Ақшылбаева Шырын Ризабекқызы
Алматы қаласы
КМҚК «№190 бөбекжай-балабақшасының» тәрбиешісі
(көрнекі сурет)
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік.
(балалар музыка әуенімен кіріп шеңберге айнала тұра қалады) би қимылдарын жасайды.
Жүргізуші: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады.
Шырша жырын жырлаңыздар.
Келіңіздер, келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер.
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.
Балалар, сендер неге әдемі болып киініп алғансыңдар?
Балалар:Өйткені –Жаңа жыл мерекесіне келдік!
Ал балалар мынау ортамызда жап-жасыл не екен?
Балалар: Шырша
Жүр: Дұрыс айтсыңдар, тамаша (Шырша туралы түсінік беру)
Ал Осы шыршамызға ән салып берейікші
Ән: «Шырша тауда өсіпті»
(Балалар мен жүргізуші шыршаны айналып шыршаға шыршаның ойыншықтарына таңдана қарап алады.Сосын орындықтарына отырады.
Жүр: Тамаша балалар!
Жүргізуші: Ой балалар мен бір дыбыс естіп тұрмын (Музыкамен Маша кіреді) бұл кім балалар?
Балалар:Маша
Жүр: Иә, балалар дұрыс айтасыңдар! (ортаға билеп шығады)
Маша: -Сәлеметсіңдер ме,балалар! Достарым менің кішкентай сендер не тойлап жатырсыңдар айтыңдаршы?
Жүр: Біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.
Маша: Қандай тамаша менде жаңа жыл мерекесін тойлағанды жақсы көремін менде сендермен жаңа жылды тойлайыншы жарайма?
Жүр: Бал: Әрине бізбен бірге тойла. Маша біздің шыршамыз жанбай қалыпты не істесек болады екен?
Маша: Мен жағалмаймын! Қорылдаған дыбыс естіледі. Ой балалар мында ұқтап жатқан кім екен? Мынау аю ғой өзі ұйықтағанды жақсы көреді екен! Балалар аюды оятып алайық, жаңажылды бізбен қарсы алсын.
Маша: Балалар менің артыма жиналыңдар!
Аю: Кетіңдер неге мені оятасыңдар? Мен қыста ұйықтаймын ғой! Кім мені мазалаған! ааааа Қазір сендерді мааааа!
Маша: Жоқ Аю ашуыңды бас бізде жаңа жыл мерекесі болып жатыр! Сен барлық қызықтан құр қалмасын деп біз балалармен сені оятайық деп шешетік солай ғой балалар.
Аю: АААА солайма онда кешіріңдер, балалар тойласақ, тойлайық! Онда менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Балалар: Иә ойнаймыз
Ойын: «Кім шапшаң»
Аю: Мен сендерге ойынның шартын түсіндіріп кетейін, балалар! Мынау менің сүйікті ойыншығым. Сендер шеңберге тұрып мына ойыншықты көңілді әуенмен бір-бірлеріне жылдам беру керексіңдер! Әуеніміз тоқтаған кезде ойыншық кімнің қолында қалса, сол баламен ортаға шығып бірге билейміз! Келістік пе? Онда 1,2,3 бастаймыз!
Аю: Рахмет, не деген жылдам, шапшаң балаларсыңдар! Менің көңілім көтеріліп қалды. Оятқандарың қандай жақсы болды! Әйтпесе, мұндай қызық жаңа жылдан құр қалады екенмін.
Жүр: Аюжан, біздің шыршамыз жанбай тұр, сен жағаласың ба?
Аю: Жоқ, жаға алмаймын. Мүмкін қоян көмектесер мен орманға барып қоянға айтайын! Ендеше сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Қоян: Сәлеметсіздер ме (музыкамен залға қоян кіреді)
Қоян: Мен Машаны іздеп жүрген едім жолдан аюды көрдім қандай керемет жерге тап болдым,бұл жерде не болып жатыр?
Маша: Жаңа жыл мерекесі болып жатыр.
Қоян:Сонда мерекерге мені шақырмадыңдар ма, сендерге ренжідім!
Жүр: Ренжімеші қоян бізбен бірге қуанып, шаттан, біз сенімен билегенді ұнатамыз.
Қоян: Балалар онда менімен билейсіңдер ме?
Балалар: Ия
Сергітту сәті «Қоян»
Қоян: Рахмет, балалар!
Жүр: Қоянжан, сен енді бізге ренжемейсің бе? Қоян, сен біздің шыршаны жағаласың ба?
Қоян: Жооқ, сәбіз жақсы жинаймын, ал шыршаны жаға алмаймын . Шыршаны екеуміз де жаға алмадық, ренжімеңдер!
Маша: Балалар біз қоян екеуміз орманға барып аяз ата мен ақшақарды сендерге жібірейік! Сау болыңдар!
Жүр: Иә, ал біз даусымызды шығарып шақырып отырамыз!
Жүр: Сау болыңдар, тезірек жіберіңдер, балалар қандай қонақтар келіп жатыр жаңа жылымызға! Сондай көңілді болып жатыр, солай ма? Балалар даусымызды қатты- қатты шығарайық! Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық сонда біздің даусымызды естіп тез келеді.
Балалар: Аяз ата -Ақшақар 3рет тағыда шақырайық!
Ортаға музыкамен Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Аяз ата : Амаңсыңдар ма балалар? Балалар, қонақтар жаңа жылдарыңыз құтты болсын өздеріңге зорға жетік.
Ақшақар: Менің сұлу кішкентай достарым қандай әдемісіңдер!
Жүр: Сәлеметсізбе Аяз ата , Ақшақар сіздерді асыға күттік.Жаңа жылымыздың сәнді шыршасы жанбай тұр.
Аяз ата: Оған сендер Ән айттыңдар ма?
Балалар: Иә!
Аяз ата: БИ биледіңдер ме?
Балалар:Жоқ!
Ақшақар: аааа сондан шығар жанбай тұрғаны.
Жүр: Қане балалар, Шырша биін билеп берейікші.
Би «Шырша»
Аяз ата: Тамаша балалар! Жанбады, балалар ал онда сыйқырлы сөз айтайық: «1,2,3 шырша шамы жана түс»!
Жүр: Қандай керемет шыршамыз жайқалып, одан сайын сұлу болып кетті. Рахмет сізге! Аяз ата біздің балаларымыз Сізге Ән дайындады қабыл алыңыз!
Ән: «Аяз ата- Ақшақар»
Аяз ата: Тамаша рахмет!
Ақшақар: Аяз ата менің кішкентай достарыма арнаған ойыным бар!
Балалар: Ойын ойнаймыз ба?
Балалар:ия
(көрнекі сурет)
Ойын: «Көңілді Бекет»
Ақшақар: Балалар, сендерге ойынның шартын түсіндіріп кетейін! Бәріміз менің артыма тізіліп пойыз боламыз! Әуенмен шыршаны айналамыз, әр келген бекетте қызықты тапсырма бар, соны бірге орындаймыз! Келістік пе? 1,2,3 бастаймыз!
Залға әуенмен Аққала кіреді.
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Аяз ата, Ақшақар, балалар далада қармен ойнап жүр едім, әдемі әуен, күлкілерің естілді, маған өте қызық болып кетті! Сөйтсем, сендерде әдемі жаңа жыл кеші өтіп жатыр екен гой! Алақай, қандай керемет! Мен сендермен бірге тойлатсам бола ма?
Аяз ата: Мереке болып жатыр біз ән айтып, би билеп шатанып, қуанып жатырмыз.
Аққала: Қандай жақсы! Менің де шатанып билегім келеді! Маған би билеп үйрететесіңдер ме?
Жүр: Әрине, Аққала! Ал балалар келіңдер, «Аққала» биін билеп берейік!
Би: «Аққала»
(көрнекі сурет)
Аққала: Қандай тамаша! Балалар сондай керемет билейді екенсіңдер! Мен қатты билеп ыстықтап кетім ғой! Рахмет сендерге! Мен еріп бара жатқан сияқтымын! Жарайды мен жолға шығайын! Сау болыңдар, балалар!
Тақпақтар
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар! Біздің балалардың мерекеге дайындаған тақпақтары бар, айтып берейікші. Қанекей ортаға: Айша, Есенқали Султан, Дилия, Аңсар, Есімхан.
Ән саламыз, би билеп,
Жырдан шашу төгілді
Бүгін біздің Жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді (Айша)
Қала нұр, дала нұр,
Құтты болсың Жаңа жыл! ( Есенқали Султан)
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылым тамаша! (Дилия)
Аяз ата келді,
Тамашаны көрді
Риза болып қуанып,
Бізге сыйлық берді. (Аңсар)
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын! (Есімхан)
Жүргізуші: Керемет балалар! Ортаға: Данэля, Тұрсын Аружан, Жан, Ғаниұлы Әбілмансур, Раяна шығады.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сагынған. (Данэля)
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын! (Тұрсын Аружан)
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып (Жан)
Жаңа жылда жол болсын!
Әрбір үйде той болсын! ( Ғаниұлы Әбілмансур)
Шанамызға мінеміз,
Мәз — мейрам боп күлеміз
Жарысамыз бәріміз
Жарасып тұр сәніміз (Раяна)
Жүргізуші: Ортаға: Сафия, Жансултан, Шатенов Султан, Асан Айри, шыға қойыңдар.
Көрдің бе Аяз атаны
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да
Аппақ екен шапаны (Сафия)
Ата — әже, әке — ана.
Құтты болсын Жаңа жыл! (Жансултан)
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса. (Шатенов Султан)
Аяз ата келгенде, өлең айтып береміз! (Асан)
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын жаңа жыл,
Құттықтаймыз сіздерді! (Айри)
Жүргізуші: Ортаға: Айят, Әсем, Айдана,Сапарбек Әбілмансур, Ағила.
Келіңдер, келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер.(Айят)
Ақ дастарқан мол болсын! (Асем)
Жаңа жылым мол болсын,
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне, Жаңа жыл (Айдана)
Тамаша тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Жаңа жылда ертегі
Келе ме біздің бақшаға (Сапарбек Әбілмансур)
Берекелі жыл болсын!
Басқан қадам оң болсын!
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын! (Ағила)
Жүргізуші: Ортаға: Айлин, Кеңес Алихан, Еркін Аружан, Акшағанов Алихан, Айзере.
Біздің балабақшада,
Шырша тойы болады.
Аяз Ата, Ақшақар,
Біздермен мәз болады. (Айлин)
Жаңа жыл мол бақыт әкелсін! (Кеңес Алихан)
Далаға шығып ойнайық
Жаңа жылды тойлайық! (Еркін Аружан)
Жаңа жылым, жаңа жылым
Құтты болсын елім- ау.(Акшаганов Алихан)
Аяз ата тыңдаңыз
Тақпақ айтып берейік
Ортамызда шыршамыз,
Ойнап бірге, күлейік. (Айзере)
Жүргізуші:
Аяз ата барсың ба?
Әлде ұшқын қарсың ба?
Бәрімізді алдайтын,
Жетпістегі шалсың ба? (Сағи)
Жаңа жыл сіздерге зор денсаулық, мол бақыт әкелсін! (Касымханов Алихан)
Бүгін біздің Жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді (Алисултан)
Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым
Бір жасқа енді. (Арсен)
Аяз ата: Тамаша балалар сондай өнерлі екенсіңдер!
Ақшақар: Менің кішкентай достарым, Рахмет сендерге! Ал Ата жолға шығайық, басқада балалар бізді күтіп қалған шығар!
Аяз ата: иә, дұрыс айтасың! балаларымның өнеріне сыйлықтарым бар!
Аяз-ата сыйлықтар таратады.
Аяз-Ата, Ақшақар: Ал, балалар, біз қайтайық. Біз басқа балалар да күтіп отыр.
Жаңа жыл құтты болсын,
Жаңа жыл мол табыс әкелсін.
Денсаулықтарын мықты болсын,
Сау болыңдар, балалар!
Жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар «Кел, Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды, тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау-саламат болыңыздар!