Сейтметова Ж.Р,1 Құрмаш С.С.2
1Әл Фараби атындағы Қазақ ҰУ, ф.ғ.к., аға оқытушы
2Әл Фараби атындағы Қазақ ҰУ, шығыстану факультетінің 2 курс магистранты,
Алматы, Қазақстан,
ЛИВИЯ “АРАБ КӨКТЕМІНЕ” САЯСИ ФАКТОРДЫҢ ӘСЕРІ
Түйіндеме
2010 жылдың соңынан бастап, Тунис тұрғындарының арасында, үкіметтің билігіне қарсылық пен наразылық дауылы елді шарпыған болатын. Кеңінен тараған көтеріліс ақырында Тунис билігінің отставкаға кетуімен аяқталды. Танымал бұқаралық ақпарат көздерінде наразылықтар көптеп қозғалып , “Араб көктемі” деген атпен белгілі болды. Бұл атау Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка араб елдерінде өткен көтерілістерге қатысты қолданылады. Мақалада Тунис жастары мен әлеуметтік желінің “Араб көктеміндегі” рөлі талқыланады. Тунистегі көтерілістің нәтижелерін анықтай отырып, аймақтағы жағдайдың одан әрі дамуына баға беріледі. Жастардың Тунис революциясына белсене қатысуының бір себебі, Әл- Буазизидің 27 жасында Тунис үкіметінің әділетсіздігіне қарсы өзін-өзі өртеуі себепші болды. Бір-екі сағаттан кейін Әл-Буазизидің пікірлестері наразылықтарын білдіру үшін орталықта жас адамдардың тобыры жинала бастады. Наразылық толқыны Кассерин, Гафса, Сфакс сияқты басқа қалаларға тарап және полиция тарапынан қарулы қарсылық көрді. Нәтижесінде 18 жасар екі адам өлтірілді. Осы оқиғаға дейін бір апта бұрын Әл-Буазизидің өзін-өзі өртеуі, Тунис билігінің зорлық-зомбылығы мен әділетсіздігін тоқтату мақсатында Тунис жастарының бірігуіне айтарлықтай ықпал етті.
Кілт сөздер: араб көктемі, ливия жастары, әлеуметтік желі, авторитарлы режим, ереуілдер мен толқулар
Сейтметова Ж.Р,1 .С. Курмаш2
1К.ф.н. старший преподаватель
2Казахский национальный университет им. Аль-Фараби, магистрант 2 курса, востоковедение, Алматы, Казахстан
ВЛИЯНИЕ ПОЛИТИЧЕСКОГО ФАКТОРА НА «АРАБСКУЮ ВЕСНУ» В ЛИВИИ
Аннотация
С конца 2010 года в тунисском городе разразилась буря, протестов против правительственных властей. Широкое восстание в конечном итоге привело к отставке тунисских властей. Протесты широко распространились в популярных средствах массовой информации и стали называться «арабская весна». Название используется в связи с восстаниями в арабских странах Ближнего Востока и Северной Африки. В статье рассматривается роль тунисской молодежи и социальной сети в «Арабской весне». Итоги восстания в Тунисе будут оцениваться для дальнейшего развития ситуации в регионе. Одной из причин, по которой молодые люди активно участвуют в тунисской революции, является самовозгорание Аль-Буазизи против несправедливости тунисского правительства в возрасте 27 лет. Час или два спустя толпа молодых людей собралась в центре, чтобы выразить протест против комментариев аль-Буазизи. Волна протеста привела к другим городам, таким как Кассерин, Гафса и Сфакс, и была вооружена полицией. В результате двое 18-летних были убиты. За неделю до инцидента самовозгорание Аль-Буазизи оказало значительное влияние на воссоединение тунисской молодежи, чтобы положить конец насилию и несправедливости в Тунисе.
Ключевые слова: арабская весна, тунисская молодежь, социальные сети, авторитарный режим, забастовки и волнения
Seitmetova Zh.R.1 Kurmash S.S2
1c.ph.s. senior teacher
2Kazakh National University Al-Farabi, 2-year graduate student, Oriental studies,
Almaty, Kazakhstan
THE IMPACT OF THE POLITICAL FACTOR ON THE «ARAB SPRING» IN
LIBYA
Abstract
Since the end of 2010, a storm has erupted in the Tunisian city, protests against government authorities. The widespread uprising eventually led to the resignation of the Tunisian authorities. Protests spread widely in popular media and became known as the «Arab Spring.» The name is used in connection with the uprisings in the Arab countries of the Middle East and North Africa. The article examines the role of Tunisian youth and the social network in the Arab Spring. The results of the uprising in Tunisia will be evaluated for the further development of the situation in the region. One of the reasons young people are actively participating in the Tunisian revolution is the spontaneous combustion of Al-Boisizi against the injustice of the Tunisian government at the age of 27. An hour or two later a crowd of young people gathered in the center to protest al-Boisizi’s comments. A wave of protest led to other cities, such as Kasserin, Gafsa and Sfax, and was armed with police. As a result, two 18-yearolds were killed. The week before the incident, Al-Boisizi’s spontaneous combustion had a significant impact on the reunion of Tunisian youth in order to put an end to violence and injustice in Tunisia.
Keywords: Arab spring, Libyan youth, social networks, authoritarian regime, strikes and unrest
Ливиядағы Азамат соғысы — 1969 жылдан бері билік етіп келе жатқан ел басшысы, полковник Муаммар Каддафи басқаратын күштер мен Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің қарулы күштері арасындағы қақтығыс. Ливия ұлттық өтпелі кеңесің Америка Құрама Штаттары, Араб елдерінің лигасы, Еуропалық Одақ қолдады. Қақтығыс көрші жатқан Тунис пен Мысырдағы автократиялық режимдерді құлатқаннан кейін, тәртіпсіздіктерден басталып, тез арада азаматтық соғысқа ұласты. Оппозиция елдің шығысындағы бірқатар қалаларды басып алып, Ливия армиясымен, оның ішінде әр түрлі елдердің жалдамалы жауынгерлерімен (негізінен Қара Африка елдерінен — Чад, Гвинея, Нигерия, Кот-д’Ивуар және т.с.с.) қанды шайқастар өткізді. 5 наурызда көтерілісшілер Ливия өтпелі ұлттық кеңесі құрылғанын және оны елдің жалғыз заңды үкіметі деп жариялады.
Ливияда жұмыссыздық 2005 жылы 30% құрады. 2009 жылы — 20,7%. Сондай-ақ Ливияда сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары болды, мысалы, ГФР-да орналасқан Трансперенси Интернешнл ұйымы жасаған сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Ливия 2,2 балл алды (сан неғұрлым жоғары болса, сыбайлас жемқорлық деңгейі соғұрлым төмен) . АҚШ-тағы Фридом Хаус ұйымы 2010 жылы Ливиядағы баспасөз бостандығы мен саяси құқықтарды пайдалану мүмкіндігін 7-рейтинг бойынша бағалады. Бұл еркіндіктің тым төмен деңгейін білдіреді (рейтинг неғұрлым төмен болса, соғұрлым еркіндік). Муаммар Каддафидің тұсында төңкеріске қарсы комитет құрылды. Ел билігіне қарамақайшы пікірді ұстанғандарға қарсы күресетін азаматтық режимді жақтаушылар органы болды. Онда ливиялықтардың 10-20% -ы ақпарат беруші болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, Ливияның құпия қызметтері бүкіл әлемдегі ливиялық диссиденттерді өлтірді. 2004 жылы Каддафи Ұлыбританияда 1960 жылдардан бері тұрып жатқан ливиялық диссидент журналист Ашур Шамистің көзін жоюға 1 миллион доллар уәде етті. Оқу бағдарламасына ағылшын және француз тілдерінде тыйым салынған және шетелдіктермен саяси тақырыптарда сөйлесе үш жылға дейін түрмеге түсу қаупі төнген. Ливиядағы диссиденттік қозғалыстарға тыйым салынып, саяси партиялар үшін өлім жазасы кесілген.
Ресей ғылым академиясының шығыстану институтының ғылыми қызметкері Алексей Подцеробтың пайымдауынша, үкіметке қарсы наразылықтар әлеуметтікэкономикалық себептерден туындаған жоқ, өйткені елде өмір сүру деңгейі өте жоғары болды. НАТО-ның Еуропадағы бұрынғы күштерінің қолбасшысы Уэсли Кларктың айтуынша, Ливия мен басқа да Африка елдерінде соғыс бастау туралы шешім, олар басталардан көп жылдар бұрын қабылданған. Дәл осындай пікірді Voltaire Network саясаттану орталығының президенті Тьерри Мейссан да ұстануда. Андрей Коротаев, Экономика жоғары мектебінің профессоры, Ресей ғылым академиясының шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері Триполитания мен Киренаика тайпалары арасындағы қақтығысты елдегі азаматтық соғыстың себебі деп санайды. Триполитанияның тумасы М. Каддафи 40 жылдан астам уақыт билікте болған кезде, Ливияның шығыс тайпалары саясаттан қудаланған.
Ливиядағы көтеріліс 15 ақпанда Бенгази қаласында болған оқиғадан басталған. Тәртіпсіздікке себеп адвокат пен құқық қорғаушы Фата Тербильдің қамауға алынуы болды. Өз әрекеттерін әлеуметтік Интернет желілері арқылы үйлестірген демонстранттар оның босатылуын талап етіп, жергілікті әкімшілік ғимаратына жиналды. Содан кейін адамдар қақтығыс болған қала орталығына бет алды. 600-ге жуық адам қатысқан демонстрация кезінде үкіметті отставкаға кетіруге шақырулар болды. Қақтығыс кезінде 38 адам жарақат алды.
Демонстранттар Абу Салим түрмесінде жазасын өтеп жатқан саяси тұтқындардың суреттерін ұстады. Тұтқындардың көбісі 1996 жылы 29 маусымда түрмедегі тәртіпсіздіктер барысында 1200-ге жуық адам атылды. Фатхи Тербили кінәлілерді жазалауды талап етті. Құрбандардың туыстарына ресми өкіл ретінде әрекет етті. Кейіннен билік Ливия исламдық күрес тобының 110 мүшесін Абу Салим түрмесінен шығарды.
17 ақпанда Бенгази, Бевида, Зентан, Ружбан және Дерна қалаларында жаппай наразылық акциялары өтті. Штаб-пәтері Женевада орналасқан Ливиядағы «Адам құқығын қорғау» ұйымы 13 наразылық құрбаны туралы хабарлады. Куәгерлерге сілтеме жасайтын Адам құқықтары жөніндегі ынтымақтастық ұйымының хабарлауынша, үйлердің төбесіне қойылған мергендер 13 адамды өлтіріп, ондаған демонстранттарды жарақаттаған. Ливиядағы «қаһарлы күн» 2006 жылы Бенгазидегі Италия консулдығындағы наразылық митингісінің бес жылдығына орайластырылды, онда 10-нан астам адам қаза тапты. Триполи астанасында Каддафиді жақтаушылардың митингі өтті.
Халықаралық қауымдастық, бірнеше елдерді қоспағанда, Каддафи мен әскерилердің әрекеттерін айыптады. Халықаралық қылмыстық сот Каддафидің әрекетін адамзатқа қарсы қылмыс деп санауға болады деп мәлімдеді. 26 ақпанда БҰҰ Қауіпсіздік
Кеңесі Каддафи мен оның сыбайластарына қарсы санкциялар бірауыздан қабылданды.
Кейін, 2011 жылдың 18 наурызына қараған түні Қауіпсіздік Кеңесі қарар қабылдады. Онда Ливия үстінен ұшуға тыйым салынған аймақ құрылды және «Ливия территориясының кез келген бөлігінде шетелдік басқыншылық күштердің кез-келген нысанда болуы мүмкіндігі» қоспағанда, азаматтарды қорғау үшін кез-келген құралдарды қолдануға рұқсат етілді. ». Осыдан кейін Каддафи күштері басқаратын нысандар әуе шабуылына ұшырады.
Халықаралық қауымдастықтың араласуы азаматтық соғыста оппозицияның пайдасына өзгертті. Тамыздың аяғында оппозиция әскері елдің астанасы Триполиді, ал 23 қазанда Джамахирия күштерінің соңғы бекеті — Сиртені алды. Муаммар Каддафиді тұтқындаған көтерілісшілер сотсыз өлтірді.
Ливиядағы азаматтық соғыстың негізгі қатысушылары — НАТО елдері және Муаммар Каддафи үкіметі және халықаралық коалиция қолдаған Ұлттық өтпелі кеңес. Қақтығысқа сонымен қатар, Араб елдерінің лигасы, шетелдік жалдамалылар мен жергілікті тайпалардың отрядтары (Туареги, Амазиги, Тубу) қатысты.
М. Каддафи үкіметіне адал күштер қатарында тұрақты армия, милиционерлер мен Бербер тайпаларының отряды кірді. Сондай-ақ Африка мемлекеттері мен Ресейдің жалдамалы жауынгерлері болды. Бұл құрылымдардың барлығы қандай-да бір жолмен Ливия үкіметіне бағынды.
Азаматтық соғыс қарсаңында Ливия қарулы күштерінде 2000-нан астам танк, 3600 бронетранспортер, 3000-нан астам артиллериялық мылтық, соның ішінде бірнеше жүздеген әскери ұшақтар, 100-ден астам тікұшақтар және басқа да қарулар болған. Жалпы әскер 76000 мыңнан астамды құрады. Алайда қақтығыстың басталуымен әскерлердің бір бөлігі көтерілісшілердің жағына өтті. Сондай-ақ, бұған дейін үкімет армиясына тиесілі көптеген қару-жарақ пен құрал-жабдықтар көтерілісшілердің қолына түскен.
Соғыс кезінде Каддафиге адал болған 32-ші бригада мен Революциялық күзет корпусы Ливия армиясының элиталық бөлімшелері болып саналды. Каддафидің үкіметінде 40 мың адамнан тұратын полицияның, оның ішінде революциялық гвардия мен исламдық африкалық легион бар еді. Соңғысына Судан, Египет, Тунис, Мали және Чад азаматтары кірді.
Қарулы қақтығыс басталғанға дейін 500 Беларусь әскерилері Ливияға келіп орналасты. Олардың арасында арнайы операциялық күштер де болды. Түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша әскери техниканы пайдалануға, жөндеуге және модернизациялауға қатысты, кеңесшілер болғандығын айтады. Беларусь әскерилері мерген болып әрі әскери кеңесші лауазымдарында болды. «Комсомольская правда» басылымы белоруссиялық нұсқаушылардың арқасында қақтығыстың алғашқы айларында үкімет әскері НАТО мен көтерілісшілерге қарсы тұра алғандығын жазды.. Алайда ресми түрде Беларуссия СІМ өзінің әскери қызметкерлері азаматтық соғысқа қатысқандығын жоққа шығарды.
Ливия оппозициясының жетекшілерін көбінесе Ливия ұлттық құтқару майданын басқаратын Ибрахим Сахад деп аталады. Ұлыбританияның баспасөз қызметі Ливия оппозициясымен келіссөздеріндегі «қиындықтар» туралы хабарлады. Себебі оппозицияда бүкіл елді біріктіре алатын бірде-бір көшбасшы жоқтығынан.
Оппозицияда біртұтастық болған жоқ, оған исламшылар, либералдар, диссиденттер және революцияны қолдаған әскери адамдар кірді. Ресейдің Ливиядағы бұрынғы елшісі
Владимир Чамов оппозицияның арасында, атап айтқанда «Аль-Каиданың» террористері бар екенін айтты.
Ливия лидері Каддафи BBC-ге берген сұхбатында «неге олар (бүлікшілер) Бенгазияны басып алып, сізге қарсы тұруда?» деген сұраққа: «Бұл« Аль-Каида », олар менің халқым емес, олар жаңадан келгендер » деп жауап қатты. Ливиядағы бұрынғы елші Алексей Подцеробтың пікірінше, мұсылман оппозициясының ең үлкен ұйымы болып саналады.
Таяу Шығыс институтының президенті Евгений Сатановский де Каддафидің негізгі қарсыластары радикалды исламшылар екенін айтады (оның айтуынша, Ливияда әр 1500 адамға бір содыр бар). Сонымен қатар, бүлікші топтардың бірінің қолбасшысы өзінің және оның содырларының «Аль-Каидаға» жататындығын ресми мойындады. Уганда президенті Юоури Кагут Мусевени оппозицияға деген теріс көзқарасты білдіріп, оны «қуыршақтар» деп атады. Ресей Президентінің Африкадағы арнайы өкілі Михаил Маргелов оппозиция өкілдерімен келіссөздерден кейін: «бұл маңызды көшбасшылар болып табылатын байсалды және жауапкершілігі бар адамдар. Бұл адамдар экстремистік идеяларды қолдамайды, олар Ливияның біртұтас мемлекет ретінде орнықты дамуына мүдделі » деген еді.
Пайдаланған әдебиеттер
1) Mark. Libyan Revolution: Gate son Institute: International Politics Council. http://www.gatestoneinstitute.org/1816/revolution-in-tunisia.
2) Al-Thaqaf, Walid. Internet censorship in the Arab world. Diamond, Larry and Mattner, Fr. 3) Mark Release technology: social media and struggle for democracy. Baltimore: John Hopkins 4) Diamond, Larry. The fourth wave or false start?
5) Farzaneh Rudi, «Youth and Employment in the Middle East and North Africa: Opportunities 6) Honwana, Alcinda. Youth and the Libyan Revolution. Conflict Prevention and Peace Forum. (September 15, 2012).
7) Honnanie, «Youth and Libyan Revolution», 2
8) Huckd, Eric. Connected to the Libyan Revolution
9) Honnanie, «Youth and Libyan Revolution», 3
10) Ryan, Yasmine. How the Libyan Revolution began. Aljazeera (January 26).
11) Giglio, Mike. 2011 year. Cyber activists who helped dictate the dictator. Daily Beast: World News (January 15).
12) Marin, Ignacio. Political Participation, Democracy, and the Internet: The Libyan Revolution:
What We Learn
13) Achy, Lachkens. 2011. Libyan economic problems
14) Kolobov А.О. Оbshee i ossobennoe v processe blizhnevostochnogo uregulirovaniya na sovremennom etape razvitiya mezhdunarodnyx otnoshenii //Vestnik Nizhegorodskogo Gosudarstvennogo universiteta 2010.
15) Ramadan, Tariq (2012): Islam and the Arab Awakening. New York: Oxford University Press.
16) Inbar, Efraim (Ed.) (2013): The Arab Spring, Democracy and Security: Domestic and International Ramifications.(BESA Studies in International Security). Oxon: Routledge.
17) Panara, Carlo; Wilson, Gary (Eds.) (2013): The Arab Spring: New Patterns for Democracy and International Law.(Nijhoff Law Specials, Vol. 82). Leiden: Martinus Nijhoff Publishers. 18) Amghar, Samir (2012): Les islamistes au dfi du pouvoir: volutions d’une idologie. Paris: Michalon