Канада тележурналистикасының тарихы


Канада — Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы — Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені.
Территориясының ауданы 9 984 670 шаршы км.. Оның ішінде құрлықтың жері 9 093 507 шаршы км., сулы жері 891 163 шаршы км.. Канаданың территориясының басым бөлігі жазықтық болып келеді. Канада жерінің аумағы бойынша (суларымен қосақанда) әлемде екінші орынды иеленеді, ал Солтүстік Америка материгінде ең үлкен ел болып табылады. Канада аталған материктің солтүстігін түгелімен алып жатыр деп айтуға болады, тек АҚШ-қа тиесілі Альясканы қоспасақ. Елдің солтүстігіндегі жерлердің көбі Арктикалық аймаққа кіреді. Олжерлерде үнемі мұз жатады немесе екі жылдай уақыт бойы температура нөлден төмен болып сақталады. Канаданың тағы бер географиялық ерекшелігі – әлемдегі ең ұзын жағалау шекара Канадаға тиесілі. Жалпы ұзындығы 202 080 км.-ге тең жағалаулық шекарасы бар. Канаданың таулы аймақтары мен жазық жерлері геологикалық жағынан сезімтал келеді. Жер сілкінісі мен вулкандардың атқылауы қалыпты жағдай. Мигер тауларында және Эдзиза тауларында үлкен жанартаулар (вулкандар) орналасқан.
Канада елі жартылыс ресурстарына (орман, су) аса бай ел болып саналады. Канаданың табиғат ресурстары (мұнай, газ, көмір, калий тұзы, алтын, сирек және түсті металдар, темір және уран кендері, т.б.), ел экономикасын барынша көтеруге зор ықпалын тигізуде. Оның көп салалы тау–кен өнеркәсібі бар. Канада калий тұзын жылына (Эстерхейзи, т.б. кендері) жеті млн т–ға дейін өндіріп, дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Ал мыс өндіру жөнінен ол дүние жүзіндегі үшінші мемлекет. Су және орман ресурстарын жан басына шаққанда Канада дүние жүзінде теңдесі жоқ ел. Оның көптеген пайдалы қазбалары игерілуі қиын арктикалық аудандарда жатуына байланысты әлі тың күйінде. Табиғат жағдайы оның оңтүстігінде ауыл шаруашылығын біршама дамытуға қолайлы. Ауыл шаруашылығының жетекші саласы мал шаруашылығы болып табылады., сонымен бірге егін шаруашылығы жан–жақты дамыған. Канада дүниежүзілік бидай экспортының 1/5 бөлігін қамтамасыз етеді.
Канаданың жері үлкен болғандықтан бірнеше климаттық белдеулер бар. Мысалы, ең солтүстік аймағы Арктикалық белдеуде орналасса, одан төменгі жерлері Субарктикалық белдеуде орналасқан. Солтүстіктегі аралдарда үнемі қармен мұз жатады. Ол аймақта тундра бар. Ең суық аймақтар да осында. Ал Британдық Колумбия жерінде жаймашуақ жаз (25 to 30 °C), жауынды маусымдар болады. Бұдан бөлек, солтүстікке жақын орналасқан жерлерде алты ай бойы қар жата береді. Ең төменгі температура ретінде тіркелген көрсеткіш -63˚С (Юкон).
Атабаска (ағылш. Athabasca River, фр. rivière Athabasca) — Канаданың батысындағы өзен. Ұзындығы 1231 км, су жинау алабының ауданы 153 мың км². Жылдық орташа су ағыны мөлшері 900 м³/с (сағасында). Сеңгір таулардың алдыңғы жоталарынан бастау алады. Ұлы жазықтың солтүстік бөлігін кесіп өтіп, Атабаска көлінің батыс жағалауына құяды. Өзен негізінен қар суымен толығады, көктемде тасиды. Желтоқсан – көкек айлары аралығында суы қатып жатады. Маусым айында ериді.
Ниагара (ағыл. Niagara River) — өзен, АҚШ пен Канаданың шекарасын бөліп тұратын, Нью-Йорк штатының батыс бөлігі мен Онторио провинциясының оңтүстік бөлігінің арасында орналасқан. Оның қатты ағысы мен тез сырғуынан ол Солтүстік Америкадағы суэлектрстанциясының ең тамаша көзі саналады. Эри көлі мен Онтарио көлін қосады, ал оның жол бойының орта тұсында Нигара сарқырамасы бар. Өзен жағасында бірдей аталатын екі қала бар (Нигара-Фолс), бірі АҚШ-та, бірі Канадада әрқайсысы өз жағалауында. Эри өзенінен жоғарыға шейін кеме жүзеді.
2006 жылы жүргізілген санақтың нәтижесі бойынша Канаданың халқының саны 31 612 897 адамды құраған. Негізінен, халықтың басым бөлігі иммигранттардың есебінен артып отырған. Канадалық халықтың этникалық құрамы жағынан ағылшындар алғашқы орында (21%), одан кейінгі орындарда француздар (15,8), шотландықтар (15,2%), ирландиялықтар (13,9%), немістер (10,2%), итальяндар (5%), қытайлар (3,9%) және украиндар (3,6%). Бұлардан бөлек канадалық Аборигендер де бар. Олардың үлес салмағы 3,6% болады. Қазіргі кездегі деректер бойынша Канада халқының саны 34 миллионға жеткен. Канаданың жері ұлан-байтақ болғанымен, халықтың орналасу тығыздығы бойынша ең төменгі көрсеткішке ие елдердің қатарына кіреді. Халықтың орналасу тығыздығының орташа көрсеткіші: бір шаршы км.-ге 3,3 адамнан ғана келеді. Халық көп орналасқан аймақ ретінде Оңтүстік Квебек Сити қаласында және Виндсор қаласында көптеп шоғырланған. Оның себептерінің бірі ретінде бұл аймақтағы түрліше индустрия салаларының дамуын айтуға болады. Осынау аймақ Квебек Сити – Виндсор дәлізі деп аталады. Ол Әулие Лавренция өзенінің бойы мен Ұлы Көлдерді жағалай орналасқан аймақ. Әрбір бесінші канадалық азаматтың туылған жері Канададан тыс аймақтар екен. Елге келуші шет елдік қоныстанушылардың арасында азиялықтардың саны басым. Канадалықтардың басым бөлігі Христиан дінінің өкілдері. Сонымен бірге ешқандай діни топқа жатпайтын адамдардың да саны аз емс екен. Ал мұсылмандардың үлесі елдегі халықтың небары екі пайызын құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *