Англия тележурналистикасы
АҚШ-та В.К.Зворыкин телевидение саласындағы тәжірибелерін шыңдап жатқанда, Атлант мұхитының бер жағында Англияда Джон Лоджи Берд бастаған бір топ ғалым Нипковтың механикалық дискісін шыңдауды қолға алды. 1925 жылдың 2 қазанында Берд алғаш телебейнеге қол жеткізді. Алайда, ол бейнелерде тек сұлбалар ғана көрініп, ешқандай айқындық болмады. 1926 жылдың 26 қаңтарында Берд Ұлыбританияның корольдік институтының ғалымдары алдында өзінің тәжірибесінің жемісін көрсетіп, таныстырды. Ал, 1927 жылы Корольдік телевизия қоғамын құрылды да, 1928 жылы 1 наурызда осы қоғамның қамқорлығымен тек телевидениеге арналған «Телевижн» журналы жарыққа шыға бастады. Бердтің бастамасымен айқындылығы отыз жол болатын алғашқы қабылдағыш жасалды. 1929-1931 жылдары мың данадай «Берд теледидарлары» жасалып шығарылды. Ал 1929 жылдан бастап 1935 жылға дейін аз жолды стандартта тарайтын, күнделікті тәжірибелік бағдарламалар беріліп отырды. Осылай, Англия да АҚШ пен Германия сияқты телевизияның жалған көтерілісін бастан кешті.
АҚШ-та электронды жүйенің пайда болуымен Бердтің ойлап тапкан механикалық жүйесінің жетіспеушілігі айқын байқалды. Жаңа жүйе Англияда алғаш рет 1936 жылы тамызда дәстүрлі электронды жүйелер көрмесінде көрсетілді. 1936 жылдың 2 қарашасынан бастап «Би-Би-Си» тұрақты хабарлар тарата бастады. Нақты осы күннен бастап әлемдегі тұрақты телевидение тарихы басталды. Бағдарламалар алты күн бойы екі сағаттан алдын-ала жоспарланған кесте бойынша беріліп, бір күн құрылғыларды тазарту жұмыстарына берілді. Бұл дәстүрді әлемнің көптеген елдерінің телеарналары ұзақ уақыт бойы ұстанды. Аз қаржы жұмсалатынына қарамастан, «Би-Би-Си» бағдарламалары өзінің ерекшелігімен, қызықтығымен, жақсы ойластырылуымен алдыңғы орынды алды. Кейін «Би-Би-Си» соғыс кезінде тоқтаған күнделікті телебағдарламаларды беруді 1946 жылдың маусымында жеңіс шеруін көрсетуімен қайта бастады.
1999 жылы Ұлыбританияның коммерциялық эфирлік телевидениесінде концентрация мен монополизация жаңа кезеңге қадам басты. Ұлыбританияның мәдениет министрі Крис Смит қыркүйек айында өткен Кэмбридж телефестивалінде сөз сөйлейді. Оның айтуы бойынша, әлемдік сахнада британияның коммерциялық эфирлі телевидениесінің бәсекелестері аз болғандықтан үкімет және жеке меншік БАҚ-ты қоллайды және барлық коммерциялық телевицениені екі, тіпті бір адамның қолына беруге дейін барады.
Коммерциялық эфирлік телевидениедегі жекеменшік концентрацияға деген жол 1993 жылы тазартылған болатын. Сол жылдардағы мәдениет министрі Питер Брук эфирлік телевидениенің лицензияға ие болған адамдарға тағы да бір лицензияны сатып алуға рұқсат еткенін жариялады. Осыдан кейін Лондонда жұмыс күндері шығып тұратын «Карлтон коммьюниюйшнз» эфирлік телевидениесінің ірі британдык коммерциялык компаниясы екендігі Орталық Англияға таралатын «Сентрел телевижн» компаниясынан лицензия сатып аламын деп жариялады. Содан кейін солтүстік «Гранада» компаниясы Лондоңда демалыс күндері шығып тұратын «Лондон Уикэңд Телевижн» компаниясынын лицензиясына ие болды.
Ал электронды «МАИ» концернінің басшысы Лорд Холлик екі лицензияның иесі больш, Оңтүстік Англиядағы «Меридиан» компаниясы және Оңтүстік Шығыс Англиядағы «Англия» компаниясын қолына алды. Британдык коммерциялық эфирлік телевидениедегі жекеменшіктің концентрациясы мен монополизациясының келесі сатысы 1999 жылы парламенттік акт болды. Бұл акт бойынша лицензиялардың шектеусіз сатылуына рұқсат етілді. Бірақ мынадай талап қойылады: бір адамның иелігіндегі арна елдің барлық телеаудиторияның 15%-інен көп болмауы керек және тележарнамадан 25% кіріс түсуі керек. Осылай концентрация процесі әрі қарай дами бастады.
Үш ірі топ құрылды: үш лицензиясы бар (Лондонға, Орталық және Оңтүстік Батыс Англияға) Майкл Гриннің «Карлтон Коммьюниюйшнз» компаниясы;
төрт лицензиясы бар (Лондонға, Солтүстік Солтүстік Шығыс Англияға және Йоркшир ) Гранадада;
үш лицензиясы бар (Оңтүстік Оңтүстік Шығыс Англияға және Уэльске Лорд Холликтің «Юнайтед Ньюс эңд Медиа» компаниясының хабарлары тарады.
Британия Коммерциялық эфирлік телевидениесінің ұлттық эфирінде төртінші «ойыншы» болып Шотландиялық «Скотгиш мидиа» компаниясы кірді. Бұл компания 1998 жылы Солтүстік Шотландиялық «Гремпиен» телекомпаниясының лицензиясына ие болды.
1999 жылы 26 қараша күні Ұлыбританияның телевидения әлеміңде сенсация болды. Бұл үш ірі топтан екі топ құру туралы шешімі жариялаңды. Майкл Гриннің «Карлтон Ю-Кэй продакшнз» және Лорд Холликтің «Юнайтед Ньюс энд Медиа» екеуі бірігіп Ұлыбританияда бұрын-соңды болмаған алып компания құруды жоспарлады. Бірақ бұл істі тез арада Ұлыбритания әділетті сауда бюросы (ОФТ) бақылауға кірісті. Өйткені жаңа алып компания тележарнамаға рұқсат етілген 25% емес, 30 — 40 % кірісті иемденді.
Британдық коммерциялык эфирлік телевидениедегі жекеменшіктің концентрациясы мен монополизациясының жаңаша дамуының инициаторы Майкл Грин болғаны қызық Ол бірінші болып «Сентрел Телевижн» лицензиясын сатьш алып, шектен тыс шығьш кетті деп есептелді. Бірақ бақылаушылар оның Лорд Холликпен болатын болашақ қарым-қатынасты ойлай отырып, Майкл Грин болашақ компанияның стратегиясын анықтаумен айналысты. Лорд Холлик күнделікті менеджмент мәселесімен айналысатын тұлға болатынын ресми түрде жариялаған еді. Ол компанияның аты «Карлтон Юнайтед» деп аталатын болды. Дегенмен, көбісі Холлж сиякты барлық стратегияны Майкл Гриннің қолына беріп қояды дегенге күмәнмен қарады. Өйткені ол Лорд Ставшстің баспасөз компаниясымен қосылғаннан кейін жарты жылдың ішінде оны басшылықтан аластатқан. Осылай екі телекомпанияның бірігуі таң қалдырды. 26 қарашаға дейін журналистерге Грин мен Холлик бірігіп қызмет ету мәселесі туралы келісімшарт жасап жатыр деген хабар таратты. Бірақ кейбір бақылаушылар «Карлтон» мен «Юнайтедтің» қосылуы авантюра емес, заңдылық деп есептеді. Бұл екі компанияға да өз бағдарламаларын нығайтуға мүмкіңдік береді. Осы көрсеткіш бойынша «Карлтон» мен «Юнайтед» бағдарлама шығару уақытына қарамай, британдық телевидение ішіндегі ең әлсіздерінің бірі саналды.
Екіншіден, 40 миллион фунт стерлингке дейін қаражатты үнемдеп, керексіз шығынды жояды. Ал егер іс жүзеге аспаған жағдайда сахнаға Ұлыбританияның коммерциялык эфирлік телевидениесінің үшінші орынға «Гранада груп» шығады. «Гранада груп» — «Гранада Телевижн» телевизиялық топтамасы Джерри Робинсонның басшылығымен коммерциялық эфирлік телевидение ассоцациясының «Ай — Ти — Ви» бағдарламасының үлкен бөлігін дайындайды. Осы уақытта Британия телевидениесінің төртінші ірі «ойыншысы» Шотландиялық «Скоттиш Медиа» компаниясы «Джинджер Медиа Груп» компаниясын сатып алады деген сөз тарайды. Бұл компанияның акциясының көбін әйгілі британдық телевидение мен радио жүргізушісі Крис Эванс иемденеді. Бұл компания поп және рок музыкасын беретін ұлттық «Вирджин» радиостанциясының қожайыны «Скоттиш Медиа», «Вирджин» радиосынан басқа да телестудияларға ие. «Джинджер» компаниясын сатып алса, оңда бұл Шотландық телекомпаниясы Ұлыбритания телевидениесінде салмақты үшінші «ойыншының» орнын алуға мүмкіндік туады. Осылай Ұлыбританияның жекеменшік эфирлік телеиндустриясыңда бірінші орын үшін үлкен күрес басталды. Крис Смиттің айтуы бойынша, бұл күрес екі жылдан кейін барлық иңдустрия екі немесе бір адамның қолында болуы мүмкін деген болжам жасайды.
Сараптамалық консолидациялық үрдіс Ұлыбританияның кабельдік телевидениесінде де орын алды. Мұнда да эфирлік телевидениедегі сияқты екі ірі компанияның бірігуі жайлы сөз болады. Бұл «Кэйбл Эңд Уайерлесс Коммьюникэйшнз» және «Телеуэст» телекомпаниялары. «Нэшнл Транскоммьюниюйшнз Лимитед» компаниясы — үшінші «ойыншы» болды. Мұны «Франс Телеком» акционері көтермеледі. Соның көтермелеуімен ол «Кэйбл Эңд Уайерлисспен» бірігуге келісім алды. «Телеуэст» арнасы спутниктік телевидениеге жататын «Флекстек» компаниясымен бірігетіндігін жариялайды.