Автордың мәтін жазудағы міндеті

 

Жалпы мәтіннің жетістіктері мен кемшіліктерін тек өзге көзбен ғана біле аламыз. Себебі, шығарма тудырушы автор өз еңбегіндегі кейбір жетіспеушіліктерді байқамауы мүмкін. Осыған байланысты орыстың ұлы жазушыларының бірі Гоголь өз кезінде мынадай кеңес айтқан: «Бір жазған қолжазбама сегіз рет ораламын. Тек содан кейін оны қайта көшіріп, толық аяқталған деп білемін. Ал одан кейінгі тексеру мен бақылауды шамадан тыс, артық деп санаймын. Ол мәтінді бұзып жібереді».
Мәтінді логикалық тұрғыдан сараптау да автор мен редакторға көп міндет жүктейді. Егер мәтін логикалық тұрғыдан дұрыс жазылса, оны бақылау да, тексеру де оңай. Ал логикалық тұрғыдан дұрыс тумаған мәтінмен жұмыс қиынға соғады. Мәтінді логикалық тұрғыдан дұрыс жазу үшін мынадай екі операцияны еске ұстау қажет: мәтінді бөлікке ойша бөлу және осы бөліктер арасындағы байланыс пен мәтіннің мағыналық бірліктері арасындағы байланысты анықтау.
Мұндай тәсілдерді меңгеру кез келген редактордың тәжірибесінде жоқ. Сол себепті мәтіннің мағынасы мен оның бойындағы кемшіліктер, қателіктерді табу үшін де ең бірінші мәтіннің түрлерін ажырата білу өте маңызды. Жоғарыда аталып кеткен мәтіннің бірнеше түрлерінен басқа да қызметтегі құжаттарға байланысты мәтіннің өзі әр түрге бөлінеді. Бірақ, ол мәтіннің ерекшелігі сонда, оның белгілі бір ережелері немесе тәртібі болады. Анығырақ айтсақ, құжаттың басты мазмұндық жағын көрсететін мәтіннің трафарет, анкета және таблица сияқты түрлерін атап өтуге болады. Трафарет дегеніміз — дәстүрлі сызықты жазба. Мысалы:
Анықтама № 1
Бұл анықтама азамат Шаханов Дидарға берілді. Ол Астана қаласы Кенесары көшесі, 25 үйде тұрады. Бір баласы бар.
Анықтама жұмыс орнынан берілді.
Трафарет мәтіннің формаланған түрін көрсетеді. Ал анкета өзімізге белгілі тігінен жазылған бірнеше сұрақтардан тұрады. Оқулықта анкетаны трафаретпен ұқсастырып қарастырған, бірақ анкетаның басты айырмашылығы оның сұрақтарының тігінен берілетіндігінде. Ал кестеге келетін болсақ, қандай да бір ақпараттың сандық көрсеткіштермен немесе анықтамалар арқылы әр бөлікке тігінен және көлденеңінен берілуі. Бұл аталғандардың барлығы қызметтік құжаттарға тән. Әр түрлі оқулықтарды аша отырып, мәтіннің өзге түрлерін кездестіруге болады. Олар жоғарыдағылардан басқа публицистикалық және авторлық мәтіндер. Бұлар әсіресе журналистік жазбаларға тән. Сонымен қатар журналистік тұрғыдан келгенде кез келген мәтіннің бойынан мағыналық жағынан ерекшелендіретін факт болуы шарт.
Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көріп жатқан материалдардың көбі ақпарат жанрына негізделіп жатқандықтан ақпарат жанры фактіні көп қажет етеді. Және мәтіндегі сөйлемдердің жалғаулары мен жұрнақтарын орынды пайдалану оның мазмұндық құрылымына көп әсер етеді.

Дәрісті бекіту сұрақтары:
1. Автордың мәтін жазудағы міндеті.
2. Публицистикалық және авторлық мәтіндерді тексеру ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.
2. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.
3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *