
КӘСІПОДАҚТАР – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТЫ
Абдильдина Бағлан Садуақасовна abdildina_bs@mail.ru
Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУсаясаттану мамандығының докторанты
Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі: Нұртазина Р. А.
XX ғасыр соңы XXI ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер азаматтық сана-сезімнің түбегейлі өзгеруімен және саяси қатынастардың демократиялануымен қатар жүрді. Бұл өзгерістердің маңызды аспектілерінің бірі азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы болды. Азаматтық қоғам деп біз мемелекеттік менеджмент пен жеке секторға ықпал ете отырып, мемлекеттік саясат пен әлеуметтік тиімділікті арттыруға бағытталған кәсіпкерлердің шешім қабылдау процесіне түзетулер еңгізе отырып, азаматтық өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі басқару қызметін атқаратын мемлекеттік емес ұйымдардың, мекемелердің, ассоциациялардың, қорлардың, кәсіптік және қоғамдық бірлестіктердің жүйесін түсінеміз.
Сондай-ақ азаматтық қоғам әлеуметтік байланыс жүйесі ретінде жалпы қағамдықсаяси процестерге ықпал етеді, ал жекелей алғанда – арнайы институттар арқылы қоғамның түрлі салалаларындағы адам құқығын қорғауға әсер етеді. Осындай институттардың бірі кәсіподақ ұйымдары, ал олардың пайда болуы XVIII ғасыр соңында Батыс Еуропада индустрияландыру үдерісінде қалыптасқан жұмыс күші нарығының дамуымен және жалдамалы еңбек түрлерінің пайда болуымен байланысты болды. Кейінірек XIX –XX ғасырларда басқа елдерде де кәсіподақ ұйымдары қалыптаса бастады. Индустриалдық қатынастардың кең таралуымен әлемде кәсіподақтар жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік мүдделерінің институционалдануының негізгі үлгісіне, бірден бір әлеуметтікеңбек қатынастарында адам құқығын қорғайтын азаматтық күшке айналды[1].
Әлеуметтік – еңбек қатынастары саласындағы адам құқығы бірнеше негізгі кәсіподақтық құқықтық құжаттарда тұжырымдалған. Олар — 1948 жылғы «Адам құқықтарының жалпы декларациясы»[2], 1967 жылы қабылданған
«Экономикалық,әлеуметтік және мәдени құқықтардың халықаралық пакты»[3] және 1966 жылғы «Азаматтық және саяси құқықтардың халықаралық пакті»[4], сонымен қатар халықаралық еңбек ұйымының 1998 жылы «Еңбек саласындағы негізгі принциптер мен құқықтары және оларды жүзеге асырудың механизмдері туралы халықаралық еңбек ұйымының (МОТ) декларациясы»[5] сияқты құқықтық құжаттар. Адамның іргелі еңбек құқықтарына оның өзінің және отбасының лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін және қажет болған жағдайда басқа да әлеуметтік қамтамсыз ету құралдарымен толықтырылатын еңбек ету құқығы, жұмысты өз еркімен таңдау құқығы, жұмыссыздықтан қорғалу құқығы, қолайлы және әділетті еңбек шарттары құқығы,қандайда бір кемсітушіліксіз еңбек пен оның төлемінің тең болу құқығы, әділетті және қанағаттанарлық сыйақты құқығы, сонымен қатар кәсіптік ұйымдар құру және өзінің мүддесін қорғау үшін оған мүшелікке өту құқығы, демалуға және бос уақытқа құқығы жұмыс уақытын ақылға сыйымды мөлшерде шектеу және мерзімдік ақылы еңбек демалысына құқығы жатады.
Бұлардың барлығы еңбек саласындағы адамның әлеуметтік-экономикалық құқықтарына мәнін анықтайтын іргелі нормалар. Бірақ оларда тиімді жүзеге асыру көптеген кедергілерге тап келеді және ол көбінесе мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты мен кәсіпорын менеджментінің іс-әрекеті оларды сақтауға қаншалықты әсер ететіне байланысты.
Әлеуметтік бағытталған дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірбиесіне қарағанда еңбек қатынастары саласында азаматтардың құқықтарын қорғай алатын жүйені, жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған табысты әлеуметтік саясат жүргізу үшін жұмыс берушілер, жалдамалы жұмысшылар және мемлекеттік құрылымдар арасындағы қажет. Олар тұрақты, әрі дамушы әлеуметтік серіктестік қатынастары мен трипартизмді қалыптастырудан көрінетін. Ол үшін қажетті шарт ең алдымен жалдамалы жұмыскерлердің,жұмыс берушілердің және мемлекеттің мүдделреін қорғайтын тең құқылы өкілдерінің болуы және олардың кәсіпорындар, фирмалар, корпорциялар, мемлекеттік мекемелер және ұйымдар деңгейінде, сондай-ақ ұлттық экономика мен халықаралық әлеуметтік-еңбек қатынастары деңгейінде әлеуметтік және еңбек мәселелерін шешуге мүдделі болуы екені айқын. Егер мемлекет пен жұмыс беруші әлеуметтік-экономикалық еңбек қатынастарының барлық деңгейлерінде өз мүдделерін тиімді қорғай алуы үшін кең көлемді саяси-құқықтық және экономикалық мүмкіндіктерге ие болса, жалдамалы жұмысшылар өздерінің ажырамас әлеуметтікэкономикалық құқықтарын, мүдделерін өз бетімен, дербес, әдетте қуатты мемлекеттік және жеке құрылымдар алдында жалғыз қорғауға тура келеді. Сондықтан жұмысшылар қозғалысының «әлемдік дағдарысына» және радикалдық неолиберализм жақтастарының жалдамалы жұмысшылардың іс-әрекетін дараландыруды (индивидуализация) өз жұмыс күшін еңбек нарығында сатуды жаппай насихаттауына қарамастан әлеуметтік-экономикалық құқықтары үшін күресте еңбекшілерге пәрменді қолдау көрсететін жалғыз институт кәсіптік одақтар болып қала береді.
Қазақстанда неолибералды әлеуметтік-экономикалық жүйенің қалыптасуы жағдайында кәсіподақтардың әлеуметтік рөлі мен қызметі біршама өзгеріске ұшырады. Қолжетімді мәліметтерге қарағанда Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың саны 6,5 млн., ал кәсіподақтарға 2 млн адам мүшелікке тіркелген. Кәсіподақтардың кәсіпорын әкімшілігі мен мемлекеттік басқару құрылымдармен байланысы сақталғынымен, азаматтық қоғам институты ретінде беделді болуына әсер ете қоймады, соған қарамастан кәсіподақтар азаматтардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қорғаудың ең тиімді құралы болып қала береді.
Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» жодауында[6] «Менің назарымдағы басты мәселе–әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету» деп атап көрсете отырып, Қазақстанға экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің арқасында тиімді тепе-теңдік табуының өмірлік маңызы бар. Мен әлеуметтік — экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін нақ осыдан көремін» деп нақтылай түседі.
Жаһандық тұрақсыздық жағдайында Қазақстан қоғамы қандай болуы қажет, мемлекеттік әлеуметтік саясат орнықты болуы үшін не істеу қажет деген сұрақтар бүгінгі Қазақстан билігінің назар аударып отырған мәселелерінің бірі. Сондықтан әлеуметтік жаңғырту саясатының негізі шынайы өндірістік еңбек болуы тиіс деп көрсетілген жоғарыда аталған жолдауда.
Әлеуметтік тәжірібие көрсетіп отырғандай, жаңғырту үдерісістері азаматтардың белсенділігінің артуымен, олардың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен бірге жүреді. Яғни, адамдардың өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға деген ұмтылыстары күшейтіп, қоғамның өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесі жоғарылайтын болады. Қазақстанда бүгінгі күні мемлекеттік әлеуметтік жаңғырту үдерістерінің бастамасы және басты қозғаушы күші болып отыр және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының өсуі үшін жағдай туғызатын әріптес деген ұстанымды қалыптастыруға ұмтылады.
Осындай жағдайда жалдамалы жұмысшыларды мемлекетпен әлеуметтік әріптестік жағдайына жеткізетін кәсіподақтар жұмысын жандандыру қажеттілігі туды.
1993 жылы қабылданған «Кәсіптік одақтар туралы» Заң моральдық тұрғыдан ескірген, жаңа жағдайға сай болмады. Онда әлеуметтік әріптестік туралы, ұжымдық шарттарды жасау мен орындау тетіктері туралы түсініктер болмады. Сондықтан бұл кезеңде Қазақстандағы кәсіподақ институттары еңбек дауларының алдын алу және шешудің тиімді құралдарының ролін әр уақытта бірдей атқара алмады. Жұмысшылар өздерін қоғамға лайықты сезінулері үшін кәсіподақтар қозғалысы өз міндеттерін толық атқара алуы керек.
2012 жылғы «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында Елбасының 8-ші тапсырмасында былай көрсетілген «Кәсіптік одақтар институттарын жаңғыртуды жүргізу керек. Мемлекеттің еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелеріндегі негізгі әріптестерінің бірі — кәсіподақтар. Сонымен бірге ең іргелі кәсіподақ орталығы – Қазақстан кәсіподақтар федерациясының (ҚКФ) қазіргі қызмет пішіні уақыт талабына сәйкес келмейді, өйткені ол «кеңестік үлгінің» салалық қағидаты бойынша құрылған. Кәсіптік одақтар туралы тиімділігі төмен заңнама елеулі түйінді мәселе болып табылады. Онда ұжымдық шарттар, тараптарға олардың орындауға жауаптылығы туралы қағидалар онша дәл берілмеген. Сондықтан қазір кәсіподақтар қозғалысын, ең алдымен ҚКФ-ны, жаңғырту жөнінде батыл қадамдарға баруға тура келеді»[6].
Осы кезеңде кәсіподақтар үкіметпен және бизнеспен бірлесіп заманауи қазақстандық қоғамның құрылуына атсалысты. Қазақстанның жахандану және интеграциялану үрдістеріне белсенді қатысу кәсіподақтарға перспективалық, стратегиялық және тактикалық міндеттерді анықтау мен жүзеге асыру, кәсіподақ қозғалысын реформалау қажеттілігін талап етеді.
Жоғарыда көрсетілгендей, Қазақстандағы азаматтық қоғам институттары арасында кәсіби одақтар ерекше орын алуына байланысты 2014 жылы 27 маусымда Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» жаңа заңы қабылданды[7]. Бұл заң шығарушы билік өкілдері, ғылыми зиялы қауым және құқықтанушылар алдында жалдамалы жұмыскерлердің еңбек құқықтарын әсерлі қорғауды қамтамасыз ету мақсатында кәсіподақ туралы заңды модернизациялаудағы концептуалдық қатынасты қайта қарауға мүмкіндік берді[8].
2015 жылы 10 маусымда Астанада Қазақстан Республикасы кәсіподақтары федерациясының ХХІV съезінде ҚР кәсіподақтары іс-әрекетінің 2015-2020 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Қазіргі уақытта Қазақстанда үш республикасық кәсіптік одақтар бірлестігі – Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының федерациясы, Қазақстанның еңбек конфедерациясы және «Аманат» кәсіподақтар қауымдастығы бар.
Кәсіподақтар өзінің мүшелеріне қолдау көрсетуде біріктіруші, ерікті қозғалыс болса да, ұзақ уақытқа арналған бағдарламасы бар, үнемі даму, жаңару бағытын ұстанатын ұйым болуы қажет.
Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда азаматтық қоғам институты ретіндегі кәсіби одақтардың еліміздің, әлеуметтік, экономикалық, демократиялық дамуында маңызды рөл атқарып келеді. Жаңа экономикалық саясат пен үдемелі индустрияландыру жағдайында кәсіподақтардың мәртебесі одан әрі арта бермек.
Қазақстанда азаматтық қоғам салыстырмалы түрде әлі жас болып есептеледі, сондықтан оның барлық элементтері өткен уақыттың қордаланған кемшіліктерінен арылып, даму және жетілу үстінде. Кәсіподақтар еңбекші қауымның өзіне деген сенімін күшейту үшін жұмыс істеуде. Кәсіподақ ұйымдары еркін әрекет ету құқығына, кәсіпорынның басқару аппаратынан және билік құрылымдарынан толық тәуелсіздікке қол жеткізуі тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Профсоюзы: теория и практика. Монография/ под общ. ред. Б.Ж.Әбдірайым.-Астана, 2018
2.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/O4800000001
3.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000087_#z0
4.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000091_
5.https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30191497#pos=0;0
6.Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам.- Астана, 2012. 7.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000211
8.Турдалиев Ә.О., Капсалим А.А. Еңбек құқығын қолдану жағдайындағы кәсіподақтар рөлі. //Жахандану жағдайындағы Қазақстан Кәсіподағы: түйіткілдері мен болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы.-Атырау, 2018