ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ƏДІСТЕРІ МЕН ТƏСІЛДЕРІ

М.Т. САТИЕВА, Ш.Н. ДҮРМЕКБАЕВА, А.Г. КАЗМАГАМБЕТОВ
Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Биология жəне оқыту əдістемесі кафедрасы satievam@mail.ru;
biologia_imp@mail.ru
Көкшетау қ., Қазақстан
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ƏДІСТЕРІ МЕН ТƏСІЛДЕРІ
Аннотация
Бұл мақала дəстүрлі оқыту əдістерінің орнын алмастырған инновациялық оқыту технологиялары қарастырылған. Инновациялық қызмет дидактикалық үрдістің барлық жақтарын: ұйымдастыру түрлерін, мазмұны мен оқыту технологиясын, оқу-танымдық қызметін қамтиды. Интерактивті оқыту технологияларының жобалап оқыту жəне компьютерлік технологиялары сипатталып көрсетілген. Сондай-ақ, мына түрлері мен əдістері қарастырылады: проблемалық лекция, семинар-диспут (пікірсайыс),тақырыптық дискуссия, кооперативті (ұжымдық) оқыту əдісі, «миға шабуыл», дидактикалық ойын, имитациялық тренинг, ойын арқылы жобалау əдісі.
Түйін сөздер: инновациялық технология, инновациялық қызмет, интерактивті оқы ту тех нологияларының түрлері мен əдістері: проблемалық лекция, семинар-диспут (пікірсайыс),тақырыптық дискуссия, «миға шабуыл», дидактикалық ойын, имитациялық тренинг, ой ын арқылы жобалау əдісі.
В данной статье рассматриваются вопросы инновационных технологий обучения, пришедших на смену традиционным методам обучения. Инновационная деятельность (технология) охватывает все стороны дидактического процесса: формы организации, содержание и технологию обучения, учебно-познавательную деятельность. Выделены и охарактеризованы следующие интерактивные технологии обучения: технология проектного обучения, компьютерные технологии. Рассматриваются формы и методы технологий интерактивного обучения, в частности: проблемная лекция, семинар-диспут, учебная дискуссия, «мозговой штурм», дидактическая игра и другие.
Ключевые слова: инновационная технология, инновационная деятельность, формы и методы технологий интерактивного обучения: проблемная лекция, семинар-диспут, учебная дискуссия, «мозговой штурм», дидактическая игра, имитационный тренинг, игровое проектирование.
Annotation
The paper discusses the innovative training technologies which have come instead of traditional methods of training. Innovative activity (technology) covers all sides of the didactic process: organization forms, the content and training technology, educational-cognitive activity. The following interactive training technologies, design training technology and computer technologies are allocated and characterized. Forms and methods of interactive training technologies, in particular: a problem lecture, a seminar-debate, the educational discussion, “brain storm”, didactic games etc. are considered.
Keywords: innovative technology, innovative activity, forms and methods of technologies of interactive training: a problem lecture, a seminar-debate, educational discussion, “brain storm”,

didactic game, imitating training, game designing.
О
қыту мақсаттары, мазмұны, түрлері, əдістері, құралдары педагогикада білім беру үрдісіне сараптама жасауда қолданылатын дəстүрлі категориялар болып та бы лады. Ал осы педагогикалық категориялар ды бағыттай отырып қолдануды іске асы ра тын жүйені қалыптастыратын фактор – педагогикалық жəне оқу қызметтерінің қағидалары мен заңдылықтары болып табылады.
Педагогикалық категориялардың осы түрлері ұзақ уақыт бойы қоғамда ұсынылған білім беру мақсаттарын жүзеге асыруда кеңі нен қолданылады. Бірақ педагогикалық қоғам, педа гогикадағы жаңашыл жағдаяттарды үнемі қанағаттанарлықсыз деп қабылдайтын. Бұл жердегі оқыту мақсаттарын, мазмұнын, түрлерін, əдістері мен құралдарын ұйымдастыру үрдістерінің байланысын түсіндіретін кейбір категориялардың болмауы үнемі сөзге тиек болатын тақырып. Осыған байланыс ты қолданылатын «əдіс» түсінігі жоғары дəрежелі субъективтілік түрінде сипатталады [1].
Дəстүрлі əдістердің орнын алмастыратын жаңа технологиялардың пайда болуы оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік жасауы тиіс. Алайда оқыту əдістері мен оқы ту технологияларының айырмашылығы пікірталастың өзекті тақырыбы болып қала береді. Ғалымдардың бірі технология ны əдістерді жүзеге асыру тəсілі десе, енді бірі, «технология» ұғымы «əдіс» ұғымынан анағұрлым кең деп түсіндіреді.
В.И. Загвязинский бұл мəселені былайша түсіндіреді: «əдіс те, технология да жүйелілікке ие (олардың негізінде ғылыми заңға сəйкес қағидалар жүйесі болуы керек), бірақ технология мақсатқа кепілді түрде бағытталған белгілі бір жүйенің нақты анықталуын қарастырады (мысалы, бағдарламалық оқыту жүйесі)» [2]. Ал əдіс болса, алуантүрлілікті, теориялық қағидаларды жүзеге асыру түрлерінің көрсеткіштерін ескереді, яғни мақсатқа кепілді түрде жетуді көздемейді (Кесте 1).
Кесте 1 − Технология мен əдіс мағыналарының салыстырмалы сипаттамасы
(М.П. Сибирский бойынша)
Салыстырмалы белгілері Əдіс Технология
Ұсынылуы Нақты бір əдістерді, ұйым дас тыру формаларын, оқыту құрал дарын қол дануды ұсынады Əдістер жүйесінің үрдісін, ұйымдастыру формаларын, оқу мақсатын жəне оқытуды басқару құралдарын ұсынады.
Анықтама Ғылыми дəлелденген əдістердің, ере желердің жəне оқыту тəсіл дерінің жүйесі Оқу мақсаттарына жету құралдары, тəжірибеде алдын ала жобаланған оқу үрдістерін, жүйелерін, тəсілдерін жəне оқу үрдісін басқару мен мақсатқа жету құралдарын бірізділікпен, жүйелілікпен іске асыру.
Парадигма Оқу үрдісін ұйымдастыру мен жүзе ге асыруда қолданылатын ұсыныс тардың жиынтығы Оқу үрдісінің болашақтағы жобасы
Бағыттылығы Нақты бір пəнге немесе белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыруға бағыт талған Оқу материалдарын жан-жақты тұрғыда мең геруге бағытталған
Оқытудың динамика лық бейнесі Нақты, əрі айқын ұсыныстар береді Оқытудың динамикалық іс жүргізу сипатын бейнелейді

Оқыту технологияларын (əдістерін) жобалауды педагогикалық міндеттер қоюмен, оның шешімін табатын дидактикалық үрдістің жоспары деп қарастырады [3].
Педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін, биологияны оқыту технологиясын жобалауда оқытушының қызметі: əдістерді, тəсілдер мен оқу құралдарын дұрыс таңдай білу болып табылады. Яғни, педагогтың қызметі үш негізгі құраушы қызметпен: басқару түрімен, ақпараттық үрдістің түрімен жəне ақпаратты беру құралдары мен танымдық қызметтің басқару типтерімен сипатталады. Биологияны оқыту үрдісін ұйым дастыруда, ең алдымен, оқу материалы мазмұнының сипаттамасы, оны меңгеру мақ саттары (меңгеру сатылары), сондайақ педагогикалық міндеттердің басқа да шарт тары талданады. Одан кейін оқыту əдіс терінің дұрыстығы мен оқушылардың та нымдық қызметін басқару сызбалары анықталады. Осы жолмен алынған əдістер мен оқу құралдарының жүйесі оқыту түрлерін ұйымдастыруда, яғни, оның технологиясында қолданылады .
Оқыту реформаларының талаптарына сəйкес, кəсіптік білім беруде негізгі мағынаға түрлі педагогикалық жаңа əдістер енгізуге бағытталған инновациялық қызмет ие болды. Олар дидактикалық үрдістің барлық жақтарын: оны ұйымдастыру түрлерін, оқыту технологиялары мен мазмұнын, оқу-танымдық қызметін қамтыды [4].
Оқытудың инновациялық технологияларына мына технологияларды жатқызады: оқытудың интерактивті технологиялары, жобалап оқыту технологиясы жəне компьютерлік технологиялар.
Оқытудың психологиялық теориясында интерактивті деп адамдардың өзара қарымқатынас психологиясына негізделген оқытуды айтады. Оқытудың интерактивті технологиясы оқу қызметінің субъектісі ретіндегі оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасы мен өзара қызметі үрдісіндегі білімді меңгеру тəсілдері, білік, дағдыларының қалыптасуы ретінде қарастырылады. Бұлардың мəні сонда, олар қабылдау, есте сақтау, назар аудару үрдістеріне ғана емес, ең алдымен, шығармашылық, продуктивті ойлау, мінез-құлық, қарым-қатынасқа сүйенеді. Сондай-ақ, оқыту үрдісі былайша ұйымдастырылады: оқушылар қарым-қатынас жасауға, бір-бірімен жəне басқа адамдармен өзара қызмет жасауға, жағдаяттық кəсіби міндеттерді, сəйкес ақпараттармен өндірістік жағдаяттарды тал дауға негізделген күрделі мəселелерді шешуге, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.
Оқытудың интерактивті технологияларында оқытушы мен оқушы рөлі, сондай-ақ, ақпа раттыңда рөлі алмастырылған. Бұл жерде оқытушы ақпарат беруші емес, менеджер қызметін атқарады, оқушы ықпал ету объектісі емес, керісінше, өзара қызмет субъектісіне айналады, ал ақпарат мақсат емес, қимыл əрекеті мен қызметті меңгеру құралы болып алмастырылған [5].
Барлық интерактивті оқыту технологиялары имитациялық жəне имитациялық емес деп бөлінеді (Кесте 2). Бұл жіктеудің негізінде кəсіби қызметтің контекстін қайта жасау белгісі салынып, оның оқытудағы үлгісі таныстырылған.
Кесте 2 − Интерактивті технологиялардың салыстырмалы сипаттамасы
Салыстырмалы көрсеткіштері Интерактивті технологиялар
Имитациялық емес Имитациялық
Мақсаты Ақпаратты беру, бірқатар жалпы жəне кəсіби біліктер мен дағдылар дамуының алғышарттарын жасау. Кəсіби контексттің əртүрлі түрлерімен танысу, кəсіби қызметтің талаптарына сəйкес кəсіби тəжірибенің қалыптасуы
Оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекшеліктері Оқытудың мəселелік мазмұны, сабақты жүргізу жүйесін ұйымдастырудың ерекшелігі, техникалық құралдарды пайдалану Үлгі нысанмен жұмыс істеу барысындағы ойындық іс-əрекет, ойындықимитациялық жағдаяттар
Түрлері мен əдістері Проблемалық лекция, семинар-диспут (пікірсайыс), тақырыптық дискуссия (пікірталас), «миға шабуыл», кооперативті оқыту жатады. Ойындық имитациялық əдіске дидак тикалық ойындар, имитациялық тренинг, ойын арқылы жобалау, ал ойындық емес имитациялық əдіске ситуациялық шешім дер, жекелеген міндеттерді шешу, жеке тренажер жатады.
Оқытудың тəсілі Оқытушы мен оқушы арасындағы диалогтік өзара əрекет Имитация процесі кезіндегі оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасы

Имитациялық технологиялардың негізіне имитациялық немесе имитациялық ойын үлгілерін əзірлеу жатады, яғни нақты бір жүйеде өтіп жатқан оқыту шарттарының осы немесе басқа да бірдей үрдістердің өлшем дерін еске түсіреді. Ал имитациялық емес технологиялар оқылатын құбылыстар мен қыз меттердің үлгісін жасауды қарастырмайды [1].

Интерактивті оқыту технологияларының жоғарыда берілген бірнеше əдістерін қарастырайық.
Проблемалық лекция əдісі берілген пробле маның, проблемалық жағдаяттың дұрыс шешім табуын көздейді. Бұл əдіс шынайы өмірдің қарама-қайшылықтарын, оларды теориялық тұжырымдамалар негізінде бейнелеу арқылы моделдейді. Осындай лекцияның негізгі мақсаты – студенттердің өз бетінше білім алуы.
Семинар-диспут (пікірсайыс) əдісі белгілі бір мəселенінің дұрыс шешімін табу мақ сатындағы ұжымдық талқылау. Бұл əдіс жоғары ақыл-ой белсенділігін қалып тас тырады, пікір талас жүргізе білуге дағ ды лан дырады, мəселені талқылау, өзінің көз қа растары мен пікірлерін қорғау, өз ойын дұрыс, əрі нақты жеткізе білуге үйретеді. Семинар-диспутқа қатысушылардың қызметі əртүрлі болуы мүм кін. Осы əдіспен өткізілетін сабақтар оның қатысушыларының диалогтік қарымқаты насы түрінде өтеді.
Тақырыптық дискуссия – проблемалық оқы тудың бір əдісі. Бұл əдістің мəні нақты мəселені шешуде көзқарастар мен пікір алмасуда тиімді. Дискуссиясының негізгі атқаратын қызметі танымдық қызығу шылықты арттырады, ал қосымша қызметі: оқыту, дамыту, тəрбиелеу жəне коррекциялыбақылау. Студенттердің алдын ала немесе нақты мазмұндағы дайындығынан бұрын, лек цияның сапалылығы басты роль атқарады. Басталатын дискуссияның тақырыбына байланысты білім жинау мазмұнды дайындықты қажет етеді. Оқытушы студенттердің ойын дұрыс тұжырымдап, сұрақтар келтіріп, дəлелдер жасай білу білігін дамытуды қамтамасыз етеді. Дискуссия студенттерге танымал материалдардың мазмұнын толықтырып, оны тиянақтап жəне бекітуге көмектеседі.
Пікір таласқа топтағы барлық студенттерді қатыстыру мақсатында кооперативті немесе ұжымдық оқыту əдісін пайдалануға болады. Бұл əдіс шағын топтардағы студенттердің бірлесіп жұмыс істеу барысындағы өзара немесе бірін-бірі оқытуға негізделген. Оның негізгі идеясы – қарапайым. Бұнда студенттер берілген ортақ тапсырмаларды орындауға немесе ортақ мақсатқа жету үшін (мысалы, мəселені шешудің жолдарын табу) өздерінің күш-жігерлерін біріктіреді.
Кооперативті немесе ұжымдық оқыту əдісі нің технологиясы төмендегідей ретпен жүзе ге асады:
— мəселені алға қою;
— шағын топтарды құру (5-7 студенттен), əр қайсысының рөлдерін бөлу, оқытушының оларға пікірталасқа қатысу жолдарын түсіндіру;
— шағын топтарда қойылған мəселені талқылау;
— барлық топтардың алдында талқыланған мəселелердің нəтижелерін көрсету;
— талқылауды жалғастыру жəне қорытынды жасау.
«Миға шабуыл» əдісінің мақсаты:
— студенттердің берілген тақырып бойынша неғұрлым көп ойларды жинау;
— өзара ақпаратпен алмасу;
— шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру;
— берілген мəселені шешуде дағдылы ойлаудан арылу.
Оның негізгі принципі: талдауда студенттердің айтылған ойларын сынамау, керісінше қалжың ойлардың өзін мадақтау, бірақ қайшы лықтарды жазып алу.
Бұл əдістің маңызы: топпен жұмыс істеу барысында студенттер өз ойларын көбірек ай та алады, нəтижесінде топтағы жаңа ойлар қалып тасуының тиімділігі артады [6].
Дидактикалық ойын кəсіби оқу орындарындағы оқу үрдісін жандандырудың ең негізгі педагогикалық əдісі болып табылады. Ол арнайы мақсатты көздейді жəне нақты мін деттерді атқарады. Ойынның мақсаты – бағдарламада анықталған білік жəне дағ дылар жайында түсінік беріп, оларды қалыптастыру, тиянақтау жəне бекіту, кайталау жə не пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Ойын процесі мен оқу процесін бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Сонда ғана ойын жəне оқу əрекеттері табиғи бірлікте болып – өзіндік білім, білік жəне дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мəнінде оқыту əдісі деңгейіне дейін көтеріледі.
Студенттерді дидактикалық ойынға тарту пəнді толық, əрі жүйелі меңгеруге көмектеседі.
Имитациялық тренинг əдісі түрлі техникалық құралдармен, құрылғылармен жұмыс істеу барысында белгілі бір кəсіби білімдер мен біліктердің қалыптасуын қарастырады. Кəсіби қызметтің жағдайы, жағдаяттар имитацияланады, бұл жерде «модель» ретінде тех никалық құралдардың (тренажерлар, құрылғылар, т.б.) өзі алынады.
Ойын арқылы жобалау əдісі практикалық сабақ болып табылады. Бұл сабақтың барысында шындыққа неғұрлым жанасатын ойын шарттарындағы технологиялық, əлеуметтік, инженерлік, конструкторлық жəне т.б. жоба түрлері əзірленеді. Ойын арқылы жобалау əдісі студенттердің жеке жəне бір лескен жұмыстарының жоғары дəрежелі үйле сімділігімен ерекшеленеді. Топ үшін ортақ жоба жасау, бір жағынан, əрқайсысынан жобалау үрдісінің технологияларын білуді талап етсе, екінші жағынан, кəсіби сұрақтарды шешу мақсатында қарым-қатынасқа түсе білу жəне оны қолдау [7].
Қорыта айтар болсақ, кəсіби білім беруде инновациялық технологияларды қолдану болашақ мамандар дайындауды жетілдіру мүмкіндіктерін арттырады.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Фишер Н.В. Инновационные технологии в профессиональном образовании // Вестник. 2010. − №1. − С.14.
УДК 780.6
2 Загвязинский В.И. Теория обучения: современная интерпретация.− М.: Академия.
2001. − С. 95-96.
3 Сибирская М.П. Педагогические технологии и повышение квалификации инженернопедагогических работников. − СПб. 1997. – С. 357.
4 Калинова Г.С., Мягкова А.Н., Резникова В.З. Подходы к совершенствованию содержания среднего биологического образования // Биология в школе. 1994. − № 4.− С. 27-31.
5 Левина М.М. Технология профессионально-педагогического образования. − М.: «Академия» 2001. – С. 272.
6 Марина А.В., Соломин В.П., Станкевич П.В. Школьное биологическое образование: проблемы и пути их решения. − СПб.: Изд-во СПбГУ. – 2000. − 131 с.
7 Симоненко В.Д. Общая и профессиональная педагогика / под ред. М.: ВентанаГраф. 2005. – С. 368.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *