Экологиялық құқық негіздері

 

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік. Экологиялық (табиғат қорғау) заңды орындамағаны үшін кінәлілер экологиялық құқық бұзудың түріне байланысты жауапкершілікке тартылады. Экологиялық құқық бұзушылық — бұл табиғат қорғау заңын бұзу және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құқыққа қарсы іс. Тұлғаның экологиялық заңдарға қайшы келетін әрекеттері экологиялық құқық бұзудың белгілері болып табылады.
Қоршаған ортаға тигізген зардап деп, қоршаған ортаның сапасына жағымсыз өзгерту алып келген әсерлердің жиынтығын айтады.
Зардаптың екі түрлі формасын ажыратады:
• залал (табиғи ортаның, ресурстардың, сандық немесе сапалық кемуі, яғни, экологиялық залал);
• шығын (табиғат пайдаланушы үшін экономикалық тиімсіз салдарлар).
Экологиялық құқық бұзғандар әкімшілік, азаматтық-құқықтық, дисциплинарлық, материалдық (мүліктік), қылмыстық жазаларға тартылады.
Экологиялық құқық бұзу үшін жауапкершілік
Жауапкершілік түрі Жаза Негіздеме Жауаптылар
Әкімшілік
Ескерту, айып пұл, затты тәркілеу (құқық бұзған қару); жұмыс істеу құқығынан айыру; әкімшілік қамауға алу ҚР әкімшілік құқық бұзу кодексі, 24 бап Заңды және жеке тұлғалар
Азаматтық-құқықтық
ҚР азаматтық-құқықтық заңы Заңды және жеке тұлғалар
Дисциплинарлық
Ескерту, сөгіс беру, қатаң сөгіс, сый ақыдан айыру, жұмыстан босату Еңбек заңы Қызметтегі (жеке) тұлғалар
Материалдық(мүліктік)
Шығынды, зиянды өтеу, келтірген зиянды түзеу Еңбек заңы Жеке тұлғалар
Қылмыстық
Қылмыстық жазалау, қамауға алу және т.б. ҚР қылмыстық заңы Заңды және жеке тұлғалар
Экология саласы бойынша мамандар 1997 жылы 15 маусымда қабылданған «Қоршаған табиғи ортаны қорғау» Заңын басшылыққа алады. Бұл заң бойынша мемлекеттік меншікке келтірген зияны үшін әртүрлі мөлшердегі айып пұлдар төленеді.

Дәрілік өсімдіктерді жинау Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ.
ЖАЛПЫ БӨЛІК
І БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғандағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Осы Кодекс пен жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін нормаларды қамтитын Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарға олар осы Кодекстің нормаларымен реттелмеген жағдайларда қолданылады.
2-бап. Осы Кодекспен реттелетін қатынастар
1. Осы Кодекс жер қойнауын пайдалану режимін, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару мен реттеуді жүзеге асыру тәртібін, жер қойнауы учаскелеріне құқықтардың туындау, оларды жүзеге асыру және тоқтату, жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтық жағдайы мен олардың тиісті операцияларды жүргізу ерекшеліктерін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығына билік ету мәселелерін және жер қойнауы ресурстарын пайдалануға байланысты басқа да қатынастарды айқындайды.
2. Жерді, су ресурстарын және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тиісті табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау режимін айқындайтын Қазақстан Республикасының жер, су және экологиялық заңнамасына сәйкес реттеледі.
3. Мемлекет, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары осы Кодекспен реттелетін қатынастарға қатысушылар болып табылады.
4. Егер осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады және олардың міндеттері болады.
3-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаты мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаты мемлекеттің және қоғамның әл-ауқатының экономикалық өсуі үшін Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық базасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттің жер қойнауына меншік құқығын қорғау;
2) жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қатынастарды реттеу;
3) мемлекеттің, Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін және жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтарын сақтау;
4) Қазақстан Республикасы минералдық-шикізаттық базасының өсімі;
5) жер қойнауын пайдалану құқықтарының туындау, оларды жүзеге асыру, өзгерту және тоқтату негіздерін, шарттарын және тәртібін белгілеу;
6) жер қойнауын пайдалануды тұрақты дамыту үшін құқықтық негізді қамтамасыз ету;
7) жер қойнауын геологиялық зерттеуге және жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;
8) жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықты нығайту.
4-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының қағидаттары
Жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды пайдалану;
2) жер қойнауын пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттың қолжетімділігі;
4) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың адалдығы;
6) жер қойнауын пайдалану шарттарының тұрақтылығы.
5-бап. Мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды басқару
Мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды басқару мемлекеттің және қоғамның әл-ауқатының экономикалық өсуі мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығын беру арқылы қамтамасыз етіледі.
6-бап. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық қауіпсіздік
Жер қойнауын пайдалану жер қойнауының ластануын болғызбауға және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға бағытталған шараларды қабылдай отырып, экологиялық қауіпсіз тәсілдермен жүзеге асырылуға тиіс.
7-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділік
1. Егер осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпарат қолжетімді болып табылады.
2. Мемлекет мыналарға:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукциондар, олардың шарттары мен нәтижелері туралы ақпаратқа;
2) мемлекеттік органдардың жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату туралы шешімдеріне;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлерін ескере отырып, жер қойнауын пайдалану құқығы туралы ақпаратқа;
4) осы Кодекске сәйкес құпия немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес құпия болып танылатын геологиялық ақпаратты қоспағанда, геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
3. Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділік тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
4. Мүдделі тұлғалар осы бапқа сәйкес қолжетімділігі қамтамасыз етілетін ашық ақпаратты өтеусіз пайдалануға құқылы.
8-бап. Жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы
Жер қойнауын пайдалану ақылы (өтеулі) болып табылады. Жер қойнауын пайдалану үшін ақы төлеу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу арқылы жүзеге асырылады.
9-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың адалдығы
Жер қойнауын пайдаланушылар оларға берілген құқықтарды іске асыру және осы Кодексте көзделген міндеттерді орындау кезіндегі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру процесінде жер қойнауын пайдаланушылардың іс-қимыл адалдығы ұйғарылады.


Қазақстан Республикасының Орман кодексі
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477 Кодексі.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының орман заңдары
1. Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Өсiмдiктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су объектiлерiн, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi.
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-бап. Осы Кодекспен реттелетін қатынастар
1. Осы Кодекс орман қорын иелену, пайдалану, оған билiк ету жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ орман қорын күзетудiң, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуетiн көтерудiң, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
2. Орман құқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды компоненттерiнiң бiрi болып табылатыны негiзге алына отырып жүзеге асырылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы орман заңдарының принциптерi
Қазақстан Республикасының орман заңдары:
1) ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су сақтау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттiк мәнiн мойындау;
2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);
3) ормандардың, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау;
4) ормандарды көп мақсатқа пайдалану;
5) орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану;
6) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау;
7) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мен алынған сүректi қайта өңдеудi жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жiгiн ажырату;
8) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтiрiлген залалдың орнын толтыру;
9) орман ресурстарын ақылы пайдалану;
10) орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi;
11) халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң орман қорын күзетуге және қорғауға қатысу принциптерiне негiзделедi.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді — ҚР 2006.07.07 N 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агроорман-мелиорациялық екпе – ауыл шаруашылығы үшiн қолайсыз табиғи факторлардың әсерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн қорғаныштық орман екпесi;
2) ағаш және бұта тұқымдыларының селекциясы (орман селекциясы) – шаруашылық және өзге де құндылығы бар орман тұқымдыларының түрлерi мен сорттарын табиғи популяция арқылы iрiктеу немесе қолдан өсiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
3) ағашы кесiлген жер – екпе ағашы кесiп алынған, ал орманның жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алаңы;
4) ағаштың заңсыз кесілуі – Қазақстан Республикасының орман қорында ағаштар мен бұталарды, оның ішінде табиғи, антропогендік және техногендік факторлардың салдарынан зақымданған және жойылған ағаштар мен бұталарды: ағаш кесу билетінсіз; ағаш кесу билеті бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бұзып, ағаш кесу билетінде белгіленген мерзімдерді сақтамай кесу; есепті кеспеағаш аймағынан асып түсетін мөлшерде кесу;
5) алаңқай жерлер – ағашы жоқ, бiрақ орман өсiмдiктерiнiң элементтері сақталған орман алаңы;
6) аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу – орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитариялық мақсатта ағаш кесу, құндылығы төмен орман екпелерін, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларынан айырылған екпелерді қайта жаңғыртуға байланысты кесу, жекелеген талшыбықтарды кесу;
7) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер – өнеркәсiптiк, энергетикалық, тағамдық және өзге де мақсаттар үшiн қолдан өсiрiлетiн екпелер;
8) артықшылығы бар ағаш – дәл сондай орман өсiру жағдайларында өзiмен қатар өсiп тұрған, өзiмен бiр жастағы және бiрдей фенологиялық нысандағы айналасындағы ағаштардан бiр немесе бiрнеше шаруашылық жағынан құндылық белгiлері мен қасиеттерi бойынша айтарлықтай асып түсетiн ағаш;
9) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары – артықшылығы бар ағаштардың гендiк қорын сақтау және тұқым қуалау қасиеттерiн зерттеу мақсатында олардың вегетативтік тұқымдарын пайдалану арқылы өсiрiлген екпелер;
10) артықшылығы бар екпе – орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайларында өнiмдiлiгi жоғары және тұрақты екпе;
11) аса құнды орман алқаптары – тұқымдық құрамы бойынша сирек кездесетiн және эндемиктiк тұқымдар бар бiрегей орман; өнiмдiлiгi мен гендiк сапасы бойынша бiрегей ормандар; күрделi табиғи жағдайларда маңызды қорғаныштық функциялар орындайтын ормандар;
12) аэрофототүсірілім – жер иеліктерінің шекарасын картаға түсіру, анықтау; қоршаған ортаны зерттеу мен оның мониторингі үшін аэрофотосуреттерді пайдалану мақсатында аэрофотоаппараттың көмегімен әуе кемелерінен және басқа да ұшу аппараттарынан аумақты фотосуретке түсіру;
13) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу — сүрек дайындау үшiн толысқан және қураған сүрекдiңдердi кесу;
14) биологиялық әралуандық — белгiлi бiр аумаққа тән өсiмдiктер мен жануарлар организмдерiнiң жиынтығы;
15) биоценоз — белгiлi бiр, салыстырмалы түрде бiртектi жер учаскесiн немесе су айдыны учаскесiн мекендейтiн және өзара қарым-қатынастағы өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердің жиынтығы;
16) гендiк қор — дарақтардың бiр тобы гендерiнiң (популяциялардың, популяциялар тобының немесе түрлердiң) олардың белгiлi бiр ұшырасу жиiлiгiмен сипатталатын шектегi жиынтығы;
17) географиялық дақылдар — жаңа жағдайларда сынақтан өткiзу мақсатымен бiрнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым тән популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстемелер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;
18) дериват – туынды өсімдік және одан немесе оның туындысынан жасалған өнім;
19) зияндылықтың экономикалық шегi — орман ресурстарына келтiрілген залал құны бойынша осы зиянкестермен күресуге жұмсалатын шығыннан артып кететiн орман зиянкестерiнiң тығыздығы;
20) кемiстiгi бар екпе — орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайлары үшін шығымдылығы төмен және сапасы нашар екпе;
21) кеспеағаш аймағы — ағаш кесудiң барлық түрлерi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;
22) кеспеағаш аймағын бөлу — шекараны нақтылы және кеспеағаштарды таксациялай отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаш аймағында есепке алынған сүректердi заттай және ақшалай бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
23) кеспеағаш аймағынан тыс қоқыс — кеспеағаш аймағынан тыс жерде жатқан және өнеркәсiптiк мақсаттарда дайындалмайтын ағаштың (дiңдердiң және бұтақтардың) табиғи құлап, үзiлiп түсуi;
24) кесу жасы — сүрекдiңдердiң толыса бастаған санатынан толысқан санатына өтуден басталатын және басты пайдалану мақсатында кесуге болатын жасы;
25) кесiлмеген ағаш – кесуге арналған, бiрақ ағаш кесу билетiнде көзделген мерзiмде кесiлмеген орман ағаштары немесе учаскелерi;
26) қала ормандары – қалалық елдi мекеннің шекарасында өсетін және мемлекеттік орман қоры құрамына енетін, негізінен санитариялық-гигиеналық және рекреациялық функцияларды орындайтын табиғи және (немесе) қолдан өсірілген екпелер;
27) қалыпты екпе – орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайында өнiмдiлiгi жоғары және орташа, сапасы жақсы және орташа екпе;
28) қосалқы сүрек ресурстары (материалдары) (бұдан әрi — қосалқы сүрек ресурстары) – ағаштар мен бұталардың қабықтары, бұтақтары, томарлары, тамырлары, жапырақтары, бүршiктерi;
29) мемлекеттiк орман қоры алқабы – орман орналастыру кезiнде орман қорын мемлекеттiк есепке алу, арнайы картаға түсiру және орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мақсатында мемлекеттiк орман қоры құрамында бөлiнетiн жер учаскелерi;
30) мемлекеттiк орман қорының санаты – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бөлiнген мемлекеттiк орман қорының ерекше қорғалатын, су сақтау, санитариялық-гигиеналық, рекреациялық, ғылыми немесе өзге де арнайы мақсаттағы, аумағында орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдаланудың ерекше режимi белгiленген бiр бөлiгi;
31) мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы — Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
32) орман – ағаш пен бұта өсiмдiктерiнiң және тірі табиғаттың басқа да компоненттерiнiң жиынтығы негiзiнде белгiлi бiр аумақта қалыптасатын, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәнi бар табиғи кешен;
33) орман аурулары – қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан немесе ауру өсiмдiктерден сау өсiмдiктерге берiлетiн организмдерден туындайтын және өсiмдiктер құрылысының өзгеруiне немесе олардың құрып кетуiне әкеп соқтыратын патологиялық процестер;
34) орман дақылдары – орманның ағаш және бұта тұқымдыларынан қолдан өсірілген екпелер;
35) орман дақылдарының қоры – орман көмкермеген жерлер (ағашы кесілген орындар, өртеңдер, алаңқайлар, селдір ормандар) және ормандануы орманды қолдан өсіру арқылы ғана мүмкін болатын ормансыз жерлер;
36) орман зиянкестерi – орман екпелерiн зақымдайтын организмдер;
37) орман иелену – орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуi үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлерге Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн иелену және пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушiлерге осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлетiн жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы;
38) орман иеленушiлер – мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк ұйымдар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жекеше орман қоры учаскесi меншiгiнде болатын жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар;
39) орман қарау аймағы – орманшылық аумағын күзету үшiн бiр орманшыға бекiтiлiп берiлетiн, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен айқындалатын орманшылық аумағының бiр бөлiгi;
40) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген талаптарға тексерілетін субъектілер қызметінің сәйкес келуі нысанасына оларды тексеру және бақылау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел араласпай-ақ құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
41) алып тасталды — ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

42) орман қорын пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген орман пайдалану, сондай-ақ орман қоры аумағындағы жердi, суды және кең таралған пайдалы қазбаларды шаруашылық және өзге де мақсаттарда пайдалану құқығы;
43) орман қорын түгендеу – орман қорының жекелеген учаскелерiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiн сипаттау, картаға түсiру және анықтау жөнiндегi жұмыстар кешенi;
44) орман орамы – орман шаруашылығын жүргізуді ұйымдастыру үшін қызмет ететін жергілікті жерде орман жолдарымен, табиғи шептермен (өзен жағалаулары, тау жоталары, жолдар және басқалар) шектелген орман қоры аумағының бір бөлігі;
45) орман өрт сөндіру станциясы – орман өрттерінің алдын алу және оларды уақтылы жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет пен техниканы орналастыруға арналған мемлекеттік орман иеленушінің объектісі;
46) орман өсiру – бұрын орман болмаған аумақтарда ағаш екпелерiн қолдан отырғызу және өсiру;
47) орман пайдалану – орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалану жөнiндегi заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет;
48) орман пайдаланушы – осы Кодексте белгiленген тәртiппен уақытша орман пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
49) орман питомнигі – орман қоры аумағының ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарды өсiруге арналған учаскесi;
50) орман соқпағы – орман орамдарының шекараларын белгiлеу немесе өзге мақсаттар үшiн ағаш және бұта өсiмдiктерiнен тазартылып жасалған белдеу;
51) орман телімі – бастапқы орман шаруашылығы есептік бірлігі болып табылатын, орман орамы аумағының таксациялау сипаттамалары, топырақ-типологиялық жағдайлары және шаруашылық маңызы бойынша біртекті бөлігі;
52) орман тұқымы плантациясы – берілген тұқым қуалаушылық қасиеттерi және себу сапасы жоғары сорттық, элиталық немесе будан тұқымдарын жүйелі түрде (ұзақ уақыт бойы) алуға арналған артықшылығы бар ағаштардың тұқымды, немесе вегетативтік ұрпағы болып табылатын өсімдіктердің арнаулы генетикалық схема бойынша отырғызылып, қолдан өсірілген екпесі;
53) орман тұқым шаруашылығы – тұқым қуалаушылық қасиеттерi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алуға бағытталған орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасы мен шығу тегiне бақылау жасау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
54) орман шаруашылығы – орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөнiндегi iс-шараларды қамтитын орман қорын зерттеу және оның есебiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын экономика саласы;
55) орман шаруашылығын жобалау – орман өсімдіктері, агроорман-мелиорациялық, өртке қарсы іс-шараларды, орман және аңшылық шаруашылығы объектілерін салуды жобалау жөніндегі жұмыстардың кешені;
56) орман шаруашылығы жолдары – орман шаруашылығы, өртке қарсы мақсаты бар, орман шаруашылығын жүргізу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшін орманды аумақтардың қол жетімділігін қамтамасыз ететін орман шаруашылығы объектілері;
57) орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – орман мекемесі) – мемлекеттiк орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме;
58) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында басқару, бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
59) орман шаруашылығы iс-шаралары – орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiнде орман орналастыру материалдары негiзiнде жүргiзiлетiн ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенi;
60) орман шеберiнiң учаскесi – орманшылық аумағының құрамында екi және одан да көп орман қарау аймағы бар бiр орман шеберiне бекiтiлген және орман шаруашылығы iс-шараларын орындауға арналған бiр бөлiгi;
61) ормандағы өрт қаупi бар маусым – климат және ауа райы факторларын негiзге алып, орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган, облыстық атқарушы орган айқындайтын, орман өртi шығу қаупi болуы мүмкiн күнтiзбелiк жылдың бiр бөлiгi;
62) ормандану – ағаш өспеген алқаптарда орманды қолдан өсiру немесе орманның табиғи түрде өсуі;
63) ормандарды күзету – орман өртiнiң алдын алу және орман өртiне, ағаштың заңсыз кесiлуiне және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын басқа да бұзушылықтарға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы;
64) орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу – жоғары өнiмдi және төзiмдi екпелердi қалыптастыру мақсатында екпелердiң арасынан өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдарының өсуiне кедергi келтiретiн ағаштарды жою жолымен жүзеге асырылатын орманды мерзiмдiк күтiп-баптау;
65) орманның қайта түлеуі – сүрекдiңдер арасында, сондай-ақ ағашы кесiлген, өрт шалған және бұрын орман болған басқа да алаңдарда орманның жаңа түптерiнiң пайда болуының табиғи процесi;
66) орманды қорғау – орманды орман зиянкестерінен, ауруларынан және табиғи, антропогендiк және техногендік сипаттағы қолайсыз факторлар әсерiнен қорғау жөнiнде жер үстiндегі және авиациялық әдiстермен жүзеге асырылатын iс-шаралар жиынтығы;
67) орманды молықтыру – орман ағаштарын отырғызуға немесе орманды күтiп-баптау және оны сауықтыру жөнiндегi шараларды қоса алғанда, бұрынғы орманды алаңдарды табиғи түрде қайта жаңғыртуға ықпал ететiн шаралар жүргiзу;
68) орманды (кеспеағаш аймағын) таксациялау – орман ресурстарының, соның iшiнде кесу көзделетiн екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
69) орманды өңір – қандай да бір аумақта орман басқан жерлердiң оның жалпы алаңына орман өскен жердiң арақатынасы арқылы анықталып, пайызбен белгiленетiн дәрежесi;
70) орманның аса қауiптi зиянкестерi – жаппай көбейiп, таралатын, сөйтiп ормандарға зияндылықтың экономикалық шегiнен асып кететiн залал келтiретiн зиянкес организмдер;
71) орманның генетикалық резерваты – өсiмдiктер түрi, түр тармағы популяциясының генетикалық-селекциялық тұрғыдан құнды бөлiгi бар орман учаскесi;
72) орманның жинақталмаған ағаштары – қолдан өсiрiлген (себiлген немесе отырғызылған), бiрақ орманды алқаптарға көшiрiлмеген ағаштар;
73) орманның санитариялық жай-күйi – қоқыстанған, солып қалған және қураған ағаштардың болуы, зиянкестер санының және орман аурулары таралуының қарқыны, орманның жай-күйіне керi әсер ететiн басқа да жағымсыз факторлар туралы мәлiметтердi қамтитын орман жай-күйiнiң сипаттамасы;
74) орманшылық – орман иеленушiнiң өз шекарасында орналасқан, орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мен орындауға, орман пайдалану көлемiн есептеуге арналған құрылымдық бөлiмшесi;
74-1) орманның экологиялық жүйелік қызметтері (бұдан әрі – орманның экожүйелік қызметтері) – орман қоры аумағында және оған іргелес жатқан учаскелерде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, пайдалы қасиеттерін қоса алғанда, орманды, оның функцияларын пайдаланудан алатын пайда;
75) өртең – екпе ағашын өрт жойып жiберген, ал жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алқабы;
76) өскiн – орман жапырақтары астында немесе ағашы кесiлген жерде қалып қойған, көтеріліп өсуге немесе аналық сүрекдiңдердi алмастыруға жарамды ағаш өсімдіктерінің жас шыбықтары;
77) санитариялық мақсатта ағаш кесу – орманның санитариялық жай-күйiн жақсарту мақсатында жүргiзiлетiн ағаш кесу (iшiнара, жаппай), оның барысында жекелеген ауру, зақымданған, солып қалған және қураған ағаштар кесiледi;
78) селдiреу – жуандығы 0,1 — 0,2 мөлшерiндегi жасы бiрiншi және екiншi сыныптағы шыбықтарды қоспағанда, табиғи түрде қалыптасқан сүрекдiңдер;
79) сөл алу – ағаштардың дiңдерiнен шайыр, сөл алу үшiн оларды көктеп-өсу кезеңiнде қолдан зақымдау;
80) сүрекдiң – орман екпелерiнiң негiзгi компоненті болып табылатын ағаштар жиынтығы;
81) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары – өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер құру үшін өсірудің қарқынды агротехникасы қолданылатын ағаш және бұта тұқымдылар;
82) тексеру кезеңi – орман шаруашылығын жүргiзу үшiн орман орналастыру жобасы немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқару жоспары әзiрленетiн мерзiм;
83) тұрақты орман тұқым базасы – тұқым қуалаушылық қасиетi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алу үшiн Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорында аумағы жағынан бөлiнген, селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер жиынтығы;
84) тұрақты орман тұқымы учаскесі – осы орман өсiру жағдайларында ұзақ уақыт бойы тұқым алуға арналған артықшылығы бар екпелерде, тұқым плантацияларында артықшылығы бар ағаштардан дайындалған тұқымдардан өсірілген, егiлген немесе отырғызылған көшеттерден жасалған жоғары өнімді табиғи түрдегі немесе орман дақылдары екпелерінің қалыптасқан учаскелері;
85) усадьба – ағаш өспеген алқаптарға жататын, орман шаруашылығын жүргiзумен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiмен байланысты тұрғын үйге арналған және кiсi тұрмайтын қора-жайлар орналасқан жер учаскелерiн бiлдiретiн мемлекеттiк орман қоры алқаптарының түрi;
86) шайыр – қылқан жапырақты ағаштар зақымданған кезде бөлiнетiн қоймалжың зат;
87) шоқ ормандар – орманды дала аймағында шағын учаскелер (0,1-ден 30 гектарға дейін) болып өсетін табиғи ормандар.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда — ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді — ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



14-бап. Табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру
негiздерi
Табиғи ресурстар табиғат пайдалануға:
табиғи ресурстарды пайдалануға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар;
табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi;
табиғат пайдалану шарттары (келiсiм-шарттары) негiзiнде берiледi.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
15-бап. <*>
Ескерту. 15-бап алып тасталды — Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
16-бап. Табиғат пайдалануға рұқсат беру
Табиғат пайдалануға берiлетiн рұқсат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғат пайдаланушыға беретiн және табиғат пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығару мен тастауға құқығын табиғат пайдаланудың нақты мерзімі мен көлемін (лимиттерін), шарттарын және қолданылатын технологияны көрсете отырып, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 , 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
17-бап. Табиғат пайдалануды мемлекеттiк реттеу
Табиғат пайдалануды мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету үшiн оның мемлекеттiк құрылымы жүзеге асырылады, табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары жасалады, табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастры, қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингi жүргiзiледi.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
18-бап. Табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымы мен
табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру
және қорғау схемалары
Табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды, молықтыру мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесi болып табылады.
Заңдарда көзделген жағдайларда табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары жасалады.
19-бап. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен
мемлекеттiк кадастрлары
Халықтың және экономика салаларының мұқтаждары үшiн пайдаланылатын табиғи ресурстардың мөлшерi мен сапасын айқындау мақсатында табиғи ресурстардың жай-күйi, пайдаланылуы, молықтырылуы мен қорғалуы туралы мәлiметтер жиынтығы болып табылатын олардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастрлары жүргiзiледi.
20-бап. Табиғат пайдаланушылардың негiзгi мiндеттерi
және олардың құқықтарын қорғау
1. Табиғат пайдаланушылар:
табиғи ресурстарды нысаналы қызметiне және олардың берiлу шарттарына сәйкес пайдалануға;
шаруашылық және өзге қызметке белгiленген экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалық шарттарды сақтауға;
берiлген табиғи ресурстарды үнемдi пайдалануға, қоршаған ортаға зиян келтiрмеуге және басқа табиғат пайдаланушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, молықтыруға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;
табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны мен молайтқаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген төлемдердi дер кезiнде төлеуге;
қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап етуi бойынша қажеттi ақпарат беруге;
шаруашылық қызметiнiң экологиялық қауiптi түрлерi жүзеге асырылған кезде қоршаған ортаға өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүргiзуге;
қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы жергілікті атқарушы органдарға қажетті ақпарат беруге міндетті.
2. Табиғат пайдаланушылардың бұзылған құқықтары заңмен қорғалады. Заңда көрсетiлген негiздер бойынша болмаса, ешкiмдi де табиғат пайдалану құқығынан айыруға немесе шектеуге болмайды.
Табиғат пайдаланушылардың бұзылған құқықтары Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртiппен қалпына келтiрілуге тиiс.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 , 2001.12.24. N 276 , 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
5 тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны
қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау
21-бап. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды
пайдалану саласында лицензиялануға тиiстi қызмет
түрлерi
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында:
1) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша шаруашылық қызметiнiң экологиялық қауiптi түрлерi;
2) экологиялық аудиторлық қызмет;
3) экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалау, нормалау және жұмыстар мiндеттi түрде лицензиялануға тиiс.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда — Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді — 2005.04.15. N 45 Заңдарымен.
22-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған
ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау
тәртiбi
Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялауды арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Лицензиялар берудiң ережелерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен реттеледi.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.04.15. N 45 Заңдарымен.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *