ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АУТОДЕСТРУКТИВТІ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

З.М. САКИЕВА
Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану кафедрасы Алматы қ., Қазақстан
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АУТОДЕСТРУКТИВТІ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация
Бұл мақалада аутодеструктивті мінез-құлыққа түсініктеме жəне мазмұны, сонымен қатар, жасөспірімдердің арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың орын алуы, түрлері жəне оның алдын алу жолдары жайлы баяндалған.
Түйінді сөздер: аутодеструктивті мінез-құлық, жасөспірім, аутоагрессия.
В этой статье дается понятие и содержание аутодеструктивного (саморазрушающего) поведения, выявляются причины данного поведения, предлагается система мер его профилактики. Ключевые слова: аутодеструктивное поведение, подросток, аутоагрессия.
Annotation
The prevention of self destructive behavior of adolescents and its types are enlightened in the paper. The concept and content of self-destructive behavior and causes of such behavior are identifi ed and also given a system of measures for its prevention.
Key words: self-destructive behavior, adolescents, teenager, self-aggression.
əуелсіз еліміздің қазіргі даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы өзгеріс-
термен яғни, экономикалық жəне əлеуметтік қарым-қатынастардың ерекшеліктерімен сипатталады. Қазіргі кезеңдегі жасөспірімдердің əлеуметтік жағдайға бейімделуіне, мінезқұлықтарының қалыптасуына, тұлға ретінде дамуына əсерін тигізетін тиімді жолдарын көрсету, анықтау да басты проблемалардың бірі болып табылады.
Егемен еліміздегі білім ұйымдарының алдына оқушыларға берілетін білім мен тəрбие сапасын көтеру жəне жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» [1] «Қазақстан Республи касы азаматтарының жаңа əлеуметтік мінез-құлқын қалыптастыру», Қазақстан Республикасы мəдени-этникалық білім беру», «Білім мазмұнын гуманитарландыру» тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа руханимəдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кəсіби білім берудің сапасын көтеруге кең жол ашу талап етілгені жайлы айтып кеткен.
Қазіргі өмірдің талабы мен қарқынының əлеуметтік-экономикалық өзгеруі салдарынан туындаған жанұядағы күрделі əлеуметтiкэкономикалық күйзелістің, дағдарыстық ахуал дың артуын халқымыздың келешегі бо лып саналатын жап-жас өрендеріміз көте ре алмайды. Осыған орай, жыл сайын жасөспірімдердің аутодеструктивті əрекет терге қарқынды бейімделуі көкейкесті мəселеге айналып отыр.
Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мəнін ашады. Ол нəзік жанды, тез уайымдауға, сəтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, əсерлі сөз, ерекше əсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін. Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншектік шақта қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек тік шақта сақталады, бірақ, олар мəн ді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Жасөспірімдердің негізгі мəнді өзгерісі − бұл тұлғаның өзіндік дамуы.
Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың орын алуы жиі көрініс табуына байланысты өзекті мəселе ретінде қарастырған шет елдік ғалымдар Лапшин, В.Е., Амбрумова А.Г., Горобец Т.Н., Гусакова М.П., Берно-Беллекур И.В., Ипатов А.В., Лобов Г.А., Бисалиев Р.В., Сысоев А.М., Мураткина Ю.Н., Тормосина Н.Г.
Сондай-ақ, аутодеструктивті жəне девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен педагогика-психологиялық жəне əлеуметтік жұмыс жүргізу бойынша жəне осы мəселелерді шешуге біздің отандық ғалымдар Жиен баева Н.Б., Абдрахманов А.Э., Арымбаева К.М., Джаманбалаева Ш.М., Қыдырбаева Г.А., Казахбаева Г.И., Кeрiмов Л.К., Успанова З.У., Дүйсенбиева С., Сұлтанбекова А., Малдыбаева А., Қойжігітов А., Ақажанова А.Т., т.б ғалымдардың зерттеулерінде ғылыми тұрғыда негізделіп, əртүрлі аспектіде қарастырылған.
Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады − делинквенттілік жəне девианттылық. Делинквентті мінез-құлық − заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тəртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз − қоғамда қабылданған ержелерге бағынбау, ауытқу [2]. Аутодеструктивті мінезқұлық дегеніміз − адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық. Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық жəне т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. «Мінез-құлық ауытқушылығы» ұғымын «дамудағы ауытқушылық», «дамудың жеткіліксіздігі» ұғымдарынан айыра білу керек. Соңғы екі термин ғылыми əдебиеттерде синонимдер ретінде қолданылады.
Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар бар балаларды бейнелейді. Көптеген ғылымдарда «қалыпты» жəне «аномалды» құбылыстар деген ұғымдар бар. Сөздің тура мағынасында «қалыпты», «аномалды» мінезқұлық түсініктерінің анықтамасы қиындай түсуде. Бірақ ғылымда жəне үйреншікті өмірде бұл түсініктер барлық жерде қолданылады. Қалыпты мінез-құлықты көптеген адамдарға тəн, ауру бұзылыстарға байланысты емес, нормативті-қабылдаулы мінез-құлық деп түсіндіреді.
Жасөспірімдердегі аутодеструктивті мінезқұлық формалары əр түрлі болып келеді. Мектеп психологы аутодеструктивті мінез-құлықтың уақытша жəне күнделікті формаларымен (девиация ұзақтығының критерийлеріне байланысты), тұрақты жəне тұрақсыз формаларымен (моно жəне полифеноменологиялық формалар критерийлеріне байланысты) кез десуі мүмкін. Девиациялар саналы жəне санасыз (қабылдану деңгейіне байла нысты), құрылымды жəне құрылымсыз (ұйымдастырылу критерийлеріне байланысты), төтен ше жəне жоспарланған (мақсатты критерий леріне байланысты), экспансивті жəне экспансивті емес (қоршаған адамдар өміріне ену деңгейіне байланысты), эгоистік жəне альтруистік (өзін жəне жан жағындағы адамдарға қызығушылығының бағытталуына байланысты), болуы мүмкін.
Аталған тақырыпқа деген қызығушылық теориялық жəне тəжірибелік жағынан қажет болғандықтан туындап отыр. Аутодеструктивті мінез-құлықтың «болашақтың үрейіне » айналғандығы ересектерге де, бала ларға да, тіпті жалпы қоғамға да бел гілі. Ауто деструктивті мінез-құлқы бар жасөспірімдер өз уақыттарын тиімді ұйымдастыра алмайды, сонымен қатар ойлаулары мен мақсатқа бағытталуы жəне де уақытқа деген құндылықты қатынастары жеткілікті қалыптаспаған. Қазіргі таңдағы жастар өмірін ұйымдастыратын мекемелер дұрыс жұмыс істемегендіктен бұл атаулы мəселе күннен күнге күрделене түсуде.
Осыған байланысты оқытушылар мен психологтардың оқушылармен жүргізген жұмыс тары олардың моральдық нормасы мен тəртіптік талаптарына сəйкес келуі керек.
Мектептегі практикалық жұмыста мұндай оқушыларды «мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушылар», «педагогикалық төмендетілген», «əлеуметтік төмендетілген», «қиын тəрбиеленетін» оқушылар деп аталады.
Аутодеструктивті жəне девиантты немесе ауытқушы мінез-құлық психологтарда жəне басқа да ғылымдар да əлі де зерттеу лерді қажет ететін өзекті мəселенің бірі [3]. Аутодеструктивті мінез-құлық тақырыбы пəнаралық жəне пікір-таластық сипатты көрсетеді. Əлеуметтік норма түсінігі мен терминнің кездесетіні мəселені күр де лендіреді, себебі норманың шектері шарт ты түрде берілген, ал адам барлық көрсеткіштері бойынша қалыпты болуы мүмкін емес. Көптеген көзқарастар жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлығының диагностикасы жəне əлеуметтік-психологиялық көмек пен игеруі ретінде практикалық тапсырма ларды шешуде қалыптасады.
Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінезқұлқының қалыптасуында нақты іс-əрекетті ұйымдастырушы психолог, ата-ана, мұғалім болғандықтан, олардың кəсіби даярлығына, ғылыми психолого-педагогикалық негіздерін қарастыру қажеттілігі туындайды. Бүгінгі жасөспірім, ертеңгі белгілі бір маман иесі немесе қарапайым ғана қоғамдық ортаның мүшесі десе де болады, олардың тұлғалық түр сипатын даярлауда қарым-қатынас мəдение тін қалыптастыруда олардың психо физиологиялық негізін жетілдірудің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылып келеді [4].
Жеке тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыру, дағдарыстардың алдын алу үшін келесі мəселелерді ескеруіміз қажет, яғни саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуда, жүйелі іс-əрекет жасауға мүмкіндік беру. Мінез-құлық дағдарысын психологиялық көзқарас тұрғысынан қарастыратын болсақ кез-келген жеке адам басқа адамдармен олардың ой-пікірімен, бағдарымен, жағымды эмоцияны сезінген кезде жүріс-тұрыста ауытқушылықтар болмайтындығы сөзсіз.
Сонымен қатар бұл мəселені педагогика, психология, əлеуметтану, практикалық психология салаларының позициясынан зерттеу қажеттілігін негіздеуге ұмтылыс жасалды. Көздеген осындай проблемалардың негізін жəне ғылыми тұжырымын жасаушылар да жоқ емес.
Аутодеструктивті əрекеттерді зерттеу үрдісі суицидология мен клиникалық психологияның негізгі теорияларына сүйене ді, осыған орай, Э.Шнейдман өз пікірін былай деп жеткізедi: «бұл əрекет, өзі нің соматикалық немесе психикалық денсау лығына қандай да болмасын зақым келтіруге бағытталған». Бұл əлеуметтік мінезқұлық ережелері, психологиялық аспектілері мен жасөспірімдердің əлеуметтену мəселесі, жыныстық барабарлық мəселесі, бейімделу мен өзін-өзі реттеу, сонымен бірге əлеуметтiк патологиялардың əртүрлі көрінісі сияқты кең ауқымды мəселелерді қамтиды [5].
Н.В. Агазаде аутодеструктивті əрекеттерді төмендегідей топтастырады:
1. Жеке тұлғаға ықпалы ету бойынша:
физикалық, психикалық, əлеуметтiк, діни;
2. Құрылымдық мінездемелер:
— деңгейлі көрсеткіштер: идеаторлық, аффективті , сыртқы тəртіптік;
— орындау əдісі бойынша: тікелей, ұлғаймалы, жанама түрдегі, трансагрессивті [6].
Аутодеструктивті мінез-құлықты жасөспірім дер əр түрлі факторлардың əсерінен қауіпті топқа кіреді. Мұндай балалар категориясына келесілерді жатқызуға болады:
— суидцидке бейім жасөспірімдер;
— химиялық заттарға тəуелділік (нашақор лық, ішімдікке бейім, таксикомания);
— əртүрлі субмəдениет түрлеріне табынуы;
— экстремалды спорт түрлерімен айналысуы;
— заңды күші жоқ жағдайларға байланысты ата-анасыз қалған балалар;
— бейəлеуметті, жағдайы нашар отбасыларда тəрбиеленген балалар;
— əлеуметтік-психологиялық көмек пен қол дауды қажет ететін отбасы балалары.
Мұндай жасөспірімдердің дамуы үшін шарттары жоқтығының салдарынан психоло гиялық жəне элеуметтік жағымсыз нəтижелерге тап болады. Мұндай жасөспірім бір жағынан өмірлік қиын жағдайды немесе əлеуметтік қауіпті ситуацияны өзгертуге, екінші жағынан оның əлеуметтік, психоло гия лық, педагогикалық мəселелері мен қиындықтарын шешу мақсатында минимилиза циялауға бағытталған көмекті қажет етеді.
Қорыта айтқанда, мінез-құлқында ауытқу шылығы бар балалармен жұмыс жасаудың сан алуан жолдары бар. Ең алдымен жасөспірімдермен дұрыс тіл табысып, сөйлесе білу керек. Жақсы беделге ие болған мұғалімнің жеке өнегесі қандай оқушыға болса да күшті əсер етеді.
Көмек көрсететін психологтар баланың ішкі жан дүниесін алыстан көріп білуі шарт. Мінез-құлқы ауытқыған оқушыны ешқандай ұжым өмірінен, қоғамдық пайдалы еңбектен тыс қалдыруға болмайды, олар барлық үйірме жұмысына, басқа да шараларға қатысуы керек. Бұл олардың зиянды істермен айналыс пай, жауапкершілік сезімін туғызуға жол салады.
Қазіргі кезде жасөспірімдердің мінезқұлқындағы ауытқушылықтарынан əртүрлі қылмыстық əрекеттер мен жағымсыз істер көбейіп отыр. Осы жағдайлардың алдын алып, түзету үшін əрбір педагог, ата-ана, психолог бірлесе жұмыс жасай отырып, əрбір жасөспірімнің дербес ерекшеліктері мен мінез-құлқын ескеріп, анықтап, соған сəйкес жұмыс тар жүргізу керек.
Демек, жасөспірімдердің бойында ауытқы малы мінез-құлық нышандарынан арылу арқылы, олардың бойына қоғамымызда қабыл данып, орнығып келе жатқан рухани жаңа құндылық бағдарларды соның ішінде, əсі ресе, ең алдымен, ұлтжандылықты, азамат ты лықты, жоғарғы моральдық жəне адамгершілік қадір-қасиеттер мен мұрат тарды, өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет пен сыйластықты, қоғамдық тəртіп ережелері мен құқықтық нормалардың талаптарын мүмкіндігінше орын даушылықты қалыптастыруға болады.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Қазақстан Республикасы «Білім» мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы, 2000. – 479 б.
2 Кочетов А.Н. Работа с трудными детьми. – М., 1991.– 251 с.
3 Ауталипова Г., Бапаева М. Практикалық психология, Алматы, – 2007. – 160 б. 4 Змановская Е.В. Девиантология. − М., 2003. –345 с.
5 Берно-Беллекур И.В. Социально-психологические аспекты аутодес-труктивного поведения. – СПб., 2003.
6 Личко А.Е. Типы акцентуаций характера и психопатий у подростков. – М.: ЭксмоПресс, 1999. – 416 с.
7 Қойжігітов А. Девиантты іс-əрекетті балалар мəселесі // Ұстаздар пайымы. 2007. – № 3. – Б. 2-9.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *