БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

З.С. РАХИМОВА, М.Х. ПАРМАНБЕКОВА
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті
Алматы қ., Қазақстан
БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Аннотация
Мақалада инновациялық технологияларды пайдалана отырып, сапалы білім берудің педагогикалық шарттары мен тəсілдері қарастырылған.
Түйін сөздер: инновация, технология, компьютер, интербелсенді тақта, DVD, CD-ROM жəне интернет.
В статье рассматриваются способы и формы организации качественного воспитательно-образовательного процесса, используя инновационные технологии.
Ключевые слова: инновация, технология, компьютер, интерактивная доска, DVD, CD-ROM, интернет.
Annotation
To determine the basic principles and the use of innovative technologies aimed at the personal development of students in the upper grades; тheoretically defi ne essence of the concept of new ways organizovatsy of a teacher; learn the comprehensive development of the senior classes in secondary schools as individuals.
Keywords: innovation, technology, computer, interactive whiteboard, DVD, CD-ROM , internet.

Қ
азақстан Республикасында білім беру ді дамытудың 2012-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа əлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жет кізуде маңызды рөл атқарады – деп атап көрсеткен [1].
Қазіргі таңда сапалы білім беру мəселесі қоғамды толғандырып отыр. Себебі, қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі замануи талапқа сай болуы қажет. «Неге оқыту керек?», «қалай оқыту керек?», «не үшін оқыту керек?», нəтижелі қалай оқыту керек?», − деген сұрақтарға жауап іздеген ғалымдар оқыту үдерісін «технологиялық» жолмен жүруге əрекет жасады. Оқытуды нəтижесінде кепіл демесі бар өндірістік технологиялық про цеске айналдыру, осыған байланысты педа гогикалық технологиялар бағыты пайда болды. Педагогикалық əдебиеттерде «технология» түсінігі əр түрлі сөз тіркестерінде қолданылады: педагогикалық технология, ақпа раттық технология, компютерлік технология, білім беру технологиясы, тəрбиелеу технологиясы, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологиясы, оқытудың дəстүрлі технологиясы жəне т.б олардың даму динамикасы сол құбылыстың эволюциясында көрініс табады.
Жаңа технологияның принциптері − оқы туды ізгілендіру, өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын əмбебап тəсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бəсекелес тігіне дұрыс бағыт-бағдар бере алады.
Жаңа педагогикалық технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу – əр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс. Жалпы технология бес бағытқа бағдарланған елуге жуық технологиялар ғылыми түрде негізделген. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақ беру үрдісінде қолдану өте тиімді жолдардың бірі.
Əдетте интерактивті əдістемені ол оқушылардан қазіргі демократиялық қоғамға қажетті тəжірибелерді талап ететіндіктен таңдайды. Бұдан əрі «интерактивті оқыту» термині түсіндіріліп, бұлайша оқытуды не үшін жəне қашан қолдануымыз керектігі айтылады. Егерде сабақ үстінде оқушылар мен мұғалімдердің арасында тығыз қарымқатынас байқалса бұлайша оқытуды интерактивті деп атаймыз. Əдетте мұндай қарымқатынас оқушылар əлдебір мəселені біз талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде байқалады.Бұл жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мəселенің шешімін табуға талпынғаны маңыздырақ. Себебі интер активті оқытудың басты мақсатының өзі сол-оқушы ларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету.
Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (əрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жа сауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толық тыратын, сабақ барысында барлық оқу шылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы [2].
Бағдарламалық-техникалық кешеннің құра мына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты жəне динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мəтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM жəне Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web — түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу жəне т. б. əрекеттерді жеңіл орындай алады.Бұл технологияны оқу материалын хабарлау жəне оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін əдіс деп қарауға болады.Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % жəне көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – жəне видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Жаңа технологиялардың бірі қашықтан оқыту əдістері – белгілі бір аралықта тұрып оқытудың тиімділігі мен нəтижелігін қамтамасыз ететін іс – қимыл түрлері.
Қашықтан оқыту – дегеніміз мұғалім мен оқушының тікелей қарым-қатынасы шектеулі не болмаса оның болмауы, тек техни ка құралдары арқылы білім мазмұнын мең герудің түрі.Қашықтан оқыту əлемнің ал дыңғы қатарлы елдерінде ХХ ғ. ортасынан бастап алынды.
Тарихи тұрғыдан алып қарасақ қашықтан оқыту бұрын сырттай оқыту деп аталатын еді. Ал, бүгінгі күні бұл-байланыс каналдары арқылы байланысатын аудио-, бейне- жəне компьютерлік жүйелерді қолданатын оқыту құралдары. Күндізгі жəне сырттай оқу формалары сияқты қашықтан оқыту да білім беру процесінде оқытудың компьютерлік жəне телекоммуникациялық технологияла рына негізделген ең озық дəстүрлі жəне инновациялық əдістері, формалары мен құралдары қолданылатын білім алудың бір формасы болып табылады [3].
Қашықтан білім беру – жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедия жүйелері негізінде күндізгі, сырттай жəне кешкі оқыту жүйелерінің элементтерін біріктіретін, ерекше, жетілдірілген форма. Қазіргі заманғы телекоммуникациялық жəне электрондық басы лымдар құралдары дəстүрлі оқыту форма ларының жағымды жақтарын сақтай отырып, олардың жетіспейтін жерлерін толықтыруға мүмкіндік береді [4]
Жоғары сынып оқушыларына модульдік жүйе мен оқытудың тəжірибелік-эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру жəне оның нəтижелері.
Жоғары сынып оқушыларына модульді оқыту барысында теориялық жан-жақты зерделеу эксперимент арқылы дəлелдеуді қа жет ететін тұжырымдар жасауға мүмкіндік туғызды:
Бұл тұжырымдарды педагогикалық зерттеу лердің сенімді əдістерінің бірі ретінде біз тəжірибелік-эксперимент жұмыстары арқылы тексердік [5,6,7].
Тəжірибелік-эксперимент жұмыстарының мақсаты – жоғары сынып оқушыларының модульді жүйемен оқытудың моделін жасап, өткізу жəне оның педагогикалық шарттарын тəжірибе жүзінде тексеру.
Педагогикалық экспериментті əзірлеу жəне өткізу төмендегідегі негізгі кезеңдерді қам тиды.
— Эксперименттік мақсатын анықтау.
— Эксперименттік жұмыстың жоспарын жə не оның нəтижелерін ескерту жүйесін жасау.
— Экспериментті жоспарға сəйкес өткізу.
— Эксперименттердің нəтижесін жүйелі түр де ескерту.
Біздің зерттеу жұмысымыздың болжамы мен мақсатына сəйкес мынадай міндеттерді қойдық:
1) жоғары сынып оқушыларының сабақтарына модульді жүйені қалыптастырып деңгейін айқындау;
2) педагогикалық шарттарын енгізе отырып, жоғары сынып оқушыларында модульдік оқытуды жүзеге асыру;
3) алынған нəтижелерді теориялық талдаулар жəне математикалық статистика əдістерінің көмегімен өңдеу.
Тəжірибелік-эксперимент жұмысы Алматы қаласындағы №67 жəне № 158 орта мектептерінде жүргізілді. Экспериментке 10-11 сынып оқушылары қатысты. Эксперимент үш кезеңнен тұрады: анықтау, қалыптастыру жəне бақылау, яғни зерттеу жұмысының нəтижесін тексеру эксперименті.
Анықтау эксперименті кезінде жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларымен арнайы дайындалған тест сұрақтарына, бақылау жұмыстарын жүргізу арқылы білім жəне біліктіліктері анықталып сұрыпталды.
Бақылау эксперименті барысында оқушыларда модульді оқыту бағдарламасында көр сетілген білім негіздерін бере отырып, оқушылардың білім мен тəрбиелік деңгейлерін анықтау мақсатында өткізілген сабақтар көрсет кіші де зерттеу жұмысымыздың нəтижелі болғанын байқатты. Сабақтар нəтижесі анықтау экспреименті барысындағы жəне бақылау тобындағы көрсеткіштерімен салыстырғанда оқушылардың жалпы сауаттылық жөніндегі білім деңгейлерінің білім, біліктілігінің анағұрлым артқандығын көрсетті (Кесте 1).
