ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ МӘСЕЛЕСІ

ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ МӘСЕЛЕСІ

Кенжебаева Бағлан Еділқызы
Bakosya602@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Саясаттану» мамандығының
1-курс студенті, Нұр-Cұлтан, Қазақстан Ғылыми жетекші – доцент Д.Е.Копежанова

Цифрландыру – бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және халқының тұрмыс сапасын жаңа деңгейге көтеруді мақсат тұтқан әлем мемлекеттері жаппай ұстанып отырған тренд болып саналады. Аталған айтулы үрдіске ілеспеген, ең бастысы бел шешіп кіріспеген жағдайда, мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болатындығы жағдайы сөзсіз рас.
Осыған орай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жасаудың қажеттілігін айқындап берді: «… Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D –принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдер экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын. … Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді.
Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс»[1].
2017 жылдың 12 желтоқсанында Мемлекетіміздің Үкіметі тарапынан отандық компаниялардың, ұлттық корпарациялардың сарапшылардың, халықаралық консультанттарды тарта отырып әзірленіп дайындалған бағдарлама қабылданды.
2018-2022 жылдарға белгіленген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама негізгі бес бағытты қамтиды:
1) Экономика салаларын тікелей цифрландыру. Бұл бағыт еңбек өнімділігін өсіру және капиталдандыруды арттыруды алдына мақсат тұтып, серпінді ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы экономиканың дәстүрлі салаларын түрлендіруді көздейді.
2) «Цифрлы мемлекетке көшу» бағыты. Бұл бағыт отандық қызмет көрсету саласын жаңа қадамға алға жылжуын мақсат етеді; қағаз жүзіндегі жұмыстар электронды нұсқаға көшірілуі жолымен ерекшеленбек.
3) «Цифрлы Жібек жолын жүзеге асыру» жобасы. Бұл жоба мәліметтерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдығына қол жеткізуді негізгі міндет етіп қойған.
4) «Адам капиталын дамыту» бағыт. Бұл жоба бойынша «білім экономикасына» көшу үшін креативті және білгір қоғам құру қолға алынады.
5) «Инновациялық экожүйені құру» жоспарлы бағыты. Бұл бағытқа сай бизнес, ғылым саласының ортасы және мемлекет арасында әрдайым тұрақты байланыс орнатылып, технологиялық кәсіпкерлік пен инновациялық прогрессті дамытуға қолайлы жағдай жасау мәселелері қамтылып отыр.
Мемлекеттің IT саласындағы білім беру саясатына көп мән беріп, өзгерістер енгізсек, бұл дамыған 30 елдің қатарына қосылуға ықпалын тигізбек. Осыған байланысты шет елдердің тәжірибесін ескере отырып, информатика пәнін мектеп оқушыларына бірінші сыныптан бастап енгізу керектігін түсіндім. IT мектептерінің саны қаншалықты көбейсе соғұрлым осы саладағы мамандардың қажеттілігі артпақ. Яғни шет елдерге кетіп жұмыс істейтіндердің саны азаймақ.
Адам капиталын санын артуын дамыту үшін Қазақстанда сапалы кадрлық әлеует құру керек. Сол себепті «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында орта, техникалық және кәсіби, жоғары білім беруде ақпараттық қабілет және цифрлық сауаттылықты арттырушаралары қарастырылған:
— 1-сыныптан бастау алынып «Бағдарламалау негіздері» пәні кезең-кезеңімен енгізіледі; — жоғары сыныптарда бағдарлама практикасында роботты техника, виртуалдышындық, 3D принтинг және басқа пәндермен толығады;
— талантты жастарды барынша қолдау және дамыту мақсатында тұрақты түрде хакатондар, олимпиадалар мен конкурстар ұйымдастырылуда;
— роботты техника мен бағдарламалау ісі бойынша түрлі үйірме орындары ашылуда; -елді мекендерде тұрғындар, соның ішінде жұмыссыздар, сұранысқа ие болып жатқан цифрлық машықтарға оқытылатын болады.
Қазақстандағы цифрландыру үрдісі бойынша кәсіби мамандары дайындық деңгейі қандай?
Бүгінде елдің 89 жоғары оқу орнында ақпараттық технология мамандары оқытылады. 20132017 жылдар аралығында осы салада еңбек етуге тиіс 109 557маман даярланды [3]. Алайда елімізде осы саланың мамандары аз екендігі де рас. Бірақ жоғарыда көрсетілген нұсқауларды ескере отыра бұл мәселені шешу жеткіліксіз болуы мүмкін. Себебі, мектептердің санын арттырған жағдайда мәселені шешуге болар еді. Жетекші ІТ мамандарын дайындатын алдыңғы қатардағы ЖОО қатарына Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, НазарбаевУниверсиеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,Қазақ-Британ техникалық университеті және тағы басқалары кіреді.
Сондықтан,білім және ғылым ортасын цифрландыруды дамыту бойынша мемлекетте үш бағытта жұмыс атқарылып жатыр. Алдымен – орта білім жүйесін ақпараттандыруды дамыту ісі, екіншісі – білім беру және ғылымды басқару үрдісін тұрақты автоматтандыру, үшіншісі – ІТ маман иелерін даярлау.Әрине цифрлы Қазақстан үшін электр қуаты көп жұмсалады. Сондықтан менің ұсынарым күн панельдерін қолдану болмақ. Электр қуаты Жаһандық мәселелердің бірі екені барлығымызға мәлім. Яғни күн панельдері арқылы Жаһандық мәселені де шешуге болады.
Қазақстанда цифрлы қоғам орнатуға, соның ішінде білім саласы үрдісіне қатысты анықтамалық мағлұматтарды сараласақ, төмендегідей міндеттер айғақталмақ:
Елде балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар ашу қолға алынды. Жоба аясында ел бойынша 1 мың сынып ашылып, 150 мың бала бағдарламалау және робот техникасының негіздері жайында тереңдетілген білім алады [3]. Бұл бастама мектеп буынына факультативті пән ретінде енгізіліп, үш айлық және алты айлық курс ретінде жүргізілуі жайлы көзделуде.

WEB-сайт арқылы тікелей бастауыш сынып оқушыларына арналған денсаулық сабағы оқытылады. Спорт алаң орындары да қысқы және жазғы мезгіліне сай қайта жабдықталып, сабақтан тыс уақытта ақылы негізде өзге азаматтарға пайдалануға беріледі. Осы бастамалар аясында еліміздің мектеп асханалары бірыңғай үлгі бойынша арнайы қондырғы техникасымен жабдықталып, ас мәзірі де мемлекеттік стандартқа сай дайындалады. Аталған жұмыстар қазір жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жүргізіледі. Сондықтан, еліміздің 3 миллионға жуық мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасалмақ. Жоғары оқу орындарында студент жастары Data Science, Enterprise Architekture сынды жаңа үлгідегі, сұранысқа ие бағыттар бойынша ақпараттық құрылғыларымен білім алатын болады.
ІТ-мамандар дайындау ісі жүзеге асырылады. Бұл жоба бойынша елде жұмыс беруші ІТкомпаниялар мен жоғары оқу орындарының базасында 20 ІТ-орталық ашылып, жылына 35 мың адам білім алады [5]. Бірақ олардың қатарына жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар да бұл іске жұмылдырылады. Аталған орталықтарда бүгінде әлемдік деңгейде сұранысқа сай цифрлау тәсілдері мен Javа, Python, PHP, Swift сияқты бағдарламалау тілдері білім алушыларға оқытылады. Орталық түлектеріне бір жыл бойы тікелей қолдау көрсетіліп, олардың жұмысқа орналасуына да жағдай жасалады деген ақпарат бар. Сыныптар мен орталықтар жақын арада Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркімен бірлесіп жұмыс атқармақ.
ІТ-орталықтар жобасы барысында ең алдымен қазақстандықтарға фриланс-биржада жұмыс істеуді үйрететін 40 ментор-тәлімгер даярланады [5]. Осыған орай жоба жемісті іске асқан бойда, елдің аудан орталықтары тұрғындары да әлемнің ең ірі-ірі деген мегаполистерінде орналасқан компанияларға қызмет көрсетуге мүмкіндік жасалмақ. Тіпті «Атамекен» ҰКПның есебі бойынша, бұл бастамадан кейін 20 мыңға жуық азамат жандар аталған биржада жұмыс істеп, ондаған мың адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
ІТ-хаб паркінің базасында Эколь бағдарламалау мектебі мен арнайы шеберхана жасау жобасы ашылады. Мұнда елдің экожүйесінің инновациялық стартаптарын дайындайтын жастар оқитын болады. 2018 жылдың ақпан айында үздік ІТ-жобалары бар жастар мен компанияларға арналған бағдарлама іске қосылды.
Цифрландыру үрдісіне ілескен өңірлер санатынан Қарағанды, Қостанай, Түркістан және т.б. облыстары табылуда. Мәселен, Түркістан облысында ІТ-технологияның көмегімен мектеп оқушыларының себепсіз сабақтан қалу көрсеткіші 22 мыңнан 2 мыңға дейін қысқарған болатын, бұл, өз кезегінде, олардың оқу үлгеріміне де тек қана оң ықпалын тигізіп отырған игі қадам екендігі даусыз шешім. Қолданысқа енгізіліп отырған электронды журналдар мен күнделіктер ата-аналарға балаларының үлгерімін бақылап отыруына, оқу бағдарламасы мен үй тапсырмалары жайлы ақпарат алуға мүмкіндік беруде. Өңірлерде онлайн-сабақ беру әдісі секілді жаңашыл үрдістер шалғайда орналасқан аудандар мектептеріндегі мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешіп атқаруы жол ашуда. Интернет және телерадио байланысы арқылы оқушыларға сабақ немесе мұғалімдерге семинарлар өткізу әдіс-тәсілдері қолға алынбақ.
Жалпы электронды журналдар мен күнделіктер жүйесі республика бойынша 6 мыңнан астам мектепте енгізілді [6]. Бұл жақсы көрсеткіш болғанымен тек электронды журналда тоқтамауымыз қажет. Мәселен, оқушылардың күнделікті қолданатын ауыр немесе көп кітаптарында. Бұл әрине денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Бірақ оған қоса оқушылардың тез шаршауына да әкеліп соғады. Ал бұның барлығы сапалы білім мәселесіне тіреледі. Яғни менің көздегенім, оқулықтарды цифрландыру мәселесін қарастыру болып табылады. ЖООда оқу үдерісін цифрландыру процесі жүзеге асырылып жатыр. ҚР -ның ЖОО да студенттер электронды портал сайттары арқылы сабақ уақытысы жайлы кестесін алады, барлық оқуәдістемелік кешенді, тестілік және емтихан түде тапсырмаларды табады.
Білім беру саласын ақпараттандыру үрдісінде белең алып отырған кемшілік тұстарыда баршылық. Біріншіден, білім беру орындарының ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік органдардың басқа да жүйелерімен интеграциялануы төмен деңгейде қалып жатыр. Екіншіден, білім беру ұйымдарының жеткілікті және дайын түрде жарақтандырылмай қалуы, интернет желісіне қосылу жылдамдығының төмендік белгілері өзекті проблемаға айналып отыр. Үшіншіден, білім беру жүйесін цифрландыруды қолдау және оны дәріптеу бойынша бірыңғай оператордың жоқтығы өте қатты келеңсіздік тудыруда. Төртіншіден, ақпараттықкоммуникациялық технология инфрақұрылым орындарын толық қамтамсыз ету үшін бірыңғай техникалық талаптардың болмай жатуы. Бесіншіден, кәсіби құзіреттілік сапасының төмендігі кері әсер етуі байқалады.
2017 жылдың қыркүйек айында ақпараттық-цифрландыру мәселесі бойынша өткен республикалық кеңесте елбасы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Мен әркімнің цифрландыру мақсат емес екенін түсінуін қалаймын, ол жаһандық бәсекелестікке әкелетін біздің абсолюттік артықшылығымызға қол жеткізудің құралы. Онсыз өзін құрметтейтін ел қалыпты өмір сүре алмайды. Бәсекелестік болмаса, біз артта қаламыз және алда келе жатқан мелекеттердің шаңын жұтатын боламыз. Пайданың, өнімділіктің және капиталдандырудың күрт артуы – мәселе осында. Цифрлы экономика осыны береді»,-деп ескертті.
Елбасының сөзінен шығатын қорытынды ой – Қазақстан цифрлы болашаққа қадамын нық басуы керек. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының шешуші және тікелей мақсаты – инновациялық экономика қалыптастыру, 2050 жылға қарай бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену және қоғам мен өндірісті жаңарту ісі басты болашаққа жоспар болып келуде. Білім сферасындағы цифрландырудың басты міндеті – білім беру жүйесінің сапасын арттыру, яғни халықаралық ауқымда әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласы арасында бәсекеге қабілетті Ел жастарын дайындау. Қазақстанның үшінші жаңғырылуы аясында экономикамымыздың жедел технологиялық дамуына жол ашып, цифрландыру мәселесіне ерекше ден қойып назар аудару – Елбасы қойып отырған маңызды стратегиялық талап.

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік.- ҚР Презизенті
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауы.- Егеменді Қазақстан.- 2017.- 31қаңтар
2.Қастер Сарқытқан. Адами капитал мамандық таңдаудан қалыптасады // President & Halyq.- 2018. – 29 маусым. – Б. 6.
3.Игілігі мол цифрлы қоғам // Егемен Қазақстан. — 2018.- 2 ақпан. – Б. 12.
4. Абай Асанкелдіұлы. Білім саласын цифрландыру мәселесі қаралды // Егеменді Қазақстан.- 2018. — 20 наурыз. – Б. 21.
5. Жаңа әлемге бастайтын жаңа жобалар // Айқын. — 2018. — 24 сәуір. – Б. 8.
Егеменді Қазақстан. — 2018. — 3 қазан. – Б.20. 6. Ш.А. Курманбаева, К.А. Тулентаева

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *