ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПƏНІ МҰҒАЛІМІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МƏДЕНИЕТІ: МƏНІ ЖƏНЕ МАЗМҰНЫ

К.Ж. ҚОЖАХМЕТОВА, Г.Қ. БЕКЕНОВА
Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Жалпы жəне этникалық педагогика кафедрасы
Алматы қ., Қазақстан
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПƏНІ МҰҒАЛІМІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МƏДЕНИЕТІ: МƏНІ ЖƏНЕ МАЗМҰНЫ
Аннотация
Бұл мақалада «технологиялық мəдениет» ұғымының мəнін, мазмұнын ашып, авторлар «өзін-өзі тану» пəні мұғалімінің технологиялық мəдениетіне анықтама береді. Сонымен қатар, «өзін-өзі тану» пəнін оқытудың өзектілігін айтып, оның мақсатына сай «өзін-өзі тану» пəні мұға лімінің кəсіби мəнді бейнесін сипаттайды.
Түйін сөздер: мəдениет, технологиялық мəдениет, мұғалімнің технологиялық мəдениеті, өзін-өзі тану пəні мұғалімі, өзін-өзі тану пəні мұғалімінің технологиялық мəдениеті.
В этой статье рассматривается сущность понятия «технологическая культура», дается определение технологической культуре учителя «самопознание», а также раскрывается актуальность обучения дисциплине «Самопознание», и соответственно его целям описывается профессионально значимый образ учителя предмета «Самопознание».
Ключевые слова: культура, технологическая культура, технологическая культура учителя, учитель предмета «Самопознание», технологическая культура учителя предмета «Самопознание».
Annotation
This article focuses on the essence of the concept of “technological culture”, and the authors give the defi nition of technological culture of teachers’ “self-knowledge”. In various fi elds of science examines the notion of “culture” and gives a general philosophical defi nition of the concept “technology”. Also, the author discloses the actuality of training the subject “self- knowledge” and thus describes its goals describing the image of the “self knowledge” subject teacher.
Keywords: culture, technological culture, technological culture of the teacher, teacher of the subject “self-knowledge”, technological culture of the teacher of the subject “self-knowledge”.

Е
лбасымыз мұғалімдер жөнінде: «Мұға лімдер – қоғамның ең білімді, ең отан шыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады. Білім саласы қызметкерлерінің отаншылдығы халықтың басқа буындарымен салыстырғанда анағұрлым ауыр қиындықтарды бастан кеше отырып, жастарға өзінің бойындағы бар білімін беріп қана қоймай, оларды адалдық, адамдық, тазалық, гуманизм, Отан сүйе білу секілді асқақ сезімдерге тəрбиелеуінен де танылады. Патриотизмнің биік бір белгісі, міне, осы емес пе?» деген болатын [1], мұғалім мамандығын игеріп, өзіне ұстаздық етуді мақсат еткен бұл сала өкілдерінің ұрпақ тəрбиесінде алар орны ерекше. Елдің ертеңін тəрбиелеп жас ұрпаққа білім мен қоса тəрбие беретін еліміздегі бірден бір сала білім беру болып табылады. Ал, оның ішінде адамның жан дүниесіне руханилық пен гуманизмді, мəдениетпен, жеке тұлға қалыптастыруда «өзін-өзі тану» пəні мұғалімінің рөлі өте үлкен екені айқын. «Өзін-өзі тану» пəні мұғалімі пəнді жүргізудегі білімі мен біліктілігі, мəдениеті мен руханилығы, тəрбие беруде оның өзіндік жеке тұлғалық қасиеті ұштасқаны абзал.
«Өзін-өзі тану» пəні жаста болса мүмкіншілігі өте үлкен сала болып табылады. Қоғамдағы қазіргі елеулі мəселелердің бірі адам баласының өзі жайлы аз білуінде, сол арқылы рухани регрессияға ұшырап түрлі жағымсыз оқиғаларды бастан өткеріп отыр. Бұл адамдардың өзін танымауынан жəне өзін түсінбегендіктен, өзінің табиғатын жете білмегендіктің əсері десек қателеспейміз. Осындай маңызды қызметті атқару үшін, адамдарға рухани азық табуға көмектесетін бұл «өзін-өзі тану» пəні мұғалімінің үлесі көп. «Өзін-өзі тану» пəнінің əдістемесі ерекше, себебі бұл пəнді жүргізу барысында, өзіндік дəстүрлі əдістері жəне сабақ тақырыбына байланысты көптеген əдістер, əдістемелер, техникалар, технологиялар бар. Осы əдістемелерді, техникаларды жəне технологияларды қолданып, оларды орынды қолдана білу мəдениеті технологиялық мəдениетті қажет етеді.
Қазіргі таңда мəдениетке, технологиялық мəдениетке философиялық, педагогикалық зерт теулер жүргізіліп, сəйкес еңбектер мен сөз діктерде «мəдениет», «технологиялық мəде ниет» ұғымдарына анықтамалар мен түсінік тер берілді.
Философиялық, педагогикалық, энциклопедиялық сөздіктерде «мəдениет» ұғымына мынадай анықтамалар беріледі:
— «мəдениет (лат. – cultura – қайта жасау, өңдеу) − қоғамның жəне адамның түр лендіруші іс-əрекетінің барлық түрінің жиын тығы, сондай-ақ осы іс-əрекеттің нəтижесі» [2];
— «мəдениет (лат. – cultura – түрлендіру, даму) − адамдардың өмірді жəне іс-əрекетті ұйымдастыру түрлері мен формаларында, олардың өз арақатынасында, сондай-ақ олар дың өндірген материалдық жəне рухани құндылықтарында көрінетін, адамның шығармашылық күші мен қабілетінің, қоғамның дамуының тарихи анықталған деңгейі» [3];
— «Мəдениет дегеніміз – адамның өзін, қо ғамдық-əлеуметтік қатынастарды жасау үдерісі» [4]. Мəдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған іс-əрекеттер мəдени əрекет ретінде қарастырылып, олардың қатарына мынадай адамдық қажеттіліктер жатқызылады: шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық жəне т.б.
Педагогика ғылымында қалыптасу мəселесін зерттеу жəне «технологиялық мəдениет» ұғымын анықтау философиялық, психологиялық, педагогикалық, əлеуметтанулық ғылым салаларында зерттеліну деңгейін анықтап, талдауды қажет етеді.
Академик П.Р. Атутов өз еңбегінде мəдениетке технологиялық сипат береді: «заманауи техниканы жетік меңгеру үшін ең алдымен барлық техникалар мен технологиялық үдерістердің негізделген табиғат заңдарын пайдалануға терең білім, жоғары жалпы сауаттылық жəне мəдениет талап етіледі [5]».
Н.Ф. Тарасенко, З.Файнбург, Э.С. Маркарян, жəне басқа да зерттеушілер мəдениетті адам іс-əрекеті жүзеге асыратын ерекше тəсіл немесе технология ретінде қарастырады. Атап өтсек, Э.С. Маркарян мəдениет «қоғамдағы адамның белсенділігі ынталандырылатын, бағдарланатын, үйлестірілетін жəне жүзеге асырылатын, өзіне биологиядан тыс өндірілген механизмдердің кенеттен күрделі жəне көпқырлы жүйелерін қамтитын адам ісəрекетінің ерекше тəсілі» ретінде көрсетеді [6].
Əлеуметтік-философиялық əдебиеттерде «технология» ұғымына жалпы философиялық мағынада, былайша анықтама беріледі:
— «Технология» (гректің techne – өнер, шеберлік и logos – іскерлік, ептілік) – адамдардың күрделі үдерістерінің салыстырмалы бірдей орындалатын ретті, өзара байланысты процедурасы, əрекет жəне операция жүйесіне бөлу жолымен жоспарланған нəтижелерге жетуді жүзеге асыру тəсілдері. Кез келген технология болжанады, жобаланады əрі жалпы жəне арнайы ғылыми принциптер негізінде жүзеге асырылады [7].
Қазіргі кезеңде технологиялық мəдениет ұғымына тəн анықтамалар берілген, атап айтқанда олар төмендегідей:
— «технологиялық мəдениет – жалпы адам зат мəдениетінің басты саласы, əрбір тари хи кезеңнің даму мақсатын, сипатын жəне адамдардың табиғатты өзгер ту ші шығармашылық іс-əрекетінің дең гей ін көр сетеді, ғылым мен техника же тіс тіктері не гі зінде жүзеге асырылатын өнді рістік қаты настардың этикасы» ретінде айқын далады [8];
— технологиялық мəдениет – осы өндірістік қатынастардың ғылым мен техника жетістіктері негізінде жүзеге асырылатын, адам ның түрлендіруші шығармашылық ісəре кеті деңгейі мен сипаты, оның даму мақса тының əрбір тарихи кезеңінде көрінетін адам заттың жалпы мəдениетінің басты саласы («Жалпы білім беретін мектептерде жастардың технологиялық мəдениетін қалыптастыру тұжырымдамасы» [9];
— əлеуметтік (кең) тұрғыда технологиялық мəдениет – бұл адамдардың мақсатты үлгідегі жəне тиімді түрлендіруші іс-əрекет негізінде қоғамдық өмірдің даму деңгейі, мате риалдық жəне рухани өндірісте қол жетім ді технологиялардың жиынтығы; жеке тұл ғалық (тар) тұрғыда технологиялық мəдениет – бұл өзін жəне қоршаған əлемді тану мен түрлендірудің заманауи тəсілдерін адамзаттың меңгеру деңгейі [10].
И.Ю. Башкирова технологиялық мəдениет ті өмір сүруші ақпараттық жəне технологиялық байытылған əлемде жеке тұлғаның бейімделуі мен кіріктірілуіне, табиғат, қоғам жəне адамның өзі үшін олардың салдарлары негізінде материалдық жəне рухани құндылықтарды жасау бойынша түрлендіруші іс-əрекеттердің оңтайлы əдістері мен құралдарын саналы жəне шығармашыл талдауға мүмкіндік беретінін анықтайды [11].
М.М. Левинаның зерттеуінде мұғалімнің технологиялық мəдениетін қалыптастырудың мəні мен жолы толықтай ашылған. Ол педагогтың технологиялық мəдениеті деп, мұғалім нің кəсіби мінез-құлық логика сын, креативті іс-əрекет тəжірибесін, техноло гия лық үдерістерді ұйымдастыру тəсілдерін меңгеруді, олардың білім беруді гуманизациялау жəне гуманизациялау мақсатына бейімделуі деп түсінеді [12].
Н.А. Максимованың пікірі бойынша қолданылған тəсіл мұғалімдердің шығар машылық жеке даралығын толықтай ашуды жеткілікті ескермейді жəне берілген үдеріс мұғалімдердің технологиялық мəдениетін қалыптастыру мəселесіне қатысты бір жақты көзқарасқа алып келеді [13].
И.Ф. Исаев мұғалімнің технологиялық мəдениетіне педагогтің белгілі оқыту мен тəрбие технологиясы жүйесін, сондай-ақ педа гогикалық үдерістегі баламалы педагогикалық технологияны талдау іскер лігін меңгеруді теңестіреді [14].
В.А. Сластенин өзінің жұмысында мұғалімнің технологиялық мəдениеті ұғымына мынадай анықтама береді: мұғалім нің технологиялық мəдениеті – бұл педа го гикалық іс-əрекеттің жəне оның мағынасындағы операциялық құрамның жеке тұлғалық бағыттылығын анықтайтын, өзіне педа гогикалық үдерістің гуманистік құндылық тарын біріктіретін кіріктірілген жеке тұлғалық білім; педагогикалық іс-əрекет тех но логиясын көрсететін жəне оның опера циялық құрамының технологиялық дең гейге ауысуына мүмкіндік беретін кірік тірілген педагогикалық іскерлік; кəсіби-педа гогикалық іс-əрекет мағынасындағы жеке тұлғалық тұжырымдаманы жəне оның шы ғармашылық тұрғыдан жүзеге асуын ашатын педа гогикалық іс-əрекеттің жеке тұлғалықшығармашылық стилі [15].
Н.А. Максимова өзінің диссертациялық зерттеу жұмысында төмендегідей қысқаша анықтама береді: «мұғалімнің технологиялық мəдениеті деп, мұғалімнің педагогикалық құндылықтарының, технологиялық іскерлік терінің (педагогикалық техника мен педагогикалық технология) жəне шығармашылық жеке тұлғасының динами калық жүйесін түсінеміз» − деп [13].
Ортаев Б.Т өзінің зерттеуінде: «Мұғалімнің технологиялық мəдениеті» ұғымы төмендегідей сапалармен анықталады: мұғалімнің педагог ретіндегі рухани игіліктерімен, педагогикалық позициясы жəне кəсіби-жеке тұлғалық сапасымен; педагогикалық білімі (оның ішінде педагогикалық технология) жəне үдерісті нəтижелі ұйымдастыру іскерлігімен; мұғалімнің педагогикалық шығармашылығы жəне қабілетімен» − деп сипаттама береді [16].
Мəдениет контексі тұрғысынан кəсіби педагогикалық іс-əрекеттегі «технологиялық мəдениет» ұғымына тəн: «болашақ технология пəні мұғалімдерінің кəсіби педагогикалық іс-əрекеттегі технологиялық мəдениеті − педагогикалық іс-əрекет жəне оны ұйымдастыру бойынша білімдерді; педагогикалық үдерісті танып білу мен оны педагогикалық технологияларға сəйкес «нəти желі» етіп ұйымдастыруға дайындықты; педагогикалық шығармашылық пен қабілетті; өзіндік педагогикалық білім мен іскерлігін жетілдіру бойынша ізденістегі ұмтылысты қамтитын кіріктірілген сапасы» деп анықтама береді [16].
В.А. Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық бұл, адамтану адамның күрделі жəне қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу» − деген болатын, дəл осы сөздер «өзін-өзі тану» пəні мұға ліміне де қатысты айтылған секілді. «Өзін-өзі тану» пəні мұғалімінің негізгі тұлға лық қасиеттеріне: ізгіниеттілігі, адамгершіліктілігі, жылы жүзділігі, эмпатияға қабілеттілігі, оқушылармен байланысты тез орнықтыра алатындай қасиеттерге ие адам болып табылуы керек. Сонымен қатар, ең алдымен өзін-өзі қабылдауы маңызды, ол үшін мынадай қасиеттерге ие болуы қажет: өзін-өзі оң бағалайды, опти мист, өзін-өзі қабылдай алады. Өзге адам дарды қабылдай алуы қасиеттеріне: Өзге адамдардың (оқушылардың, əріптестерінің, басшылардың) əрекетіне толеранттылықпен қарау, оқушылармен қарым-қатынасында, оларды құрметтейді, толық сенуге жəне жоғары бағалауға лайық жеке тұлға деп есептейді. Сайып келгенде, «өзін-өзі тану» пəні мұға лімінің бойында мынандай сапалық қасиеттер болуы шарт: эмпатия (өзгелердің сезімін түсіне білу), құрметтеу (өзгелерді тұлға ретінде бағалай алу), шынайылылық (өз сезімдерін ашық білдіре алуы), қарымқатынас əдебі. Əрбір педагог бұл ұстаз өмірлік азық болатын рухани -адамгершілік тұрғыдан ұлағаттылықпен теңелетін өмір маржандарын ұғындырып, өмір баспалдағының бастауына жетелейтін тəлімгер. Осы қасиеттерді бойына сіңірген бұл кəсіп иелерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен рөлі кең екені даусыз.
Біздің ойымызша, «Өзін-өзі тану» пəні мұға лімінің технологиялық мəдениеті бұл кəсіби педагогикалық іс-əрекетінде қолданылатын техникалармен, əдіс-тəсілдерді жетік меңгеріп, жеке тұлғаға бағыттай отырып, шеберлікпен қолдану.
Қорыта келгенде, «өзін-өзі тану» пəні мұғалімінің технологиялық мəдениеті, бұл пəнді жүргізу шеберлігімен байланысты жəне жеке тұлғаға бағыттау негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Себебі, бұл пəннің негізгі мақсаты рухани-адамгершілік тəрбие бере отырып, жеке тұлға қалыптастыру. Бұл орайда, мұғалімнің технологиялық мəдениеті маңызды рөл ойнайтыны анық. Сонымен қатар, «өзін-өзі тану» пəні мұғалімінің келбеті, оның қарым-қатынасы, пəнді жүргізу шеберлігі маңызды болып табылады. Тəуелсіз елдің рухты азаматтарын жəне ел мүддесі үшін қызмет ететін парасатты адамдармен, өзіндік жетілудің жоғары сатысына жеткен тұлғалар тəрбиелеуді басты міндетіне санаған бұл маман иелерінің болашағы өте жоғары.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Назарбаев Н. Заманның сыншысы да, тарихшысы да – бүгінгі жастар //Егемен Қазақстан. 2001. − №24 (22628). − 1-2 бб. 3-ақпан.
2 Краткий словарь по философии / Под общ. Ред. И.В. Блауберга, И.К. Пантина. − М.: Политиздат, 1979. − 413 с.
3 Психолого-педагогический словарь для учителей и руководителей общеобразовательных учреждений / Под ред. П.И. Пидкасистого. − Ростов н/Д.: Феникс, 1998. − 544 с.
4 Қазақ мəдениеті. Энциклопедиялық анық тамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 656 б.
5 Атутов П.Р. Политехнический принцип в обучении школьников. – М.: Педагогика,
1976. − 192 с
6 Маркарян Э.С. Системное исследование человеческой деятельности //Вопросы философии. 1972. − №10. – С. 20-22.
7 Профессиональная педагогика /Под ред. С.Я. Батышева. – М.: Ассоциация «Профессиональное образование», 1999. – 904 с.
8 Концепция формирования технологической культуры молодежи в общеобразовательной // Школа и производство. 1999. − №1. – С. 5-12.
9 Временное требование к обязательному минимуму содержания основного общего образования и требования к условию подготовки выпускников по образовательной области «Технология» // Школа и производство. 1999.
− №3. – С. 6-8.
10 Симоненко В.Д. Основы технологической культуры. – Брянск: БГПУ, 1998. – 268 с.
11 Башкирова И.Ю. Дидактические условия формирования технологической культуры будущих учителей технологии: автореф.
…канд. пед. наук. – Тула, 2001. – 20 с.
12 Левина М.М. Технологии профессионального педагогического образования. – М:
АСАDЕМА, 2001. – 243 с.
13 Максимова Н.А. Проектирование системы формирования технологической культуры учителя: дисс. … канд.пед.наук: 13.00.01. – Смоленск, 2004. − 207 с.
14 Исаев И.Ф. Профессионально-педагогическая культура преподавателя высшей школы: воспитательный аспект. – Москва – Белгород: Всзелица, 1992. – 102 с.
15 Сластенин В.А. Формирование профессиональной культуры учителя: Учебное пособие. − М.: Прометей, 1993. – 177 с.
16 Ортаев Б.Т. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мəдениетін қалыптастыруға даярлаудың теориясы мен практикасы: автореферат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *