Басқару шешімдерінің тиімділігі


1. Басқарушылық қызмет басқарушылық қызметтің нәтижесі (өнімі) болып табылады. Сондықтан да басқару шешімдері үшін өнімнің сипаттамасында қолданылатын ең маңызды көрсеткіштер 1-суретке сәйкес: тиімділік, нәтижелілік пен өнімділік тән.


1-сурет – Басқару шешімдерін өндіру (дайындау мен жүзеге асыру) кезінде басқару қызметінің негізгі көрсеткіштері
Өнімнің тиімділігі нәтиже мен оны алуға шығындар қатынасымен анықталады.
Нәтижелілік белгіленген мерзімдік немесе сандық параметрлерді қанағаттандыратын немесе асып түсетін өнімді өндіруді ұйымдастыру қабілетін айтады.
Еңбек өнімділігі – бұл персоналдың еңбек қызметінің экономикалық тиімділігінің көрсеткіші. Ол шығарылған өнімнің санының оны өндіру шығындарына қатынасымен анықталады.
Қажетті көрсеткіштерді қалыптастыру мен қол жеткізу негізінде тиімділік жатыр. Берілген көрсеткіш көпқырлы болып табылады. Нәтижені әдетте шығындармен салыстырады және қандай да процестің немесе құбылыстың тиімділігін талдайды. Тиімділік оң және теріс болуы мүмкін.
Мысалы, 1991 жылы Мәскеуде 17 мың жеңіл автомобильді такси болған, олар тасымалдаудағы халықтың қажеттілігін 70% қанағаттандырған. Ал 1998 жылы – 4 мың жеңіл автомобильді такси болған, олар да тасымалдаудағы халықтың қажеттілігін 70% қанағаттандырған. Оң нәтиже экология мен таксидің техникалық жағдайының жақсаруын айтуға болады. Теріс нәтиже жұмыс басты жүргізушілер санының төмендеуі, таксомотор қызмет көрсетуді ұйымдастыру жүйесінің бұзылуы болып табылады.
Сонымен, 2-суретке сәйкес экологиялық, ұйымдық, экономикалық тиімділік және т.б.
түрлері туралы айтуға болады.



2-сурет – Функционалды тиімділіктің негізгі түрлері

Тиімділіктің бір түрі басқасы есебінен өзгеруі немесе оны жартылай орнын толтыру керек. Ұйымдық тиімділікті жоғарлата отырып, экономикалық тиімділікті едәуір жоғарлатуға болады. Мысалы, компанияда технологиялық тәртіпті күшейту кезінде еңбектің өнімділігі мен нәтижелілігі жақсарады. Ал бұл экономикалық тиімділіктің (аса жоғары пайданының) жоғарлауына алып келеді. Басшы тиімділіктің барлық түрлеріне бірдей назар аударуы керек, себебі жиынтықта олар қорытында тиімділікті едәуір күшейте алады. Адам мен компания үшін экономикалық тиімділік аса маңызды емес. Жиі ол ұйымдық, экологиялық және басқа проблемаларды шешудің жанама жолы болып табылады. Компания үшін тиімділіктің негізгі түрлерінің жақсы мәндеріне қол жеткізе отырып, тура жолмен жүру жақсырақ. Компанияның тиімділігі БШ тиімділігінен, өнімнің тиімділігінен, компанияның оны өндіру қабілетінен, жабдықтаушылар, контрагенттер мен клиенттер арасында жоғары имиджден құралады.
2. Тиімділіктің кез-келген түрінің маңызды құраушысы БШ тиімділігі болып табылатынын ескеріп, оның мәні мен мазмұнын аса толық қарастыру керек. Басқару шешімдері тиімділігі – бұл ұйымдағы басқару шешімін дайындау немесе жүзеге асыру процесі нәтижесінде жаңа ресурстың немесе ескі ресурс өсімінің бұл процеске кеткен шығынға қатынасы. Ресурстар ретінде компанияның жаңа бөлімі, қаржы, материалдар, персонал денсаулығы, еңбекті ұйымдастыру және т.б. бола алады. Шығындар ретінде – ескі бөлімдер, персонал, қаржы және т.б.
Басқару шешімдерінің ұйымдық тиімділігі – бұл аз күштер, қызметкерлердің аз саны немесе аз уақыт есебінен ұйымдық мақсаттарға жету нәтижесі. Ол келесі қажеттіліктерді жүзеге асырумен байланысты:
— адам үшін – бұл өмірді ұйымдастыру мен қауіпсіздік, басқару, тұрақтылық, тәртіп қажеттіліктері;
— компания үшін – бұл еңбекте (өнімге сұранысқа), ұйымдастыруда және қауіпсіздіктегі қажеттілік.
Ұйымдық тиімділіктің нәтижесі жаңа бөлім, ынталандыру жүйесі, басқаруды немесе өндірісті өте жақсы ұйымдастырушылардың тобы, жаңа тәртіп және т.б. бола алады.
Басқару шешімдерінің экономикалық тиімділігі – бұл нақты басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру есебінен алынған қосымша өнімнің өзіндік құны мен оны дайындау мен жүзеге асыруға шығындардың қатынасы. Қосымша өнім пайда, шығындарды төмендету, несиелер алу түрінде болуы мүмкін. Экономикалық тиімділік адам мен компанияның барлық қажеттіліктерін жүзеге асырумен байланысты.
Басқару шешімдерінің әлеуметтік тиімділігі қызметкерлердің аз санымен, аз қаржылық шығындармен, қысқа уақыт ішінде компания мен қызметкерлердің үлкен саны үшін әлеуметтік мақсаттарға жету нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Берілген тиімділік келесі қажеттіліктермен байланысты:
— адам үшін – бұл шығармашылық еңбектегі, махаббатқа, қарым-қатынасқа, өзін-өзі көрсетудегі қажеттілік;
— компания үшін – бұл сену және өздігінен даму қажеттіліктері.
Әлеуметтік тиімділіктің нәтижесі бөлімдегі жақсы әлеуметтік-психологиялық климат, өзара көмек, бейресми қатынастар болуы мүмкін.
Басқару шешімдерінің технологиялық тиімділігі – бұл қысқа уақыт ішінде немесе аз қаржылық шығындармен бизнес-жоспарда жоспарланған өндірістің салалық, ұлттық немесе әлемдік технологиялық деңгейіне жету нәтижесі. Ол келесі қажеттіліктермен анықталады:
— адам үшін – бұл шығармашылық еңбектегі, білімдегі, ақпарат, өзін-өзі көрсетудегі қажеттілік;
— компания үшін – бұл өздігінен даму қажеттілігі және заманауи өндірістегі қызығушылық.
Технологиялық тиімділіктің нәтижесі шығармашылық еңбектің заманауи тәсілдері, өнімнің бәсекеге қабілеттігі, персоналдың кәсіпқойлығы бола алады.
Басқару шешімдерінің психологиялық тиімділігі – бұл қызметкерлердің аз санымен немесе аз психологиялық шығындармен қысқа уақыт ішінде халықтың немесе қызметкерлердің үлкен саны үшін психологиялық мақсаттарға жету нәтижесі. Ол келесі қажеттіліктерді жүзеге асырумен байланысты:
— адам үшін – бұл махаббаттағы, отбасы, бос уақыттағы, отаншылдық, сенімдегі, қарым-қатынастағы қажеттілік;
— компания үшін – бұл тұрақтылықтағы, қауіпсіздіктегі, сенудегі, ұйымдық мәдениетті дамытудағы қажеттілік.
Берілген тиімділіктің нәтижелері компанияның корпоративтік мәдениетінде, өзара көмекте, отаншылдықта және адалдықта көрінуі мүмкін.
Басқару шешімдерінің құқықтық тиімділігі қызметкерлердің аз санымен немесе аз қаржылық шығындармен қысқа уақыт ішінде персоналдың және ұйымның құқықтық мақсаттарына жету дәрежесімен бағаланады. Тиімділік келесі қажеттіліктер негізінде жүзеге асады:
— адам үшін – бұл қауіпсіздіктегі, ұйымдастыру мен тәртіптегі, өмір мен қызметті ұйымдастырудағы қажеттілік;
— компания үшін – бұл қауіпсіздіктегі және басқарудағы қажеттілік.
Құқықтық тиімділіктің нәтижесі заңды бизнеске көшу, құқықтық өрісте жұмыс жасау бола алады.
Басқару шешімдерінің экологиялық тиімділігі – бұл қызметкерлердің аз санымен немесе аз қаржылық шығындармен қысқа уақыт ішінде персоналдың және ұйымның экологиялық мақсаттарына жету нәтижесі. Ол келесі қажеттіліктермен анықталады:
— адам үшін – бұл қауіпсіздіктегі, денсаулықтағы, өмірдің тұрақты дамуын ұйымдастырудағы, физиологиялық қажеттіліктер;
— компания үшін – бұл қосымша өнімдегі, тұрақтылықтағы, қызметкер үшін өмірдің қолайлы деңгейін жасау қажеттілігі.
Берілген тиімділіктің нәтижесі экологиялық таза өнім өндірісі, адамға лайықты еңбек жағдайлары болуы мүмкін.
Басқару шешімдерінің тиімділігі оны әзірлеу мен жүзеге асыру деңгейлері бойынша, адамдар мен компанияларды қамтуы бойынша бөлінеді. Компанияны, компания топтарын, саланы, аймақты, елді басқару мен өндіріс деңгейіндегі басқарушылық шешімдердің тиімділігін бөліп көрсетуге болады.
Басқару шешімдерінің тиімділігін басқару нақты көрсеткіштер, нормалар мен стандарттар негізінде сандық және сапалық бағалар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен, басқару шешімдерінің тиімділігі компания қызметінің әртүрлі бағыттарында көрінеді, соның ішінде:
— барлық компанияның жалпы қызметінде;
— компанияның паблик-рилейшнз нәтижелерінде;
— сыртқы коммуникациялар жағдайында;
— персоналдың мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесінде;
— нақты нарықтағы компанияның қызметінде;
— басқарушылық, қызмет көрсетуші және өндірістік қызметте;
— тікелей өндіріс нәтижелерінде;
— материалдық және интеллектуалдық ресурстарды қолдануда.

Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Басқару шешімдерінің тиімділігін объективті бағалау мүмкін бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
2. Басқару шешімдерін сапалық тұрғыдан қалай бағалауға болады?
3. Басқару шешімдерін сандық тұрғыдан бағалау әдістері қандай? 4. Басқару шешімдерін оңтайландыруға болады?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Юкаева В.С. Принятие управленческих решений: Учебник/ В.С. Юкаева, Е.В. Зубарева, В.В. Чувикова. — М.: Дашков и К, 2011. — 324 с.
3. Карданская Н.Л. Принятие управленческого решения: Учебник/ Н.Л. Карданская. — М.: ЮНИТИ, 1999. — 407 с.
4. Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И. Ларичев. — М.: Логос, 2000. — 294 с.
5. Литвак Б.Г. Разработка управленческого решения: Учебник/ Б.Г. Литвак. — М.: «Дело», 2000. — 392 с.
6. Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. — М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002. — 271 с.
7. Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. «Государственное и муниципальное управление» / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. — СПб.: Питер, 2007. — 272 с. 8. Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов специальности 080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г.
Давлятова – Уфа : РИО БАГСУ, 2008. — 77 c.
9. Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для студентов специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во: СИБиУ, 2010
10. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. – 176 с.
11. Башкатова Ю.И. Управленческие решения. – Московский международный институт эконометрики, информатики, финансов и права. М., 2003. – 89 с.
12.Практика принятия решений в менеджменте. Методические рекомендации для проведения практических занятий по направлению подготовки 080200 «Менеджмент» / Сост. М. П. Прохорова. – Н.Новгород: Изд-во ВГИПУ, 2011. – 57 с.
13.Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. –
176 с.
14. Эффективность государственного управления/ Пер. с англ. Общая ред. С.А.Батчикова, С.Ю.Глазьева. — М.: Фонд «За экономическую грамотность», 1998. — 848 с

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *