Басқару шешімдерінің типологиясы
Дәріс жоспары:
1. Басқару шешімдерінің жіктелуі
2. Мемлекеттік басқару саласындағы шешімдер
Басқару шешімдерін басқару циклінің сатысы, функционалдық мазмұны, шешілетін міндеттердің және ұйымдастырылуының сипаты,басқару иерархиясы, шешімнің туындау себебі, әзірлеу әдісі, уақыты т.б. бойынша топтастыруға болады:
Басқару шешімдерінің жіктелуі
1 Басқару циклінің сатысына байланысты
бастапқы, реттеуші, түзетуші
2 Функционалдық мазмұны бойынша
жоспарлы шешім, ұйымдастырушы шешім, бақылаушы шешім, болжам жасаушы шешім
3 Шешілетін міндеттердің сипаты бойынша
экономикалық шешім,
ұйымдастырушылық сипаттағы шешім, технологиялық шешім, экологиялық шешім.
4 Басқару иерархиясы бойынша
тұтас жүйе деңгейіндегі шешім, шағын жүйелер деңгейіндегі шешім, жүйенің жеке элементтері негізіндегі шешім.
5 Шешімнің туындау себебіне байланысты
ситуациялық шешім;
жоғары тұрған органдардың нұсқауымен жасалған шешім;
бағдарламалық шешім (басқару объектісінің бағдарламалық-мақсаттық іс-шаралардың құрылымына енгізілуіне байланысты); инициативалық (бастамашыл).
6 Әзірлеу әдісі бойынша
графикалық; математикалық; эвристикалық
(эксперттер бағасын, сценарий әзірлеумен, ситуациялық модель әзірлеумен байланысты).
7 Ұйымдастырылу сипаты бойынша
қатаң шешімдер; бағытталған шешімдер; икемді шешімдер; нормативтік шешімдер.
8 Уақыт бойынша
ұзақмерзімдік; ортамерзімдік; қысқамерзімдік.
9 Қарастырылатын мәселенің ауқымы бойынша жалпы басқару шешімдері; арнайы шешімдер.
10 Әрекет ету кезеңіне, мақсатының ауқымы мен сипатына байланысты
стратегиялық; тактикалық; ағымдық.
11 Айқындылық дәрежесіне байланысты стандартты шешім; төмен айқынсыздық жағдайындағы шешім; жоғары айқынсыздық жағдайындағы шешім.
12 Басқару субъектілеріне байланысты
жалпыхалықтық (сайлау, референдум); республикалық, аймақтық, жергілікті;
заң шығарушы биліктің шешімі, атқарушы биліктің шешімі, сот билігінің шешімі.
13 Әрекет ету ауқымына байланысты
жалпымемлекеттік;
локальді; ведомство ішіндегі шешім; ведомствоаралық шешім.
14 Нормативтік сипаты бойынша
нормативтік; нормативтік емес
15 Мемлекеттік басқарудың түрі бойынша азаматтық; әскери
16 Баяндалу формасына байланысты
ауызша; жазбаша
17 Атқарылу маңыздылығына байланысты міндетті; нұсқаулық
18 Ашықтық дәрежесіне байланысты
жалпы қолданыстағы; қызметтік қоланыстағы; құпия; аса құпия
19 Құқықтық актілердің формалары бойынша
заңдар; жарлықтар; қаулылар; өкімдер; бұйрықтар; үкімдер; санкциялар; нұсқаулар; бағдарламалар; декларациялар; ережелер; жарғылар;
халықаралық келісімдер мен келісім-шарттар
20 Шешім қабылдаушы субъектілер бойынша жеке-дара; топтық
21 Баламалардың саны бойынша бинарлық шешім (екі балама әрекеттің болуы); аз баламалық шешім; көп баламалық шешім;
22 Шешім дайындаудың күрделілігіне
байланысты стандартты (программаланған); стандартты емес (программаланбаған)
2. Мемлекеттік басқару шешімдері — өз лауазымымен сәйкес міндеттерді орындау үшін жетекшінің жасаған таңдауы.
Мемлекеттік басқару шешімдері ресми түрде көрініс табады және олар мемлекеттің рәсімделген еркін білдіреді. Басқару шешімін, әдетте, оның салдарына толықтай жауап беретін лауазымды тұлға немесе сәйкес орган қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік басқару саласындағы басқару шешімдерін табысты жүзеге асыру үшін әр басқару субъекті белгілі бір принциптерді орындауы тиіс: Мемлекеттік басқару саласындағы шешімдерінің принциптері:
шешімнің негізділігі;
оңтайлылығы;
дер кезінде қабылданып, жүзеге асырылуы;
объективтілігі;
нақтылығы;
икемділігі;
қабылданған және жүзеге асқан шешімдердің салдарын есепке алу.
Шешімнің негізділігі. Шешім мемлекет пен қоғам дамуының жалпы мақсаттары мен міндеттерімен байланыста болуы тиіс. Басқаша айтқанда, аймақтағы, елдегі, белгілі бір әкімшілік аумақтағы нақты әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайды ескеруі керек.
Оңтайлылығы. Бұл — аз уақыт ішінде аз шығын жұмсап үздік нәтижеге қол жеткізетіндей шешімді таңдау. Бұл жерде қабылданған нәтижені жүзеге асырудан болатын оң нәтижені де, теріс нәтижені де ескеру қажет.
Уақытылығы. Басқару субъектісі мен объектісінің өзгермелі жағдайға сәйкес реакциясын қамтамасыз етуге бағытталған. Басқару шешімдерін қабылдау мен жүзеге асыратын сәтті жібермей қалуы керек. Бұл жерде оған кәсіби білім ғана емес, жетекшілік лауазымдағы жеке тәжірибесі де көмектеседі. Дұрыс дайындалған және егжей-тегжейлі тексерілген шешімнің өзі мерзімінен кешігіп немесе ерте қабылданып, жүзеге асса, зиян келтіруі мүмкін.
Объективтілік объектінің қызмет ету жағдайын дәл білу мен дұрыс бағалауға негізделеді. Бұл білім басқару шешімін қалыптастыратын барлық жағдайларды зерттеу мен бағалаудағы ғылыми әдістемені қолдануға негізделеді.
Нақтылық. Мемлекеттік басқару шешімдерінде іс-әрекеттің нақты көрсетілуі, шешімді орындаушылардың міндеттерінің бөлінуі, уақыт шегі көрсетілуі тиіс.
Икемділік. Жағдайдың өзгеруіне байланысты басқару шешімінің дайын нұсқасына өзгеріс енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қабылданған және жүзеге асқан шешімдердің салдарын есепке алу — күрделі әрі сақталуы тиіс талаптардың бірі. Оны кез-келген қызмет саласында есептеуге болады.
Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Басқарушылық шешімдер қандай белгілері бойынша жіктеледі?
2. Тіркеу әдісі бойынша басқарушылық шешімдердің түрлерін атаңыз.
3. Мемлекеттік басқару саласындағы басқару шешімдері қандай принциптерге сүйеніп әзірленеді және жүзеге асырылады? Олардың әрқайсысына түсініктеме беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Юкаева В.С. Принятие управленческих решений: Учебник/ В.С. Юкаева, Е.В. Зубарева, В.В. Чувикова. — М.: Дашков и К, 2011. — 324 с.
2. Карданская Н.Л. Принятие управленческого решения: Учебник/ Н.Л. Карданская. — М.: ЮНИТИ, 1999. — 407 с.
3. Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И.Ларичев. — М.: Логос, 2000. — 294 с.
4. Литвак Б.Г. Разработка управленческого решения: Учебник/ Б.Г. Литвак. — М.: «Дело», 2000. — 392 с.
5. Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. — М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002. — 271 с.
6.Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. «Государственное и муниципальное управление» / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. — СПб.: Питер, 2007. — 272 с. 7. Башкатова Ю.И. Управленческие решения. – Московский международный институт эконометрики, информатики, финансов и права. М., 2003. – 89 с.
8. Практика принятия решений в менеджменте. Методические рекомендации для проведения практических занятий по направлению подготовки 080200 «Менеджмент» / Сост. М. П.
Прохорова. – Н.Новгород: Изд-во ВГИПУ, 2011. – 57 с.
9. Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов специальности 080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г. Давлятова – Уфа : РИО БАГСУ, 2008. — 77 c.
10.Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для студентов специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во: СИБиУ, 2010 11. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. –
176 с.