Эксперимент жəне бақылау топтарының құрамына жалпы білім беретін орта мектептерінің 10-11 сынып оқушылары алынды. Эксперимент тобына Алматы қаласындағы
№67 орта мектебінен, ал, бақылау тобына Алматы қаласындағы №158, орта мектебінен оқу шылар қатыстырылды.
Бақылау тобындағы оқушыларға дəстүрлі əдістер қолданылып сабақ өткізілді, эксперименттік топқа – жаңа технологиялық əдістер қолданылып, модульдік жүйемен сабақ жүргізілді.
Кесте 1 – Білім берудің модульдік жүйесі бойынша оқушыларда білім деңгейлерінің қалыптасу көрсеткіштері
№ Деңгейлері Эксперимент тобы Бақылау тобы
Эксп.дейін Эксп. кейін Эксп.дейін Эксп. кейін
1 Жоғары 29 (26,4 %) 54 (49,1 %) 31 (28,2 %) 33 (30 %)
2 Орта 38 (34,5 %) 43 (39,1 %) 42 (38,2 %) 46 (41,8 %)
3 Төмен 43 (39,1%) 13 (11,8 %) 37 (33,6 %) 31 (28,2 %)
Эксперимент тобы мен бақылау тобындағы пасы деңгейлерінің диаграммасы құрылды оқушылардың модульдік оқытудағы білім са- (Сурет 1).

Сурет 1 − Эксперимент тобы мен бақылау тобындағы оқушылардың модульдік оқытудағы білім сапасы деңгейлерінің диаграммасы
Сабақ беру нəтижелері бойынша, эксперимент тобында жоғары деңгейді көрсеткен оқушылар 26,4 % болса, эксперимент соңында − 28,2 % көрсеткен. Орта деңгей 34,5 %-тен
39,1 % -ға дейін жоғарлаған, ал төменгі деңгей 39,1% -дан 11,8 %-ға дейін төмендеп, жақсы нəтижеге қолжеткен. Ал, бақылау тобындағы оқушылардың көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгерістер білінбейді.
Эксперимент қорытындысында алынған нəтижелер жəне оларды талдау төмендегіше тұжырым жасауға мүмкіндік береді:
— мектеп оқушыларын модульдік жүйемен оқытудың ғылыми негіздемесі жасалды;
— оқушыларда модульдік жүйемен оқытудың белсенді формалары артып, өз беттерімен жұмыс жасай білу икемділіктері артып, білім деңгейлері артты.
Қорыта келе инновациялык технологияның принциптері − оқытуды ізгілендіру,өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұлганы қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандайда болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өмі ріне жарата алатын əмбебап тəсілдерді үй ре не алады. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талапарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бəсекелестігіне дұрыс бағыт-бағдар бере алады жəне жаңа технологияның дамыта жəне деңгейлеп оқыту əдістері оқушы білімін жүйелеуге, таным деңгейін кеңейтуге мол мүмкіндік береді.
Осылайша білім берудің қалыптасқан əдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймыз.

ƏДЕБИЕТТЕР
1 Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан — 2050» стратегиялық бағдарламасы. – Астана, 2014.
2 Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ə.Назарбаевтың 2012 жылы 27 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған «»Əлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауы, Оңтүстік Қазақстан, 28 қаңтар 2012.
УДК 378.046.4:371.113
3 Справочная правовая система − ЮРИСТ, 22.08.2006 10:42:13.
4 Педагогика / под ред. В.А.Сластенина и др. – М., 2002. – 566 с.
5 Жас ұрпақты əлеуметтендіру-заман талабы [Текст] / М.Е. Демеуова // Педагогикалық кеңес-Педагогический совет. 2009. − №2. − С. 5-7.
6 Оқыту технологияларын топтастыру [Текст] / Д.К. Қалиакпар // Қазақ тілі . 2007. − №4. − С. 31-33
7 Инновационное обучение: стратегия и практика. /Под.ред. В.Я. Ляудис. − М.: Изд-во МГУ, 1994.
8 Мухина Т.П. Мультимедиапроекты в образовательном процессе Биология в школе, 2010 − №10.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *