Оқытудың озық технологиялары туралы жалпы түсінік.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А. Каменскийдің, И. Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер- оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ, біздің ойымызша, төмендегідей анықтама дәл келеді:
Жеке тұлға- бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән: 1)адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы; 2)өзіне және өзімен-өзінің, дүние дүниемен қатынастарының жүйесі; 3) іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы; 4)айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі; 5) қажеттілік жүйесі; 6) шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы; 7) сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы;
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Оқыту, білім беру барысында біршама жаңалықтар бар. Соның ішінде дамыта оқыту, модульдік оқыту, интеграциялап оқыту, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту, проблемалық оқыту,қашықтан оқыту, т.б. бар.
Осы атап өткендеріміздің ішінен ең бірінші модульдік оқытуға тоқталайық. Ол үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен, қорытынды бөлімінен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Оқу модулінің ерекшелігі- жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша(10-20мин.), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Сөйлесу бөлімінде танымдық прцесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.
Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар) қолдану- оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен- алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады.
3,4- сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.(III, II деңгейлер).
I деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне интелектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең –кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Технология ауқымында оқу процесі мынадай бастапқы жағдайда құрылады: баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттерінің жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану — әр оқушының соңында жоғары нәтижеге қол жеткізуінің маңызды факторларының бірі. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен және оның құрылысымен және жүру барысымен алдын-ала таныстырады.
Оқу бөлігінің қорытынды бөлімі- бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында бірін-бірі оқытуды, бір-біріне көмегі құпталса, ал бұл бөлімінде оқушы өзінің алған білімін, білігі мен дағдысын өзі көрсетуі тиіс.
Менің ойымша, бұл технология:
• Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
• Танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамытуға;
• Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
• Белсенді өзіндік қорын,ауызша және жазбаша тілін дамытуға;
• Тұлғаның қиындықтарға дайын болу және жеңе білу, қарым- қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.
2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.
3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.
4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998
5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная
технология. Москва, 2001
7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998