Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн – XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәншүр болған даныцшпан – ойшыл, энциклопедист ғалымы, белгілі қоғам қайраткері.
Жүсіптің есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілікке өшпестей етіп жазып қалдырған бірден бір әдеби мұрасы – «Құтадғу біліг» дастаны. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық саяси — өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет – ғұрпы, наным – сенімі т.б. жөнінде аса қызықты, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды.
«Құтті білік» дастанының авторы жөнінде бірен – саран деректер осы шығармаға бірі қара сөзбен, екіншісі өлеңмен жазылған алғы сөздерінде бар. Бірақ бұл алға сөздерді Жүсіптін өзі емес, кейнерек дастанды көшірушілердің бірі жазған болса керек.
«Құтті білік» дастанының бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат деп атайды. Екіншісі, Каир нұсқасы. Үшіншісі, Наманган нұсқасы.
«Құтті білік» дастанының әдеби, тарихи ғылыми мәні ерекше зор. Бұл көркем шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген ру – тайпалардың ежелгі дәуірдегі тұрмыс – тіршілігін, наным – сенімін, мәдениетін, әдебиетін, тілін т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.