«ЖАҢА МЕДИА» ҰҒЫМЫ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ЖАҢА МЕДИА»

«ЖАҢА МЕДИА» ҰҒЫМЫ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ЖАҢА МЕДИА»

Турлыханова М.А. mikolay_ee@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының магистранты
Нұр-Сұлтан қаласы

Аннотация. Мақалада «жаңа медиа» мен дәстүрлі медиа түрлеріне анализ жасалған, қолданыс аясының түрлілігіне шолу да бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының «жаңа медиа» әлеуетіне жүгінуі, осы медианы қолданушылардың қолымен жасақталуы сөз етіледі. Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының техникалық конвергенция арқылы түрленуі де «жаңа медиаға» деген сұранысты арттыруда. «Жаңа медиа» ұғымын терең зерттеген ғалымдардың жұмыстарын негізге алып, 2002 –жылдан қарқынды дамып, таралып келе жатқан ұғымның ерекшеліктеріне тоқталады. Дәстүрлі және «жаңа медиа» қолданыс аясы мен интернет желісін тұтынушының өндірістік қасиетін зерттеген. Кілт сөздер: жаңа медиа, дәстүрлі медиа, әлеуметтік желі, интернет.

«Новые медиа». «Новые медиа» в Казахстане.
Аннотация. В статье анализируются традиционные медиа и «новые медиа» в медиапространстве. Выделены некоторые факторы, условия и принципы их работы. Так же рассмотрены инструментальные параметры традиционных и «новых медиа». В настоящее время можно утверждать, что «новые медиа» очень эффективны для воздействия на аудиторию. Это обусловлено технической конвергенцией традиционных медиа и «новых медиа». В статье рассматривался e-history.kz- платформа, созданная в связи с национальной программой «Тарих толқынында». Данный цифровой контент в полный мере дает понимание потенциал и значимость «новых медиа»

Ключевые слова: новые медиа, традиционные медиа, социальные сети, интернет.

New Media. New Media in Kazakhstan.
Abstract. The article analyzes traditional media and new mediа in the media space. Some factors, conditions and principles of their work are highlighted. The instrumental parameters of traditional and new media are also considered in the paper. At present, it can be argued that new media are very effective in influencing the audience. This is due to the technical convergence of traditional media and new media. The article addressed the e-history.kz. Platform created in connection with the national program «Tarih Tolkynynda.» This digital content fully gives insight into the potential and significance of new media.
Keywords: traditional media, new mediа, internet, social networks.

«Жаңа медиа» ұғымы халықаралық деңгейде 2002 жылы белең ала бастады. Бұл туралы австралиялық БАҚ маманы, зерттеуші Терри Флёв өзінің «Новые медиа. Введение» мақаласында айтып өткен. Квинслендтің технологиялық университетінің профессорының айтуынша, жаңа медианың пайда болуы жаһандануға жол ашты. Расымен де жаңа медиа келгелі Жер бетінде шекара жойылуда. Осыған дейін «ғылымның шекарасы жоқ»- деген түсінік болса, қазіргі таңда бұл кез-келген салаға қатысты айтса жарасады. [1]
Жаңа медиа – компьютер үшін таңсық емес, сандық тұрғыда тілдері ортақ, компьютер арқылы таралатын ақпараттар жиынтығы, жүктемелер және т.б. Осындай «жаңа медиа» түрлеріне виртуалды әлемдерді, веб-ойындар мен адам түріндегі интерфейсті, компьютерлік анимация мен интерактивті компьютерлік қондырғыларды жатқызуға болады. Алайда «жаңа медиа» «ескіге» қарсы деген пікірді ұстанатындар да жоқ емес. Бірақ, тілдері бір сандық форматтағы ұғымдар қалайша бір-біріне қарама қайшы бола алады деген сұрақ туындайтыны орынды. «Ескі медиа» түрлеріне телевизия, радио, басылымдар жатса, «жаңа медиа» түрлілігіне телевизияның аналог көрсетілімін кіргізуге болатынын айтқан жөн. Ал көркем туындылар, кітаптар мен журналдар тек кері байланыс орнатуға қауқарлы технологиямен қамсыздандырылған болған жағдайда ғана және сандық үдерістерді жүзеге асыра алатын болса ғана «жаңа медиа» ұғымына сай келеді.
Интерактивтілік — «жаңа медианың» айқын көрінісі. Осы ретте бүгін сұранысқа ие Playstation, PSP сынды консольдары көмегімен ойналатын Warcraft, The Sims Online, Fortnite ойындарындада кері байланыс бар. Кері байланыс орнатудан бұрын аталмыш ойындар виртуалды әлем ретінде де қарастырылуда. Бұл да орынды. Кей адамдар осы тектес онлайнойындардың арқасында барып көрмеген мекенге сапар шегіп, ешқашан бастан өткеріп көрмеген оқиғаның кейіпкеріне айналып, ғажап әрекеттерге бара алады.
Бүгінгі жаңа медианың ерекшеліктеріне келер болсақ, қолданушылардың өздерінің араласуымен жасақталатын контентті айтуға болады. Онлайн жүйесіндегі сұхбаттың жемісті, қоғамда өзектілігі айқын болуы контентті жасаушы қолданушылардың санына тікелей байланысты. Дәстүрлі медиада аудиторияға контентті кәсіби мамандар, жазушылар мен журналистер, баспаханалар жасап, ұсынатын болса, жаңа медиада желілерді қолданушылардың өзі медиаөндірістің бейнесі. Және сол мәлімет жаңа технологиялар арқылы кең ауқымды аудиторияға, қоғамға таралады. Бүгінгі таңда видео, podcasting, ұялы байланыс қүралы, фото және wikis жаңа медиа қаруларының қатарында. Аталмыш, тетіктерді ғаламтор қолданушылары сенімді түрде пайдаланады. Осының ескере, тұтынушыны өндіруші ретінде қабылдау орынды. [2]
«Қолданушы» жасайтын контент ұсынылған вебсайттар: Wikipedia, Facebook, MySpace, YouTube, Flickr. Жаңа медиа әдетте жаңа технологиялар негізінде қызмет көрсететін коммуникация формасы мен тәсілдері қатарына жатады. Көпшілік жаңа ұғымды интернетті қосып айтқанда жақсы түсінеді. Сондай-ақ, видеоойындарды, кері байланыс орнатқан медианы, 1990-жылдардағы өзге де мультмедианы мысалға келтірсе ғана ұғынады. Бірақ журналистер мен пиар мамандары цифрлық коммуникация арқылы тарайтын мәліметтердің ара жігін ажырата алады. Мәселен, газет пен журналға берілетін мәтіндік материалдар мен ұялы телефондарға арнайы жазылатын контенттің айырмашылығы көп. Жаңалықты шолушы журналист лонгридке бет бұрса, екіншіге арнап дәл сол жаңалықты қысқа мәтін ретінде беруі мүмкін. Әдетте бұл хабарландыру кейпінде де болуы ғажап емес.
[3]
Цифрлық журналдар, түрлі платформалар, блогтар, podcasts өзінің түрлілігіне сай ерекшеліктерге ие. Осыған байланысты оларды да туындаған жағдайға сай қолдана алу керек. Себебі, кейбірі бір түрлі мәселені шешуде қолайлы болса, келесісінің қолданыс аясы басқа платформа, желі немесе уақыт. Осыны жетік түсіну үшін жаңа медиа түрлерін жекежеке қарастыру абзал.
«Жаңа медиа» ұғымына екі түрлі түсінік беруге болады. Біріншісі БАҚ –тағы журналисттер мен жазушылар, саясаткерлердің интернеттегі бетбейнесі, блогерлердің әрекеті ретінде болса, келесісі – «жаңа медианы» заманауи коммуникацияның тиімді технологиясы ретінде тану. Кей сарапшылар «жаңа медианы» индивидтер арасында цифрланған ақпаратты жылдам таратудың негізі деп біледі. Сондай-ақ, оның тиімділігімен қатар тиімсіз тұстары да бар десек болады. Мәселен, А.Г.Быстрицкийдің пікірінше, әлеуметтік желілер адамдар арасындағы коммуникацияның әлеуетін асырды, дегенмен, өзара байланыс орнатудың сапасы мен мәнін өзгерте алмады. [4, 21].
Қазақстандағы «жаңа медиа» мысалын келтіргенде, жаһандану үдерісін ескермеуге болмайды. Демек, Facebook, Twitter әлеуметтік желінің үлгісіндегі «жаңа медиа». Сондай-ақ, онлайн-кітапханалар мен энциклопедиялар да осы жаңа ұғымның белді құраушысы.
Бірер жылдар бұрын елімізде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен «Тарих толқынында» бағдарламасы аясында e-history.kz/kz тарих платформасы ашылды. Бұл «жаңа медианың» айқын көрінісі деп білемін. Қазақстан тарихына арналған сайт өте ауқымды медиа жоба болғаны сөзсіз. Қазақстан тарихына үңіліп қана қоймай, тарихи жаңалықтармен қатар, е-кітапхана, электронды мұрағат, ойындар, онлайн дискуссия, «өзіңді-өзің тексер» сынды мультимедиалы бөлімдерді қамтыған. Осы айтылғанның барлығы дерлік фотогалерея, аудиофайлдар мен бейнематериалдар, инфографикамен көмкерілген. Ал бұл
мультимедиалық жобаның ажырамас бейнесі екені мәлім. [5]
«Жаңа медианың» ажырамас көрініс ретінде кері байланысты айтатын болсақ, ehistory.kz платформасында бұл жақсы ойластырылып, жолға қойылған. Демек, бұл талап орындалып тұр. Тіпті аталмыш платформаға байлаулы электронды журнал да жарық көрген. Тағы бір маңызды тұсы деп Елбасының барлық бағдарламалары мен халыққа жасаған жолдаулары арнайы жоба тұрғысынан зерттеліп зерделенген. Бұдан қалды тарихи мәні бар барлық жаңалықтарға шолу жасалып тұратыны бар.
Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырдан асқан тұсында тарихымыздың бұрмалаңған кездерін танып білу, оның қателіктерін клер ұрпаққа жеткізбеу мақсатында жасалған ауқымды медиа-жоба ретінде әсіресе маңызы артатыны түсінікті. Ендігі кезекте мемлекет тарапынан қаржыландырып, тарихи деретерге негізделген кинотуындылар да осы платформада көрініс таппақ. Бұл келер ұрпаққа таптырмас құнды мәліметті жеткізуші ретінде өз орнын айқындап тұр.
«Жаңа медиа» ұғымының бүгінгі өмірімізге еніп, күнделікті тіршілігіміздің маңызды бөлшегіне айналуына «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы әсер етіп жатқаны жасырын емес. Бағдарлама туралы 2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 827 қаулысында айтылған болатын. Аталмыш жоба ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа жолдауы негізінде Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрлігімен әзірленген.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 5 бағытта жүргізіліп келеді:
1. «Экономика салаларын цифрландыру» — экономиканың түрлі салаларында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін жұмыс барысына озық цифрлық технологияларды енгізу;
2. «Цифрлық мемлекетке көшу» – халық пен бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметті оңтайландыру, қызмет көрсетудегі мемлекеттің функцияларын цифрландыру;
3. «Цифрлық Жібек жолын іске асыру» — ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін сенімді, қолжетімді, жылдам және қорғалған цифрлық инфрақұрылым құру;
4. «Адами капиталды дамыту» — цифрлық экономикаға қажетті әдістерді жетілдіру арқылы кәсібилікті дамыту. Тұрғындар арасында цифрлық біліктілікті арттыруға ден қою;
5. «Инновациялық экожүйені құру» — бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау. [6]
Осы бес бағыт аясында 17 бастама және жүзден астам іс-шара ойластырылып, жүзеге асырылып келеді екен. Нәтижесінде, ел болашағы үшін тиімді экономиканың жаңа саласы ретінде цифрлық сектор қалыптасуына негіз болады деп күтілуде. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға ел қазынасынан 141 млрд теңге қаражат бөлу қарастырылған. Бұдан бөлек квазимемлекеттік сектор көмегіне де жүгініп, 169 млрд теңге тартылатыны болжанған.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігіне қол жеткізу, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, білім беру мен денсаулық сақтау қызметінің сапасын арттыру, инвестициялық климатты жақсарту, еңбек өнімділігін арттырып, ЖІӨ –дегі шағын және орта бизнес үлесін көбейту сынды міндеттер мақсат етіп қойылған. Аталмыш бағдарламаға сай тыңғылықты жұмыс жасау арқылы 2021 жылы халықтың цифрлық сауатталағы артып, 81,5 пайызға жетеді деп күтілуде. Ғаламтор желісінің қолданушылар саны да 81 пайыз болады деген болжам бар.
Негізгі мақсаттары деп келесі пунктер көрсетілген: өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифландыру: көлікті және логистиканы цифрландыру; ауыл шаруашылығын цифрландыру; электрондық сауданы дамыту; қаржы технологияларын және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту; мемлекет – азаматтарға жүйесін жетілдіру; мемлекет – бизнеске қызметін дамыту; мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру; «Ақылды» қалалар; байланыс желілерін және АКТ инфрақұрылымын кеңейту; АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; орта, техникалық, кәсіби, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру; халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау); инновациялық даму алаңдарын қолдау; технологиялық кәсіпкерлікті, стартап мәдениетті және ҒЗТКЖ-ны дамыту; «Венчурлік» қаржыландыруды тарту; инновацияға сұраныс қалыптастыру.
Жоғарыда көрстілген мақсаттар үшін түрлі цифрлық өнімдердің жасалып жатқаны белгілі. Бұл «жаңа медиа» қолданысының аясын кеңейтетіні түсінікті.
Бағдарламада білім саласын дамытып, заман талабына жауап беретін мемлекеттік білім саясатын жүзеге асыру да қарастырылған. Адами капиталды дамытуда халық өмірін оңтайландыратын цифрлық дағдыларға машықтанудың маңызы зор. Бағдарламаны жүзеге асыруда жасалған зерттеулерден халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі 76,2 пайызды құрағанын көруге болады. Бұл көрсеткіштің әлі де өсіп, қазақстандықтардың компьютердің берік қолданушылары қатарына толығымен кіру мақсатымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қарқынды жұмыс жасап жатыр.
• Мектеп оқушылары ақпараттық техноголиялармен жұмыс жасау тәртібін, ережелерін танып білуді 3-4 сыныптан бастау үшін «Ақпараттық –коммуникациялық
технологиялар» пәні енгізілген;
• Балаларды робототехникамен етене таныстыру, бағдарлаудың негіздерін үйрету мақсатымен 372 робототехника үйірмесі ашылғанн
Бағдарлама шеңберінде жас ұрпақты креативті ойлауға үйрету, ақпараттық техника дағдыларына машықтану үшін орта білім мазмұнын жаңа талаптарға сай қайта қарап шығудың маңызы артып, жаңаша стандарттарды енгізуге ден қойылған.
Еліміздің жоғары оқу орындарында да мемлекеттік бағдарлама шеңберінде көптеген жұмыстар жасалуда. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше:
1) 3 (үш) мамандық базасында студенттерде таңдаған мамандық шеңберінде іс жүзінде АКТ пайдаланудың базалық білімдерін қалыптастыратын «Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар» пәні енгізілді;
2) техникалық және кәсіби, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімде білім беру бағдарламалары үшін негізгі база болатын кәсіби стандарттар әзірленуде.
Сондай-ақ, 2014-2016 жылдардағы АКТ мамандықтары бойынша болашақ мамандарды дайындау мақсатымен 14,5 мың мемлекеттік грант бөлінген. Бірақ оқуды тәмәмдап жатқандар саны 94 мың адамға жеткеніне қарасақ, АКТ саласына қажетті кәсіби мамандар жетіспеушілігі барын анық көруге болады.
Мектеп жүйесінде оқушылардың білімін бағалау да, сабақ кестесін білу мен асханадағы ас мәзірін таңдау сияқты әрекеттерді цифрландыру аясында электронды түрде жүргізу қолға алынды. Осының ішінде ата-аналардың белсенді қолдануын талап ететіні kundelik.kz сайты қолданысқа берілгені мәлім. Бұл да «жаңа медиа» техногияларының күнделікті өміріміздегі мәнінің артуының белгісі.
Халықаралық электробайланыс Одағына мүше ретінде, «Женева-2006» келісімшартына сәйкес Қазақстан 2015 жылы сандық форматқа ауысуын бастады. Бұл елімізде «жаңа медиа» саласының дамуына, бұқараның тіршілігіне етене араласуына жағдай туығызды. Соның негізінде еліміз де ғаламдық жаһандану үдерісінен қалыс қалмауда.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. https://cyberleninka.ru/article/v/novye-media-i-razvitie-zhurnalistiki-tsifrovoy-ery
2. О. Стинс, Д. Ван Фухт. НОВЫЕ МЕДИА. https://cyberleninka.ru/journal/n/vestnikvolgogradskogo-gosudarstvennogo-universiteta-seriya-8-literaturovedenie-zhurnalistika 3. https://cyberleninka.ru/article/n/novye-media-i-razvitie-zhurnalistiki-tsifrovoy-ery
4. А. Г. Быстрицкий. СМИ в корень. Коммерсантъ-Власть. 2015. № 3(1108).
5. https://e-history.kz/kz/contents/view/6731
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *