ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨҢІРЛІК БАСЫЛЫМДАРДЫҢ САЛАҒА БӨЛІНУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жанысбаева Ақниет Пернебайқызы
akniet.zhanysbayeva@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультеті, 2-курс докторанты, Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі, ф.ғ.д., профессор – М.Б.Шиндалиева
Қазақстанның оңтүстік облыстарында басылымдар саны жағынан Алматы облысы мен Алматы қаласы көш бастайды. Мысалы, Алматы облысында барлығы 72 басылым шығады, газет саны – 60, журнал саны – 12. Оның ішінде 29 басылым қоғамдық-саяси бағытта, ақпараттық-жарнамалық – 15, білім мен ғылым саласын қамтитын басылымдар саны 12, «Ел назар», «Жетісу мемлекеттік университетінің хабаршысы», «Политех жаршысы – Вестник политехнического», «Талдау хабаршысы Талдықорған» «Фа» және т.б. басылымдар аталмыш оқу орнының және Қазақстан және шетел ғылым – білім жаңалықтарын жариялау қызметін атқарады. «Шыңғысхан» журналы тарихи-этностық ғылым бағытында жарыққа шықса, «Орбұлақ» газеті, «Мұқағали», «Жер-Жиһан» сынды журналдар көркем-әдеби бағытта жарық көруде.
Алматы облысы мерзімді басылымдары қатарында ата-аналар мен балаларға арналған отбасылық, қоғамдық тәрбие жөніндегі басылымдар («Өмір.Жизнь.Һаят», «Нұрлы таң» «Top kids», «Түймедей»), білім беру саласының қызметкерлеріне арналған педагогикалықәдістемелік басылымдар («Білім шапағаты», «Мұғалім мінбері», «Қайнар көзі» «Мастер класс»), басылымдары үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар мен білім беру мекемелеріндегі жаңалықтар туралы ақпараттық материалдарды жариялап қана қоймайды сонымен қатар сараптамалық-талдамалы материалдарды орыс және ағылшын тілдерінде өз оқырманына жеткізеді.Сонымен қатар, бизнес саласы туралы («Совершенствуй свой бизнес», «Бизнес – дайджест Капшагая»), ойын-сауық және көңіл көтеру мақсатында («Әзілкештер ауылы», «Алайда») ақпараттық материалдарды жариялап отыратын басылымдар. Басылымдардың басым көпшілігі қазақ тілінде, ғылыми-танымдық басылымдар үш тілде, ведомстволық басылымдар екі тілде, көркем-әдеби шығармашылық басылымдардың көбі дерлік қазақ тілінде жарық көреді.
Алматы қаласында барлығы 1100 басылым шығады, оның ішінде 738 журнал, 362 газет жарық көреді. Басылымдардың көпшілігі қоғамдық-саяси, ғылыми және ақпараттықжарнамалық бағытта, содан кейінгі орында мәдени, әдеби, педагогикалық балаларға арналған бағыттарындағы газеттер мен журналдар саны басым. Барлық бағыттарды қамтыған Алматы қаласының газет, журналдарынан келесі бағыттарды: ғылыми, педагогикалық, қоғамдық-саяси, әдеби, мәдени, тарихи, медициналық, фармацевтикалық, әдістемелік, ақпараттық, жарнамалық, құқықтық, кәсіптік, ойын-сауық, спорт, заң, экология т.с.с көптеген бағыттағы газет, журналды кездестіруге болады.
Ғылым — білім саласын қамтитын («Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысы», «Абай институтының хабаршысы», «Аль-Фараби», «Алтын сапа Қазақстан», «Әлеуметтану және саяси ғылымдар», «Әділеттің ғылыми еңбектері» журналдары, «Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің хабаршысы», «Білім әлемі», «Білім – Образование», «Биология, география және химия» журналдары, «Білім және ғылым хабаршысы», Биология және сауаттылық негізі» журналдары) және т.б. көптеген басылымдар жарық көруде. Білім беру ордаларының қызметкерлеріне арналған педагогикалық-әдістемелік («Алгорифм», Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Бастауыш мектеп», «Әдіскер — Методист», «Бала мен балабақша», «Бастауыш мектепте оқыту», «Бастауыш мектеп. Начальная школа. Мұғалім.kz», «Баршаға білім беру», «Білім берудегі менеджмент» журналдары) және т.б. көптеген басылымдар басылымдары үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар мен білім беру мекемелеріндегі жаңалықтар туралы ақпараттық материалдарды жариялап қана қоймайды сонымен қатар сараптамалықталдамалы материалдарды орыс және ағылшын тілдерінде өз оқырманына жеткізеді.
Медицина саласының ғылыми жаңалықтарын қамтитын («Айболит. Медицина. Здоровье. Жизнь. Казахстан», «Акушерство, гинекология и перинатология, «Академия здоровья.kz», «Аға медбике», «Теориялық медицинаның өзекті мәселелері» журналдары, «Витамин» газеті), бухгалтерлік саланы қамтитын («Баланс» газеті, «Бухгалтер бюллетені», «Бухгалтер мектебі», «Бухгалтер жаршысы», «Бухгалтерская наука с профессором Монетным», «Бухгалтерия организаций- получателей бюджетных средств», «Бухгалтерналоги. Учет. Анализ. Комментарии», «Бухгалтер и право» журналдары) және т.б. басылымдар бухгалтерия саласы жаңалықтарын өз оқырмандарына жеткізуде.
Отбасылық тәрбие жөніндегі ата-аналарға және балаларға арналған («Алтын шаңырақ» «Алтын босаға», газеттері, «Ана мен бала» журналы, «Газета для родителей», «Домашнии очаг» журналы) және т.б. басылымдар, балалар мен жасөспірімдерге арналған («Асыл сөз», «Айгөлек», «Ақжелкен», «Балдырған», «Балбөбек» журналдары, «Алашшыл жас», «Балапан», «Балаби», «Балбұлақ», «Балаларға базарлық» журналдары) және т.б. басылымдар балаларға арналған танымдық, көркем-әдеби, патриоттық мәселелерді қамтитын материалдарды жариялауда.
Алматы қаласында діни-шіркеу жаңалықтарын («Ақиқат таңы» газеті, «Сны и видения. Обереги и талисманы», «Вьеди (провославная газета», «Веди» журналы, «Халық иман»), көркем-әдеби, танымдық бағыттағы («Айқап», «Асанәлі», «Гүлстан», «Елтұтқа», «Жұлдыз», «Жаңа ғасыр», «Жалын» журналдары ) және т.б. басылымдар жарық көруде.
Жамбыл облысында барлығы — 50 басылым шығады. Оның ішінде — 19 қоғамдық-саяси бағытта, ведомствалық – 10, білім мен ғылым саласын қамтитын басылымдар саны — 12, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің хабаршысы, «Білім.kz.», «Механика және технология» журналдары, «Білім шуағы», «18 мың ғалам ғажайыптары» газеттері, әдеби- көпшілік танымдық «Қарахан», «Жамбыл», «Асыл мұра» журналдары. Бұл басылымдарда оқу орындары мен Қазақстан ғалымдары ізденістері жарияланып, көпшілікке таныстырылады. Жамбыл облысы мерзімді басылымдары қатарында мәдени-танымдық көпшілікке арналған басылымдар («Мәдениет мінбері», «Білім және өнер») және жастар мен жасөпірімдерге арналған «Арай» газеті, «Балалық шақ — Детство», «Жастар айдыны» және «Кел, табайық!» газеттері қоғамдық өмірдегі балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің қызметін жақсарту мақсатында жарық көреді.
Жамбыл облысында шығатын «Озық тәжірибе», «Замануи ұстаз» «Кәсіподақ жаршысы» басылымдары үкіметтік емес ұйымдар мен білім беру мекемелеріндегі жаңалықтар туралы ақпараттық материалдарды жариялап қана қоймайды сонымен қатар сараптамалық-талдамалы материалдарды орыс және ағылшын тілдерінде өз оқырманына жеткізеді. Облыста діни-шіркеу жаңалықтарын («Таңдау», «Имандылық әлемі», «Хақ жолы»), заводтар мен өндіріс орындарының жетістіктері («Фосфорщик») бизнес саласы туралы («Кәсіпкер жаршысы», «Информбиржа News», «Бизнес Тараз»,) ақпараттық материалдарды жариялап отыратын басылымдар.
Қызылорда облысында барлығы 84 басылым жарық көреді. Оның ішінде 25 басылым қоғамдық-саяси бағытта, ғылыми-танымдық бағыттағы басылымдар саны 10, «Білім және инновация» газеті, «Жан мен дәру» газеті, «Жырау» газеті, «КАЗКИ Таймс» газеті, «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университетінің хабаршысы» ғылыми журналы, «Сыр психология әлемі» газеті, «Тағылым» газеті, «Тұрмағанбет» газеті және т.б. басылымдар жарық көруде. Бұл хабаршыларда сол оқу орындары мен Қазақстан ғалымдары ізденістері жарияланып, көпшілікке таныстырылады. Қызылорда облысы мерзімді басылымдары қатарында ата-аналарға және балаларға, жасөпірімдерге арналған «Балдәурен», «Жоғарғы сынып», «Қайнар тынысы» газеттері, «Жарасымды жанұя» журналы, қоғамдық өмірде балалар мен жастарды оң тәрбиеге бағыттау мақсатында жарық көреді.
Қызылорда облысында шығатын «Педагогикалық ізденіс», «Ұстаз үні» және «Ұстаз мәртебесі» басылымдары білім беру мекемелеріндегі педагогикалық-әдістемелік жаңалықтар, патриаоттық тәрбие беру мәселелері аясында ақпараттық материалдарды, жариялап қана қоймайды сонымен қатар сараптамалық-талдамалық материалдарды орыс және ағылшын тілдерінде өз оқырманына жеткізеді. Облыста діни-танымдық материалдар («Нұр» газеті), ардагерлерге арналған ақпараттық-танымдық ақпараттар («Сыр ардагері»), сонымен қатар, экология тақырыбында материалдар жариялау («Сыр табиғаты», «Табиғат тынысы» газеттері), құрылысшылар, сәулетшілер мен өнеркәсіп қызметкерлерінің облыстық газеттері («Сыр сәулеті») ақпараттық материалдарды жарияланып отыратын басылымдар.
Ерекше атап өтетін басылымдар «Тіл сақшысы» газеті қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында ақпараттық-танымдық материалдар жариялау қызметін атқаруда, және де «Әлімсақ», «Байқоңыр», «Көрші», «Сыр айнасы» газеттері әдеби-мәдени бағыттағы ақпараттарды жариялауда, «Сыр айғағы» газеті әдеби-танымдық, тарихи-деректі материалдарды жинақтап, оларды көпшілікке таныстыруда. Басылымдардың басым көпшілігі қазақ тілінде жарық көреді. Ғылыми-танымдық бағыттағы басылымдар екі немесе үш тілде жарық көреді[1,10-б].
Түркістан облысында барлығы 140 басылым жарыққа шығады. Оның ішінде 54 қоғамдық-саяси бағытта, ақпараттық-танымдық 24, «Көп жаса», «Кәсіпкерлер жетістігі және отбасы», «Ауырмаңыз», «Аман бол!», «Жан дүние» газеттері және т.б. басылымдар, білім мен ғылым саласын қамтитын басылымдар саны 18, «Білім әлемі» газеті, «Жас ғалым» журналы, «Ибн Сина» газеті, «Мектеп» журналы, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының хабаршысы» және т.б. жарық көреді. Бұл хабаршыларда сол оқу орындары мен Қазақстан ғалымдары ізденістері жарияланып, көпшілікке таныстырылады. Түркістан облысы мерзімді басылымдары қатарында балаларға, жасөпірімдерге арналған «Алан», «Ақылдым», «Балдәурен», «Жас ғалым» журналдары және «Жас өркен ОҚО», «Жастар дауысы», «Қазақ ұланы» газеттері қоғамдық өмірдегі балалар мен жасөспірімдерді ғылым-білімге, отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастыруға бағытталған қызметтерді жақсарту мақсатында жарық көреді.
Облыста діни-шіркеу жаңалықтарын («Ислами насихат», «Исламтану»), мен үкіметтік емес ұйымдар мен білім беру мекемелерінде («Рейтинг»), бизнес саласы туралы «Бизнес және саясат») ақпараттық-сараптамалық материалдарды жариялап отыратын басылымдар. Облыста басылымдардың басым көпшілігі қазақ тілінде шығады, өзбек тілінде шығатын біршама басылымдар да бар, атап айтсақ балаларға арналған танымдық «Болажон», «Жануб жарчилари-Болалар олами» газеттері, қоғамдық-саяси «Жанубий Қозоғистон» газеті, танымдық «Жануб жарчилари-Оила», «Жануб жарчилари», әдеби-шығармашылық «Саодат сари журналы» және т.б. шығып тұрады.
Ақмола облысында барлығы 79 басылым шығады. Оның ішінде 37 қоғамдық-саяси, ақпараттық-жарнамалық бағытта – 12, білім мен ғылым саласын қамтитын басылымдар саны 3, Көкшетау экономика және менеджмент институтының ғылыми-әдістемелік хабаршысы, Қаржы полициясы академиясының жаршысы, оқытушылар мен ізденушілердің, тыңдаушылар мен ҚР Қарулы күштерінің білім ошақтарындағы курсанттардың зерттеу нәтижелерінің материалдарын жариялайтын «Ұлттық Қорғаныс университетінің» хабаршысы, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің хабаршысы жарық көреді. Бұл хабаршыларда сол оқу орындары мен Қазақстан ғалымдары ізденістері жарияланып, көпшілікке таныстырылады. Ақмола облысы мерзімді басылымдары қатарында балаларға, жасөпірімдерге арналған «Мектеп жаршысы», «Лидер», «Әлем», «Лидер+» газеттері қоғамдық өмірдегі балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің қызметін жақсарту мақсатында жарық көреді.
Көкшетау қаласында шығатын «Наш стиль» басылымы үкіметтік емес ұйымдар мен білім беру мекемелеріндегі жаңалықтар туралы ақпараттық материалдарды жариялап қана қоймайды сонымен қатар сараптамалық-талдамалы материалдарды орыс және ағылшын тілдерінде өз оқырманына жеткізеді. Облыста діни-шіркеу жаңалықтарын («Благовест»), заводтар мен өндіріс орындарының жетістіктері («Полиметал» «Время ЕПК»), бизнес саласы туралы («РИСК-Бизнес») ақпараттық материалдарды жариялап отыратын басылымдар да бар.
Астана қаласында барлығы 138 басылым шығады. Оның ішінде 35 қоғамдық-саяси бағытта, ведомствалық – 28, білім мен ғылым саласын қамтитын басылымдар саны 21, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылым хабаршысы, Валеология журналы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы, Білім айнасы газеті, Астана медициналық журналы, Астана ұстазы газеті және т.б. басылымдар жарық көреді. Бұл хабаршыларда сол оқу орындары мен Қазақстан ғалымдары ізденістері жарияланып, көпшілікке таныстырылады. Ақмола облысы мерзімді басылымдары қатарында патриоттық, отбасылық тәрбие жөніндегі басылымдар («Асыл ана», «Батыр», «Мамам-Папам», «Отбасылық тәрбие») және балаларға, жасөпірімдерге арналған «Керемет Kids» газеті, «Нұрлы шуақ», «Сәлем», «Түгел» және «Өркен» газеттері қоғамдық өмірдегі балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің қызметін жақсарту мақсатында жарық көреді. Сонымен қатар жас мамандарға бағдар ретінде «Жас маман», «Жас миллионер», «Жас кәсіпкер», «Жас ұрпақ» сынды басылымдар жарық көруде.
«Жоғарғы Сот бюллетеньі», «ҚР салық қызметінің хабаршысы» және «Информационный бюллетень Академии государственной службы при Президенте Республики Казахстан», «Қазақстанда жер қойнауын пайдалану», «Мемлекеттік стандарт жаңалықтары», «ҚР Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені» және т.б. басылымдары Республикамыздың министрліктерінің қызметтері туралы ақпарат беру, мемлекеттік басқару туралы түсінік беру мақсатында қызмет атқаруда.
«Жапония-Қазақстан: достық көпірлері» журналы, «Түркі академиясы хабаршы» сынды және т.б. басылымдар Қазақстан мен Жапония, Түркия елдері арасында гуманитарлық және іскерлік ынтымақтастықты дамыту, және басқа да бағыттарға шолулар, шетелдермен достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында жариялануда.
Басылымдардың басым көпшілігі екі тілде, ғылыми-танымдық басылымдар үш тілде, ведомстволық басылымдар екі тілде, көркем-әдеби шығармашылық басылымдардың көбі дерлік қазақ тілінде жарық көреді.
Қостанай облысында барлығы 37 басылым шығады. Оның ішінде 27 қоғамдық-саяси бағытта, ведомствалық – 3, ғылыми-танымдық бағыттағы басылымдар саны — 7, «Шамшырақ», «Учительская плюс», «Өрлеу», «Медицина және қоғам», «Бiлiм жарысы», «Білім шаңырағы» газеттері және т.б. басылымдар жарық көреді. Бұл газеттерде Қазақстан және шетел ғалымдары ізденістері жарияланып, көпшілікке таныстырылады.
Қостанай облысы мерзімді басылымдары қатарында құқықтық-нормативтік бағыттағы басылымдар («Порядок и право») және балаларға, жасөпірімдерге арналған «Зеленое яблоко», «Жастар. KZ» газеттері қоғамдық өмірдегі балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің қызметін жақсарту мақсатында жарық көреді.
Басылымдардың басым көпшілігі екі тілде, ғылыми-танымдық басылымдар үш тілде, ведомстволық басылымдар екі тілде жарық көреді.
Солтүстік Қазақстан облысы мерзімді басылымдары қатарында көркем-әдеби «Провинция» және оған қосымша «Библиотека журнала Провиния» журналдары халыққа еліміздің көркем шығармаларын таныстырып және мәдени іс-шаралары жөнінде ақпарат тарату қызметін атқаруда, сонымен қатар облыста жасөпірімдерге арналған «Жастар» газеті, қоғамдық өмірдегі жасөспірімдер мен жастар саясаты бірлестіктерінің қызметін жақсарту мақсатында жарық көреді. Сонымен қатар, облыста «Қазақстан Республикасы ІІМ ІӘ Әскери институты Хабаршысы» жарық көреді. Бұл басылым Республикадағы әскери және қорғаныс күштері саласындағы жаңалықтармен өз оқырмандарын таныстырып отырады.
Солтүстік Қазақстан облысында шығатын «Педагогикалық ізденіс» басылымы үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар мен білім беру мекемелеріндегі педагогикалық жаңалықтар туралы ақпараттық материалдарды жариялап қана қоймайды сонымен қатар сараптамалық-талдамалы материалдарды орыс және ағылшын тілдерінде өз оқырманына жеткізеді.
Шығыс Қазақстан облысында барлығы 94 басылым жарық көреді. Оның ішінде 33 қоғамдық-саяси бағытта, ақпараттық-жарнамалық – 30, білім мен ғылым саласын қамтитын басылымдар саны 18, «Шәкәрім» журналы, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Центр Евразии» және «Проблемы биогеохимии и геохимической экологии» журналдары, «Стандартизация и сертификация» ғылыми-энергетикалық журналы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Региональный вестник Востока» журналы, Шығыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру және білім беру қызметкерлерін қайта даярлау орталығының «Педагогический вестник ВКО» журналы, «Наука и здравоохранение», «Природа в нашем доме» ғылыми-экологиялық журналы, «Ұстаз. Білім. Шәкірт» журналы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің газеті «За знание» басылымы және т.б. жарық көреді. Бұл журналдарда сол оқу орындары мен Қазақстан ғалымдары ізденістері жарияланып, көпшілікке таныстырылады. Шығыс Қазақстан облысы мерзімді басылымдары қатарында балаларға, жасөпірімдерге арналған «Жасталап, Ел ертеңі» журналы, «Молодежный формат» газеті, О.Бекейхан атындағы №44 орта мектебінің «Өр Алтай» газеті және т.б. газеттер қоғамдық өмірдегі балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің қызметін жақсарту мақсатында жарық көреді.
Сонымен қатар, облыстағы біршама ведомствалық газеттердің де алар орны ерекше. Атап айтсақ, «Орман дауысы» газеті, «Новые горизонты Востока» газеті, «Налоговый вестник в Казахстане» журналы, «УМЗ информ» газеттері сараптамалық-талдамалық материалдарды орыс және қазақ тілдерінде өз оқырманына жеткізеді. Облыста діни-шіркеу жаңалықтарын («Ислам нұры», «Православие в Прииртышье»), құқықтық, Қазақстан Республикасының заң тараптарын түсіндіретін («Юридический вестник в Казахстане», «Жолсақшысы — Дорожный патруль») мен көркем-әдеби журналдары («Абай», «Ақ Ертіс»), бизнес саласы туралы («Бизнес Курьер Информ») ақпараттық материалдарды жариялап отыратын басылымдар.
Ақтөбе облысында барлығы 51 басылым шығады, газеттер саны — 40, журнал саны — 11. Оның ішінде 18 басылым қоғамдық-саяси бағытта, 14 басылым ақпараттық-жарнамалық бағытта, білім мен ғылым саласын қамтитын басылымдар саны — 11, «Ақтөбе университеті» газеті оқу орнының ғылым – білім жаңалықтарын жариялау қызметін атқаруда, «Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы» педагогикалық білім беру жүйесінің мәселелері, жаңа технологияларды оқу үрдісіне енгізу және білім беруді ақпараттандыру, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымының проблемаларын зерттеуді зерделеуде, «Батыс Қазақстан медицина журналы» ТМД, алыс шетел және Қазақстан аумағындағы ғалымдар мен мамандардың қазіргі заманғы ғылыми зерттеулерін жариялауда, «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің хабаршысы» ғылыми-зерттеу нәтижелерінің негізгі бағыттарын жариялайтын басылым, сонымен қатар «Ұстаз» газеті, «С.Байшиев атындағы Ақтөбе университетінің хабаршысы», «Қазақ-орыс халықаралық университеті хабаршысы» және т.б. басылымдар жарық көреді. Бұл хабаршыларда сол оқу орындары мен Қазақстан ғалымдары ізденістері жарияланып, көпшілікке таныстырылады.
Ақтөбе облысы мерзімді басылымдары қатарында рухани тәрбие, салт-дәстүрді дәріптейтін басылымдар («Шежірелі өлке», «Хафиза» газеттері) және балаларға, жасөпірімдерге арналған («Ақбөбек» газеті, «Күншуақ» журналы) басылымдары қоғамдық өмірдегі балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің қызметін жақсарту мақсатында жарық көреді. Сонымен қатар көркем-өнер және әдебиет саласын қамтитын («Білезік», «Шалқар мұғалімі») басылымдар жарық көруде.
Облыста бірнеше ведомствалық газеттер («Вестник СТ-KZ», «Казхром Жаршысы», «Кеден-салықтық бюллетень»), «Ақтөбе ұстазы», «Әдіскер жаршысы» «Педагогикалық шолу» басылымдары үкіметтік емес ұйымдар мен білім беру мекемелеріндегі жаңалықтар туралы ақпараттық материалдарды жариялап қана қоймайды сонымен қатар сараптамалықталдамалы материалдарды орыс және ағылшын тілдерінде өз оқырманына жеткізеді.
Басылымдардың басым көпшілігі қазақ тілінде, ғылыми-танымдық басылымдар үш тілде, ведомстволық басылымдар екі тілде, көркем-әдеби шығармашылық басылымдардың көбі дерлік қазақ тілінде жарық көреді.
Павлодар облысында барлығы 58 басылым шығады. Оның ішінде 31 қоғамдық-саяси бағытта, ведомствалық – 15, білім мен ғылым саласын қамтитын басылымдар саны 12, «Вестник ЕД» журналы, «Вопросы ментальной медицины и экологии» журналы, «Биологические науки Казахстана» журналы, «Павлодар мемлекеттік университетінің хабаршысы», «Бiлiм» газеті, «Наука и техника Казахстана» журналы және т.б. басылымдар жарық көреді. Бұл хабаршыларда сол оқу орындары мен Қазақстан ғалымдары ізденістері жарияланып, көпшілікке таныстырылады. Павлодар облысы мерзімді басылымдары қатарында ведомстволық («Павлодарский спасатель», «Ардагер-ветеран» , «Достық шаңырағында») газеттер халыққа облыстың экономикалық, әлеуметтік және мәдени ісшаралары жөнінде ақпарат тарату қызметін атқаруда, сонымен қатар облыста балаларға, жасөпірімдерге арналған «Твой мир» газеті, «Регион.kz» газеті қоғамдық өмірдегі жасөспірімдер мен жастар саясаты бірлестіктерінің қызметін жақсарту мақсатында жарық көреді.
Облыста діни-шіркеу жаңалықтарын («Благовещение»), көркем-әдеби («Найзатас»), заводтар мен өндіріс орындарының жетістіктері («Нефтепереработчик», «Энергетик») жөнінде материалдар жариялап отыратын басылымдар.
Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 61басылым шығады, оның ішінде 53 газет, 8 журнал жарық көреді. Соның 24 қоғамдық-саяси бағытта, білім мен ғылым саласын қамтитын басылымдар саны — 10, «Жоғары оқу орындары аралық хабаршысы – Межвузовский вестник» журналы, «М.Қозыбаев атындағы СҚМУ хабаршысы» журналы, «Пульс НПО» газеті, және т.б. басылымдар жарық көреді. Бұл хабаршыларда сол оқу орындары мен Қазақстан ғалымдары ізденістері жарияланып, көпшілікке таныстырылады.
Қарағанды облысында барлығы 140 басылым, оның ішінде 88 газет, 53 журнал шығады. Оның 21 басылымы қоғамдық-саяси бағытта, 12 басылым ғылыми бағытта, «Жаңа заманның өзекті мәселелері» журналы, «Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің хабаршысы», «Вестник природопользования Сарыарки» журналы, «Қарағанды университетінің хабаршысы», «ҚЭУ жаршысы: экономика, философия, педагогика, құқықтану», «Фемида хабаршысы», «Қарағанды мемлекеттік индустралды университетінің хабаршысы (метал өңдеу технологиясы, екінші өнімдік материалдар)», «Еңбек гигиенасы және медицина экологиясы», «Заманауи білім», «Медицина және экология» журналдары, «Медик» газеті және т.б. басылымдар жарық көреді. Бұл хабаршыларда сол оқу орындары мен Қазақстан ғалымдары ізденістері жарияланып, көпшілікке таныстырылады. Қарағанды облысы мерзімді басылымдары қатарында балаларға, жасөпірімдерге және жастарға арналған «Вектор инфорум», «Достар» журналдары, «Жастар әлемі» газеті, «Жезказганская правда», «Лимонад» газеттері қоғамдық өмірдегі балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің қызметін жақсарту мақсатында жарық көреді.
Қарағанды облысында шығатын «Нұр-Отан Сарыарқа» журналы, «Сарыарқа құтқарушысы», «Ізденіс» басылымдары үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар мен білім беру мекемелеріндегі материалдар жаңалықтарын жариялап қана қоймайды сонымен қатар сараптамалық-талдамалық материалдарды орыс және ағылшын тілдерінде өз оқырманына жеткізеді. Облыста діни-шіркеу жаңалықтарын («Воскресения день», «Евангельская труба», «Жизнь Веры», «Кредо», «У истока» газеттері), бизнес және кәсіпкерлік саласы туралы
(«Бизнес.kz», «Наше дело», «Теңге» газеттері), сонымен қатар бірқатар әдеби-танымдық, («Алтын Арай» газеті, «Айлапат» журналы) ақпараттық материалдарды жариялап отыратын басылымдар.
Атырау облысында жалпы басылым саны – 47, оның ішінде газет саны – 40, журнал саны — 7. Қоғамдық-саяси бағытта шығатын басылым саны 13, ақпараттық-жарнамалық бағытта 18 басылым жарық көреді. Ғылыми-танымдық бағытта «Х.Досмұхамедов атындағы АМУ жаршысы», «Атырау мұнай және газ институты жаршысы» ғылыми журналы, «Өрлеу» журналы, «Алтын ғасыр» газеті және т.б. басылымдар аталмыш оқу орнының және Қазақстан және шетел ғылым мен білім жаңалықтарын жариялау қызметін атқаруда.
Атырау облысында бірнеше ведомствалық газеттер («Мұнайлы Қазақстан» газеті», «Новатор» газеті, «ТШО жаңалықтары» газеті) және т.б. басылымдар өндіріс орындарының жаңалықтарын оқырмандарға жеткізуде. Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының іскерлік басылымдары («Точка роста»), сонымен қатар облыста бірнеше әдеби-танымдық басылымдар («Самал сарайы», «Жылой жарнамасы», «Өркенді өңір»), мәдениет және өнер саласын қамтитын («Алтын қайық» газеті), құқық, заң саласын қамтитын («Әділ сөз» газеті), және («Алтын аймақ», «Ұстаздық еңбек» газеттері, «Шифт»журналы) мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру және басқа да ұйымдардың жаңалықтар туралы ақпараттық материалдарды жариялап қана қоймайды сонымен қатар сараптамалық-талдамалық материалдарды орыс және ағылшын тілдерінде өз оқырманына жеткізеді.48 басылымның басым бөлігі қазақ тілінде, 9 басылым үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ведомствалық газеттер екі тілде (қазақ, орыс) жарық көреді.
Батыс Қазақстан облысында барлығы 68 басылым шығады. Оның ішінде 27 қоғамдықсаяси бағытта, ведомствалық – 5, білім мен ғылым саласын қамтитын басылымдар саны 15, Ақжайық өңірі медициналық журналы, Батыс Қазақстанның инженерлік ғылымы мен білімінің жаңалықтары журналы, «Батыс Қазақстан тарих және археология сұрақтары журналы, Жайық әдіскері журналы, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының хабаршысы және т.б. басылымдар жарық көреді. Бұл хабаршыларда сол оқу орындары мен Қазақстан ғалымдары ізденістері жарияланып, көпшілікке таныстырылады. «Пульс города», «Депутат» және «Согласие» газеттері аймақтың рухани және мәдени өмірін, Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жария етуде.
Батыс Қазақстан облысында шығатын «Жайық ұстазы», «Жайық әдіскері» «Жайық ветеринары» басылымдары үкіметтік емес ұйымдар мен білім беру мекемелеріндегі жаңалықтар туралы ақпараттық материалдарды жариялап қана қоймайды сонымен қатар сараптамалық-талдамалық материалдарды орыс және ағылшын тілдерінде өз оқырманына жеткізеді. Облыста діни-шіркеу жаңалықтарын («Благовест», «Жұмадағы жүздесу»), әдеби («Шырағдан»), заводтар мен өндіріс орындарының жетістіктері («Мұнайшы») бизнес саласы туралы («Информбиржа News», «Бизнес Ақпарат», «Бизнес Уральска») ақпараттық материалдарды жариялап отыратын басылымдар.
Маңғыстау облысында барлығы 29 басылым шығады, оның ішінде газет саны — 23, журнал саны- 6. Қоғамдық-саяси бағытта 11 басылым, білім мен ғылым саласын қамтитын басылымдар саны 3, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің хабаршысы, «Шерқала» журналы, «Маңғыстау дәрігері» газеті оқытушылар мен ізденушілердің, тыңдаушылар мен ҚР Қарулы күштерінің білім ошақтарындағы курсанттардың зерттеу нәтижелерінің материалдарын жариялайтын
«Ұлттық Қорғаныс университетінің» хабаршысы,
Маңғыстау облысында шығатын «Маңғыстау әдіскері», «Маңғыстау мұғалімі» басылымдары үкіметтік емес ұйымдар мен білім беру мекемелеріндегі жаңалықтар туралы ақпараттық материалдарды жариялап қана қоймайды сонымен қатар сараптамалықталдамалық материалдарды орыс және ағылшын тілдерінде өз оқырманына жеткізеді. Облыста Қазақстанның мұнай газ өнеркәсібінің тынысына хабарлап отыратын «Мұнайлы Қазақстан» басылымы және өндіріс орындарының жетістіктерін жариялайтын «АТК КазАТК» сынды басылымдар жарық көруде. Маңғыстау облысында басылымдардың басым көпшілігі қазақ тілінде, ғылыми-танымдық басылымдар үш тілде, ведомстволық басылымдар екі тілде, көркем-әдеби шығармашылық басылымдардың көбі дерлік қазақ тілінде жарық көреді. Сөзімізді ф.ғ.к, доцент Қ.Мұқатованың пікірімен қорытындылағымыз келіп отыр: Қазақстанның аймақтық баспасөзі нарыққа бейімделіп,, идами түсуде. Олар кітап қана емес, газет-журнал, баспасөз өнімдерін де шығарып, қызмет көрсету аясын кеңеейтіп, түрлендіруде де айтарлықтай жетістікке жетіп отыр»[2]
Пайдаланған әдебиетер тізімі
1. ABDRAZAKOVA, А. К.; ORALOVA, G. S.. Сыр өңіріндегі салалық басылымдар: тарихы мен тәжірибесі. Отраслевые издания в Кызылординской области: история и практика. Серия Журналистики. [S.l.], v. 34, n. 2, feb. 2016. 2. Мұқатова Қ. Аймақтық баспа саласы және басылымдар. // Орталық Қазақстан.08.04.2019.