ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЯСАТ ПЕН БЛОГГИНГ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЯСАТ ПЕН БЛОГГИНГ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

Сагиданова Жасмин Абзаловна
Sagidan811@gmail.com
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Саясаттану» мамандығының 1курс студенті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Ғылыми жетекші – Д.Е. Копежанова

Әлемдік коммуникация жүйесіндегі үлесінің артуы мен әлеуметтік желіні пайдаланушылар санының миллиондап өсуі — әлеуметтік медиа дамуының арқасы. Әлеуметтік желілер – дүние жүзі бойынша адамдардың бір-бірімен байланысу құралы, және қазіргі таңда қоғам арасындағы оның маңыздылығы артуда. Оның басты себептерінің бірі – блог және блоггинг.
Сөздің этимологиясынан бастасақ, блог — ол ағылшынның «web log» яғни «желі журналы» сөзінен пайда болған. Блог — онлайн жүргізілетін автордың жеке көзқарасымен жазылған ой, шағын әңгіме, не күнделік. Блог сөзі – ғаламтор беттерінде нақты бір тақырыптарда не белгілі категорияда информация тарататын түрлі әлеуметтік желілерде және сайттарда қолданылады. Қарапайым сөздермен, БЛОГ дегеніміз: • хронологиялық тәртіппен жазылып, үнемі жаңартылып отырылатын «желі журналы» немесе «онлайн күнделік»;
• құрамы: қысқаша жазба, түсініктеме, мағлұматтар, видео/суреттер, сілтемелер, комментарийлер және т.б. тұратын жазба;
• қоғамда, айналаңызда болып жатқан кез келген жәйтқа жеткізген ойыңыздың, сезіміңіздің формасы;
• журналистиканың жаңа онлайн не азаматтық түрі — блоггингттің негізгі тірегі, өнімі. [1] Блоггинг іс жүзінде ресми бұқаралық ақпарат құралдарына балама болды және қазақстандық «блогерлік» сегментте саясаткерлерден әртістерге дейін, көп балалы атааналардан олимпиада чемпиондарына дейін, заңгерлерден кулинарларға дейін «халықтың кең жігі» ұсынылған. Бұл мақалада қазақстандық саясаткерлер мен блоггингтің арақатынасы, аналитикалық сараптамашылардың әлеуметтік жүйедегі белсенділігі, ұсынатын ақпараттарының шынайылығы қарастырылады.
Блоггингті саяси ықпал құралы ретінде пайдалануға болады, бірақ саяси іскер адамдар оны қалай қолданады? Бұл сұраққа жауап беру үшін, контент анализ арқылы саясаткерлердің блогтары талданады.
Ербол Еділов – GR Consulting Group компаниясының басқарушы директоры, Қазақстандағы саясат пен кадрлық өзгерістер туралы ең танымал Yedilov Online арнасының авторы. Ербол Еділов – шенеуніктер мен бизнесмендердің өмірбаяндары жөніндегі маман. Ол олардың туған күндерін есте сақтайды, белгілі адамдардың барлық туыстық байланыстары мен түйіндемелерін біледі. GR Consulting Group (GR – governmental relation) — үкіметпен байланыс. Компания кадрлық талдаумен, ашық көздерді талдаумен, коммуникацияны жүйелі түрде зерттеумен, әлеуетті одақтастарды анықтаумен, БАҚ-мен коммуникацияларды, сондай-ақ билік органдарымен өзара іс-қимылмен айналысады. Арнаның өзіне келер болсақ, әр күн сайын арнаның 257746 оқырмандары шенеуніктер мен іскер адамдардың туған күндерінің тізімімен танысып отырады. 1 күн ішінде жаңалықтардың шығу жиілігіне байланысты шамамен 10 рет жаңартылып отырады. Арнаның контенті көпсалалы, яғни оқырмандар тек саясат емес, сонымен қатар спорт, мәдениет, бизнес, білім және ғылым салаларымен де хабардар болады. Қоғамда мемлекеттік маңыздылығы жоғары сұрақтар туындаған жағдайларда (мысалы, Елбасының президенттік орнын босатуы), өз ойларын ашық көрсететін жазбаларды жариялайды. Бұл жазбаларында автор нейтралды позицияны ұстанады, яғни ол белгілі бір мәселеде нақты бір жақты қолдамайды. Барлық орын алған мәселелерге суық-қанды баға беріп, өзінің болжамдарымен бөліседі.
Белгілі саясаттанушы Талғат Қалиев Оңтүстік Африка Республикасында Қазақстан Республикасының бұрыңғы Төтенше және Өкілетті Елшісі, танымал Kaliyev Channel Telegram арнасының авторы. Мәскеудегі аспирантураға түсуді шешкенде, сол уақыт Араб көктемімен сәйкес келді, және сол тақырыпқа оның ғылыми жұмысы арналған болатын. Сол кезде саясаттанушы саяси оқиғалардағы әлеуметтік желілердің рөліне қызығушылық таныта бастады. Сол уақыттан бастап және әлі күнге дейін әлеуметтік желілер ол үшін жұмыс құралы болып табылады.[2] Бүгінгі таңда саяси оқиғалардың эпицентрінде жүріп қана қоймай, олар туралы 49333 жазылушыларына қолжетімді және қызықты әңгімелейді. Әлеуметтік желілерде өз беттерінде ол қоғамдық-маңызды мәселелерді көтереді, оның ойына жетекші БАҚ пен аудитория құлақ салады. Талғат Қалиевтің ұсынатын ақпаратын субъективті, шынайы және нейтралды; әрбір жаңа ойы нақты фактілермен дәлелденіп отырады, сондықтан оқырмандарда сенім сезімдерін туғызады. Саясаттанушының әлеуметтік желілер арқасында халыққа танытатын қызығушылығы бірден байқалады, себебі өз арнасында ол халықтың көңіл-күйін білу үшін сауалнамалар жүргізіп, көпшіліктің ойымен танысып отырады.
Келесі маңызды саяси тұлға – Досым Сатпаев – демократияның жақтаушысы. 2002 жылы «Группа оценки рисков» консалтингтік ұйымын құрды. Саяси және инвестициялық тәуекелдерді бағалауға маманданған, осы саладағы 300-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы.[3] Досым Сатпаев саясаттанушы бола тұра, халық арасындағы ең танымал тұлға. Ол республикалық зейнетақы жүйесінің көптеген мәселелерін ашқан елдегі екінші адам болды; зейнетақы қоры жанындағы Қоғамдық кеңесінің басты тәуелсіз сарапшысы ретінде көптеген жемқорлық актілерінің алдын алды; зейнетақы қорының қаржысының бөлінісі үдерісін транспарентті етті, сол арқылы «халық сүйіктісіне» айналды. Қазіргі таңда саясаттанушы Instagram (33.2 мың жазылушы, , Twitter (64 мың жазылушы, және Facebook (6.2 мың жазылушы, парақшаларында елде орын алып жатқан ең өзекті мәселелеріне еркін түрде өз ойларын жариялайды. Досым Сатпаевтың өзіне тән ерекшелігі – жоғары басшылықтың жасыратын сырларын халыққа аян ету.
Қазақстан Республикасының N451 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 2-бабының 1-ші тармағы бойынша, сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi. Сонымен қатар, цензураға тыйым салынады. [4]
Қорытындылай келе, заңға сүйене отырып, саяси қайраткерлердің әлеуметтік желілердегі белсенділігі мен оқырмандарға ұсынатын ақпараттың шынайылығына назар аударған жөн: халықты ақпараттандыру жеделдігі ең жоғары дәрежеде – жаңалық шыға салысымен, бірден әлеуметтік желілерде жарияланады, күн сайын әр арнада шамамен 50-70 жарияламалар шығып отырады. Шынайылық деңгейін бағалаған жағдайда, әр ақпараттандырушыда бұл деңгей әр түрлі болып келеді. Мәселен, авторлық арналардың көбісі нейтралды позицияны ұстанып қана халыққа ақпарат жеткізеді. Тек Досым Сатпаев сияқты сирек кездесетін индивидуумдар ғана халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен құқықтарын қорғау позициясын ашық ұстанады. Бұл жағдайдан бөлек ескере кететін нәрсе – ақпараттың тек қана орыс тілінде жариялануы, бірақ бұл қоғамның бөлек алпауыт мәселесі. Саяси іскер адамдар үшін, әлеуметтік желілер халықтың ой-санасын ашу мен оларды тұрақсыз, әрдайым тоқтаусыз дамып отыратын заманмен қатар жүруін қамтамасыз ету құралы. Осындай құралдар мен игі мақсат арқасында саясат пен блоггинг арасындағы байланыстың тығыздығына көз жеткізуге болады, себебі саяси қайраткерлердің блогтары арқылы халық елдегі және әлемдегі барлық саяси ахуалдармен хабардар болып қана коймай, рухани, интеллектуалды түрде дамиды, әлемдік көзқарасын кеңейтеді. Әрине, блоггингтің ең басты мақсаты – ақпараттандыру, себебі ақпаратқа ие адам – барлық әлемге ие.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Сариев, А. (Шілде 20,2014). Блог деген не? Блоггер деген кім?
http://kerekinfo.kz/2014/06/20/blog-degen-ne-blogger-degen-kim.html
2. Китапбаева, О. ( Наурыз 26, 2018). Талгат Калиев: «Соцсети могут превратиться в наркотик для государства» [Веб-блог]. http://hommes.kz/blog/1174/
3. Олжаев, А. (Maмыр 25, 2018). Досым Сатпаев. Кто он такой? – обзор казахской прессы. 365info.kz. https://365info.kz/2018/05/dosym-satpaev-kto-on-takoj-obzorkazahskoj-pressy
4. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы. (1999). Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі website:
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000451_

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *