
Л. БЕКСҰЛТАНҚЫЗЫ
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану кафедрасы
Алматы қ., Қазақстан
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ КƏСІБИ-ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ МƏНІ
Аннотация
Бұл мақалада колледж студенттерінің кəсіби-дидактикалық құзыреттілігі мəні нақтыланады, мазмұны ұсынылады. Кəсіби құзыреттілік пен дидактикалық құзыреттілік ұғымдарының сипатты ашып қарастырылады. Құзыреттіліктің бағдарлары мен құраушы компоненттері сипатталып, студенттердің кəсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру технологиялары баян далады.
Түйін сөздер: құзырет, құзыреттілік, кəсіби құзыреттілік, кəсіби-дидактикалық, құзы реттілік.
В этой статье утверждается профессионально-дидактический компетентность будущих специалистов колледжа. Рассматривается описания профессиональной и дидактической компетентности. Описается установки компетентности у студентов и докладывается технология формирования профессионально-дидактической компетентности.
Ключевые слова: компетент, компетентность, профессиональная компетентность, профессионально-дидактическая компетентность.
Annotation
This work touches upon the vocational didactic competence of future college specialists. There was described the ways of students’ competence formation and the technology of professional and didactic competence formation.
Keywords: of competence, professional competence, professional-didactic competence.
Е
лбасы Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекет тің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім жəне кəсіби машық − заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары»,– деген болатын. Бəсекеге қабі лет ті дамыған мемлекет болу үшін біз сауат тылығы жоғары елге айналуымыз керек. «Қазіргі əлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен жəне заманауи өндірістерде жұмыс жасау машы ғын меңгеруге дайын болуы тиіс», − деп атап көрсетті [1,27]. Білім беруді жетілдіру, үздіксіз білім беру арқылы мамандардың кəсіби тұрғыда жан-жақты жетілдіру мəселесі бүгінде іргелі міндеттердің бірі болып отыр. Жалпы білім беру мазмұнының негізінде қазіргі кезде əлемдік тəжірибеге сай білім беру саясатының аясы кеңи түсуде. Əлемдік тəжірибе мен ұлттық тəжірибе негізінде əрбір адамның жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын меңгеруге бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген, олар: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін мəселенің шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік.Осыған орай еліміздің білім беру жүйесіне «құзырет», «құзыреттілік» терминдері ене бастады.
С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кəсіби қызметке байланысты, «қандай да болсын мəселеден хабардарлық, беделділік», ал екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мəселелерді шешуге, ісəрекет етуге, бір нəрсені істеуге құқықтылық шеңбері», − деп анықтама беріледі.
«Құзыреттілік» термині əдетте белгілі бір əлеуметтік-кəсіби статус иесіне байланысты қолданылады жəне оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мəселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сəйкестілігі арқылы сипатталады [2].
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін болашақ мамандардың кəсіби біліктілігі жоғары маман даярлау қажет-ақ. Бұл міндеттерді шешу педагогикалық үдерістің ұйымдастырылуы мен жүргізілуінен көрінеді. Педагогикалық əрекет басқарушылық болып келеді. Тұлғаның дамуын басқару үшін педагог құзыретті болу керек. Демек, кəсіби құзыретті педагог деген теориялық жəне тəжірибелік əрекетке дайындығымен анықталады [3].
Педагогтің кəсіби ұзыреттілігі оның педа го гикалық іс-əрекетін, педагогикалық қарым-қатынасы мен мұғалім тұлғасын белгілі құндылықтарды, мұраттарды жəне педагогикалық сана-сезімді иеленуші ретінде қалыптасқандығын айқындайтын қажетті білім дер, біліктер жəне дағдылар жиынтығын
игеру [4]. Бұл кəсіби құзыреттіліктерді игеру болашақ маманның мамандық сипаттамасынан көрінеді. Мамандық сипаттамасы – педагогтің теориялық жəне практикалық тəжі рибесі деңгейінен көрінеді.
Педагогикалық-психологиялық дайын дық əдіснамалық білім негіздері мен педа гоги каның негізгі категорияларын, əлеу мет тену заңдылықтарын, оқыту мен тəрбие мақсатымен технологиясын, адам ның дамуындағы физиологиялық заңдылықтарымен жеткіншек тер мен жасөспірімдердің психологиясымен байланысты болады [5]. Көптеген əдебиеттерде педагогикалық құзыреттілік маман ның іскерлік сапаларының жəне педагогикалық қабілеттердің жиынтығы делінген.
Аталмыш ұғымдардың жекелей анықта маларын қарастырғанда: іскерлік – белгілі бір жағдайда белгілі бір іс-əрекетті орындауға мүмкіндік беретін білім мен икемді дағдының жиынтығы болса, педагогикалық іскерлік – мұғалімнің түрлі əрекеттерінің жиынтығы, олар педагогикалық іс-əрекет функцияларымен теңестіріледі, елеулі мөлшерде мұға лім нің даралық-психологиялық ерекшелік терін айқындап, оның пəндік-кəсіби құ зыр лы ғы жөнінде дəлел келтіреді [6]. Педа гоги калық қабілеттер − мұғалімнің педа гот тік қызметте жоғары нəтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекше ліктері мен кəсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу жəне оған қанағаттана білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білімді үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тəрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұйым дастырушылық (шəкірттерін əр алуан əрекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бəрін біріктіріп, олар дың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жайкүйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара əрекеттестік нəтижелерін болжай білу), суггестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерікжігерлік иландырушылық ықпалы, нық
айтылған жігерлі сөзбен қажетті əсер нəти жесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен əсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым-ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі) [7].
Кез келген педагогтің бойына тəн құзырет тіліктерді ғалымдар төмендегідей жіктейді:
— Арнайы құзыреттілік – өзінің кəсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
— Əлеуметтік құзыреттілік – кəсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
— Білім беру құзыреттілігі – педагогикалық жəне əлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Бұл аталған құзыреттіліктер кез келген педагогтің қызметін ұштасып отыратыны баршамызға мəлім. Ендеше құзыреттілік деге німіздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қабілеттілігі деп түсінуге болады.
Демек, əрбір студент оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.
Болашақ педагогтар жылдам дамып отырған ақпараттық қоғамнан қалыспай тез ойлаушы; жылдам шешім қабылдаушы; ұйымдастырушылық қабілетті; нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы − бұл қазіргі заманның талабы. Құзыреттiлiк бiлiктiлiктi сипаттайтын таза кəсiби бiлiммен iскерлiкке қоса, əлеуметтiк ортада, топта, жұмыс iстеуге ынталылық, ынтымақтастық, қабiлеттiлiк, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпарат алу оны пайдалану т.б. iскерлiктерден тұрады. Құзыреттiлiк үш қырынан сипатталады:
— Мəндiк қыры – ахуалды жете түсiну, оны ұғыну жəне оған деген қарым-қатынасын, теориялық негiзiн, маңызды мəселелердi ұғыну;
— Проблемалық – практикалық қыры − студенттің алдына мақсат, мiндет нормалары қойып жəне орындау жолдарын анықтау;
— Коммуникативтi қыры – студенттің осы үдерiске, ахуалға қатысын жəне өзара ықпал жасауын қамтамасыз етедi.
Осы бағыттарды талдай отырып, бiлiм беру жүйесiндегi педагог құзыреттiлiгi жаттанды түрде емес, студенттердің тұлға ретiн де танымға, ойлауға, əрекетке, белгiлi бір мəселелердi ұсынып, шешiм шығаруға, нəти жесiн талдауға, түзетулер мен ескертулер жүргізіп отыру белсендiлiгiнен байқалады. Қазіргі педагогтар студенттерді оқыту да, білім беруде, тəрбиелеуде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Демек, педагог өз білімін үнемі дамытып отыруға тиісті.Осы негізде педагог өзінің кəсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кəсіптік қызметін нақты орындау арқылы тұл ғаның алған білімін өмірде қолдана біле тіндей тапсырмалар жүйесін ұсына ала тын жағдайда болғанда ғана студент құ зы реттілігін қалыптастыруға мүмкіндік та ба ды. Демек, алған білімін өмірдің қандай бір жағ даяттарына қолдана алатындай дəре жеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады. Болашақ педагогтардың кəсіби-дидактикалық құзыреттілігін дамытуда қандай жұмыстар жүргізуі керек немесе құзыреттілікті студенттердің бойында қалай қалыптастыруға болады деген сұрақтардың туындайтыны анық. Олай болса, бұл сұрақтардың жауабын іздестіріп көрейік. Əрине, бұл құзыреттіліктерді сабақ барысында болмаса, тəжірибе барысында қалай қалыптас қанын анықтауға болады. Демек, кез кел ген тəжірибе жетекшісі немесе пəн оқыту шылары студенттерді сабақ барысында тікелей байқап бақылау арқылы жауабын табады. Кейбір сұрақтардың жауабының шешім табылмаған таппаған жағдайда педагог сол құзыреттілікті студентке жеткізуші тұлға болады. Кəсіби-дидактикалық құзыреттілікті қалыптастыру үшін бірнеше кезеңдер (кəсіби құндылықтар, кəсіби дидактикалық əрекет жəне шығармашылық) мынадай компоненттер (мотивациялық, когнитивті, əрекеттік жəне рефлексия) арқылы қалыптасады.
Осы құзыреттіліктерді қалыпастыру үшін əрбір кезең бір-бірімен тығыз байланысады. Мысалы, мотивация тудыру үшін тапсырмалар беру, күнделік толтыру, ойындар, тренингтер (арнайы кəсіби мотивтерін ояту үшін) шығармашыл педагогтармен жұмысы жəне кездесулер мен сұхбаттасулар арқылы қызығушылығын тудыруға болады. Когнитивті əрекеттік компонентті қалыптастыру үшін практикумдар, интеграциялық тапсырмалар (мысалы, педагогикалық, психологиялық білі мін қолдануға арналған тапсырмалар, əдістемелер, практикалық тапсырмалар жинағы, модульдік тапсырмалар немесе модульдік технология «Менің ең үздік саба ғым» атты пікірталастар ұйымдастыру, іскерлік ойындар, педагогикалық жағдаяттар, бірлескен (оқытушы мен студент) семинарлар ) өткізуге болады.
Рефлексивті компонентті қалыптастыру үшін (педагогикалық күнделік, оқу-танымдық тапсырмалар, іскерлік рөлдік ойындар, пікірталастар) жүргізуге болады. Кəсібидидактикалық құзыреттіліктерді қалып тастыру үшін педагогикалық тəжірибеден келесідей шарттармен байланыс түзеді:
— динамикалық трансформация (дəріс), іскерлік ойын, оқу танымдық жəне кəсіби дидактикалық іс-əрекет. Бұл шартты түзу үшін модульдік технологияларды пайдалауға болады.
— педагогика мен психология интеграциясы, оқыту əдістемелері, пəндік əдістемелер байланысын түзеді.
— жалпы алғанда, бұндай жұмыстарда əрекеттің жүйелелігін, факультеттік жəне топтық жетекшілер мен басшының, оқытушылардың бірлескен жұмысын көрсетеді [8].
Демек, осы аталған шарттар бойынша студенттің бойындағы құзыреттіліктерді толықтыруға немесе дамытуға бағыт-бағдар беретін бірден бір маман ол – педагог. Əдебиеттерде кəсіби құзыреттілікті қарастырып, дидактикалық құзыреттілікті жеке қарастырып жатады. Енді біз дидактикалық құзыреттіліктің құрылымына талдау жасап көрейік. Ол төмендегідей құзыреттіліктер:
— мотивациялық — құндылық;
— жобалау;
— тəжірибелік;
— рефлексивті бағалаушылық. Бұларды жеке қарастырайық.
Мотивациялық-құндылық құзыреттілігі бұл педагогтің кілттік құзыреттілігі десек те болады. Себебі, педагог оқыту үрдісінде əрбір субьектімен тығыз байланысты жұмыстар жүргізеді. Ол педагогтің тұлғалық сапаларынан көрінеді. Бұл арқылы педагог дайындығы мен қабілеті студенттің өмірлік жоспарын кеңейтуге немесе дамытуға, өзінің даму траекториясын байқауына, қазіргі білім беру құндылықтарына негіздеп, өзінің шығармашылық іскерлігіне мүмкіндік жасайды.
Дидактикалық құзыреттіліктің жобалау компонентінде педагог оқыту үрдісін ұйым дастыруға, жаңа технологияларды пайдалануға, өзекті тапсырмалар бойынша тиімді шешім шығаруға, нəтижеге бағыттауға, жобалау мен талдау жасауға негіздейді. Педагог бұл курста қалыптасатын құзыреттілікті есепке алуға, интеграциялық мүмкіндігін білуге, оқу материалының дейгейін анықтауға, негізі түсініктер мен заңдылықтарды ескеруге, материалмен жұмыс істеуге, жобалық жұмыстардың мəнін меңгеруге бағыттайды.
Жобалық құзыреттіліктің негізі элементінде студенттер пəн мазмұнын меңгеруге, интеграциялауға, пəнаралық білімді қолдануға, оқытудың технологияларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Моделдеу, жобалау, құрастыру білім беру жүйесі мен еңбек сұранысы талаптары арасындағы байланыс пен оқу əрекетінде студенттің даму перспектикасын көруге мүмкіндік тудырады.
Тəжірибелік-дидактикалық құзыреттілік өз шығармашылығының мүмкіндігін өзектенді румен тығыз байланыста қарастырылады.
Дидактикалық құзыреттіліктің рефлексив ті-бағалаушылық компонентін педагогтің жеке дара қасиеттер жиынтығы құрайды. Біз бұны екі тұрғыдан қарастырамыз. Бірінші оқу əрекетіне қатысушы студенттердің диагностикасы (ішкі диагностика) жəне педагог өз əрекетіне талдау жасауы мен диагностикасы ретінде сипаттауға болады. Педа гог өз көзқарасы бойынша дидактикалық жағдайларды талдап жəне бағалап, өз іскерлігін көрсетеді, шешім шығаруда тəжірибе мен іскерлігін арттырады, өз əрекетіне логикалық түсінігін байқатады. Дидиактикалық кедергілер кездескенде өзінің құзыреттілігін өзек тендіреді, тəжірибе алмасады, ізденіс жүргі зеді, білімін толықтып, дидактикалық іс кер лігі мен дағдысын шыңдап, түзетулер жүр гізіп отырады. Осы аталған дидактикалық құзыреттіліктің төрт бағыты бойынша мақ сатты түрде жұмыстар жүргізіліп отырса, педа гог өз құзыреттілігін басқа студенттерге үйретуге талпынысы да жоғарылай берері сөзсіз.
Дидактикалық құзыреттілікке педагог өз пəнін игеруге студенттерді жұмылдыруы, жеке сапаларын дамыту, өзіндік ізденіске үйрету мен қызығушылықтарын ояту арқылы жүреді.
Дидактикалық құзыреттілікті меңгерген студент:
біледі: педагогикалық-психологиялық бі-
лім интеграциясын, оқу бағдарламаларын, оқу үдерісінде жобалық технологиялар негізін, жеке пəндерді оқыту əдістемесін, өз əрекетін тиімді ұйымдастырудың формасы мен əдістерін біледі. Студентте пəн дік əдістемелер арқылы төмендегідей құзыреттіліктер қалыптастады:
игереді: жеке пəндерді оқыту əдісте-
месін оқыту үдерісінде қолдануды, оқу мате риалының мазмұынын оқытуда шығармашылық деңгейде пайдалануды, мақсатты анықтауды, міндеттерді шешуді, тиімді формаларды таңдауды жобалау жұмыстарын игереді;
дамиды: жеке жұмыс жасауда жеке студенттермен тіл табысуды, креативтілікті, эрудиция, белсенділік тудыру сапаларын дамытады [9].
Сонымен кəсіби-дидиактикалық құзыретті лік дегеніміз – маманның өз білігі мен білімін теориялық, əдістемелік жəне тəжірибе жүзінде іске асыра білу қабілеттілігі деп анықтама беруге болады.
Сондықтан да дидактикалық құзыреттілік кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктің құрамдас бөлігі ретінде əрқашан да дайындықты талап етіп студентті өз білімін тереңдетуге, білігі мен дағдысын ұштауға, өз ісінің бағасын нақтылауға үйретеді. Аталған дидактикалық құзыреттіліктер арқылы студенттермен нəти желі де тиімді жетістіктерге жеткізу педагогтің өзіне жауапкершілікті жүктейді. Еліміз дегі əлеуметтік-экономикалық жəне саяси өзгерістер, республиканың əлемдік деңгейде білім беру жүйесіне жетуде жасаған қадамдары осы мамандардың тиісті салада өзінің өсу траекториясын жасай алатын жəне өзінің əлеуетін анықтап, дамыта алатын, кез келген жағдайлардың шешімін тауып, өзінің білімін құзыреттілікпен ұштастыра алатындай мамандар сапасына бағыттап отыр.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптас қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. –Алматы: Юрист, 2013. – 27 б.
2 С.Аманжолов, Құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негіздері // Өскемен:
2007. – Б. 135-140.
3 Кузьмина Н.В. Профессионализм педагогической деятельности. − СПб., 1993. − 54 с.
4 Психологиялық сөздік. – Алматы, 2012. − 328 б.
5 Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведе-
УДК: 373.1
ний / Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Мищенко А.И., Шиянов Е.Н. − М.: Школа-Пресс, 1997. − 512 с.
6 Платонов К.К. Краткий словарь системы психологических понятий. −М., 1984. − 155 c. 7 Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. − Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006. − 384 б.
8 Крюкова Т.А. Формирование профессиональной компетентности будущего учителя в процессе педагогической практики: автореф. … канд. пед.наук. − Волгоград, 2004.
− 200 с.
9 Штыкова Т.В. Коммуникативно-дидактическая компетентность педагога и ее структура: автореф. … канд. пед.наук. − Челябинск, 2003. – 186.