РАЗВИТИЕ ТЕМЫ ВОСТОК-ЗАПАД В АРАБСКОМ РОМАНЕ
(II половина XX в. и I четверть XXI века)

Коптилеуова Дина Тургалиевна
КазНУ им.Аль-Фараби, к.филол.н., доцент

РАЗВИТИЕ ТЕМЫ ВОСТОК-ЗАПАД В АРАБСКОМ РОМАНЕ
(II половина XX в. и I четверть XXI века)

Аннотация
Расширение и активизация всесторонних экономических, политических и культурных контактов между Арабскими странами и Западом имели значение для ускорения развития новой арабской литературы, в частности, для развития в ней новых жанровых форм, возникновения литературных направлений, схожих с западной литературой.
В статье анализируется и рассматривается в хронологической последовательности тема культурного взаимодействия Запада и Востока, воплощенная в художественном творчестве арабских писателей. На основании произведений, можно сказать, что арабский Восток проходит в изображении писателей три этапа своего развития: первозданный, чистый Восток, затем Восток активно взаимодействующий с Западом и, наконец, новый, вновь возрожденный Восток, противостоящий Западу, пытающийся возродить свою культуру и наследие.
Ключевые слова: тема культурного взаимодействия Запада и Востока, арабская проза, этапы развития

Көптілеуова Дина Тургалиевна1
1Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филол.ғ.к, доцент

АРАБ РОМАНЫНДАҒЫ БАТЫС-ШЫҒЫС ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ДАМУЫ
(XX ғ. II жартысы және XXI ғ. алғашқы ширегі)

Түйіндеме
Араб елдері мен Батыс арасындағы жан-жақты экономикалық, саяси және мәдени байланыстардың кеңеюі мен күшеюі жаңа араб әдебиетінің дамуын жеделдетуде, атап айтқанда, ондағы жаңа жанрлық формаларды дамыту үшін және Батыс әдебиетіне ұқсас әдеби ағымдардың пайда болуы үшін маңызды болды.
Мақалада араб жазушыларының көркем шығармасында бейнеленген Батыс пен Шығыстың мәдени өзара әрекеттесу тақырыбын хронологиялық ретпен қарастырылады. Шығармаларға сүйене отырып, Араб Шығысы жазушылар бейнелеуінде өз дамуының үш кезеңінен өтеді: алғашқы, таза Шығыс, содан кейін Шығыс Батыспен белсенді қарымқатынас жасаған уақыты, соңында, өз мәдениеті мен мұрасын жандандыруға бағытталған жаңарған Шығыс.
Түйін сөздер: Батыс пен Шығыстың мәдени өзара әрекеті тақырыбы, араб прозасы, даму кезеңдері

D. Koptileuova
1KazNU named after Al-Farabi, Ph.D., Associate Professor

EAST-WEST THEME DEVELOPMENT IN THE ARABIAN NOVEL
(II half of XX century and I quarter of XXI century)

Abstract
The expansion and intensification of comprehensive economic, political and cultural contacts between the Arab countries and the West were important for accelerating the development of new Arabic literature, in particular, for developing new genre forms in it, and the emergence of literary trends similar to Western literature.
The article analyzes and considers in chronological sequence the theme of cultural interaction between the West and the East, embodied in the artistic work of Arab writers. Based on the works, it can be said that the Arab East passes through three stages of its development in the depiction of writers: the pristine, pure East, then the East actively interacting with the West and, finally, the new, revived East, opposing the West, trying to revive its culture and heritage.
Keywords: theme of cultural interaction between the West and the East, Arabic prose, stages of development



ХХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы реалистік бағыттың дамуымен қатар, араб әдебиетінде батыс әдебиетінен алынған түрлі модернистік ағымдар пайда болғанын білеміз. Араб модернисттері шығармаларында әлемнің рационалдығы мен оның тұтастығына деген сенімнің, әлеуметтік оптимизмнің жоғалуы мәселесін қамтиды. Тіпті реалист жазушы ретінде танылған авторлар, модернизмге бет бұрады, олардың қатарында египеттік Тауфиқ әл-Хаким, Нагиб Махфуз, Йусуф Идрис те бар.
Баһа Таһирдің «الحب في المنفى» («Қуғындағы махаббат», 1995) романы Женевада жазылып, әдеби ортада үлкен табысқа ие болған. Бұл жетістігін автордың өзі романдағы Шығыс пен Батыстың саяси қақтығысын эмоциональды тұрғыда пайымдауымен байланыстырады.
Роман оқиғасы Еуропада орын алса да, онда Израильдің Ливан жеріне басып кіруіне қарсы наразылық білдіріледі, 1995 жылы роман жарияланған кезде, Сабра мен Шатила1/ضبرا و شتيلا лагерьлерінде арабтарға қарсы жасалған зұлым әрекеттер адамдардың жадында әлі де өмір сүрді. Романда құжаттар мен нақты, өмірлік куәліктер қолданылды. Ливандағы тазалаудың куәгері болған журналист мақала жазды, бірақ ешкім оны жариялауға келісім бермеді, сонда Баһа Таһир оларды өз романының мәтініне қосты. Романның өзін «мойындау-романы» [1] деп атауға болады, өйткені автордың бейнесі жеке сомдалған. «Қуғындағы махаббат» романындағы баяндаушы әрекет етуші тұлға ретінде қарастырылады. Ал оқырман автордың идеяларын қандай да бір ескертпесіз және түсіндірмесіз тікелей қабылдайды, бұл оқырман, жазушы мен кейіпкер арасындағы жақындықты тудырады. Романды оқу кезінде біреудің күнделігін оқығандай сезімде боласын, бұл өз кезегінде іс-әрекетке толық қатысы бар сезімді береді, оқырман басты кейіпкерге ерекше көңіл бөледі.
Романның сюжеті дәйекті баяндалмайды, авторлық әңгіме бір оқиғадан екіншіге үнемі ауысады, олардың арасындағы басты кейіпкердің «сана ағымындағы» ой-пікірлері, ішкі монологтары, толғану мен есте сақтау қозғалысы беріледі. Осы белгілерге негіздей отырып, модернисттік шығармаға жатқызамыз.
Роман Еуропаның солтүстік қаласына саяси көзқарастары үшін жер аударылған египеттік журналист өмірінің бір бөлігін сипаттайды. Бас кейіпкер, автор сияқты, Абд анНасердің саясатын жақтаушы болып табылады, бірақ елдегі биліктің ауысуымен, көптеген адамдар өз орындарында қалу үшін «хамелеон болды», ал ол керісінше, өз ой-пікірлеріне адал болып қалғандығы үшін жер аударылады. Ол — өз өмірін қайта жөнге салуға тырысып жүрген ажырасқан адам. Оның өмірінде барлығы Чилидегі адам құқықтарының бұзылуына арналған конференциядан кейін өзгереді, онда ол өзінің ертедегі досы мен қарсыласын Ибраһим қатысты істе қарсы алады, сондай-ақ ол Бриджитті алғаш рет кездестіреді. Осы конференцияда чилилік таксист Педро Ибаньездің ауыр тағдыры туралы әңгіме болады: ол өз елінде социалистерге көмек көрсеткені үшін айыпталып, одан аса қатыгездікпен жауап алынып, оның ағасын оның көз алдында өлтіреді, содан кейін ол елден қашып, Австрияда босқынға айналады. Басты кейіпкер, адам ретінде, Педро өміріне алаңдап, биліктің қатыгез және немқұрайлы екеніне көз жеткізеді. Бірақ бір қызығы, Педро Ибаньез тек екі рет, романның басында және соңында пайда болады. Егер басында ол аяушылық пен жанашырлық сезімдерін тудырса, соңында оған деген қарым-қатынас диаметральды қарама-қарсы, себебі ол есірткі саудагері болып, осы әлемнің жалған екенін растайды. Бұл басты кейіпкердің күйреуі, оның идеяларының күйреуі. Ол адамгершілігі мол адам ретінде өмір бойы әділетсіздікке қарсы белсенді күресіп келді, тек өлгенге дейінгі бір сәтте ғана бұл күресінің бос және мағынасыз болғанын түсінді. Бірақ неге бұл көзқарас өлімнің алдында ғана келеді? Мүмкін, бұл кейіпкер ол туралы бұрын білсе де, басқаша өмір сүре алмас еді. Бірақ Баһа Таһирдің өзі бұл романда социализм идеяларынан кетіп, индивидуализмге көшкенін көрсеткісі келді [3].
Басты кейіпкердің бейнесі — сыртқы жағдайдың қысымымен өз идеяларынан бас тартпайтын қыңыр адамның бейнесі. Ол Израильдің Ливан аумағына басып кіргеніне қатты уайымдап, әлі күнге дейін панарабизм және бірыңғай араб мемлекетін құру идеяларымен өмір сүреді. Ол — жастық шағы 1952 жылы Египеттегі революцияда өткен революционер. Бірақ содан бері көп уақыт өтті, сол күндер туралы естелік жастарда айтпағанда, оның тікелей қатысушыларында да сақталмаған. Басты кейіпкер заманнан қалыс қалғандай, немесе ол қазіргі әлемде орын алып жатқан дүниемен келіскісі келмегендіктен өз естеліктерімен өмір сүреді. Ибраһиммен кездесу бәрін өзгертеді, Ибраһим оған өткен күндердің қайтып оралмайтынын түсіндіреді. Бас кейіпкер «ұлттық революция уақытының аяқталғанын» мойындауға мәжбүр болды. Тіпті революционерлер мен бүлікшілер де өзгеше болды. Егер олардың жастық шағында олар бүкіл әлемдегі әділетсіздік пен заңсыздыққа қарсы, тіпті нәсілге, континентке және діни наным-сенімге қарамастан соғысса, қазіргі замандағы бүлікшілер, мысалы Йусуф тек өз мақсаттарын көздейді.
Йусуф — қазіргі заманғы өршіл жастардың ұжымдық бейнесі. Ол оқымаған, бірақ журналист болғысы келетін сәтсіз адам, өзінен бірнеше жасқа үлкен ересек әйелге үйленген, бірақ оған қандай пәк сезімдері жоқ. Ол негізі иррационалды тұлға, кейде ол радикалды, бөтен адамдардың жүрексіздігімен келіспей, демонстрацияға шыға алады.
ХХ ғасырдың 1990-шы жылдардағы баяндаудың реалисттік және модернистік стильдерінің әртүрлілігімен қатар постмодернистік жалпы пародия, қуыршақ кейіпкерлер, гротеск және қара юмор әсіреулері, стилистикалық кодтарды араластыру мен бұзу, мағынасын ашу үшін мәтіннің құрылымын бұзу және т.б. стратегияларын қолданған шығармалар легі қалыптаса бастайды. Бұл үрдістер әлі де дамып келеді.
Сонымен қатар 1990-шы жылдардың басынан бастап, жаһандану үдерістерінің әсерінен араб әдебиеті жаңа идеологиялық және көркемдік ерекшеліктерге ие болды, бұл батыс тарапынан оқырмандар санының артуына әкелді. Бұл әдебиет өзінің бұрынғы мәдени-діни дәстүрлер мен ішкі саяси жағдайларға байланысты шектеулілігінен арыла бастап, қазіргі заманғы батыс әдебиетіне тән ашық және психологиялық тұрғыдан қалыптасқан тыйымдарды бұзды. Бұл ретте Алә Асуанидің/علاء اسواني «Йакубиан үйі»/ عمارة اليعقوبيان және «Чикаго»/شيكاجو романдары араб әлемінде ғана емес, тіпті Батыстың өзін шулатты деуге болады. Йусуф Зайданның/ يوسف زيدان «Азазел»/ عزازيل, Ражи әс-Саненің «Рияд қыздары»/ بنات الرياض араб әдебиетінде байқалып отырған бірыңғай үрдіс анық көрінетін белгілі жұмыстардың кейбірі ғана болса, Букер сыйлығы қорының техникалық қолдауымен өтетін жыл сайынғы марапатқа 2007 жылғы ең үздік араб романы алғандығы бұл әдебиеттің батыс әдебиетінің деңгейіне жақындағанының айқын дәлелі болады. Бұл марапатқа ие араб романдары бірден бірнеше еуропалық тілге аударылып, тиісті елдерде жарияланады. 2012 жылғы мамыр айында қазіргі заманғы араб әдебиетінің еуропалық зерттеушілері қауымдастығының конгресінде батыс арабтануындағы ең жаңа әдебиетті зерттеушілердің (баяндаманың 11 тек италиялық зерттеушілердің үлесінде) саны көбейіп келе жатқандығы байқалады. Конгрестегі барлық баяндамалар соңғы жылдары жарияланған араб әдебиетінің маңызды жұмыстарына арналды.
Қазіргі заманғы араб әдебиетіне арналған «Banipal»
(https://www.banipal.co.uk/contributors/issue_index.cfm), «Kika», «Nizwa», «Adab-Fann» сияқты араб және еуропалық тілдердегі көптеген электрондық журналдар мен баспа журналдарының электрондық нұсқалары бүгінде қол жетімді. Мұның бәрі қазіргі араб әдебиетін зерттеушіге шығармамен таныс болмаса да бағдарын білуге көмектеседі, қажетті мәліметті саналы әрі мақсатына қарай жинай алады.
Соңғы уақыттағы Америкаға арналған романдарды күтпеген әдеби құбылыс деп атауға болмайды. Америкаға деген қызығушылық араб елдері қоғамы мен жазушыларында өткен ғасырдың ортасында пайда болды, бұл кезде Құрама Штаттар Таяу Шығыстағы өз саясатын жандандырған және олардың әсері, әсіресе Мысырда да күшейді.
Ендігі жердегі америкалықтардың араб елдерінің ісіне тікелей әскери араласуынан кейін – «Шөлдегі дауыл» операциясы және Ирақты басып алғаннан соң, қарапайым египеттіктердің АҚШ саясатына деген көзқарастарында айыптау мен сақтықпен қарау басымдыққа ие болып отыр. Сонымен қатар, әлемдегі ең бай елде өз бақытын тапқысы келген заңды және заңсыз иммигранттар ағымы көбеюде. Америкадағы Мысырдың колонияларының саны тез өсуде. АҚШ-қа олар оқу үшін де, ақша табу үшін де, әлемнің тағдырын шешіп отырған қуатты өз көздерімен көру үшін де барады.
Саналла Ибраһимнің/صنع الله ابراهيم романы атауының екі нұсқасы бар «Амриканли» және «Амри кана ли» (امري كان لي) «Өзім шешуім керек еді» деп аударуға болады. Атаудың бірінші нұсқасының мағынасы С.Ибраһимнің романдарының дәстүрлі бір баяндаушысы, бұл жерде оның аты Шукри, және ол — АҚШ-қа Сан-Франциско университетіне дәріс оқуға келген тарих профессоры. Шукри былай дейді: «Мен лекцияны арандатушылық мақсатымен бастадым, балалық шағымда «амриканли» сөзін түрі әдемі, бірақ жылдам бұзылатын тауарларға арналған» дегенге үйренгем» [1, 127 б.].
Баяндаушы егжей-тегжейлі Сан-Францискодағы алғашқы күндерін сипаттайды. Оны қоныстандырған үй, оның жанындағы бау-бақша, қақпағы тығыз жабылған таза қоқыс бактары, пәтердегі жиһаз (ең қажеттісі), тұрмыстық электр техникасы (жөндеуді қажет ететін), бұрынғы тұрғындардан қалған кітаптар. Университетке алғашқы сапар – жолда кездескен адамдар мен дүкендер, университет аудиториялары мен кабинеттері, олардың жабдықтары, қызметкерлермен танысу, келушілерді толтыратын құжаттар, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы нұсқаулықтар, кері жолда сатып алуға заттар тізімі – азық-түлік, газеттер, бейнефильмдер. Сонымен қатар, жалпы тарих бойынша семинарға келетін магистранттар тобы, оқытушылар – америкалықтар, латын америкалықтары, еврейлер, арабтар — олардың кейбіреулері америкалықтарға үйленген.
Баяндаушының ой-өрісі кеңейіп, қала көшелері мен ондағы адамдармен танысады, әртүрлі ұйымдардың жиналыстарында қатысады, көпұлтты, көпнәсілді және көпконфессиялы америкалық қоғам өмірінің барлық қырларына қызығушылықпен қарайды.
Өзінің алдыңғы романдарындағы сияқты, С. Ибраһим құжаттық поэтиканың құралдарын пайдаланады. Берілген дәйексөздерден, жеке пікірлерден, фактілерден, баяндаушының бақылауынан оқырман өз қорытындысын шығара алады. С. Ибраһимнің мақсаты «Комитет» (1981) атты саяси памфлетіне ұқсас, сатира емес, ол — Американың не екенін түсіну, оның күші неде, Америка қоғамының артықшылығы мен кемшілігі, өмір салты қандай секілді сұрақтарға жауап іздеген роман. Ол шынайылықты сақтауға тырысады, бірақ ирониялық мәнмәтін кейде анық көрінеді [1, 128 б.]. Дегенмен, ол байыпты болудан, ғылыми проблемаларға барудан қорықпайды, романнан зерігу не зерікпеу автордың айтқанынан емес, оның қалай айтылғанына байланысты. Роман араб оқырмандарын тек Америка ғана емес, жалпы тарихқа қатысты, Мысырға қатысты, өткен және бүгінгі күнге қатыстыны кезекті конъюнктуралық ойлар жиналысына айналдырмай, қатаң және объективті ғылым ретінде тарихқа жақындауға үйретеді. Сонымен қатар, профессор Шукри өзінің студенттеріне тарихи шындықты орнату қиын, кейде мүмкін емес, кейде ол туралы дауыстап айтудың өзі қиын екенін үнемі еске салады.
Мысырлық Рифаа ат-Таһтауи Парижге сапары мен алған әсерлері жайлы «Париждің қысқаша сипаттамасынан таза алтынды шығарумен» (1834) салыстырсақ, бұл саяхат 180 жылдан кейін жасалады. Егер Рифаа ат-Таһтауи еуропалық ғылым мен техникалық жетістіктерін XIX ғасырдың басында қабылдауға үгіттесе, С. Ибраһим көптеген америкалық және еуропалық ғалымдардың тарихи көзқарастары мен теорияларының біржақтылығын сынап қана қоймай, ортағасырлық саяхат сипаттамасының ажырамас «Ажайиб уа ғарайиб» элементіне сәйкес Сан-Франциско «таңғажайыптарына» қала және жастар келбетімен қатар көшеде тұрып жатқан мыңдаған үйсіз жандар, ирониялық үндестікке анық қойылған.
Романда тарих ғылымы мен тарихты зерттеу әдістемесінің маңызды мәселелерімен қатар, онда маңызды орынды махаббат емес, автодың басқа да романдарындағыдай – жыныстық тақырыпқа берілген. «Прогресс» ұғымының эволюциясы, еуропалық отарлық жаулап алу тарихы, Араб-Израиль қақтығысы және т.б. олармен өзінің алғашқы жыныстық тәжірибелері ,өзінің «сатқындықтары» туралы жан-жақты естеліктерімен бөліседі, ол өзінің ғылыми мансабына зақым келу қаупінен қорыққан кезде, көзқарастарын бөліскен адамдарды қолдаудан бас тартты. Сонымен қатар баяндаушы өз тыңдаушыларының дәрістеріне деген қызығушылығын тудырғанына қанағаттанған. Сондай-ақ, проф. Шукри жас студент қыздарға деген ықыласын үнемі көрсетіп бағады.
Ал оның «АҚШ-та өмір сүретін мысырлардың қауымдастығы» атты жыл сайынғы жиналысында сөйлеген сөзі респектабельді аудиторияның ашуын тудырады және профессор өз баяндамасын жартылай бос залда аяқтайды.
Автор оқырманмен ойнайды, оны таңқалдырады, ғылыми тақырыптардан жыныстық тақырыптарға үнемі ауысып, оқырманның назарын ұстап тұруға тырысады. Мүмкін, жазушының әдебиеттегі алғашқы қадамдарын ойшыл К.Маркс пен З.Фрейд жұмыстарына деген аса қызығушылығымен түсіндіруге болатын болар. Сондықтан автордың романдағы кейіпкері проф. Шукридің дүниетанымы екі жақты негізде дамиды: тарихи процесті талдауда ол тарихи материализмнің белгілі постулаттарына сүйенсе, адам табиғатын жеке тұлғаның психожыныстық даму теориясымен түсіндіреді.
Бірақ профессор Шукри қандай шешім қабылдауы керек еді? Бұған жауапты СанФранцискода араб елдерінен келген тарихшылар конференциясында сөйлеген сөзінен байқаймыз. Онда Шукри ешбір ажуасыз Мысырдың қазіргі тарихына өз көзқарасын білдіреді. Ливаннан келген тарихшыдан басқа баяндамашылардың қолдауы не қызығушылығын тудыра қоймағанмен, Сан-Францискода тағы бір семестр қалғысы келсе де, университетпен келісім-шартын ұзартуға үміт арта алмайтынын түсінеді. Бірақ ол өз таңдауын жасады…
Фрейдизммен мүлдем байланысы жоқ жыныстық тақырыпты басқа да қазіргі заманғы бірқатар мысырлық романистердің, соның ішінде Алә Асуанидің шығармаларында үлкен орынға ие екендігін байқамау мүмкін емес [1, 129 б.]. Оның екінші «Чикаго» (2006) романы да «Йакубәна үйі» секілді үлкен қызығушылық тудырды, алғашқы басылым бес күнде сатылғанмен, баспаға кейбір оқырмандар тарапынан автордың жыныстық көріністерді асыра пайдалануына қарсы наразылықтарын алды.
Романның кейіпкерлері — Америкада өмір сүретін Чикагодағы Батыс Иллинойс университетінде оқып, жұмыс істейтін мысырлықтар. Алә Асуани өзі Чикагода оқыды, қала мен оның тарихын жақсы біледі, ол оқырманын қысқаша экспозицияға енгізеді. Құрылымдық түрде роман алдыңғы «Йакубәна үйі» романын қайталайды: кейіпкерлердің драмалық әңгімелері дәйекті түрде, бір-біріне қарама-қайшы эпизодтармен параллельді түрде ауысып, күтпеген сәтте үзіледі. Кейіпкерлердің айқын берілген сипаты олардың ісәрекеттерінде, көптеген диалогтарда, бір-біріне беретін уәделерімен ашылады. Дегенмен кейіпкерлердің бейнелері типтенген, олардың әрқайсысында парасаттылық, қорқақтық, тектілік, арсыздық, діншілдік, екіжүзділік, мансаптық, жастық идеалдарына адалдық секілді адами сипаттар басым келеді. Бұларды біріктіретін ортақ сипат — мысырлықтар екені. Америкада жылдар бойы өмір сүрсе де, алдарынан мысырлық өткені күтпеген жерден шыға келеді. Роман тақырыбы — мысырлықтардың америкалық өмір салты мен мәдениетіне бейімделуіне не бейімделмеуіне негізделген.
Америкада мәдениеттердің айырмашылығын жеңіп, ақыл-ойдың тепе-теңдігін сақтап, жергілікті тәртіпке бейімделуге қабілетті мысырлықтар кездеседі, бірақ олардың саны аз. Мысалы, 30 жыл бойы Америкада өмір сүріп, америкалық әйелге үйленген профессор Рафат Сәбит өзін жүз пайыз америкалық екендігіне күмән келтірмейді. 1952 ж. төңкерістен кейін меншігінен айырылған пашаның ұлы, ол мысырлықтарды жек көреді, оларды надан және артта қалғандар деп санайды. Бірақ оның мысырлық «табиғаты» қызы есірткіге тәуелді жұмыссыз суретшімен өмір сүру үшін үйден кеткен кезде сыртқа шығады [1, 130 б.].
Профессор Мухаммад Салах студенттік жылдарында солшыл топ мүшесі болған, 1967 ж.соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін «бәрі аяқталды» деген шешім қабылдап Египеттен де, оны қорқақ деп айыптаған сүйікті қызын тастап кетеді. Штаттарда ол америка азаматтығы үшін даяшыға үйленеді, оған әйелі ұнамайды және өзін өте бақытсыз сезінеді. АҚШ-қа келген Мысыр президентіне патриотизмі оянып Мысырдағы демократиялық еркіндіктің кеңеюін талап ететін петициясын оқуға келіседі, бірақ шешуші сәтте қорқып, мәтіні бөлек адалдық туралы мәтінді оқиды. Осы кезде сүйікті қызының айтқанының бір кездері дұрыс болғанына көзі жетіп, өз маңдайына өзі оқ атады.
Тантадан (Марокко) келген 30-жастағы студент Шима Мухаммади, дініне берік, керемет үй иесі және аспазшы, парасатты мұсылман қызының үлгісі. Күйеуге шықпағандығына ары қарай төзе алмай және америкалық жастардың моральдық бостандығы да әсер еткен болу керек, жатақханадағы тәкаппар көршісі әрі даңғой мінезді Тариқ Хасиб есімді жігітпен күнәһарлыққа барады. Бірін-бірі ұнатқанмен, Шима жүкті болған кезде, Тариқ оған үйленуден бас тартады, өйткені неке оның оқуына кедергі келтіреді. Шима түсік түсіруге бел буады, ал наркоздан оянғанда, Тариқтың кең жымиған бетін көреді. Олардың болашақ өмірі белгісіз күйінде қалады.
Жасы келіп қалса да магистрант атанып жүрген Ахмад Данана — Египет ұлттық қауіпсіздік қызметінің екіжүзді және пайдакүнем агенті. Оның оқуға уақыты жоқ, ол Египет студенттерінің одағының төрағасы саналады және оның барлық мүшелерін өз қолында ұстайды. Бір кездері Египетте, ол солшыл топ қозғалысына қатысушы деп Нағи Абд ас-Самадқа шағым жасаған болатын. Енді Нағи Чикагоға диссертация жазуға келеді, олар қайтадан бетпе-бет кездеседі. Нағи өзіне сенімді, ол Мысыр режимінің қарсыласы және барлық айыптаулардан Америкада қашып құтыларына үмітті. Карам Дос кезінде өзінің «қажетсіздігін» сезініп Египеттен кетіп қалған, кейіннен Чикагода танымал хирург болды. Нағимен бірге Египетте демократиялық бостандықты сақтау талап етілген петицияға қол жинау жоспарын әзірлейді. Оларды 60-шы жылдардағы «ренжіген жастар» қатарынан қарт америкалық Джон Грэм де қолдады. Бірақ Ахмад Данана Нағи туралы Мысырдың консулдығына жеткізді. Нағиға президентпен кездесуге жол берілмейді. Петицияны, жоғарыда айтылған, Мухаммед Салах оқуы керек еді… Тұтқындаған Нағиді полиция бөлімшесінде қатыгездікпен ұрып-соғады. Оның еркіндікке деген үміті ақталмады.
«Чикаго» романына пікір білдіруші Хатим Хафиз «романды оқудың рахаты оның барлық басқа кемшіліктерін жояды» деп атап өтеді. Бір жыл сегіз рет қайта шығарылған роман бұл көзқарасты растайды.
Романның кемшіліктерін оны «саясаттандыруында», кейіпкерлер мінездерінің тым «ашықтығында», жыныстық көріністердің шектен шығуында деп бағалаған сыншыларға, ал-Асуани саясаттың «біздің барлық мәселелерімізден ажырамайтын байланысы, оның ішінде жұмыс табу, табыс табу» деген түсінігін тұжырымдады. Оның романында «толық оң кейіпкер» жоқ, «қара және ақ» жоқ. Жыныстық көріністер туралы «секс – кейіпкерлер өмірінің өте маңызды бөлігі және олардың жыныстық әрекеттері кейіпкерлердің мінезін, тәрбиесін, кәсіби қызметінің аша түседі» деді [11]. Ол сондай-ақ өзін характерлер мен оқиғалардың негізін салушы Нагиб Махфуздың ізбасары ретінде мойындады, бірақ ол үшін Махфузбен салыстыру – «тым үлкен құрмет» деп мәлімдеді. Ал 2008 жылдың наурыз айында Алә әл-Асуани Венада адам құқығын қорғау саласындағы қызметі үшін берілетін Бруно Край атындағы сыйлықтың иегері болды.
1970-ші жылдары басталған мысырлықтардың жаппай еңбек эмиграциясы да өзінің әдеби жемісін әкелуді жалғастырады. Фатхи Эмбаби, Ибраһим ‘Абд әл-Мажид, ‘Абд асСалам әл-‘Умари романдары кейіпкерлері Ливияда, Сауд Арабиясында, Парсы шығанағында бақтарын сынағаннан кейін, Оңтүстік және Солтүстік Америкаға бағын сынап кеткен египетттіктер туралы да шығармалар легі келді. Жәмәл Амрдың «Біздің латын ауылымыз. Заңсыз эмигранттың жазбалары» («Карйатуна әл-латиниййа. Музаккарат мухажир ғайр шар’ий») романы әлі жеке басылымнан шыққан жоқ, 2007 жылдың қазан айында «Ахбар әл-адаб» апталығында оның бірінші бөлімі жарық көрді [12]. Өз мақсатына яғни, Құрама Штаттарға дейін кейіпкер әлі жеткен жоқ, басқа да арабтар тәрізді ол Гватемалада тұрып қалады. Бірақ роман қазіргі Египет ауылындағы көңіл-күйдің сипаттамасымен қызықты, олардың көпшілігі шетелге кетуді армандайды және заңсыз саяхаттың өзі қалай болатынын әңгімелейді. Автор романдағы баяндаушыны ауыл мектебінің қарапайым мұғалімі ретінде ұсынған. Роман қарапайым ауызекі әдеби тілге жақын, мектепте және институтта Араб әдеби тілін меңгерген сөзсіз талантқа ие баяндаушының тілінде жазылған. Баяндаушының отбасы мүшелерінің, ауылдастарының, ауылдан кетпей тұрып-ақ есімдерін білген және жолсеріктері болып үлгерген тасымалдаушы-мысырлықтар мен латын америкалықтардың сыртқы және психологиялық портреттері өте қонымды. Олардың трансокеан лайнерінде ұшудан, талқандалған латынамерика жолдары бойында қираған таксимен, мұздатылған өнімдерді тасымалдауға арналған фургонда, қалалардан, ауылдардан, Эквадор мен Коста-Риканың қиын өтетін ормандарынан жүріп өткен маршруттарынан алған әсерлері, сонымен қатар шағын ғана топ мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас, ой-пікірлер, кейбір шекаралардан өту кезінде ұсталынып қалу қаупі, қорқынышы, жаңа жерге жету-жетпеу күмәні, міне, осының барлығы баяндаушының жаңа әлемді тану тарихына жатады.
Ауылда эмигранттың әсіресе, Америкаға кеткен туысының болуы – «паша немесе беймен туыс» болғанымен тең саналды. Ауылда Америкаға ену жолдары, тасымалдаушының есімі мен телефон нөмірлері туралы пайдалы және қажетті ақпарат алмасу жүріп жатты. Америкадан сыйлықтар, киім және техника жіберіледі. Сол жерден әкелінген ақшаға жер телімдері сатып алынып, жаңа үйлер салынды. Америкаға кетем деудің өзі көршілер мен достар арасында қызғаныш тудырады. Егер ауылдан кетіп қалғандар онда сәтсіздікке ұшыраса, олар қуанатын. Табысқа жеткендер қоғамдық иерархияның жоғары сатысына көтеріліп, басқалары төмен қарай жылжиды. Туыстық қатынас заңдары, адамның білім деңгейі тіптен жарамсыз болып қалды. Жоғары сатыға доллары мен еуросы бар адамдар көтерілді. Сондықтан, әрбір адамның елден кетуі «әскери операция» тәрізді құпия болуы шарт, тек жеңіспен оралуы тиіс. Олар Италияға, Испанияға және одан әрі Эквадорға ұшуы тиіс Каир халықаралық әуежайында ауылдастардың бір-бірімен кездесіп қалуы барлығына күтпеген жағдай болады [1, 133 б.].
Баяндаушы ешқайда кетпейді, ол ауылдағы қарапайым, дәстүрлі өмірімен және мектеп мұғалімінің еңбекақысымен қанағаттанды, көршілердің «адал ниеттерін» бөлмейді. Бірақ достары оны неге кетпесің деген сұрақтармен қудалады. Отбасы оның сапарына ақша жинай алмайтыны туралы болжамы, оның намысына тигендігі, оның жылдам арада шешім қабылдауына түрткі болды. Ұшақта оның құлағына, атақты араб әншісі Умм Кулсумнің «біз емес, тағдыр солай қалады» атты әнінің сөздері естілді. Кейіпкер өзінің серіктерінен ерекшеленеді, өйткені ол білімді адам, кітап оқиды және жоғары өнерді ұнатады, ағылшын тілін және бірнеше испан сөздерін біледі, нарды ойнамайды, оны футбол қызықтырады. Сонымен қатар, ол дініне берік, оразасын бұза алмайды және ұшу кезінде бірнеше сағаттық белдеулер өзгергендіктен, ол аш болса да, стюардесса берген таңғы астан бас тартады. Ол қыздармен қарым-қатынаста өте ұялшақ, сөйлесіа қалса, тер ағып шыға келеді де, өзін ыңғайсыз сезінеді. Аднан ше, шімірікпей шошқа етіне тойып алғаны былай тұрсын, бір ауыз сөз не ағылшын, не испан тілінде білмей ақ, ұшақтағы көрші қызбен танысып алып, тіпті күлдіріп отыр. Ұшақта «Шөлдегі дауыл» операциясы туралы америкалық фильмді қарау барысында «батыл америкалық сарбаздар ақылсыз және ақымақ арабтарды ойран қылады», міне, америкалықтарға осындай кинофильмдер арқылы арабтарды асқан байлығын не істерін білмейтін және оларды тек жыныстық рахатқа бөленуден басқа еш нәрсе қызықтырмайды деген жансақ пікір қалыптастырады. Ал олар болса, өркениетті адамдар, әлемді осы арабтардың «ақымақтықтарынан» қорғауға міндетті.
Бірақ Эквадор асып, содан кейін Коста-Рики мен Гватемалаға келгенде, баяндаушы Латын Америкасы елдерінің кедей қала шеттері мен ауылдары батпағымен ғана емес, сонымен қатар АҚШ-қа саяси тәуелділігімен де арабтарға өте ұқсас екенін айтады. Ал қарапайым көңілді, ашық латынамерикалықтармен, яғни жас, биші жігіт-қыздармен танысуда өзін еркін ұстай алмауы қынжылтады. Ол би билеуді үйреніп, қызбен әңгіме жарастырып, өз білімін испан және ағылшын тілдерінде толықтыра бастайды. Ақыр соңында Америкаға жетуді басты мақсат етеді. Батысты кітаптардан оқығандай емес,оның қандай екенін зерттеу қажет деп түсінеді. «Мен Батысқа деген өз көзқарасымды анықтауым керек. Мен Америкаға жерлестерім сияқты ақша жинап, ауылға қайта оралу үшін емес, Батысты оқып, ағылшын тілін үйренуге, компьютерді меңгеруге тиіспін. Ақша үшінші орында… Мен араб қоғамдық ойының проблемаларын шешуде және арабтың жаңғыру жобасы дағдарысының себептерін анықтау үшін баруым қажет» [1, 134 б.].
Міне, осы ой мен мақсат, жоғарыда айтылған бір-біріне ұқсамайтын «Амриканли», «Чикаго» және «Біздің латын ауылымыз» үш романда орын алады. Барлық үш жазушы С. Ибраһим, оның «Барлық жерде осы бір иіс» (1966) шығармасы египет «жаңа романының» классикасы аталғанмен, Әл-Асуани жаңа ғасырдың басында әдебиетке «Йакубиани үйі» романымен «баса көктеп» кіргенмен, Ж. Амр өзінің алғашқы романында бірінші кезекте өз елінің тағдырына қатысты және Америкадағы олар үшін негізгі сұраққа жауап іздейді: неге Египет артта қалуды жеңе алмады, неге тәуелсіз өмірдің қысқа кезеңі тағы басқа күштірек колонизаторға тәуелді болды?
Келесі М. Ат-Тахауидің «Көк баялды» («Ал-Базинджана аз-зарқа», 1999) және «Бөкеннің дүрсілі» («Накарат аз-зиба», 2001) атты екі романдарында патриархалды қоғамындағы әйел адамның қайғылы өмірі суреттеледі. Алайда, бұл екі роман оның алғашқы романындай жетістікке жете алмады. Мирәл АҚШ-қа кетіп, сол жерде Солтүстік Каролина университетінде араб тілінің оқутышысы болады.
АҚШ-та Мирәл ат-Таһауи «Бруклин шыңдары» атты романын жазады. Аталмыш роман 2010 жылы Каирда басылып шықты. Роман араб «Букеріне» тағайындалып, 2011 жылы Каирдегі Америка Университетінен Нагиб Махфуз жүлдесіне иеленеді [1, 142 б.].
Романның есімі «Бруклин хайтс» болып арабша транлитерациямен, ешқандай аудармасыз жазылған. Бруклин шыңдары Нью-Йорктегі ең әдемі әрі романтикалық жерлердің бірі болып есептеледі.
Аталмыш роман М. Ат-Тахауидің алдыңғы романдары секілді әйел адамның тағдыры туралы баяндайды. Алайда, бұл романда сонымен қатар Бруклинде өмір сүріп жатқан көптеген иммигранттардың тағдырлары туралы да баяндайды. Романда автобиографиялық мағлұматтар және автор өзінің Бруклиндегі өмір туралы әсерлері мен көзқарастары туралы жазғанымен, романды толығымен автобиография деп атай алмаймыз. Романның басты кейіпкері мысырлық Хиндтің бостандықты жақсы көретін қайратты мінезі автобиографиялық десек те болады. Басты кейіпкер Хинд Мысырдан көзіне шөп салған жұбайымен ажырасқаннан кейін Америкаға көшіп кеткен, мектепке баратын баласы бар 40-жастағы әйел болып табылады. Хинд ғаламтор арқылы бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрады. Ол әр күн сайын Бруклинге барып тұрады, кейде жұмыс іздейді, кейде әкімшілік кеңселерге, дүкендерге, кафелерге, қоғамдық кітапханаға барады. Ол әңгімелер мен өлеңдер жазады, және де бір күні сол туындыларды баспадан шығаруға көмектесін адамды кездестіруді армандайды. Бруклинде тұратын адамдармен танысады. Оның ішінде тек қана бір американдық адам кешке би залында танго сабақтарын беру арқылы табыс табатын Хиндтің көршісі Чарли. Қалғандары: түрлі елдерден келген арабтар, мексиканкалық әйелге үйленген ирактық күрд, «оғаш тағамдары» бар ресторанның иесі қытай, Сомалиден келген әдемі Фатима, және де өзінің Ауғанстанда америкалық әскерлермен жұмыс істегенімен мақтанатын жас ауған жігіт, Кеңес Одағынан профессор-жұбайымен көшіп келген көп сөйлейтін еврей әйелі. Хинд жоғарыда аталған адамдардың өзі туралы шынайы не болмаса өтірік пікірлерін тыңдайды. Баласын мектептен алып кетеді. Және де баласының ағылшын тіліндегі жетістіктеріне қуана қарайды. Қазір оның баласы сағыз, бургер, және түрлі тәттілерді дүкендерден не керектігін ағылшынша оңайлықпен айтып сатып ала алады. Хинд баласының қолын ұстай отырып, серуенге шығады. Себебі бүгін демалыс күні. Оның бөлмесі қараңғы. Ол түндерін ояу өткізеді. Оны үрей мен қорқыныш мазасыздандырады. Хинд бостандықты кәміл сезіне алмайды: ол өзіне кәрі әрі толық, әрі ұсқынсыз болып көрінеді; адамдармен еркін сөйлесе алмайды. Ағылшынды жақсы білсе де, бұл бөтен тілде сөйлегісі келмейді. Марокко, Алжир, Судан, Йеменнен келген арабтар араб әдеби тілін білмейді, тек өздерінің диалектілерінде сөйлейді, ал ағылшынша өте нашар сөйлейді. Олар бір тілді біле тұра, бір-бірін мүлде танымайды. Ал Хинд болса араб тілінің мұғалімі, араб тілін өте қатты жақсы көріп, басқа тілдерді мүлдем ұнатпайды.
Роман бірде Хиндтің өткен шағын, бірде қазіргі өмірі туралы баяндайды. Әрдайым өткен шақты «еске алулар», балалық шақтың суреттелуі, адамдардың толықтай суреттелуі осының барлығы Прустты және оның «Жоғалған уақытты іздеуін» еске салады. М. АтТахауи кейіпкерінің Мысырдағы кішкентай қалашықтағы жастық шағы мен көптеген адамдар тұратын үлкен Бруклиндегі қазіргі өмірді параллель суреттеуі үшін «прусттік» тәсілді қолдануы хикаяның бірыңғай толық баяндалуына алып келеді. Сол сияқты тілдің де өзіндік рөлі бар: ұлттық, өзінің бойына салт-дәстүрді, әдеби мұраны сіңірген мысырлық диалект және де бөгде, бейтаныс, жаттанды Бруклин тұрғындарының сөйлесетін ағылшын тілі. Тіл – бұл тұлғаның қандай-да бір қоғамға тиесілі екендігінің, ұлттық ерекшеліктің көрсеткіші. Ал бұл ерекшелікті Бруклин тұрғындары уақыт өте келе жоғалтып барады.
Өзінің Мысырдағы қалашығын еске ала отырып, Хинд өзінің сыныптас құрбыларының өмірін де еске түсіреді. Оларды, балиғат жасқа толғаннан кейін күйеуге беретіндігін, және де бір сыныптас құрбысының анасы өз қызын күйеуге Сауд Арабиясына «сатып жібергендігін» және де одан кейін ол осы істі өзінің табыс көзіне айналдырғанын еске түсіреді. М. Ат-Тахауидің романдағы әңгімелері мысырлық қала қоғамының шын мәнісінде «нарықтық қоғам» екендігін суреттейді.
Бруклинде өзінің өмірін қалпына келтіргісі келіп жүрген бойдақ әйелдер өте көп. Олар америкалық көйлек киеді, ағылшын тілін оқып алып, табыс беретін жұмыс іздейді. Әдетте өздері сияқты иммигранттарға тұрмысқа шығып, тез ажырасып кетеді. Бұндай отаулар әдетте көпке шыдамайды. Олардың өмірлері және бостандықтары қандай-да бір діни шектеулердің кесірінен емес, жай ғана тағдырдың оларға бергендігімен шектеулі.
Өткен шақтың бейнесі анық болатын болса (ата-анасының өлімімен, және де АҚШқа көшумен), онда осы шақтың және болашақтың бейнесі анық емес. Хинд ешкіммен ұзақ созылатын қарым-қатынасқа түспейді. Тіпті баласының да оның өміріндегі үлесі азая бастайды. Енді оның баласы саябақтарда анасының қолынан ұстап жүрмейді, керісінше өзінің «өскендігін» көрсетіп алдыда жүреді. Ол мында өмір сүру қын екендігін біле тұра, Америкадан қайтқысы келмейді. Ол өзіне тіпті Бен деген жаңа есімді алғысы келеді. Хинд оны өзін жалғыз үйде жиі қалдырады.
Хиндтің жақын достары екеу ғана: компьютер ойындарының дүкенінің иесі Баальбектен келген армяндық Нарак, және де «шығыстық сусындар мен азық-түліктің» дүкенінің иесі 1995 жылы Набулустан келген Наджиб әл-Халили. Нарактың көңіл-күйі әрқашанда көтеріңкі, ал екіншісі болса, әрдайым өзінің туған жерін сағынып, қайта қайтқысы келеді. Ол Американы «ет тартқыш» немесе «ұлы жалған» деп атайды, оның пікірінше мында адамның бостандығы жоқ, ол тек қана бір үзім нанды табу үшін күнделікті жұмыс істейді, ал одан кейін ол ақшаның барлығы несие төлеуге кетеді.
Мирәл ат-Таһауидің романы мелодраматизмнен мүлдем алшақ, керісінше оның романында адамзат тағдырының, сезімінің, мінезінің шындығы жазылған. Роман кейіпкерлерінің көп жағдайда шынайы өмірде өздерінің прототиптері бар. Ал оқыған әрі талантты бас кейіпкердің бостандығын шектейтін салт-дәстүрлерден құтылу, және де осы уақытта өзінің ұлттық әрі мәдени ерекшелігін сақтап қалу бас кейіпкердің жеке проблемасы. Және де бұл проблема қазіргі таңдағы көптеген иммигранттардың проблемасы болып табылады. Романды оқып болғаннан кейін роман есімінің символикасы да білінеді: кейіпкерлер Американы Бруклин шыңдарынан тамашалай алады, алайда Бруклин көпірінен өтіп, өзін «нағыз» америкалық деп санау тек кейбір адамдардың ғана қолынан келеді.
Бүгінгі араб прозасында, атап айтқанда, романдарда айқын анықталған бағыттар мен үрдістерді анықтау қиын, бұған себеп жазушылардың жеке тұлғалары мен стильдерінің әртүрлілігі, сондай-ақ авторлардың әлемдік әдебиеттегі жаңа тенденциялар мен құбылыстарға деген көзқарасының да түрлі болуында.
Сонымен қатар, әдебиетте реалистік дәстүр де сақталған, дегенмен «үлкен қоғамдық идеяны» іздеуде емес, адам баласына деген ізгілік пен адамгершілік көзқарасты қуаттаумен байланысты.


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Суворов М. Н. Cовременная литература Ближнего и Среднего Востока, M., 2014
2. Кирпиченко В.Н. Новая и современная литература Египта (19-20 вв.). М., 2003.
3. Кирпиченко В. Н. Об арабских формах арабского романа и о пище духовной. – М.:
Россия — Восток — Запад, 1999
4. Абд ар-Рахман Муниф. Мудун ал-мильх, -Бейрут. -391 с.
5. Кирпиченко В.Н. Новые явления в египетском романе начала XXI века // Восхваление: Исааку Моисеевичу Фильштинскому посвящается. М.: ИСАА МГУ, 2008. С. 417-444.
6. аль-Асуани Аля. Дом Якобяна. -М.: Центр гуманитарного сотрудничества, 2008
7. Аль-Асуани Аля. Чикаго. -М.: Центр гуманитарного сотрудничества, 2012
8. Надирова Г.Е. Эволюция тунисского арабоязычного романа. — KazNU Bulletin. Oriental series. №3 (59). 2013
9. Соколов О.А. Черты йеменского исторического романа (на материале первоисточников). В кн. Новая наука: теоретический и практический взгляд: Международное научное периодическое издание по итогам Международной научнопрактической конференции (14 ноября 2015 г., г. Стерлитамак). Ч. 3 – Стерлитамак, 2015 10. Суворов М.Н. Творчество йеменских прозаиков-модернистов (70-80-е гг. ХХ в.). –
Востоковедение. № 28. 2008
11. «Ахбар әл-адаб» апталығында 29.07.2001
12. «Ахбар әл-адаб» апталығында 22.04.2001

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *