Кемелбекова З.А1. Букабаева Б.Е.2 Сейдалиева Г.О.3
123 Абай атындағы ҚАЗҰПУ
1филология ғылымының кандидаты 2филология ғылымының кандидаты 3 PhD., аға оқытушы
Алматы, Қазақстан
МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПӘН МЕН ТІЛДІ КІРІКТІРІП ОҚЫТУ
МОДЕЛІ
Түйіндеме
Мамандарды кәсіби даярлаудың жоғарғы деңгейі заманауи жоғары білім берудегі өзекті міндеті болып саналады. Осы мәселенің аспектілерінің бірі болып кәсіби міндеттерді шешуде келешек педагогтарды даярлауды қалыптастыру жатады, бұл кәсіби міндеттердің негізгісі болып саналады. Шет тілдік білім саласында CLIL технологиясы арқылы білім берудің басты ерекшеліктеріне өтіп жатқан пәннің мазмұнындағы шет тілінің интеграциясы жатады, атап айтқанда кәсіби салада шет тілінде қарым-қатынас құру барысында лингвистикалық деңгейін, әлеуметтік, мәдени және академиялық дағдыларды дамытып қалыптастыру жатады. CLIL әдісі бойынша шет тілін үйрету білім беру жүйесінде міндет пен мақсатқа байланысты жүргізіледі, әрбір пәнді өтуде шет тілін енгізу талап етіледі. CLIL технологиясы әртүрлі білім беру контекстінде қолданылатын бірқатар теориялар мен тәсілдерді біріктіріп сабақ өтуге мүмкіндік береді.
Кілт сөздер: маман моделі, пән мен тілді кіріктіріп оқыту, танымдық тілдік құзыреттілік, Сlil-оқытушыларын даярлау, сөйлеу стратегиясы, рефлексия.
Кемелбекова З.А1. Букабаева Б.Е.2 Сейдалиева Г.О.3
123 КазНПУ им. Абая
1 кандидат филологических наук 2 кандидат филологических наук 3 PhD., старший преподаватель
Алматы, Казахстан
МОДЕЛЬ ИНТЕГРИРОВАННОГО ОБУЧЕНИЯ ПРЕДМЕТА И ЯЗЫКА В
СИСТЕМЕ ШКОЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
Аннотация
Высокий уровень профессиональной подготовки специалистов является актуальной задачей современного высшего образования. Одним из аспектов данного вопроса является формирование подготовки будущих педагогов к решению профессиональных задач, что является основой профессиональных задач. В области иноязычного образования основными особенностями обучения посредством технологии CLIL является интеграция иностранного языка в содержании изучаемой дисциплины, а именно формирование лингвистического уровня, социальных, культурных и академических навыков при общении на иностранном языке в профессиональной сфере. Обучение иностранному языку по методу CLIL осуществляется в системе образования в зависимости от задач и целей, при прохождении каждого предмета требуется внедрение иностранного языка. Технология CLIL позволяет проводить занятия в сочетании с рядом теорий и подходов, которые используются в различных образовательных контекстах.
Ключевые слова: модель специалиста, интегрированное обучение предмета и языка, познавательная языковая компетентность, подготовка CLIL-преподавателей, речевая стратегия, рефлексия.
Z.АКemelbekova1. B.Е. Bukabayeva.2 G.О. Seidaliyeva3
123 KazNPU named after Abay
1candidate of philological sciences, senior lecturer 2candidate of philological sciences, senior lecturer 3 PhD., senior lecturer
Almaty, Kazakhstan
MODEL OF CONTENT AND LANGUAGE INTEGRATED LEARNING IN THE SCHOOL SYSTEM
Abstract
A high level of professional training of specialists is an urgent task of modern higher education. One of the aspects of this issue is the formation of training future teachers to solve professional problems, which is the basis of professional tasks. In the field of foreign language education, the main features of learning through CLIL technology are the integration of a foreign language in the content of the discipline being studied, namely, the formation of linguistic level, social, cultural and academic skills when communicating in a foreign language in the professional sphere. Learning a foreign language using the CLIL method is carried out in the educational system depending on the tasks and goals, each subject requires the implementaion of a foreign language. CLIL technology allows you to conduct classes in combination with a number of theories and approaches that are used in various educational contexts.
Key words: specialist model, content and language integrated learning, cognitive language competence, training CLIL teachers, speech strategy, reflection.
Кіріспе. Заманауи жоғары білім беру әрдайым пән аралық байланыс пен интеграция жолы бойынша жетілдірілуде өзекті болып саналады. Интеграцияның мәні бөлінбейтін ажырамас бір бүтін нәрсе құруда айқындалады. CLIL — интеграцияланған пәнді-тілдік білім беру шет тілінің құралының көмегімен пәнді оқыту әдісін сипаттау үшін айтарлықтай жиі қолданылады, Оның басты мақсатына пәнді меңгеру және шет тілінде тілдік дағдыларды жақсарту жатады [1, б.33].
Заман талаптарына сай білім беру жүйесі жетіліп, жаңа қырларынан жан-жақты көрініс беріп, білім берудің мазмұны да күн өткен сайын жаңартылып әрі күрделеніп келеді. Бұл жаңашыл көзқарас білім беру мазмұнын толықтырып, білім беру жүйесін қазіргі заман талабына сай дамыта оқытуды ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін түрлендіре алып отыруды қажет етеді. Бұл әдісті Еуропа елдерінде әртүрлі мектептерде тәжірибеден өткізген, атап айтқанда Финляндия, Венгрия, Балтық жағалауы елдерінде, соның ішінде Литва, Эстонияда қолданылған.
CLIL әдісі бойынша шет тілін үйрету білім беру жүйесінде міндет пен мақсатқа байланысты жүргізіледі, әрбір пәнді өтуде шет тілін енгізу талап етіледі. CLIL (Content and Language Integrated Learning — Пән және Тілді Кіріктіріп Оқыту) технологиясы әртүрлі білім беру контекстінде қолданылатын бірқатар теориялар мен тәсілдерді біріктіріп сабақ өтуге мүмкіндік береді. CLIL технологиясын енгізудің әртүрлі әдістерін сипаттайтын бірқатар терминдер бар, мысалы тілді толығымен енгізу және т.б. [2, б.102].
Әдістер. CLIL әдісінің басты мақсатына білім алушылардың танымдық (немесе академиялық) тілдік құзіреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл әдістің артықшылығына уақытты үнемдеу, шет тілін және пәндерді шет тілінде өту барысында білім алушылардың ынтасын арттыру жатады. Сонымен қатар оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шет тілін меңгеру, сөз қорын көбейту, қажетті ақпаратты жіберу қабілеті мен іскерлігі жатады. CLIL технологиясын қолданып білім беру бағдарламаларын жоспарлау кезінде әдетте 4С әдісі ескеріледі: content (мазмұны), communication (байланыс), cognition (таным), culture (мәдениет).
Content (мазмұны) – бұл ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыратын пәндік аймақтағы білім, іскерлік, дағды, яғни, өздігінен іздеу, талдау, таңдау, өңдеу және қажетті ақпаратты жіберу қабілеті мен іскерлігі;
Сommunication (байланыс) –сабақта шетел тіліне үйренуге емес, шетел тілі білімін қосымша қолдануды ұсынатын тілде оқыту, осылайша, студенттер шетел тілін оқу кезінде қолданады, сондай –ақ, оны қалай пайдалану керектігін үйренеді. Бұл аспект коммуникативті құзырлықтарды қалыптастырады, себебі тыңдай білу, сұрақтар қоя білу және оларға нақты жауаптар құрастыру, қарастырылатын мәселелерді мұқият тыңдау және белсенді талқылау, серіктесінің пікірін түсіну және оларға сыни баға беру жеке тілдік қатынас қабілетін дамытады;
Соgnition (таным) – танымдық және ойлау дағдыларын дамытуды жүзеге асырады және бір немесі бірнеше оқу салаларында студенттердің жақсы даярлығын қамтамасыз ететін білім беру құзыретін өалыптастыруға ықпал етеді.
Сulture(мәдениет) – мәдениет тілін меңгеруді қамтамасыз ететін, әлемді тану жолдарымен, өзін мәдениет бөлшегі ретінде ұсынумен, балама мәдениетті ұғыну және қабылдаумен жалпы мәдени құзыреттілігін дамыту аспектісі болып табылады.
CLIL әдістерін талдау арқылы CLIL технологиясының басқа әдістерден басты ерекшеліктері айқындалынады: пәнді меңгеру үшін құрал ретінде кез-келген шет тілін қолдану, өтіп жатқан пәнді қос тілде жүргізу кезінде екі тілдің де үлесінің бірдей болуы, сабақ өтіп жатқан екі оқытушының да алар орны бірдей болуы [3, б.101].
Осылайша, CLIL әдісі бойынша ағылшын тілінде жүргізу метапәндік
байланыстарды қамтамасыз етеді және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді, атап айтсақ, мәдени хабардарлығын, тілдік құзыретін дамытады, тек оқуға ғана даярлығын емес, сонымен қатар жаңа білімін өмірде қолдана білуге және сәйкесінше өмірлік дәлелдемесін көтеруге, табысқа мақсатталған, сайып келгенде, басты мақсатқа қол жеткізуге — болашақ түлектердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, олардың ұтқырлығы мен тез өзгеретін өмірлік жағдайларға бейімделу қабілетін арттыруға әкеледі.
Нәтижелер. CLIL әдісін еліміздің көптеген білім ордалары оқыту үрдісінде қолданып жатыр. Мектепте пән мен тілді кіріктіріп оқыту теориялық және практикалық зерттеулердің дамып келе жатқан саласы болып табылады және мектепте осындай оқытуды қалай іске асыру керектігін бірыңғай белгіленген тұжырымдама жоқ. Әрбір орта оқу орнының өзіндік ерекшелігі бар, соған байланысты ол оқушыларды қосымша немесе туған тілі емес оқыту жолдары мен әдістері туралы шешім қабылдайды. Осыған орай кафедра оқытушыларының атқарып отырған гранттық жобасының негізінде сауалнама түзілді. «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту, көптілді білім беру, инновациялық орталығын құру, Сlil-оқытушыларын даярлау және білімін жетілдіру, Сlil-маманының моделі» жобасының негізінде Алматы қаласының бірнеше мектеп мұғалімдеріне сауалнама жүргіздік. Сауалнама екі бөлімді құрайды:
1. Оқытудың әдістері мен тәсілдері (сөйлеу сапасы, тілдік қолдау, мұғалімнің және оқушының сөйлеу стратегиясы және тілдік іс-әрекет түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қолдану стратегиясы);
2. Оқушылардың белсенділігін арттыру және ынталандыру әдістері (миға шабуыл тәсілі, жеке және топтық жоба, психологиялық атмосфера, слайд қолдану, жоба жасау).
Мамандық негізінде студенттердің педагогикалық тәжірибесі бойынша CLIL оқытушыларды даярлау міндеттерін жүзеге асыруды талдауымыздың мақсаты: мектепте пән мен тілді кіріктіріп оқытудың ерекшеліктері мен тәжірибесін зерделеу және оқушыларға ағылшын тілінде оқытуды оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Осы мақсатта болашақ мамандарды заман талабына сай даярлауда оқыту үдерісінде пәндік – кіріктіру қажеттілігі туындап тұр. Яғни, CLIL технологиясы – бұл мәселені шешудің негізгі тәсілдерінің бірі.
Талдау міндеттеріне мыналар кірді:
1) мектеп мұғалімдерімен сұхбат жүргізу және мектепте пән мен тілді кіріктіріп оқытудың қалыптасқан тәжірибесі туралы мәліметтер жинау;
2) сауалнама деректері негізінде оқушыларға ағылшын тілінде пән мен тілді кіріктіріп оқытудың қалыптасқан тәжірибесін талдау;
3) мұғалімдердің ағылшын тілінде сабақ берудің өзіндік тәжірибесі мен мұғалімдердің рефлексия нәтижелерін талдау;
4) оқушының ағылшын тілінде оқытудың сөйлеу стратегиясын зерттеу;
5) оқушының белсенділігін арттыру мақсатында сабақта жиі қолданылатын әдістәсілдерді анықтау.
Мектепте қалыптасқан пән мен тілді кіріктіріп оқыту тәжірибесін теориялық тұрғыдан түсіну және оқытудың тиімділігін арттыру бойынша практикалық ұсыныстарды әзірлеу үшін ең алдымен мектеп мұғалімдерінің сабақ барысында үнемі қолданатын әдістәсілдер туралы мәліметтер жинау қажет болды. Қажетті мәліметтер мұғалімдердің жүргізген дәрістері немесе семинарларынан, мұғалімдердің рефлексиясы секілді түрлі дереккөздерді пайдалана отырып алынды.
Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау арқылы табысқа жетуге, әрі сабақтың тиімділігін барынша арттыруға болады. Мұғалімдердің ағылшын тілінде сабақ жүргізу барысында төмендегі әдіс-тәсілдерді есепке алдық:
• мұғалімнің сөйлеу қисындылығы (логикасы) мен сөз саптауы;
• сабақ түсіндіру барысында ана тілді қолдануы;
• көрнекілік құралдарын (оның ішінде ымдау тілін) түсіндіруде пайдалану;
• тілдік құралдарды (синонимдер, перифразалар, лексикалық қайталау және т.
б.) сабақ түсіндіруде қолдану;
• әртүрлі сұрақтар (риторикалық, тікелей аналитикалық, жетекші) қою арқылы оқушылардың рефлексиясын анықтау;
• тілдік іс-әрекеттің төрт түрін де (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қолдану;
• сабақ барысында мұғалімнің ана тілін, орыс тілін, ағылшын тілін қолдану жиілігін анықтау.
Талқылау. Жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану, оның оң тұстарын айқындауға мүмкіндік берді. CLIL әдісінің ең негізгі оң тұстарының бірі екінші тілді меңгеруге оқушының талпынысы болып табылады. Бұдан басқа оқушы екінші тілде оқи отырып, оның мәдениетін тереңірек білуіне мүмкіндік алады. Пәнді оқи отырып, оқылып жатқан тақырыптарға сай терминдерді қайталау барысында, оларды өз ой пайымдауларында қолдана отырып, оқушының белгілі пән бойынша сөздік қорының молаятындығына көзіміз жетті. Тілдік дағдыны қалыптастырумен қатар CLIL әдісі мұғалімнен сабақтың өтілуіне байланысты жаңа тәсілді талап етеді. Мұғалім оқу материалын берерде, жұмысты ұйымдастырғанда әртүрлі формадағы тапсырмаларды қолдануы, оқушының шығармашылық және жеке іс-әрекетіне назар аударуы қажет. Бұл оқушының пәнді оқуына деген қызығушылығы мен ынтасын оятары сөзсіз. Сабақ жүргізу кезінде тілге байланысты туындаған қиындықтар болған жағдайда білім алушыларға көмектесу мұғалімдердің алғышарттары болып саналады. Сонымен қатар кері байланысты қамтамасыз ету арқылы оқушылардың типтік қателіктерді жібермеуіне және тілдік құралдарды нәтижелі қолдануына септігін тигізеді.
Мұғалім кәсіби даму мақсатын оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру негізінде ала отырып, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру барысында әртүрлі формадағы тапсырмаларды дайындауды дағдыға айналдырады. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – білім сапасын көтеру құралы. Қазіргі ғылым мен техника дамыған қоғамда білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігі дамыған, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етіп отыр. Білікті де білімді маман болу үшін әр ұстаз өз білімін үздіксіз жетілдіріп, заман талабына сәйкес кәсіби біліктілігін үнемі үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. Педагог оқытудың жаңа әдістерін барынша жетік меңгеріп, неғұрлым шығармашылығы жоғары болса, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі соғұрлым кең болмақ. Қазіргі заманауи талапқа сәйкес өзіндік көзқарасы бар жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру оқытушылар үшін маңызды мәселе болып отыр.
Шет тіліне толығымен ену — білім беру моделі, ол білім беру процесінде шет тілін толығымен немесе жартылай қолдануға арналған. Толығымен қолдануға сабақта ана тілін қолданбай тек шет тілінде өту жатады. Жартылай қолдануға CLIL технологиясының «ыңғайлы» нұсқасы жатады, осылайша пәнді меңгеру шет тілін үйренуде өзіндік үйлесімділік табады. Осылайша жартылай қолдану кезінде сабақтың мақсатына өтіп жатқан пәннің мазмұнын меңгеру және шет тілін үйрену жатады. Тілді толығымен қолдану сабақты тек шет тілінде өту қарастырылған. Білім берудегі осындай жүйе өте тиімді және тәжірибе жүзінде қиындық тудырмайды, осылайша білім беру процесінде шет тілі білім алушылардың тілді қабылдауы оңай болады, сөйлеу арқылы, дыбыстық жазбаны тыңдау арқылы да тілді жақсы меңгеріп үйренуіне мүмкіндік береді. Шет тілінің екпінін көшіру арқылы сөйлеу дағдысын арттыруға болады, білім алушылар бұл процесті стандартты білім алуға қарағанда жақсы қабылдайды. Осылайша, тілді толығымен сабақ өту барысында қолдану интеграцияланғын пәндік-тілдік білім беруді енгізуге мүмкіндік береді. Дегенмен тілді толығымен енгізу дәрежесі шет тілін меңгерудегі басты мақсат пен мінддерге байланысты орын алады[4, б.194]. Оқу процесіне шет тілін енгізу дәрежесіне байланысты CLIL арқылы білім берудің бірқатар жүйелерін келесі түрде қарастыруға болады:
-көп тілдік білім беру (еуропалық зерттеушілермен ол С1 моделі ретінде таныс);
-білім алушылар курсты тәмамдағаннан соң кәсіби білімдері тек өз тілінде ғана емес, сонымен қатар шет тілінде де болады; бұндай жүйе еңбек сүйгіш ынталы білім алушыларға тән;
-пән бойынша және шет тілі бойынша қосымша білім беру. Мұндай білім ойлау процесін жоғары деңгейге көтеру мақсатында шет тілін сабақ өтуде қолдануға баса назар аударады, яғни шет тілінің мұғалімдері білім беру процесінде тек сыртқы қолдау көрсетеді;
-пәнді шет тілінде өту мұндай білім жүйесі тілдік құзіреттілікті дамытуға және кәсіби дағдыларды арттыруға арналған және сабақта бастан аяқ білім алушыларға қолдау көрсетеді.
Осылайша, шет тілі пән арқылы меңгеріледі, сонымен қатар шет тілі пәнді меңгеруге негіз бола алады, тілдік емес пәндерді шет тілінде меңгеруге мүмкіндік береді. Білім берудің мақсатына сәйкес оқытушы оқу процесіне шет тілін енгізу дәрежесін өзгерте алады
[5,б.15].
Сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдер қолдану барысында CLIL технологиясы тиімді болып саналуда, яғни оқушылар жұпта, жеке, топта, ағылшын тілінде айтуды іске асырады, әр оқушы сабақта орындалатын тапсырмаларға жауапкершілікпен қарауға, топта және жұпта пікір алмасып отыруы сабаққа деген қызығушылығы мен құлшынысын жоғарылатады.
Тіл мен пәнді кіріктіріп оқытудың тағы бір ұтымды тұсы — тілдік іс-әрекеттің төрт түрін де (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгеруге бағытталған. Ғылымижаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контексінде Қазақстандағы мақсатты тіл – ағылшын тілі болып саналатынын ескере келсек, кіріктіріп оқытуда негізгі орынды ағылшын тілі сабақтары алады, яғни қандай пәндерді болмасын кіріктіре оқыту барысында ағылшын тілі маңызды болып саналады. Тілді үйрену кез келген пән саласы арқылы жүргізіледі деген ұғымды ескерсек, CLIL шетел тілі сабағы емес, шетел тілінде өтетін пән сабағы, яғни кәсіби бағытталған шетел тілі/ ағылшын тілі.
Қорытынды. Оқыту үрдісіне кіріктіре оқытуды енгізу — ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған. Ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы оқушыларды білім алуға қызығушылықтарын арттыруға, оларды ғылыми тіл дағдыларын дамытуға, терминдерді ана тілінде ғана емес, ағылшын тіліндегі баламасын қолдануға дамытуға болады.
Мұғалімдердің пән мен тілді кіріктіріп оқыту барысында жиі қолданатын жұмыс түрлерін атап көрсетер болсақ, олар:
1. «Психологиялық атмосфера» қалыптастыру — Кез келген сабақта, үйренушілердің жаңа тақырыпты меңгеріп, сабақта белсенділік танытып отыруларына оңды ықпал ететін жағдай – олардың көңіл-күйлеріне позитивті әсер етіп, ынталарын арттыратын жаттығу түрлерін алу;
2. «Миға шабуыл» тәсілі арқылы логикалық жұмыс түрлерін жаңа тақырыпқа кіріспе барысында да, пысықтау жұмыстарын жүргізу кезінде де алып отырған үйренушінің танымдық қабілетін арттыруға көмегі тиері даусыз;
3. Жеке немесе топтық жоба арқылы оқушылардың бір-бірімен тілдесуін дамыту бойынша жаттығулар орындау арқылы дүниетанымдарын кеңейту;
4. Слайдтар қолдану – пәнді шетел тілінде үйрету барысында, түрлі суреттер қолдану арқылы алынып жатқан жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің қазақ тіліндегі баламасын оп-оңай табуға болады;
5. Тақырыпқа байланысты түрлі терминдерді меңгеруге дағдыландыру үйренушілердің сөздік қорын байытып қана қоймай, сонымен қатар білім берушінің алдына қойған мақсатына жетуіне оңды ықпал етеді.
Кіріктіру барысында түсіндіру-көрнекілік, іздеу, зерттеу әдістері, пікірталас, білімнің түрлі дереккөздері, теледидар бағдарламалары, кино үзінділері, мультимедиа курстары, интернет-технологиялары, оқыту мен бақылаудың басқада техникалық құралдары қолданылады. Сонымен қатар жеке, топтық, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері кеңінен қолданылады. Бұндай сабақтарда танымдық міндеттер жүзеге асырылып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көп мүмкіндік беріліп, жағдай жасалады.
Ағылшын тілін кіріктіре оқыту әдісі арқылы үйренудің және үйретудің басты артықшылығы, тілді тіларалық және мәдениет аралық қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, кәсіби бағытталған тіл ретінде меңгеруде маңызы зор болып отыр. Бұл оқушылардың немесе студенттердің халықаралық жобаларға қатысуын қалыптастырып, кеңейтуге, шетелдік әріптестерімен ғылыми байланыстар жасап, оларды нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізіп қана қоймай, оларды еркін пайдалана алатындай жағдайға қол жеткізулеріне мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, білім беру мазмұнын жаңарту негіздерінің бірі, үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісін белсенді қолдану өте тиімді және жақсы нәтиже берері сөзсіз.
CLIL мұғалім міндетіне, білім алушылардың жеке және шығармашылық іс-әрекеттеріне басымдық, материалды берудің түрлі формаларын пайдалана отырып сабақты барынша қызықты ұйымдастыру кіреді. Осы ретте, CLIL мұғалімдерінің ерекше кәсіби құзыреттіліктері туралы айтуға болады:
— қостілділіктің психологиялық аспектілерін білу;
— жүргізетін пән саласындағы тілдік дағдыларды;
— пәнді және шет тілін оқыту бойынша көптеген әдістемелерді білу; — пәнді шет тілінде оқыту қабілеттілігі.
Білім алушылардың жетістіктерін бағалауға қатысты, пәнді және тілді кіріктіріп оқыту шеңберінде білім алушылардың пәндік және тілдік құзыреттіліктерін кешенді бағалауға бағытталған дескрипторларды әзірлеу қажеттілігі туындады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Жумабеков А. С., Бекболатов Б. С. «FILA» кестесі мен «Flipped the classroom» технологиясының практикалық қабілеттердің дамытылуы үшін қолданылуы//Жас ғалым.-2016.-№17.–201б.
2. Т.Г. Рыбалко Шет тілдеріне оқытудың теориясы мен әдістемесі: Дәрістердің негізгі курсы. II бөлім. — Уфа: БГПУ басылымы, 2008. — 102 б.
3. Вторушина Н. Ю. Шет тілдеріне оқытудағы хат және жазбаша тіл // Заманауи ғылым мен білімнің альманахы // Тамбов: Грамота, 2010. № 1 (32): 132 б.
4. Кащеева А.В. Шет тілдеріндегі жазуға үйретудегі заманауи әдістер // Әлеуметтікэкономикалық құбылыстар мен үрдістер // Тамбов, 2013. № 6 (052) 194 б.
5. Кондакова М. Л., Латыпова Е. В. Аралас оқыту: қазіргі заманның алдыңғы қатарлы білім технологиялары. // «Білім жарғысы»