Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы

 

Біздің аяқ басқан ХХI ғасырымыз өркениет дамуының кезеңі, ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дамуы кезеңі. Адамзат дамуының жаңа кезеңіне жаңа білім беру жүйесі, жаңа оқыту жүйесі және білім беру үрдісі сай келуі тиіс. Сонымен бірге қазіргі білім беру жүйесінің негізгі міндеті адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу болып табылатындықтан, қазіргі қоғам адамзат алдына, білім беру жүйесіне үлкен мәселелерді қойып отыр. Осындай мәселелердің бірі – әсіресе жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі – студентті келешек мамандығына жақындату, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер маман дайындау. Сондықтан оқыту мен білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану, жалпы білім беру реформасын жасау қажеттігі туып отыр.
Осы мәселерге байланысты бірнеше мемлекеттік құжаттар да бекітілді. Қазақстан Республикасының “Жоғары білім беру туралы” Заңының 9-бабында: “Оқу және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, білімді, ғылым мен өндірісті ұштастыру, оқытуды белсенді әдістер, жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып, студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін таныту, қалыптастыру, дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асыру керек” делінген [1,2].
Осы тұрғыда баса айтатын тағы бір құжат – Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” [2,3]. Бұл бағдарламада білім беру, оқыту сапасын көтеру және тілдерді оқытуда белгілі бір нәтижеге берілген уақытта жетуге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын практикаға енгізу қажеттігі айқын көрсетілген. Жоғарыда айтылғандарға орай, соңғы кездерде, жоғары оқу орындарында білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын елуден астам оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары практикаға енгізіліп, пайдаланылуда. Атап айтар болсақ, бұлар – А.М.Берг, В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Н.Р.Талызиналардың бағдарламалы оқытуы, Л.В.Занков, А.С.Выготскийдің дамыта оқытуы, В.Р.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованың оза оқытуы, Ш.А.Аманашвили, Е.Б.Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы, В.М.Монаховтың модульдік оқытуы, В.Дьяченко, К.Я.Вазиналардың ұжымдық оқытуы т.б.
Бұл жерде педагогикалық технология жеке пән әдістемесі, яғни қазақ тілін оқыту әдістемесі ретінде қолданылады. Ол оқыту мен тәрбиелеудің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру үшін қолданылатын әдістер мен құралдардың жиынтығынан тұрады.
Оқыту технологиясы әдістеме ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы “нені оқыту?”, “не үшін оқыту?”, “қалай оқыту керек?” деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы “қалай нәтижелі оқытуға болады? ” деген мәселенің шешімін іздейді.
Оқыту технологиясы мен әдістеменің мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Әдістеме ғылымы теорияның қосымшасы, оны іске асырудың амалы болса, оқыту технологиясы – дидактикалық мақсатқа жетудің жолын көрсететін үлгі, схема.
Оқыту технологиясының негізгі мақсаты – “берілген үлгі бойынша өнім алу” (Саранцев Т.В), оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру, оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер мен ұстанымдардың жүйесі ретінде, нақты оқыту үрдісі ретінде сипатталады.
Оқыту технологиясы мен әдістеменің бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ, екеуі бір нәрсе деген көзқарастар бар. Бірақ ол – жаңсақ пікір. Өйткені оқыту технологиясы мен әдістемесінің мақсаты бір болғанымен, олардың өзіндік айырмашылықтары да бар.
В. Гузеев “технология” ұғымының “әдістеме” ұғымынан әлдеқайда кең мағынада қолданылатынын айтады. Ол: “әдістеме” дегеніміз белгілі бір пәнді оқыту тәсілдерінің жиынтығы”, ал ”оқыту технологиясы” ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде оқыту қызметін оңтайландыру, нәтижелі білім беру дегенге саяды”,-деген қорытынды жасайды [73,85].
Ал белгілі орыс ғалымы В.Юдин әдістеме мен технологияның айырмашылығын былай деп көрсетеді: “Технология – это каркас, методика–оболочка, форма деятельности педагога. Технология обозначает суть действий, ведущих к формированию результата, методика характеризует внешнее оформление этих результатов. Методика описывает эмпрический опыт, мастерство педагога, она ближе к артистизму, исскуству” [74,35].
Ғалым А.Кушнир: “Технология отличается от методик своей воспроизводимостью, устойчивостью результатов, отсутсвием многих “если”, если талантливый учитель,талантливые дети, богатая школа.Уже давно стало привычным, что методика возникает в результате обобщения опыта или изобретения нового способа представления знаний. Технология же проектируется, исходя из конкретных условий и ориентируясь на заданный, а не предполагаемый результат”,-деп әдістеме мен технологияның ара жігін нақты ашып береді [75,22].
Оқыту технологиясы мен әдістеменің айырмашылығын ашу үшін ғалым С.Смирнов екі кезеңнен тұратын ғылыми тәжірибе жүргізеді. Ол бойынша: ”Нами была осуществлена попытка подобного исследования. Она провадилась в два этапа: на первом этапе (1997 -1998) мы убедились, что технологию обучения нельзя отождествлять с методикой. Одним из ключевых являлся вопрос о сути различия между методикой и технологией. Оказывается, как бы диагностично ни была поставлена цель, все равно это не установливает различие между методикой и технологией. В ходе дальнейших исследований было выявлено, что технология- это все таки способ достижения цели, и он не определяется степенью полноты описание самой цели, которая может способствовать достижению результата данной технологий” дей келе, одан әрі ойын былай деп қорытындылайды: ”По видимому, различие между технологией и методикой в сфере образование состоит в том же, в чем заключается, различие между технологией и ремесленничеством в производственной сфере. Это различие между высокопроизводительным машинным производством и ручным трудом. Методика и технология выступают как две принципиально различных способа обучения” [76,113-120].
Соңғы кездерде оқыту технологиясы мәселелерін қарастырып жүрген ғалым Д.В.Чернилевский ”әдістеме мен технология” ұғымдарының айырмашылығын былай деп көрсетеді: понятие ”технология обучения” шире, чем понятие ”методика обучения”. Технология отвечает на вопрос, как наилучшем образом достичь целей обучения, при котором достижения этих целей обусловлено этим управлением” [14,51].
Оқыту технологиясының әдістемелік жүйеден айырмашылығы мақсатқа жеткізер нәтижені алдын ала болжап, оны дәл тексеретін болжам бағдарламасын құрып, құрал таңдап, нақты жобасын жасаудан тұрады, әр қадамы ғылыми түрде негізделеді. Технология ғылым теориялары негізінде құрылады, ал әдістемелік жүйе тәжірибе негізінде жасалады. Яғни, бұл жоғарыда айтылғандардан ”әдістеме” мен ”технология” ұғымдарының екі түрлі нәрсе екендігіне әбден көз жеткізуге болады. Оқыту технологиясының әдістемеден айырмашылығы – білім берудегі негізгі әдіс-тәсіл, амалдардың ең тиімдісін әр тұлғаның қажетіне қарай аударып, талғап-таңдап қолдануында.
Қорытындылап айтсақ, тілдерді қарқынды оқыту технологиясы алға қойған мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда қойып отырған талаптарына сай анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, түр, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының, психологиялық нұсқаларының жиынтығы болып табылады.
Қарқынды оқыту технологиясының педагогика саласында қолданылатын үшінші деңгейі – бөлімді немесе модульдік деңгейге тоқталатын болсақ, мұнда оқу-тәрбие үрдісінің жекелеген бөлігінің технологиясы қарастырылады. Жеке іс-әрекет түрлерiнiң технологиясы, жаңа ұғымдарды қалыптастыру технологиясы, студенттердің жеке бас қасиеттерін тәрбиелеу, қалыптастыру, технологиясы, білім беру технологиясы, жаңа білімді игеру технологиясы, өз бетімен жұмыс жасау технологиясы қарастырылады.
Жалпы, педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты –жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, жаңа оқыту технологиясы бойынша да, негізгі мақсат оқыту мақсаты болып қалады және ол мақсат өздігінен дамуға ұмтылған жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің(мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдары), олардың өзара байланыстылығының өзгеруін талап етеді.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы.
2. ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы.
Әдебиеттер:
1. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения.Актобе-1998.
2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.Д998.
32. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. М.,2001.
3. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. А., 2000
4. Амонашвили Ш.А.,Лысенкова С.Н.,Волвов И.П.,Педагогикалық ізденіс.А.,1989.
5.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. Москва, 1989.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *