Мамандығым –мақтанышым!

Мамандығым –мақтанышым!
Мен-жас маман.Өз мойныма ауыр іс іс ұрпақ тәрбиелеуді алған қадірлі мамандықтың иесі.Тәрбиешінің қазіргі таңдаған рөлі өте жоғары. Себебі;ел болашағы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі өте жауапты іс болып тұр.Ата –ана, ел тіпті әлемнің алдында мен үлкен жауапкершілік иесімін.Елдің қарыштап дамуы да, құлдырап жоқ болуы да менің шәкірттерімнің қолында.мен шәкірттерімді қалай даярласам ел солай кетпек.Сондықтан мен тең білім беру емес,оған қоса тәрбие беру керектігіне баса назар аудардым.Әрбір мұғалім баланың тек біліміне емес тікелей өміріне жауапты.Мен баланың өмір жолын айқындайтын шамшырағымын.
Ұстаз болу –жүректің батырлығы.
Ұстаз болу сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу адамның асылдығы.-деген Ғафу Қайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін.Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасағаныма мақтанамын. Жас мамандармен Ұйымдастырылған жұмыстар:Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры мұғалімдердің қолында деді» Н.Ә Назарбаев.Балабақшаға келген жас мамандар алдымен балабақшамен, ұжыммен танысады.Жас маманның өзінің және тәлімгер жоспары жасақталады.Тәрбиеші портфолиясын жасауға,, күнтізбелік және уйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспарым және өзіндік білімін көтеруге жоспарларын жасауға жетекшілер бағыт- бағдар береді. Жас мамандардың кәсіби –тұлғалық дамуын жетілдіру мақсатында ұйымдастырып,өткізетін шаралар ұсыныс пен нұсқау беру түрінде өткізілуі тиіс деп ойлаймын.Себебі жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында тұлғаның немесе ішкі немесе сыртқы уәжін қалыптастыру жас мамандарға да тікелей байланысты.Егер жас маманның ішкі уәжі нық болмаса сыртқы уәж нәтижесіз қалуы мүмкін.Сол себептен жас мамандарға арналған әдістемелік көмек пен іс –шаралар мақсатқа сәйкес, жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиіс.Сонымен бірге , жас мамандарды сабақтарға сараптама жасап үйретіп отыру керек. Жыл басында жылдың соңында сауалнамалар жүргізіліп, қиындық келтіріліп жүрген мәселелері бойынша өзара пікірлесіп, шешімін табу көзделсе тіпті жақсы.Жас мамандармен өтетін қандай тиімді тәсілдерін қолдану керектігін үйретіп отырған тіпті жақсы.
Жас мамандардың жұмыс жоспары.
Мақсаты:
Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын қалыптастыра отырып, қазір оқыту талабына сай педагогтарды дайындау.
Міндеттері:
Әрбір жас маманның педагогикалық шеберлігін дамыта отырып,технологияны жетік меңгеру негізінде баланың білімін жоғары деңгейге көтеру.Жас мамандардың теориялық білімдерін балабақша прак-тикасында қолдану дағдыларын қалыптастыру.Жас мамандардың қазіргі қоғамдағы рөлін арттыру,олардың құзырлығын дамыту.Жас мамандардың әлеуметтік және кәсіби тұлғасын қалыптастыру, олардықолдану және ынталандыру.Тәрбие білім берудің бағдарламаларын,оқу жоспарын, мемлекеттік білім стандартын, әдістемелік нұсқауларды талдау-игеру жұмыс-тарын жүргізу.Оқу сабақтардың барлық түрінің өткізілуінің әдістемесін, тиім-ділігін жетілдіру. Әдістемелік апталықтар, күндер уйымдастырылып, тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі рөлін арт-тыру.Сондықтан да жас ұрпақты заман талабына сай көздің ғана емес, көңіл қуанышы етіп тәрбиелеу басты міндет.Педагог К.Д Ушинскиидің егер педагогика адамды жан-жақты тәрбиелегісі келсе, оны жан-жақты білуі керек деген терең мағыналы сөзін жадыма сақтай отырып, білімімді тереңдетіп ізденуді мақсат еттім. Кішкене сәбимен сөйлесе білу де үлкен өнер. Олар бір нәрсені естігені мен көргендерін есте сақтай отырып, тез қабылдағыш, мейлінше сенгіш, барынша таза, адал көңілді,білуге, тануға құмартқыш келеді.Кішкентай балғын балалар-болашақ үздік шәкірттерімді қалай қалыптастырамын,отанын сүйетін адам етіп тәрбиелеуге өзіндік үлесімді қоса аламын ба?-деген сұрақтар мазалап, жаңа жоспарлар құруға жол ашты.Баланың бойында имандылық,көркем қасиеттерді сіңіру басты мақсатым болды.Тәрбиеші баланы жан тәнімен сүюі қажет.Алдымен рухани қуат беруі қажет.Мейірімділік,шыдамдылық, кешіре білу,баламен тең жағдайда сырласу, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері ақылы ғана мен өз мәртебемді көтере аламын.Баланың бойында имандылық, көркем қасиеттерді сіңіру басты мақсатым болды.Балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин «балалармен қысқа, ашуланбай сөйлесу, мағыналы сөздермен түсіндіру керек»деп кеңес берді.Ал сәби жүрегіне қонымды жауап беру үшін,мен күнделікті оқу іс –әрекеттерді шынайы, жақсы,қызықты өткізуге тырысамын. Әр оқу іс –әрекетінің сәтті шығуы бірінші кезекте, әрине тәрбиешілер қауымы өзімізге байланысты.Менің педагогикалық ұстанымым кішкентай бүлдіршіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру.Болошақта тәрбиеленушілерімнен Қазакстан елінің жарқын да белсенді балалары деген болады деген үлкен үміт күтемін.Мен осы себепті ұстаз жолы ауыр жол екенін білемін.Біз жарқын ел балаларының шамшырағымыз.Атап айтқандай болашақ ұрпақтың қолында,ал ұрпақ біздің, жас мамандардың қолында.

Бухариева Марияш Юрьевна

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *