
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ САЯСИ БИЛІКТІҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Шонғараева Аружан Рысбекқызы
arukina.02@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Саясаттану» мамандығының 1-курс студенті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі – доцент Д.Е.Копежанова
Бүгінгі күнде әлеуметтік желі саяси биліктің құралдарының бірі болып отыр. Себебі қазіргі заман талабына сай газет — журналдан басқа виртуалды әлемде де қоғаммен байланыс қарқын жүруде. Сондықтан да біздің тақырыбымыз өте өзекті тақырыптардың бірі болып саналады. Қазақстан Республикасының ата-заңы Конституцияда «Әркімнің заң жүзінде тиым салынбаған кез – келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар» [1] деп көрсетілген. Ақпарат көзі электронды және дәстүрлі болып бөлінеді. Осының ішінде біздің қарастырып отырғанымыз электронды ақпарат көздері. Электронды ақпарат көздері әлеуметтік желі қолданушылары арасында танылады. Әлеуметтік желі – адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы байланысы. Ал әлеуметтік желі саяси биліктің құралы ретінде қалай танылады ? Саяси билік қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігінен туындайды. Әрине, егер саяси билік болмаған жағдайда мемлекеттік өкіметтің тұрақтылығын сақтау мүмкін болмас еді.
Біз жаңа заман технологияларын пайдалана отырып байланыс жасайтын ақпараттық дәуірге жеттік, сол себепті қазіргі таңда желі қолданушылары күн санап артып келеді. Мәселен, Kantar TNS зерттеуі көрсеткендей, қазақстандықтардың 74% жеке мақсат үшін интернетті үнемі пайдаланады. Ең белсенді пайдаланушылар-25-34 және 35-44 жасты құрайды. Қазақстандық онлайн-пайдаланушылар бірінші кезекте көңіл көтеруде ( 72%), интернетте ақпарат іздеуде (75%) және онлайн қойылған міндеттерді орындауда (54%), сондай-ақ онлайн-контентті орналастыруда (20%) және басқаларға онлайн көмектестуге арнайды (36%). [2] Қоғамдағы әлеуметтік желінің биліктегі маңыздылығы қандай?
Біріншіден, ақпараттың тез, әрі кең көлемде таралуында. Бұл өз кезегінде мемлекеттік шенеуніктерге соңғы жаңалықтармен танысуға және сол бойынша халықтың еркін пікірін білуге көмектеседі.
Екіншіден, билік шенеуніктері мен желіні пайдаланушылар арасында қоғамдағы әр түрлі өзекті проблемаларды талқылау арқылы, халықтың идеясын, ашық көзқарасын тануға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, мемлекеттік шенеуніктердің желіде өздерінің жеке парақшасының болуы билік пен халықтың арасындағы байланысты нығайта түседі деп есептейміз. Себебі әр адам ол мемлекеттік қызметкерге жеке наразылықтарын білдіріп, кері байланыс арқылы өзінің мәселесін шеше алады.
Қоғам сипатына қарай мемлекеттік билік органдары да өзгеріске ұшырайды, себебі олардың ең негізгі міндеттерінің бірі – халықтың талабын қанағаттандыру. Бүгінгі күнде желіде министрліктердің сайттарын, билік өкілдерінің жеке парақшаларын, ҚР үкіметінің сайтын, ҚР Премьер – министрінің сайтын және тағы да басқа сайттарды кездестіруге болады. Бұл дегеніміз халықпен әр түрлі жаңалықтардан бастап, тиісті өкілеттіктердің жыл есебі қорытындысына дейін егжей – тегжейлі бөлісу, халыққа есеп беру. Әр мемлекеттік органдардың сайтының болсын, жеке парақшаның болсын мақсаты халықпен тығыз байланыс орнату. Ал осы арада әлекуметтік желі оның бірден – бір құралы.
Елімізде қоғаммен қарым – қатынас орнатуда негізгі рөлді электронды үкімет порталы атқарады. Электронды үкімет порталы — мемлекеттік билік атқаратын барлық қызметтер мен функциялардың электронды түрі.
«Электрондық үкімет» (e-Government) порталының болуы – мемлекеттік билік өкілдерін азаматтарға жақындастырудың амалы. Сондықтан да, бұл шенеунік пен халықтың бетпе-бет қарым-қатынасынының орнына виртуалды түрде тілдесіп, азаматтарға өз сұраныстарын ешқандай уақыт жоғалтпай шешуге жол ашады.
Ақпарат және коммуникация министрі Даурен Аскербек Абаевтың айтуынша, gov.kz сайттың ішінде біртіндеп, таяудағы екі жыл ішінде дербес портал ретінде жұмыс істеуін тоқтататын барлық мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары шоғырланатын болады.
«Бұл Сайттың идеясы барлық мемлекеттік органдардың бірыңғай сайты жұмыс істейтін Ұлыбритания тәжірибесінен алынған» деп көрсетті Абаев. [3] Яғни бұл дегеніміз, барлық мемлекеттік органдардың бір сайтта шоғырландырылуы. «Электрондық үкімет» пен электронды демократияны құру идеясын алғаш рет Америка Құрама Штаттары және Ұлыбритания ғалымдары ұсынған болатын. Сондықтан да біздің елдегі электронды үкімет Ұлыбритания тәжірибесінен алынған. Біріккен Ұлттар Ұйымының ғаламдық рейтингісінде 2016 жылы «электрондық үкіметтің» даму деңгейі бойынша Ұлыбритания 2-ші орында екені белгілі. 2014 жылы электрондық үкімет тұжырымдамасын бекіту Ұлттық ақпараттық қоғамды кезең-кезеңмен дамытудың стратегиялық шеңберін анықтады:
Сурет 1.
«Электрондық үкіметтің» жұмыс істеу мақсаттары қандай? Ол келесілерді қамтиды:
• электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін, сапасын және жеделдігін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара ісқимылын қамтамасыз ету;
• мемлекеттік органдардың қызметінде жариялылықты арттыру, ақпараттың қолжетімділігін, қоғамдық бақылауды және халықтың барлық деңгейлерде мемлекеттік басқару мәселелерін шешуге қатысуын қамтамасыз ету;
• мемлекеттік басқарудың әкімшілік реформасын іске асыруды және сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
• ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыру;
• қағаз бастылықты, құжаттарды пайдалануды және оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту.[4]
Жоғарыда көрсетілгендей, электронды үкімет ең алдымен тұрғындармен қарым-қатынаста негізгі рөлде. Яғни ол, xалықпен байланыс орнататын біртұтас жүйе.
Yuvision.kz сайтының мәліметінше елімізде е-үкіметтің қызметтерін пайдаланушылардың саны 70 мыңға жуық тіркелген.
Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімдерде 2000 астам ақпараттық қызмет көрсетіледі.
Бұл көрсетілетін қызметтің санының айтарлықтай жоғары екенін көрсетеді.
«Электрондық үкімет» дамуының нәтижелерінің бірі ретінде, БҰҰ-ның рейтингіне сәйкес, Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің құрамына кіріп, мүмкін болатын 192-нің 46–ы орында тұр. [5] Осы ақпаратқа сәйкес, Қазақстандағы «электронды үкіметтің» қарқынды дамуын көруге болады. Gov.kz электронды үкімет порталының арқасында 7 жыл ішінде 200 млн қызмет көрсетілген. [6] Бұл өз кезегінде портал қызметінің халық арасында сұранысқа ие екенін айғақтайды.
Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік желінің жақсы жақтарымен қатар, зиянды жақтары кездеседі. Біріншіден, желі қолданушыларының арасында бір мәселеге байланысты дау туындауы мүмкін, бұл әлеуметтік шиеленіске әкеліп соқтырады.
Екіншіден, жалған ақпараттың таралуы. Бұл өз кезегінде xалық арасында белгілі дәрежеде пікірталасушылық туғызады.
Үшіншіден, жоғарыда атап өткенімдей мемлекеттік билік өкілдерінің жеке парқшалары болады. Бірақ сонымен қоса олардың оннан аса фэйк, яғни жалған парқшалары да кездеседі. Бұл xалықтың сенімсіздігіне әкеліп соқтырады.
Төртіншіден, желіде әр түрлі пайдаланушылар арасындағы ұйымдасушылықтан террористік әрекетке ұласуы мүмкін.
Қорытындылай келе,әлеуметтік желі электронды үкіметтің ілгерілеуіндегі бірден-бір құралдардың бірі. Электронды үкімет халық арасында және шешім қабылдауда үкімет пен демократияның ашықтығын арттырады. Әлеуметтік желі одан әрі дамыған сайын, саясаткерлер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында көбірек қолданылатын болады. Бұл қазіргі заманғы және ұзақ мерзімді саяси үрдіс. Бүгінде азаматтар мен қоғамның мүдделерін билікке тиімді және жылдам хабарлауға мүмкіндік беретін әлеуметтік желі деп есептеймін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының Заңы, https://www.wipo.int/edocs/lexdocs/laws/ru/kz/kz021ru.pdf .
2.Желі қолданушыларының статистикалық мәліметі https://forbes.kz/process/internet/chem_kazahstantsyi_zanimayutsya_v_internete/ 3.Даурен Абаев интервью:
.https://kursiv.kz/news/vlast-i-biznes/2019-02/glava-mik-obeschaet-v-aprele-prezentovat-edinyyinternet-portal 4. Стратегиялық шеңбер және электронды үкіметтің жұмыс істеу мақсаттары: .https://digital.report/kazahstan-regulyativnaya-politika-v-oblasti-ikt/
5.Статистикалық мәліметтер:
.https://yvision.kz/post/238830
6..https://kazakh-tv.kz/kz/view/hi-tech/page_193994_egov-kz-elektrondy-ykimet-portalynynmymkindikteri