Тиімділік — латынның «эффективность» яғни орындау, нәтиже деген сөзінен шыққан. Саяси сөздік анықтамаларында көзделген мақсаттың орындалу мөлшері іс-қимылдың нәтижесін мақсатпен теңестіру немесе мақсаттың орындалу өлшемі деп анықтаған. Ал, басқару теориясында тиімділік принципі алға қойған мақсатты, еңбек, материал, қарыз жағынан ең аз бөлігін жұмсап, ең қысқа мерзімде нәтижеге жету деп түсіндіреді. Көптеген ғалымдар тиімділікті алға қойған мақсаттың орындалған мөлшері деп тұжырымдаған