
САЯСИ ЭЛИТАДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ РӨЛІ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТҚА БІЛДІРІЛГЕН КӨЗҚАРАСТАРДЫ
САЛЫСТЫРУ
Куптлеуова Жанасыл Жайыкқызы
zhan_asyl2002@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Саясаттану» мамандығының
1-курс студенті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Ғылыми жетекші – доцент Д.Е.Копежанова
“Элита” термині француздың “еlite” деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді. Элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс Р. Михельс және т.б. калыптастырды.
Гаэтано Моска (1854—1941) элита теориясын “Саяси ғылым негіздері” (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы бола- тын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады. “Элита” терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). “Жалпыға бірдей социология трактатында” (1916) ол “элиталардың айналу” теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ.
Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.
Роберт Михельс (1876-1936) “Саяси партиялар, Демократия-ның олигархиялық үрдістері туралы очерк” (1911)деген еңбегінде “олигархияның темірдей заңын” шығарды. Оның ойынша, бұкара халықтың өзіне өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың колдауына ие болды. Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшіліктен біртіндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томағатұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос киял. “Олигархияның темірдей заңы” осы дейді Р. Михельс. [1]
Гендерлік саясат — әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз ететін маңызды ұғым. 2000 жылдың қазан айында БҰҰ мыңжылдық саммитінде БҰҰ мыңжылдық декларациясы қабылданды, ондағы белгіленген сегіз мақсаттардың бірі гендерлік теңдікті қолдау болып табылды. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады.[2]
Жалпы айтқанда, қоғамның ең сұрыпталған жиынтығы элита деп аталады. Әрине, көптеген теорияларға сәйкес ел басқарушы немесе басшы, лидер ер адам болғаны саяси шешімдердің тез қабылдауына мүмкіндік береді. Себебі, әйелдер көбінесе эмоцияға, ішкі түйсікке тез берілгіш және кейбір маңызды шешімдерді қабылдау кезінде қиындықтарға ұшырайды. Алайда, бұл тұжырым элита құрамында тек ер адамдар болуы керек дегенді білдірмейді. Қазақтың халық болып қалыптасуында, оның әрі қарай дамуында және бүгінгі күнге жетуіне тарихымызда әйелдердің қосқан үлесін атап көрсету және одан қорытынды шығара отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру аясында келер ұрпаққа дұрыс мәлімет қалдыру – бәріміз үшін парыз.
а) Әлемдік және Қазақстанның тарихи элитологиясына шолу
Тарих – кез-келген жаңашылдықтың негізі болып табылады. Болашаққа қадам басу үшін өзіңнің және өзгенің тарихын білу өте маңызды. Қазақстандық және жалпы жаһандық тарихта мемлекеттің дамуына елеулі үлестерін қосқан тарихи тұлғаларға шолу жасасақ: Ежелгі түркі сақ дәуірінен бері әйел екеніне қарамастан ержүректілікпен бір елді басқарған атақты әйел патша- Томирис(Тұмар). Оны әлемге әйгілі еткен ерлігі: «жеңілуді білмейтін» парсы патшасы Кирдің әскерінің тас-талқанын шығарып жеңуі. Осылайша, елдің тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен, әйелге тән қасиеттерімен Тұмар патша қазақтың тарихында қалатыны сөзсіз.
Сонымен қатар, халықтың мүддесін өз қарақан басынан артық көріп, қараңғылықтан көз ашпаған қазақ жұртының білім алуына жол ашып, сол жолға көп еңбектенген Уәли ханның әйелі — Айғаным.Қазақ тарихында елеулі оқиғаларда саяси шешім шығаруға ықпалын тигізген, саяси құбылыстарға араласып, ерекше үлес қосқан — Бопай ханша. Кейбір тарихшылардың айтуынша: « Егер Әбілқайыр ханның жары Бопай ханша болмағанда, тарихтағы ханның рөлі басқаша болар еді » дейді.Әлемдік тарихта «темір ханым» деген лақапатпен танымал болған, өзінің қатаң саясатымен ерекшеленген, Ұлыбританияның және еуропа мемлекеттерінің алғашқы әйел премьер-министрі – Маргарэт Тэтчер.Өз еліне өмірінің соңына дейін аянбай қызмет еткен, Үндістанның тұңғыш әйел премьер-министрі, Үнді елінің ғана емес, әлем халқы мойындап, аты аңызға айналған саясаткер – Индира Ганди.
Адамзат тарихында парасаттылығымен, дарындылығымен ерекшеленген, ел басқарған, саяси шешімдерге үлкен ықпалын тигізген нәзік жандылардың қатары бұнымен аяқталмайды. Бұл тізімдегі тек ең таңдаулылары және ең бірегейлері.
ә) Гендерлік саясатқа түрлі көзқарастар мен тұжырымдарды салыстыру
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және Саясаттану факультетінің студенттерінен «Мемлекеттік маңызы бар қызметтерде әйел адамның болғанына көзқарасыңыз қандай?» деген сұрақ бойынша алынған сауалнама нәтижелері төмендегі диаграммада көрсетілген:
37 адам- қарсы емес; 63 адам- қарсы.
Қарсы болуының басты себептері:
5. Әйел адам биологиялық және физиологиялық факторлар бойынша ер адамнан әлсіз.
6. Қазақ ұлтының менталитеті әйел адамның билігіне жол бермейді.
7. Әйел адамдар эмоцияға тез берілгіш болып келеді.
8. Әйел адам тек қана ер адам бастықтың көлеңкесінде болып келген.
9. Ер адамдардың ойынша, әйел адамның кәсіби мүмкіншіліктері аз.
10. Әйелдің басты міндеті- бала тәрбиесімен айналысу және саясатта әйелдерге орын жоқ.
11. Гендерлік саясат — нәтижесіз және тиімсіз басқару түрі.
б) Гендерлік саясаттың тиімділігі мен нәтижелілігіне дәлелдер
Қазақстан Республикасының саясатына гендерлік саясаты енгізілгеннен бері билік басында және министрлер кабинетінде бірталай әйелдер қызмет атқарған болатын. Олар 1-ші кестеде көрсетілген:
Аты-жөні: Атқарған қызметі: Уақыты:
Каирбекова, Салидат Зикеновна
ҚР Денсаулық сақтау министрі 2010-2014жж
Кадырова Зауре Жусуповна ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 1990-1994жж
Коржова Наталья Артемовна ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 1996-1999жж
Дуйсенова Тамара Босымбековна
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2013-2014жж
2017-2018жж
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министр 2014-2017жж
Беркимбаева Шамша Копбаевна ҚР Білім және ғылым министрі 2002-2003жж
Айтимова Бирганым Сариева ҚР Білім және ғылым министрі 2004-2007жж
Шамшидинова Куляш Ног атаевна ҚР Білім және ғылым министрі 2019-бүгінгі күні
Абылькасымова Ерасыловна Мадина ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2018-2019жж
1-кесте
Жоғарыда берілген кестедегі саяси қайраткерлердің есімдерінің тек бірнешеуі және бірегйлері жазылған. Қазақстандағы гендерлік саясаттың нәтижелілігіне мысал ретінде бірнеше үлгілерді ұсынамыз:
Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы- өзінің қайырымдылық жобаларымен, түрлі бастамаларымен, мысалы, ЕАЭО-да Euro news үлгісі бойынша ортақ телевидиние құру сияқты жұмыстарымен көзге түсті. Сонымен қатар, дәстүрлі» ерлер » комитетін басқара отырып, ол қысқа мерзімде әйелдің елдің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеті туралы тең диалог жүргізгенін көрсете алды.
Қарағұсова Гүлжан Жанпейісқызы- балалар үйлеріндегі жағдай туралы қайғыратын әйел медициналық қызметкерлердің төмен жалақысы мен әлеуметтік маңызы бар нысандарға апаратын жолдардың қанағаттандырарлықсыз жағдайы туралы депутаттық сауал жіберіп, елдің әлеуметтік дамуына көп үлес қосуда.
Загипа Балиева- ол балалар үйлерін қайта тәрбиелеу орталықтарына, отбасы мен балалықты қолдау орталықтарына жаңғырту идеясын айтты, туа біткен ауыр аурулармен ауыратын балаларды емдеу мәселелерін көтереді; БЦП ауруымен ауыратын балаларға көмек көрсету ұйымдастырылмағанына риза емес екендігін білдірген. Сондай-ақ, ол қамауға алынған әйелдер туған ешқандай кінәсіз балаларды колонияда ұстаудың заңсыз екендігін атап өтеді.
Дүйсенова Тамара Босымбекқызы- 2011 жылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны іске асыруды бастады. Сол кезеңде өз бетінше жұмыспен айналысушылардың саны 2,8 млн.адам болған, бес жыл ішінде 500 мың адам осы санаттан жалдамалы қызметкерлерге көшірілді. 500 мың адам зейнетақы жүйесінің қатысушысы болды,биыл Т. Дүйсенова тағы 400 мың адамды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарынан шығаруды жоспарлап отыр. қамтығандар қатарынан шығаруды жоспарлап отыр.
Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы- оның әйел кәсіпкерлігінің идеяларын ілгерілетуі туралы идеяны алға шығарады. Нобель сыйлығының лауреаты, Йемен құқық қорғаушысы Тавакуль Карманмен кездесіп, онда ол Қазақстанның болашағы туралы әңгімелейді, немесе БҰҰ Даму Бағдарламасының жетекшісімен кездесуінде ҚР Мыңжылдық даму мақсаттарын қалай орындайтындығы жайында сөз қозғайды. Жалпы алғанда, Г.Әбдіқалықова оның лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес Мемлекет басшысы үшін ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді, Президенттің тапсырмасы бойынша Парламентпен, мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста оның мүдделерін білдіреді. Ол сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық даму, отбасылықдемографиялық саясат, мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіреді.[3] Бұл ақпарат арқылы саясаттағы және мемлекеттік қызметтегі әйел адамдардың тек Қазақстанда ғана емес, Дүниежүзінде де көптеген мәселелердің шешімін табуға өз үлестерін қосуда. Ғылым, білім, әлеуметтік жағдай, экономика, мәдениет, денсаулық, жұмыс беру салаларында нақты саяси қадамдар жасаудың үлгісі ретінде көре аламыз.
Гендерлік саясаттың жүзеге асуына кедергі келтіретін мәселелердің (мемлекетте саяси істерге қатысушының жынысы оның атқаратын еңбегінен де жоғары тұруы, биологиялық факторлар бойынша стереотиптер) шешімін табу үшін бірнеше шараларды жүзеге асыру дұрыс деп ойлаймыз:
• Басқа елдердің тәжірибесін пайдалану және әйелдердің өзін-өзі жан-жақты дамытуы үшін ең жақсы мүмкіндіктер жасау қажет.
• Әйел кәсіпкерлігін ілгерілету идеяларына қолдау көрсету керек.
• Саясаттағы әйелдердің жетістіктерін жинағын кітап түрінде шығарып, насихаттау. • «Саясаттағы әйел» тақырыбында дебат, дөңгелек үстел, талқылау шараларын ұйымдастыру.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Д.Жамбылов. Саясаттану. Алматы, 2008.
2. Ақмола облысының Әділет департаменті. «Гендерлік саясат дегеніміз не?» www.akm.adilet.gov.kz/ru/node/68418
3. Центр деловой информации «Капитал». «Они выбрали политику, и политика выбрала их»
https://kapital.kz/gosudarstvo/67286/oni-vybrali-politiku-i-politika-vybrala-ih.html