Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту технологиясы
Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмылады. Проблемалық ситуацияны шешу арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі.
Проблемалық оқытуға негізделген жұмыстар, тапсырмалар оқушылардың ғана өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне бағытталады, білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды. Проблемалық сұрақтарды, ситуацияны шешу- шығармашылық үдеріс. Ал шығармашылық, өнерпаздық сөзінің мәні- жеке тұлғаның бірнәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі.
Бұл технологияның өіндік ерекшелігі мен маңызын поляк ғалымы В.Оконь төмендегідей саралайды: « Под проблемным обучением, мы понимаем совокупность таких действий, как организация проблемных ситуаций,формулирование прблемы, оказание учеником необходимой помощи в решении проблем, проверка этих решений, руководство процессом систематизации и закрепления приобретенных знании».
Ал проблемалық оқыту айналасында ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізген М.Махмутов « В основе проблемного обучения лежит учебная проблема, сущностью которой является диалектическое противоречие между известными ученику знаниями, умениями и навыками и новыми фактами, явлениями, для понимания и обьяснения которых прежних знаний недостаточно» деген тұжырым айтады.

1. Білімді проблема негізінде баяндау

 

2.Оқушыларды іздену, зерттеу іс-әрекетіне кіргізу


3.Оқытудың зерттеу әдісі
1. Мұғалім сабақты жай хабарлап,не баяндап түсіндірмейді. Проблема қоя отырып түсіндіреді.Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, біріге отырып оны шешу жолдары мақсат етіледі. Оқушыларды іздендіруге, табуға жұмылдырады.

2.Мұғалім оқушылар алдында проблема қояды, ол проблемаға балалардың назарын аударады, сабақ түсіндіру барысында сұрақ-жауап, басқа да өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге түрткі жасайды.

3. Оқушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдеу, салыстыру, қортынды шығару тәсілдерін, амалдарын іздестіреді. Өз беттерімен, өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.
Екі ғалымның пікірін қарастырғанда проблемалық оқыту туралы ортақ бір тұжырым шығады. Ол — оның негізінде бір бейтаныс проблеманың жататыны, ол проблеманы шешу қажеттігі, ол үшін бұрынғы білімге сүйену, бірақ оның мақсатқа толық апармайтыны. Проблемалық оқытудың басты белгілерін М.Н.Скаткин өзінің аталмыш еңбегінде былай көрсетеді.

Проблема шешу, проблемалық тапсырмалар, сұрақтар әртүрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Бұл үдерісте әсіресе пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше.
Проблемалық оқытудың тиімділігі- ол оқушының өз дербес іс-әрекеті арқылы проблеманы шешуі, сол жолдағы ізденісі, шығармашылық өнімге қол жеткізуі.
Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді,ол тапсырмалардың барлығы оқушылардың шығармашылық қабілетін, дарынын дамытуға бағытталады. Проблемалық оқыту технологиясынан дұрыс іздене білгенде ғана ол тіл дамытуда өнімді, нәтижелі қорытынды береді. Әсіресе пәнаралық байланыстағы проблемалық оқытуды басшылыққа алған шығармашылық жұмыстар тіл дамытудың ең өнімді жолы болып табылады.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.
2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.
3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.
4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998
5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная
технология. Москва, 2001
7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *