Басқару шешімдері және жауапкершілік


1. Жауапкершілік – бұл біреуге өз әрекеттерін, қылықтарын туралы есеп беру және тапсырылған істі орындамаудың немесе дұрыс емес орындаудың орнын толтыру қажеттігі. Жауапкершілік ресми және жеке, еріксіз және ерікті болуы мүмкін. Соңғысы адам міңезінің сипаты сияқты түсіндіріледі – жауапкершілік сезімі. Міңез-құлықтың дәл осы ерекшілігі адамды адам құқықтарын бұзуға қарсы тұруға, қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі үшін және т.б. болуға мәжбүр етеді.

Жауапкершіл
іктің
технологиял ық түрлері

Жауапкершіл
іктің
гуманитар лық түрлері

1-сурет – Жауапкершіліктің ресми түрлерінің жіктелуі

Жауапкершіліктің ресми түрлері 1-суретте көрсетілгендей екі топқа бөлінеді:
жауапкершіліктің технологиялық және гуманитарлық түрлері.
Жауапкершіліктің технологиялық түрлеріне: кәсіптік, тәртіптік, әкімшілік, құқықтық, экономикалық және материалдық жауапкершіліктер жатады, ал гуманитарлық түрлеріне: әлеуметтік, партиялық, этикалық, экологиялық және саяси жауапкершіліктер жатады.
Жауапкершіліктің барлық түрлерін келесілер бойынша жіктеуге болады:
— жауапкершілік деңгейлері (халықаралық, мемлекеттік, компания мен оның бөлімшелерінің деңгейі және өзінің Мен деңгейі);
— жауапкершілік уақыты (қабылданған шешімдердің бұрынғы, қазіргі және болашақ нәтижелері үшін);
— қате шешімдер салдарынан болған залалдар (ескіру мерзімі жоқ маңызды залал үшін, ескіру мерзімі әдетте 3 немесе 5 жыл болатын жауапкершілік бойынша залал).
2. Жауапкершіліктің технологиялық түрлеріне: кәсіптік, тәртіптік, әкімшілік, құқықтық, экономикалық және материалдық жауапкершіліктер жатады. Компания мен оның бөлімшелері басшыларының кәсіптік жауапкершілігінің мәні компанияның жарлығында немесе типтік лауазымдық нұсқауларында көрінеді. Ол өндірістік қызметтің технологиясын бұзу салдарынан пайда болады. Әдетте мұндай жауапкершілік жергілікті (компания шегінде) сипатқа ие. Жауапкершілік нысандары: жазалаудан, ескертуден, сөгістен, басқа жұмысқа аударудан, жұмыстан босатудан тұрады.
Басшының типтік лауазымдық нұсқауы төрт тараудан тұрады: жалпы ережелер, міндеттер, құқықтар мен жауапкершіліктер.
Кәсіптік жауапкершілік бұл нұсқаудың алғашқы үш тарауларында тұжырымдалынады.
Кәсіптік жауапкершіліктің деңгейі экономикалық тәуекелдіктер мен кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру, соның ішінде аудитордың, нотариустың, бөлімше басшысының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру есебінен төмендетілуі мүмкін.
Басшының тәртіптік жауапкершілігі компанияның ішкі жұмыс тәртіптерінде (нұсқауларда,ережелерінде және т.б.) көрінеді және басшы қызметінің ұйымдық аспектілеріне қатысты. Ол субординацияны, қаржылық, жоспарлық, келісімді және технологиялық тәртіпті сақтамаудан болады. Жауапкершілік нысандары: жазалаудан, ескертуден, сөгістен, басқа жұмысқа аударудан, қызметіне сәйкессіздігі туралы хабарлаудан, жұмыстан босатудан тұрады.
Әкімшілік жауапкершілік азаматтардың құқықтар мен еркіндіктерін азаматтықпроцессуалдық бұзу кезінде болады. Әкімшілік жауапкершілікті жүзеге асырудың негізі әкімшілік пен азаматтық құқық және басқа жұмыс тәртіптері болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік Еңбек кодексінде аса толық көрсетілген. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі нысандары: ескерту, әкімшілік тыйым салу, заңға қайшы заттарды конфискелеу және т.б. болып табылады.
Құқықтық жауапкершілік Азаматтық және Қылмыстық кодекстерінде регламенттелетін жауапкершілік түрлеріне жартылай немесе толығымен қатысты болады. Құқықтық жауапкершілік ескерту, бұйрық етілген әркеттерді орындау, қамауға алу, тұтқындау түрінде жүзеге асырылады.
Экономикалық жауапкершілік әдетте алған міндеттемелерді орындамау немесе дұрыс емес орындау үшін заңды тұлғаға (компанияға) қатысты қарастырылады. Ол басқару шешімдерден болған залалдың орнын толық немесе жартылай өтеуге арналған және екі нысанда көрінеді: экономикалық санкциялар және шығындарды өтеу. Экономикалық санкциялар шектеу сипаты бар еріксіз шаралардан, соның ішінде экономикалық бойкоттан, жеңілдіктерді толығымен немесе жартылай алып тастаудан және т.б. тұрады. Шығындарды өтеу материалдық немесе ақшалай түрде жүзеге асырылады.
Материалдық жауапкершілік әдетте компанияға мүліктік немесе ақшалай залал келтіру үшін жеке тұлғаға (компания қызметкеріне) қатысты қарастырылады. Оның себептері кәсіби емес әрекеттердің немесе немқұрайлықтың болуы мүмкін. Материалдық жауапкершілік толық немесе жартылай (келісім шектерімен шектелген) болуы мүмкін, ол залалдың ақшалай мөлшерінен немесе еңбекті төлеудің минималды мөлшерінен шыға отырып есептелінеді.
3. Жауапкершіліктің гуманитарлық түрлеріне: әлеуметтік, партиялық, этикалық, экологиялық және саяси жауапкершіліктер жатады. Әлеуметтік жауапкершілік мейірімділікпен, кішіпейілділікпен, батылдықпен, жомарттықпен, қайсарлықпен, тәкаппарлықпен және т.б. қатар адам тұлғасын сипаттайды. Тұлға жауапкершілігі адам табиғатына салынған. Оны тәрбиелеу есебінен және қоғамның моральдық нормаларын есепке алумен дамытуға болады.
Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік ескерту, кінәлау, басшы туралы қоғамдық пікірді өзгерту, қоғамдық кінәлауды айту, жалпы адамгершілік немесе экологиялық түсініктер бойынша лауазымына сәйкессіздігі туралы хабарлау түрінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік жауапкершіліктің объектілері техникалық, биологиялық және әлеуметтік жүйенің элементтері, соның ішінде қандай да объектінің техникалық жағдайы үшін, бекітілген аймақтағы флора мен фаунаның сақталуы үшін, бағынышты адамдар қызметінің нәтижелері үшін және т.б. жауапкершілік бола алады.
Әлеуметтік жауапкершілік қызметтік, отбасылық, азаматтық, қоғамдық және жеке міндеттерді орындау кезінде пайда болады.
Компаняиның әлеуметтік жауапкершілігі оның жарғылық құжаттарында айқын және айқын емес көрінеді. Әсіресе бұл компанияның миссиясы мен негізгі мақсаттарында көрінеді. Егер компанияның негізгі мақсаты персонал мен клиенттердің қажеттіліктері мен мүдделерін максималды қанағаттандыруға бағытталған болса, онда бұл әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары көрінісі. Егер де негізгі мақсаты құрылтайшылардың мүдделеріне қатысты максималды пайда алу болып табылса, онда бұл компанияның минималды әлеуметтік жауапкершілігін білдіреді. Мұнда компания басшысы өз әлеуметтік жауапкершілігін кеңейту талпыныстарында өте шектелген болады.
Экологиялық жауапкершілік жергілікті және стратегиялық сипаттағы экологиялық дағдарыстан пайда болды.
Экологиялық дағдарыс – қоршаған ортаны ластаумен және табиғатқа жыртқыштық қатынаспен болған қоршаған ортаның өте қиын жағдайы.
Партиялық жауапкершілік функционер көрсететін саяси ұйымның шешімдерімен және жарғылық құжаттармен сәйкес болмайтын партиялық функционер қызметінен болады. Жауапкершілік кінәлау, партиядан шығару, партияның басқарушы құрамынан шығару түрінде жүзеге асырылады.
Этикалық жауапкершілік басшы ұйымның барлық қызметкерлері міндетті сақтауды талап ететін этика ережелері мен жалпы құндылықтар жүйесін көрсететін этикалық нормаларды бұзған жағдайда болады. Этикалық жауапкершілікті сақтауын бақылауды адамның өзі де, ұжым, жоғары тұрған басшылар тарапынан сыртқы орта өкілдері де жүзеге асырады. Этикалық нормалар сандық немесе сапалық бағалаудан тұрады. Жауапкершілік басшы туралы қоғамдық пікірдің өзгеруі, оған қоғамдық кінәлауды айту, этикалық түсініктер бойынша лауазымға сәйкессіздігі туралы хабарлау түрінде жүзеге асырылады.
Саяси жауапкершілік бекітілген мемлекеттік бағдарламаға қатысты мемлекеттік билік пен басқару субъектісінің, сонымен қатар қоғамдық топтар субъектілерінің дұрыс емес немесе тиісті емес қызметінен болады. Мұндай бұзуларды мемлекеттік билік диссиденттік (басқаша ойлау) ретінде бағалайды.
Жауапкершілікті жүзеге асыру нысандары қызметтен кету, сенімсіздік, қайта сайлау, елден жіберу бола алады.

Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Басқару шешімдерін әзірлеу жауапкершілігі кімге жүктеледі?
2. Басқару шешімдерін қабылдаушының жауапкершілігі қандай болуы керек?
3. Басқару шешімдеріндегі әлеуметтік жауапкершілік ұғымын қалай түсінесіз?
4. Жеке сала мен мемлекеттік басқару қызметіндегі басқару шешімдері бойынша жауапкершілікте айырмашылық бар ма? Бар болса, бұл немен байланысты?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Аникин Б.А. Высший менеджмент для руководителя: Учебное пособие/ Б.А. Аникин. — М.: ИНФРА-М, 2000. — 136 с.
2. Беляцкий Н.П. Интеллектуальная техника менеджмента: Учебное пособие/ Н.П.
Беляцкий. — Мн.: Новое знание, 2001. — 320 с.
3. Беляцкий Н.П. Менеджмент. Основы лидерства: Учебное пособие/ Н.П. Беляцкий. — Мн.: ООО «Новое знание», 2002. — 250 с.
4. Жариков Е.С. Вступающему в должность: Научно — популярный справочник для начинающего руководителя/ Е.С. Жариков. — М.: Знание, 1985. — 128 с
5. Омаров А.М. Руководитель. Размышления о стиле управления/ А.М. Омаров. — 2-е доп. изд. — М.: Политиздат, 1987. — 366 с
6. Паркинсон С.Н. Искусство управления/ С.Н.Паркинсон, М.К.Рустомджи. — М.: ФАИРПРЕСС, 1999. — 272 с.
7. Юкаева В.С. Принятие управленческих решений: Учебник/ В.С. Юкаева, Е.В. Зубарева, В.В. Чувикова. — М.: Дашков и К, 2011. — 324 с
8. Карданская Н.Л. Принятие управленческого решения: Учебник/ Н.Л. Карданская. — М.: ЮНИТИ, 1999. — 407 с
9. Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И. Ларичев. — М.: Логос, 2000. — 294 с.
10. Литвак Б.Г. Разработка управленческого решения: Учебник/ Б.Г. Литвак. — М.: «Дело», 2000. — 392 с
11. Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. — М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002. — 271 с
12. Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. «Государственное и муниципальное управление» / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. — СПб.: Питер, 2007. — 272 с.
13. Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов специальности 080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г. Давлятова – Уфа : РИО БАГСУ, 2008. — 77 c.
14. Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для студентов специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во: СИБиУ, 2010
15. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. –
176 с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *