Ақпарат саясаты – мемлекеттік ұйымдардың қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған реттеушілік қызметі. Бұл тек телекоммуникацияларды ақпараттық жүйелерді немесе БАҚ-ты ғана емес, барлық түрдегі – іскерлік, ғылыми-танымдық, хабарламалық, т.б сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды.