БҮГІНГІ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ МАҢЫЗЫ
Нұрбек Балгүл balgul0101@mail.ru Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Журналистика және саясаттану факультетінің 1-курс магистранты Нұр-Сұлтан, Қазақстан.
Ғылыми жетекші: ф.ғ.д, профессор С.Е.Тапанова
«Баспасөз — күнделікті өмірдің жаршысы». Ол күнделікті болған саяси,
экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік, психологиялық мәселелермен хабардар етіп отыратын құрал. Оған дәлел, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі…» [1, 382-б], — деп те бекер айтпаған.
Осы ең керек дүниемізді қазіргі уақытта неге керек етпей қалдық? Оған не себеп? Қаламгерлеріміздің мәселені жеткілікті деңгейде жеткізе алмағаны ма? Олай деуге еш негіз жоқ менде. Еліміздің түкпік-түкпірінде мыңдаған тәжірибелі мамандарымыз бар. Басты себепті — ғаламтордың пайда болуымен байланыстырамын. Себебі, бала кезімізде газетжурналды оқып, соларға қызығып өскен мына біз бүгінгі күнде — ғаламторды аша салып, жеңіл-желпі жазылған мақалаларды жөн көреміз. Бұл біздің сауаттылығымызға қаншалықты әсер етеді. Әрине, әсер етеді. Газеттегі мақала мен ғаламтор бетіндегі мақала екітүрлі. Газет бетіндегі мақалалар сараланып, талданып отырып, бірнеше тексерістен өтіп барып жарыққа шығарылады. Ал, ғаламтордағы ше? Ғаламтордағы мақалалар, көп жағдайда асықтырылып жазылған мақалалар. Ең бастысы — бірінші болып жариялау — олардың бірінші ұстанымдары. Мысалы, «Егемен Қазақстан» өз тарихында «Ұшқыннан» кейін «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», кейіннен «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атауымен жарыққа шықты. Еліміз егемендік алған тұста аты «Егеменді Қазақстан», ал 1993 жылы «Егемен Қазақстан» болып өзгерді. Аға басылымда әр жылдары Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары қызмет істеп, басылымды дамыту ісіне зор үлес қосты. Осы сынды зерттеуші-журналистеріміздің еңбегі – бүгінгі күні жоғары деңгейде еленуі керек. Себебі, қазақ баспасөзі — әр кезде өз биігінен көріне білді. Ұлт тағдырына өздерін жауапты сезінген Алаш қайраткерлері қазақ халқының мүддесін қорғауда білектің күшімен емес, ақыл-ойдың қарымымен есе қайтарудың жолын таңдады. Бұл жол ұлттың мүддесін қорғауда ұлттық-саяси мінберге айналған «Қазақ» газетін өмірге әкелді. Бұл қазақ баспасөзінің бастауы болатын. Кеңес үкіметі тұсында цензураның мысы қатты болды. Ол кездегі қаламгерлер саясат, экономика жөнінде өткір мақалалар жаза алмады. Сондықтан қаламгерлер өнер мен мәдениет тақырыбын азық еткенді. Тақырып — мәдениет, өнер жайында болса да, қаламгерлер сияның майын тамызып тұрып жазатын. Оларды өз кезегінде алмастыратын ешбір құрал болған жоқ. Және оқырмандары да әркез оқып, назарджан тыс қалдырмады. Сәйкесінше, олар да оқырмандарына көптеген қызықты мәліметтер мен мақалалар жариялап тұрды. Ал қазір жағдай мүлде басқаша. Қоғам алмасып, техника өрістеген шақта, баспасөзіміздің баяғы деңгейінің артта қалғанына көзіміз жетіп отыр [2,49 б].
Қазіргі қазақ баспасөзінің деңгейі қандай? — деген сұраққа жауап беретін болсақ — қазіргі қазақ баспасөзі еркіндіктің босағасында, оның өзінің деңгейі мен дәрежесі бар. Кезкелген тақырыпта, кез келген мәселеге қалам тарта алады. Ол баспасөз еркіндігінің артта қалғандығы десек те болады. Сонымен қатар, қазақ баспасөзінің жолын дамыту бар да, және жас қаламгерлерді дайындау проблемалары бар. Мәдениет және ақпарат министрлігінің соңғы мәліметіне қарағанда, бүгінде Қазақстаннның 26 университетінде журналист мамандарын даярлайтын факультет пен бөлімдер жұмыс істейді екен. Сондай-ақ, министрлікте ресми тіркелген БАҚ саны 7000-нан асып кеткен. Олардың әзірше 2500-і нақты жұмыс істейді. Ал, барлық БАҚ-тың 12 пайызы ғана үкіметтік көрінеді. Олай болса, алдағы уақытта жоғарыда аталған 26 оқу орнының бәрінде де, ондаған жылдар бойы қолданылып келген, ішінара әлі де өз күшін жоя қоймаған кеңестік жүйесінің көне тәсілдерінен түбегейлі бас тартып, әлемдік стандарт үлгілерін қабылдағаннан басқа жол жоқ. Себебі, қазірдің өзінде білікті медиа-бизнесмендердің, БАҚ саласы менеджерлерінің жоқтығынан еліміз баспасөзі нарығында жарнаманың 49 пайызын ресейліктер иемденіп отыр. Осыншама табыстан көпекөрінеу айырылып отыруымыздың өзі медиа-бизнеске бейімделген мамандардың жеткіліксіздігінде болса керек. Мұндай жағдайда не істеу керек? Әрине, студенттердің өз бетімен жеке ізденулері арқылы олқылықтардың орнын толтыруға тырысудан өзге амал жоқ. Оның ең бір тиімді түрі — сапалы оқулықтар мен журналистика саласы бойынша жарыққа шығарылған ғылыми-зерттеу еңбектерді білім беру ісіне кеңінен тиімді пайдалану. Әсіресе, студент жастардың журналистика теориясы мен тарихының іргелі туындыларымен етене танысуларына, зерттеп, зерделеулеріне аса ден қою қажет болады. Себебі, олар университет қабырғасында жүргенде оқулықтар мен оқу құралдарын қазіргі заман талаптарымен байланыстырып пайдалануға дағдыланбаса, ертеңгі күні БАҚ-қа барған соң әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қорытуға қабілетсіз болмақ. Шын мәнінде, ғылымизерттеу, талдау-сараптау тәсілдерін ерте меңгерген журналистер көбінесе БАҚ саласында өз қабілеттіліктерін тез таныта алады [3,5б].
Алматылық ғалым Қанағат Жүкеш бір мақаласында: «Халық ұйқысынан
оянбайтын, ал зиялы болса «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан жазбайтын айналсоқтыққа түскелі бір ғасыр болды. Қазақ баспасөзі белгілі деңгейде бұқарамен бірге ұйықтайтын, өзі оны оятпайтын факторға айналып алған. Қазіргі қазақ ауылында Цицеронның түсінігіндегідей халық тұрмайды, жемқор биліктің электораты тұрады. Биліктің таяғымен ғана қыбырлауды әдетіне айналдырған бұл сұр массаны журналистің сөзіне ілестіретіндей деңгейге жеткізу оңайға соқпаса керек. Баспасөз – төртінші билік деген бар. Шынайылығында оның халықтың санасын толық билеп алу мүмкіндігі бар. Ал қазіргі қазақ баспасөзінде бұқараның менталитеті мен саяси белсенділігін арттыра алатындай қауқар жоқ. Қазақ журналистері халықты рухани өсірмейді, ал рухани мешеу халықтың арасынан компетентті журналист те шықпайды. Сөйтіп, қоғамның рухани дамуы мен журналистің ауылдық дүниетаным деңгейі бірі бірін алға бастырмайтындай күйге түсіріп, алдын ала шарттандырылып тасталған.». Осыдан шығатын қорытынды — баспасөзіміздің әлі де болса ақсап келе жатқан тұстары бар екендігін көрсетеді. Ол не уақыттың, не баспасөзіміздің өркендеген тұсына жеткенде көрінетіні сөзсіз. Қанағат Жүкештің бірнеше фактілерді келтіруі – қазақ баспасөзінің келешегіне алаңдап, назардан тыс қалмаса екен дегені.
«Сөз бостандығы шексіз емес. Ол — табындыратын да, талқандайтын да қуатты күш», еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде осылай деп еді. Ендеше, біз осы «қуатты күшті» қазақ баспасөзін дұрыс пайдаланып жатыр ма деген сұрақ туындайды. Жалпы сөз бостандығы туралы сөз қозғалған жерде сөз бостандығы бар деген сөз. «Сөз бостандығы жетпей жатыр», деп пікір айтудың өзі бостандықты көрсетеді. Кезінде Наполеон: «Журналистер — күңкілдек, сыншы әрі кеңесші. Олар басшыларды да өз ықпалында ұстайды және халыққа да бағыт-бағдар көрсетеді. Мың жау әскерінен гөрі, жат пиғылды төрт газеттен көбірек қорқу керек», — деген екен. — Француз халқына қарап отырсақ, бұл халықтың өзі революцияшыл ел. Наполеонның айтқаны да ұмытылмай келген қанатты сөз. Ол барлық жерлерде қолданылады. Сол себепті қазіргі баспасөздің маңыздылығын арттыру – біздің қолымызда деп септеймін. Ал қазақ айтады «Сөз бас жарады, бас жармаса тас жарады». Демек, қазақ баспасөзінде демократияның ұшқыны бар десек те болады. Демократияның ұшқынына қазіргі таңдағы білікті де білгір мамандарымыз да куә болып отырғаны сөзсіз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Имаханбет Р.С. Ахмет Байтұрсынұлы: ғұмырбаяндық деректер. «Алаштың Ахметі»: Респ. Ғыл.-тәж. конф. Материалдары.-Қарағанды: «TENGRI Ltd», 2013.-382 б.
2. Атабаев Қ. Мерзімді басылым. Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918) , Алматы, 2000. 49 б.
3. «Айқын газеті», https://aikyn.kz/2017/12/09/35902.html, желтоқсан, 2017ж, 5б.