КОМПОЗИТОР АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВАНЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ БАСТАУЛАР

Ф. ЕСКЕНЕЕВ
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы Алматы қ., Қазақстан
КОМПОЗИТОР АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВАНЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ БАСТАУЛАР
Аннотация
Мақалада автор белгілі композитор, кəсіби музыкант, қазақ халық музыкасы жанашыры Ақтоты Райымқұлованың музыкалық өсу жолын, шығармашылығын, отандық музыка деңгейін кəсіби тұрғыда көтеру жолындағы елеулі еңбегін музыка өнерінің қазіргі жай-күйі тұрғысынан қарастырады. Композитордың берген сұхбаттары негізінде, ол жетекшілік ететін топтар шығармашылығына сүйене отырып қазақ музыка өнерін əлемдік деңгейде таныту жолындағы шығармашылық ізденістерін талдайды.
Түйінді сөздер: шығармашылық ізденіс, дарынды композитор, жоғары деңгейлі өнер.
В статье автор рассматривает пути музыкального развития, творчества известного композитора и профессионального музыканта, подчеркивает весомый труд человека, проявляющего заботу о народной музыке в контексте современного состояния музыкального искусства. Описывает творческий поиск композитора в целях признания казахского музыкального искусства на мировом уровне, используя материалы из интервью с самой певицей и опираясь на творчество музыкальных групп под ее руководством.
Ключевые слова: творческий поиск, талантливый композитор, искусство высокого уровня.
Annotation
In article the author considers the path of musical development, creativity, signifi cant work to raise the level of the domestic professional music of the famous composer, professional musician, a man who shows concern Aktoty Rayymkulovoy folk music in the context of the current state of music. Describes the composer’s creative search for its recognition on a global level, using material froman interview with the singer, and drawing on the work of the groups under her leadership. Key words: creative search, talented composer, a high level of art.
алық музыкасы – қазақ музыкалық мұрасының қайнар бұлағы. Төл өнері-
міз деңгейі əлем сахнасынан орын алған, биік дəрежелі классика екенін мойындау қажет. Қазақтың ұлт ретіндегі рөлін айқындайтын басты бейнесі – салт-дəстүрі, музыкасы жəне өнері. Біздің əлем мойындаған музыканттар шетелді батысеуропалық музыкамен емес, тек ұлттық музыкамызбен ғана таңғалдырып жүргендігін айтады. Бұл жөнінде композитор А.Райымқұлова: «Музыкант ретінде маған «дəстүр» деген сөз төмендету емес, «классика» дегеннен де биік естіледі. Біз өз дамуы мызды тек қазақ халқы ретінде ғана қарамай, жалпы дамуда қарауымыз керек.
Классика – батыста дамыған еуро палық даму түрі, классикалық өнерді дамытатын қазіргі заман өнері. Тіпті за манауи кəсіби композиторлар, біз де, классикалық өнер бола алмаймыз. Біз олардың жанры, оркестрлік құрамын пайдалана отырып, өз идеяларымызды олар түсінетін тілде береміз» [1].
Халық музыкасының əлемдік деңгейдегі классикамен тең дəрежеде екенін дəлелдеп жүрген А.Райымқұлова 1964 жылы 2 мамырда Алматыда қазақтың зиялы отбасын да дүниеге келген. Əкесі Рахметолла Райымқұлов елге танымал жазушы болса, анасы Мəкиза Дайырбайқызы Қазақ кеңес энциклопедиясында жұмыс істеген. Дарынды композитордың болашағын негізінен ата-анасы болжаған. Бұл туралы белгілі жазушының замандастары М.Раш пен Қ.Исабаевтың естеліктерінде айтылған [2], [3].
1964 жылы ашылған, мемлекеттік тілдегі өнер ошағы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатында білім алған. Еліміздегі симфониялық, камералық, халық аспаптары оркестрлері мен этно-фолкльклорлық ансамбльдер, басқа да көптеген өнер ұжымдарында осы ұядан түлеп ұшқан түлектер жұмыс істейді [4]. А.Серкебаев, Т.Мұхамеджанов, Қ.Шілдебаев сынды саңлақ музыканттармен қатар қазақ композиторлары мектебінің негізін қалаушылардың бірі Ғ.Жұбановадан дəріс алған. Мектептен соң Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына түсіп, 1987 жылы бітірген. Сондай-ақ 2007 жылы Халықаралық бизнес академиясын МВА дəрежесімен бітірген.
2007 жылы ғылыми жұмысын сəтті қорғап өнертану кандидаты, 2010 жылы «Музыкалық өнер объектісі нарық қатынастарының объектісі ретінде» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, өнертану докторы атанған. 2008 жылы доцент ғылыми дəрежесін алған.
А.Райымқұлова «Аспан көші» балеті, «Толғау», «Дала сыры», «Жəмиля», «Асар» симфониялық поэмалары; 20 спектакль мен кино фильм музыкасының авторы, оның ішінде «Періштеге хаттар»; 3 кантата, «Ежелгі тұран» симфониеттасы; 300-ден астам əн; мерзімді басылымдарда жарияланған көптеген мақаланың авторы.
Сондай-ақ, Иран Ғайыптың шығармасына қойылған «Қорқыттың көрі», «Соңғы махаббат» спектакльдерінің, М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Америка драматургы Дональд Кобурн қойған «Жынойнақ» трагикомедиясының [5], Ғ.Мүсiрепов атындағы академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театрында Ж.Хаджиев қойған Ғ.Мүсiреповтiң «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклiнің, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты», «Еңлік – Кебек» қойы лымдарының, «Сыған серенадасы» поэтикалық-музыкалы драмасының музыкасын, «Астана – махаббатым менің» телехикаясының саундтрегін жазған. 2005 жылы Ə.Нұршайықовтың «Мəңгілік махаббат жыры» кітабы жарыққа шыққаннан кейін А.Райымқұлова кітаптың бас кейіпкері Халимаға арналған əн шығарды.
«4-сыныптан бастап əн шығара бастадым. Əн жазу үшін адамның кəсіби қасиеті басым болу керек. Мысалы, тапсырыс түсті ме, сен оны тапсырма ретінде уақытында орындауың керек. Шабыт адам іске кіріскенде келеді. Əндерімнің ішіндегі өзіме аса ыстығы ол «Анажан», «Папажан» əндерім. Ең бірінші жазған əндерім болған соң шығар. Оларды алғаш рет Мақпал орындады. 5-сыныпта Мақпал екеуміз қатар сыныпта оқыдық. Сол кезде мұғаліміміз біреуің əн жазасың, біреуің əн айтасың деп екеуімізді дайындады. Əндерімді Мақпалға үйретті. Екеуіміздің достық қарым-қатынасымыз содан басталды», – деп ой бөліседі əнді қалай жаза бастағаны жайлы композитор [6]. Ал белгілі əнші М.Жүнісова сұхбатында композитор А.Райымқұловамен тығыз шығармашылық қатынаста екенін атап өтеді [7]. «Егер əнің əншіге ұнап жатса, ол үлкен бақыт. Мысалы, қазір əндерімді Роза Рымбаева орындап жүр. Ол кісі əнге үлкен талғаммен қарайтын адам. Əн туралы пікірін ашық айтады. Сол сияқты, Н.Есқалиева, С.Тыныштығұлова, «Арнау» дуэтіне, квартеттерге əндер жазып жатырмын», – өз əндерін орындаушылар туралы композитор [6]. Əн жазудың ішкі сырларын терең меңгерген дарын иесінің кейінде белең алған жайлар туралы өзіндік пікірі бар: «Шынымды айтсам, осы уақытқа дейін мен əніме əншілерден ақы алған емеспін. Өнер ақшамен өлшенбеуі керек. Мысалы, сол сатылып жатқан əндердің ішінде Шəмші əніндей əн жоқ қой. Ертеңгі күні халыққа қалады-ау деген əн мыңның ішінде бір кездесуі мүмкін. Менің санамда алдымен өнер сапасына леп қосу деген түсінік бар. Егер əншілерге əнім ұнап, маған келіп жатса, көмектесуге дайынмын». Өнер əлеміндегі əріптестеріне былай деп баға береді: «Роза, Мақпал, Батырхан Шөкенов сияқты бетке ұстар əншілерге айтар сөзім жоқ. Бірақ, өнерге жаңа келген жас əншілерге көңілім аса толмайды. Əрине, таланттылар өте көп. Бірақ, олардың кəсіби дайындықтары аз. Сəл танылса: «болдым, толдым» деп сол жерде тоқтап қалады. Ал, өнер үлкен ізденісті талап етеді» [6]. А.Райымқұлованың ел сахнасында шырқалып жүрген «Астана – махаббатым менің», «Тырналар», «Қос Шолпан», «Арал мұңы» əндері аса танымал. А.Райымқұлова 1990 жылдан КСРО Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі. 1990 жылғы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері [13].
Жан-жақты композитор сондай-ақ 2013 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында 3Д форматында жасалған, тəуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы толықметражды «Ер Төстік пен Айдаһар» анимациялық фильмінің музыкасын жазуға қатысқан [8].
Ол 1988 жылдан бері Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының концертмейстері, педагогы, ал 2000 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының проректоры, кафедра меңгерушісі. 1997 жылы Қазақстан Халық əртісі Ж.Əубəкірова консерватория ректоры болып келгеннен бері өнер ордасы əлемдегі жетекші музыкалық жоғарғы оқу орны ғана емес, мəдени-ағарту ордасына айналғаны белгілі. Бұл шараларға оқу орнының проректоры А.Райымқұлованың қосқан үлесі зор. Консерватория 2005 жылы дəстүрлі халық музыкасын орындаушылардың ІІІ республикалық байқауын ұйымдастырушылардың бірі болды. А.Райымқұлованың пікірінше, шара аясындағы басты табыс «Асыл Мұра» жобасы бойынша қазақтың ежелден келе жатқан музыкалық жəдігерлері жазылған 12 компактдискінің жарыққа шығуы болды [9].
2009 жылы консерватория симфониялық оркестрі АҚШ ірі қалалары залдарында концерт берді. Бұл жайлы А.Райымқұлова: «New York Times, Gerold tribune сияқты басылымдарға Қазақ ұлттық консервоториясын мадақтаған мақалалар көп шықты. Соларды Американың концерттік агенттіктері қызметкерлері оқып, бізге хабарласты. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Бізде оқитын балалардың өнерлері ұшталып, дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне бар күшімізді саламыз», – деп пікірін білдірді [10].
2012 жылы қазанда консерватория симфониялық оркестрі талғампаз тыңдаушыға «Сим фо ниялық музыка» кешін сыйлады. Кеш тура лы А.Райымқұлова: «Бұл жоба ерекшелігі – əлемде бірінші рет қазақ ұлттық оркестрі мен симфониялық оркестр бір сахнада айтыс жасауы. Мысалы халық аспаптар оркестрі Батыс Еуропа композиторлары шығармаларын ойнаса, симфониялық оркестр қазақ күйлерін ойнайды», – деп көрсетті [11]. Консерватория Ғ.Жұбанова шығармашылығын насихаттауға арналған ағартушылық жоба – «Музыка – менің əлемім» фестивалін ұйымдастырғанда бұл шараның да басы-қасында А.Райымқұлова жүрді [12].
Музыка білгірі консерваториядағы педаго ги калық қызметімен қатар шебер орындаушы ретінде жоғары деңгейдегі концерттерге қатысып, шеберлігін көрсетіп жүр. 2010 жылы сəуір айында Тель-Авивте Израиль камералық оркестрінің Қазақстан ком пози торлары шығармаларынан тұратын концертіне қатысты. Бұл шетелдік оркестрдің бағ дарламасы толығымен қазақ композиторлары шығармаларынан құралған қазақ музыкасының тарихындағы алғашқы концерт. Ал, 2011 жылы мамырда Президенттік Мəдениет Орталығы залында «Қазақстан Камератасы» Мемлекеттік ансамблі «Iзденic, шабыттану, шарықтау…» атты қазақстандық композиторлардың қазіргі заманғы музыкасы концертін ұсынды. Концертте «Камерата» өз тыңдармандарына қазақстандық авторлардың бұрын еш жерде ойналмаған заманауи музыкасын ойнады – олардың қатарында А.Райымқұлова да бар.
Ол елдегі музыка саласындағы ірі шаралар ұйымдастыруға белсене араласады. Мысалы Ұлттық консерватория «Хабар» агент тігімен бірге жасаған жоба – «Classic» радиосынан берілетін «Классика таңы», «Гар мония лебі», «Афиша», «Концерттік зал» атты бағдарламаларды дайындауға қатысады. «Classic» радиосы 2012 жылы өткізген
«Классика менің өмірімде» конкурсының
Қазылар алқасы, 2013 жыл соңында Орталық
Азия аумағындағы бірегей арна саналатын «Классика» радиосының кезеңдік жұмысын қорытындылауға арналған мəжіліс жұмысына белсене араласты.
А.Райымқұлова композиторлықпен шектелмей, классикалық музыка бағытындағы топтарға жетекшілік етеді. Ол класикалық бағыттағы «Аңсар» тобына басшылық жасайды. Бұл топ репертуарында 10-15 қазақ, орыс, итальян т.б. тілдердегі классикалық туынды мен авторлық шығармалар бар.
Сонымен бірге белгiлi композитор этно-фольклорлық «Тұран» ансамблiнің көркемдiк жетекшiсi. Халқымыздың 30-дан астам көне аспаптарды сахнаға шығарып жүрген «Тұран» ансамблінің жөні бөлек. Олар Түркия, Германия, Венгрия, Израиль, АҚШ, Корея, Франция т.б. мемлекеттерде ө нер көрсетті. Тыңдаушыларын шебер орындаушылық қабiлеттерiмен баурап алған «Тұран» тобының шығармашылық репертуарында Н.Тiлендиевтiң «Аққу», халық композиторы Тiлептiң «Бақсы», халықтың «Қасқыр», А.Райымқұлованың «Шабыт жəне Толғау» атты күйлерi бар [14]. Топ мүшесі Б.Бекмұханбет қажетті аспаптарға қол жетпей қиналғанда консерватория ректоры Ж.Əубəкірова мен продюсерлері А.Райымқұлова қол ұшын созатынын ризашылықпен айтады [15]. Ансамбль мүшелері қазір А.Райымқұлованың бастамасымен Қазақ халық музыка аспаптары музейінде ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істейді. Сəрсенбі сайын əр музыка аспабы туралы мəлімет беріп, лекция-концерт өткізеді [16].
Композитор шығармашылығы халыққа танымал. 2009 жылдан бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасында көрсетіле бастаған Н.Бейсеқожаның «Көпішілік консерваториясы» авторлық жобасы бойынша хабарлар циклінде А.Райымқұлованың күрделі музыкалық шығармалары жайлы жеке хабар бар.
Өнертанушы-ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар сыйлығының иегерi А.Райымқұлованың музыка өнері жайлы ойлары салмақты. Бір сұхбатында ол: «Қоғамның қандай деңгейде екенін кəсіби мамандарға қарап білуге болады. Өйткені, композиторлар көп бола алмайды. Композитор болу үлкен біліктілік пен сауаттылықты, ізденісті қажет етеді. Өнердің ең қиыны осы композиция. Композитор боламын деген адам өнерді, музыканы сүю керек. Егер де адам өз қуанышы мен өкінішін, сезімін, махаббатын музыка арқылы шығара алса, əн шығармай жүре алмайтын болса, онда ол адам композитор бола алады», – деп ой түйеді [17].
Ал, «Шығармада қазақы бояу, иіс аңқып тұруы үшін не істеу керек?» деген сұраққа: «Шығарманы халық аспаптарына жазып, əншіге орындатқанда қазақтың иісі сезіліп тұрады. Біз шетелдерге қазақы бояу, үнімізбен ғана қызықтымыз. Егер еуропалық, əлемдік аспаптарға, дауыстарға жазсақ, бəрібір олардың пішіндері сақталады. Біздің күйлеріміз, аспаптық жанрларымыз формалары мүлде басқаша. Қазақтың музыкасы күй түрінде, қазақы табиғатымызға тəн тембрлермен де берілуі керек. Əлемнің дамыған 50 елінің қатарына ену үшін өзіміздің төл музыкамызды симфониялық оркестрдің көмегімен бүкіл əлемге түсінікті тілмен жеткізуіміз керек». Оның қазақ композиторлық мектебі туралы бағасы жоғары: «Бізде əлемдік деңгейдегі мойындалған əдебиет, музыка, компо зиторлық, жазушылық, ғылыми мектеп қалып тасқан. Ал, композиторлық мектеп əр дамыған елде бола бермейді. Дүниежүзілік неміс, ағылшын, француздың деңгейіндегі музыкалық түсінікті меңгердік. Шетелде қазақ композиторларының симфониялық оркестрге, хорға арналған шығармаларын тыңдағанда, бұл дамыған, өркениетті ел екен деп мойындайды. Халықаралық деңгейдегі композиторлық мектептің бар болуы ұлттың деңгейін көрсетеді». Ол қазақ композиторлары үздік шығармаларын əлемдік деңгейде қазақы қалпын бұзбай таныту жолдарын іздестіріп жүрген ізденімпаз зерттеуші: «Симфониялық оркестрдің, еуропалық аспаптардың əуенін қазақтың əуеніне жақындатуға болады. Мысалы, симфониялық оркестрде қылқобыз жоқ. Бірақ оның үнін виолончель, альт аспаптары арқылы арнайы штрихтармен шығаруға болады. Сыбызғыны флейта, гобой, ағылшын рожогы арқылы беруге болады. Қазақтың музыкасын еуропалық оркестр арқылы сөйлетуге əбден болады», – деп ұсыныс білдіреді.
Бастысы, ол қазақтың музыкасы – оның жаны екеніне сенімді: «Біздің ел экономикалық жағынан ғана емес, рухани жағынан да алда тұруы керек. Бізде ғасырлар бойы тозбай жеткен бай мұра бар. Тамыры мыздан ажырамай, кəсіби деңгейдегі қазақы музыка жазу – басты мақсатымыз» [17].
Өнертанушылар пікірінше, «А.Райымқұлова шығармашылығының өзіндік ерекшелігі – ұлттық бастау, фольклорды замануи тұрғыдан көре білу, осыған байланысты композиторлық техниканың соңғы жетістіктері мен соңғы кезде шығармашылығында пайдаланылып жүрген компьютерлік технология мүмкіншіліктері тембр мен музыкалық бейнеліліктің басқа да құралдарындағы ізде ністерге бағытталды. Ол Францияда, Ком пьютерлік шеберлік мектебінде – Les Atelieur UPIC (Париж), содан соң Театр академиясында (Бохум қ., Германия) тəжірибеден өтті. Республикалық, халықаралық композиторлар конкурстары (АҚШ, Нидерланд, Ұлыбритания) лауреаты жəне дипломанты. Шығармашылығына композиторлық ойлаудың пəлсапалық ерекшелігі, адамның ішкі əлемін, психологиялық жай-күйін ашуға ерекше көңіл бөлу тəн. Ол симфониялық, камералықаспаптық, вокальдық жəне бала лар хор музыкасы жанрларында жұмыс істейді» [18].
Арнаулы музыка мектебінен бастап консерваторияда классикалық музыкалық білім алған, қазақтың төл əуенін отбасынан бітімболмысына сіңіріп өскен білгір музыка маманы, эстрада əуендерінен бастап салмақты симфониялық музыкаға дейін ұлттық нақышты сіңдіру жолында үлкен ізденісте жүрген композитор, тың идеяларын жүзеге асыруда шеберлік танытатын қайраткер, өмірінде тек жоғары деңгейдегі өнерді жолбасшы етіп алған А.Райымқұлованың шығармашылық алар шыңы əлі алда.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Жұмакүлбай Ж. Ұлттық музыкаға классикалық статус беру керек пе?/Алаш Айнасы. 27.07.2011. − №130. 2 Раш М. Рахаң, Мəкиза… жəне Ақтоты/ Қазақстан-заман. 12.08.2013. − №32. 3 Исабаев Қ.. Замандасым, сырласым/ Қазақ əдебиеті. 03.08.1993, − №22. 4 Байдəулет Қ. Мектептердің мақтаулысы «Жұбанов!» / Айқын. 03.05.2012. − №114.
5 Елеухан Н. Қазақ сахнасында алғаш рет Дональд Кобурнның «Жынойнақ» драмасы қойылды/www.inform.kz сайты. – 04.05.2012.
6 Асанқызы С.. Ақтоты Райымқұлова: «Ешбір əніме əншілерден ақы алған емеспін»/«Жұлдызбен сырласу». 12.04.2013.
7 ЖҮНІСОВА М.: Жұбанышты тек Мұқаңның поэзиясынан тапқандаймын… 14 шілде
2011. «Нұр Астана»
8 Зейнуллина Г. Ер Төстіктің бейнесі суретшілер қиялынан туды/Ұлан. 09.04.2013. − №14.
9 Төлепберген Б. Дəстүрлі халық музыкасын орындаушылардың үшінші республикалық байқауы басталды/Қазақ радиосы. 12.10.2005.
10 Қалаққызы Б. Құрманғазы консерваториясының жас музыканттары Американы қазақ өнерімен таныстырады/Қазақ радиосы. 12.11.2009.
11 Алматыда жас музыканттар классикалық музыка сүйер қауымды əсем орындауымен тəнті етті/«Хабар» агенттігі. – 31.10.2012.
12 Жұбанова шығармашылығының мұрагерлері/Алмалы ауданы əкімі аппараты сайты. 14.12.2007.
13 Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. – 116 б.
14 «Қасқыр күйi» Лос-Анджелесте орындалмақ!/Ғаламтордан. Asia/Almaty. 2011.
15 Жоямергенұлы Ө. «Тұран» тобы: Қазақтың этноаспаптары еуропалықтарды ессіз ғашық еттi/Дала мен қала. 06.04.2011. − №14.
16 Молдахметұлы Ж. Көнеден жеткен қазына/Айқын. 23.05.2013. − №116.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *