Күлтегін және Тоныкөк жырлары

Күлтегін және Тоныкөк жырлары. Күлтегін – ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбашысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткер ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлгеннен соң Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могилянды күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындайды.
Міне, осы Күлтегін батыр, оның ағасы Білге қаған және қағанның кеңесшісі, ақылгөй қария Тоныкөк құрметіне сегізінші ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш жырларды әдебиет тану ғылымы тұрғысынан жан – жақты зертеген кісі совет ғалымы И.В. Стеблева болды.
Бұл жырлар – мазмұны мен формасы жағынан да, тілі мен көріктеу құралдары тұрғысынан да, өлең құрылысы мен композициясы жағынан да ежелгі түркі поэзиясының нағыз классикалық үлгілері болып табылады.
Күлтегін, тоныкөк жырлары өз заманының белгілі бір әдеби талаптарына сәйкес жазылған мәлім. Ежелгі түркі поэзиясына тән әдеби дәстүрде, көріктеу құралдары, тілі, композициясы т.б. жағынан зор шеберлікпен жазылған жыр – дастан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *