыл қазына, тілдік, әдеби, тарихи, этнографиялық т.б. тұрғыдан мейлінше бай мұра болып табылады.