ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІПТІК ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУДАҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Ж.Қ.ИБРАИМОВА

ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІПТІК ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУДАҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Аннотация
Мақалада педагогтың кәсіптік деңгейін дамытудағы психологиялық ерекшеліктер қарастырылады. Оқытушының сабақ беру үстіндегі ӛзіндік ерекшелігі жан-жақты әңгіме болады.

В статье рассматриваются психологические особенности развития профессионального уровня педагогов. Подробно говорится об особенностях преподавателя в процессе урока.

Annotation
The article deals with the psychological characteristics of the professional level of teachers. There have been given some details on the features of a teacher during the lesson.

Түйін сөздер: кәсіптік деңгей, ӛзін-ӛзі жетілдіру, ӛзін-ӛзі дамыту, ӛзінӛзі белсендіру, жеке тұлға, кәсіби бейімделу, кәсібилікке жетілу.

Кәсіптік деңгейде ӛзін-ӛзі дамыту мына бағыттарда жүруі мүмкін: ӛзінӛзі бекіту, ӛзін-ӛзі жетілдіру, ӛзіндік ӛзектілік. Педагогтің кәсіптік салада бекуіне әр түрлі жағдай түрткі болуы мүмкін: мұғалім деген кәсіптік деңгейге сай болуға ұмтылуы; басқалардан кем болмауы; басшы мен әкімшілік талаптарының деңгейінде болуы; директордың «жақсы» кӛретін адамдарына деген қызғанышты және т.б. Бұл мұғалімнің ӛзінің жұмыс деңгейін жоғарылатуына түрткі болуы мүмкін, бірақ ол кӛп жағдайда әр түрлі айлалы әрекет жасауды қанағат тұтады. Айлалы әрекеттерді пайдаланып, жасырын жолмен ӛзінің мақсатына жету жолында тек біржақты пайдаға жетеді, қарсыласы оны сезбейді де, сонымен қатар еркіндік сезімі туындайды.
Мәселен, мұғалім сыныпта нағыз үстемшіл болуы мүмкін, балалармен қарым-қатынасты қорқытумен бастап, сол арқылы жоғарғы нәтижелерге жетіп, бірақ оқыту әдіснамасын, жеке басының дамуын жетілдірмейді. Мұғалім сонымен бірге әріптестерінің алдында «жетістіктерімен» мақтануы мүмкін.
Тағы да бір мысал, оқушыларына, олардың еріншектігіне, қабілетсіздігіне үнемі шағымдану, «нашар» сынып мұғалімнің педагог ретінде жолының болмауына ақталу болып табылады, оған ата-аналар мен балаларды кінәлі деп санайды.
Ӛзін басшылар мен әріптестерінің алдында кӛп кітап оқитын, педагогика мен әдістемелердің жаңалықтарын жақсы білетін, оқушылармен жұмыс істеуде ерекше тәсілдер қолдана алатын мұғалім ретінде кӛрсетіп, әр түрлі авторлар мен кітаптардың атын атап, бірақ іс жүзінде ешқайсысын оқымай, ӛзін бекітуі мүмкін.
Ӛзін-ӛзі жетілдіру кӛбінесе ӛзінің бүгінгісінен де асып түсуге ұмтылысынан туындайды, жоғары нәтижелерге жетіп, шеберлігін шыңдап, маңызды қасиеттерді бойына сіңіруге тырысады. Бұл – оң кӛзқараста ӛзін ӛзгертуге арналған күнделікті жұмыс «Мен» идеалына жақындау, жеке тұлға болып қалыптасуын жүзеге асыру.
Педагогтің ӛзін-ӛзі жетілдіру үрдісі мына деңгейлерден тұрады:
• Жеке тұлғаның ӛзінің іс-әрекетіне және қарым-қатынастарына талдау жасауы. Ӛзін-ӛзі тану кезінде ӛзі туралы кӛзқарас қалыптасады, ӛзінің күшті және әлсіз жақтарын байқайды, ӛзін-ӛзі тұлға ретінде қабылдау механизмі жүзеге асады. Ӛзін-ӛзі жетілдіру стратегиясын таңдауына байланысты, ӛзін тұлға ретінде қабылдай ала ма, әлде жоқ па (тұлғаның жеке қасиеттерін қабылдай ма, қабылдамай ма?).
• Мінсіз «Мен» бейнесінің қалыптасуы – ӛзін-ӛзі болжау механизмінің қатысуымен жүзеге асады. Бұл бейненің ӛзі жалпылама немесе нақтыланған, уақытпен жақындастырылған және т.б. болуы мүмкін;
• Ӛзін-ӛзі дамыту бағдарламасын тұжырымдауда педагогтік кемелдену әрекетінің реті мен білімділігі анықталады, уақытын, жағдайын нәтижесін болжайды, ӛзін-ӛзі тәрбиелеу мен ӛзін-ӛзі оқытудың амалтәсілі айқындалады;
• Жасалған жұмыстың тиімділігіне баға беріп, ӛзінің кәсіби тұрғыдан дамуына байланысты жасайтын жұмысына түзетулер енгізіп, бақылау жасауы.
Ӛзін-ӛзі белсендіру – бұл ӛзін-ӛзі дамытудың жоғарғы деңгейі, ол ӛзін жетілдіру мен бекіту кезеңінен басталады және дұрыс, ыңғайлы жағдайда оның шегінен шығады. Тұлғаның ӛзінің кәсіби іс-әрекетіне байланысты әлеуметтік ортамен сәйкестік сезімде болуы, кемелденуі, қарапайым мәселелерді шешуде де жоғары шығармашылық деңгей кӛрсетуі –ӛзіндік ӛзектіліктің бар екенін дәлелдеу. Бұл жерде оған ӛзін-ӛзі кемелдендірудің, жоспар жасаудың, бағдарлама жасаудың және т.б. қажеті жоқ, ӛзін-ӛзі кемелдендіру қарапайымдылық және күнделікті әрекет болып табылады.
Мәтінді қарастырып жатқанда, педагогтың ӛзін-ӛзі кәсіби жағынан дамыту деңгейінің кезеңдерімен байланысты негізгі ӛзекті сұрақ туындайды. Психолог Л.М.Митинa мұғалімнің ӛзін-ӛзі дамытудағы кәсібилігін екі түрге бӛледі: бейімделушілік және кәсіби даму.
Бейімделушілік үлгі жалпы ӛмірлік стратегияны жүзеге асырады: Адам ӛзі ғана ӛмір сүріп жатқандай, әр нәрсеге қарым-қатынасы бүкіл ӛміріне қатысы жоқ тәрізді. Бұл жерде ішкі рефлексия ғана қолданылады.
Мұғалімнің мінезіне негізгі әсер етуші күш – ішкі жағдай мен талаптар, сондықтан оның ӛзін-ӛзі дамытуы осы талаптар жолындағы құрал ретінде жүреді және тӛмендегі деңгейлерден ӛтеді:
Кәсіби бейімделу. Ӛскен қоғамдық талаптар, педагогикалық ұжымның жоғарғы оқу орнында қалыптасқан кәсіби білімімен, іскерлігімен, жеке ерекшеліктерімен қарама-қайшылыққа тап болады. Жас мұғалім кәсіби қоғамдастыққа бейімделуге тырысып, басқалардан тәжірибені қабылдап, сіңіріп, меңгереді. Сол ортаның талаптарын қанағаттандыруға тырысады.
Кәсібилікке жетуі. Осы уақытқа дейінгі дағдыланған жеке іс-әрекетімен, қарым-қатынастың стилімен, кәсіби білімділігімен, ӛзінің амал-тәсілдерімен толыққанды мұғалімнің басшылық пен кәсіби қоғамдастықтың талаптарына даярлығының қажеттілігі азаяды.
Кәсіби тұралауда мұғалім ӛзінің жеке ерекшеліктері мен мүмкіншілігін кәсіби ортаның талаптарына ыңғайлап және ӛткеннің нәтижесі арқылы ӛмір сүреді, пайдаланады. Бұлардың барлығы белсенділіктің тӛмендеуіне, кәсіби деңгейінің тӛмендеуіне, жаңалықты қабылдамай, ӛзінің жағдайын пайдаланып оқушыларды басып тастауға әкеліп соғады.
Кәсіби дамудың үлгісі ішкі рефлексияның кӛрінуімен сипатталады, ал ол ӛмірдің ағысын тоқтатады, адамның ӛзін, оның құндылықтарын жарыққа шығарады. Мұндай стратегияда ӛзін-ӛзі танудың 3 деңгейі болады:
1) ӛзінің «Менін» «Басқа» адаммен салыстыру жүреді;
2) салыстыру «Мен» мен тағы бір «Меннің» арасында жүреді;
3) салыстыру «Мен» мен Жоғары «Меннің» арасында (Мінсіз «Мен», Шығармашылық «Мен») » арасында жүреді.
Бұл жерде ӛзін-ӛзі дамыту үзіліссіз үрдіс ретінде мұғалімнің ӛзін-ӛзі қалыптастыруымен, ӛз ойын дамыту деңгейімен тығыз байланысты. Л.М.Митина да бұл үлгінің 3 деңгейін кӛрсетеді: ӛзін-ӛзі анықтау – ӛзінің «Менін» «Басқа» адаммен (мұғалім, оқушы, ата-
ана) салыстыру.
Бастапқыда белгілі бір қасиет басқа адамдікі деп қабылданады, ал кейінірек саналы таңдау әрекеті жасалып, ӛзіне ауыстырылады. Басқа адамның тәжірибесін қабылдай отырып, ӛзінің де қабілеттерін сақтау маңызды, кәсіби кӛзқарасын және педагогикалық ортаның кері әсеріне кӛнбеу қажет; ӛзін-ӛзі кӛрсету «Мен» және «Мен» жүйесі арқылы жүреді. Мұғалім ӛзінің дайын біліміне сүйенеді. Бұл кезеңде ол ӛзінің мінезін жүзеге асырған сол уәжбен сәйкестендіреді, түрткі болған жағдайды әлеуметтік және ішкі талаптармен бағалайды. Негізгі түрткі – мұғалімнің ӛзінің мүмкіндіктерін жан-жақты кӛрсетуге ұмтылуы. Ӛзін іс жүзінде кӛрсету – ӛзін «Мен» және Жоғарғы «Мен» деңгейінде кӛрсету (Мінсіз «Мен», Шығармашылық «Мен»). Бұл кезеңде мұғалімнің ӛмірлік философиясы жанжақты қалыптасады, ӛмірдің мәнін, ӛзінің қоғамдық құндылығын түсінеді. Ӛзін-ӛзі түсіну аясын кеңейту, ӛмірдегі орнына кәсіби деңгейде ӛзін кӛрсету мүмкіндігі сай келмейді. Кәсіби деңгейде дамуының біржақтылығын сезініп, мұғалім оны толықтырып және ӛзінің жан-жақты дамуына мүмкіндік беріп, қажеттілігін қанағаттандырады.
Ӛзін-ӛзі тану мен ӛзін-ӛзі дамытудың кәсібилігі бір-бірімен тығыз байланысты, ол педагогтың кәсіби маман ретіндегі дамуын, стратегиясы мен векторын анықтайды.
Отандық психологияда педагогтарды ӛзін-ӛзі дамыту деңгейі мен ӛзін кәсіби жағынан дамуға ұмтылысының ара-қатынасын бӛліп кӛрсетуге тырысады. С.М.Рогожникованың/1/ зерттеулерінде педагогтарды тұлғаның ӛзін-ӛзі қабылдау деңгейіне байланысты ӛзін-ӛзі тануындағы кәсіби кемелденуінің кӛрсеткіші ретінде және ӛзін-ӛзі жетілдіру беталысына ӛзінӛзі дамытудың референтті кӛрсеткіші ретінде бірнеше түрге бӛледі. Бұл факторлардың байланысы мына суретте кӛрсетілген.



Ӛзін-ӛзі жетілдіруге ұмтылыс



Ӛзін-ӛзі Өзін-өзі
қабылдаудың тӛменгі қабылдаудың
деңгейі жоғарғы деңгейі

Ӛзін-ӛзі жетілдіруге ұмтылыстың болмауы

Нәтижесінде педагогтың кәсіби ӛзін-ӛзі дамытуының 4 түрі белгіленеді:
1. Ӛзін-ӛзі белсендіру дегеніміз – ӛзін-ӛзі қабылдаудың жоғарғы деңгейі айқын ұмтылыспен ӛзін-ӛзі жетілдіруге үйлесуі;
2. Ӛзіне кӛңілі тоқтық дегеніміз – ӛзін қабылдаудың жоғарғы деңгейі ӛзінӛзі жетілдіруге ұмтылыстың жоқтығымен үйлесуі;
3. Ӛзін таныту дегеніміз – ӛзін-ӛзі қабылдаудың тӛменгі деңгейінің ӛзінӛзі жетілдіруге ұмтылысымен үйлесуі;
4. Іштей кикілжің дегеніміз – ӛзін тӛменгі деңгейде қабылдауы, ӛзін-ӛзі жетілдіруге ұмтылыстың жоқтығымен үйлесуі /2/.
Ӛзін-ӛзі белсендіретін адам басқаларды жоғарғы деңгейде қабылдауымен, ӛзіне-ӛзі сенімді, икемділігімен, мінезінің шапшаңдығы, сезімталдығы, ашықтығы, ӛзін-ӛзі сыйлайтын, жақсы бейімделу қасиетімен, мұғалімнің кәсіби қызметіне жақсы әсер ететін эмоционалды ыңғайлылығымен, біліктілік қатынасының дамуына да ыңғайлылығымен (қарым-қатынастың біліктілігі) ерекшеленеді. Бұл типтегі тұлға туындаған қиындықтарды тастап кетпейді, оның ішкі кикілжің деңгейі ӛте тӛмен.
Ӛзіне кӛңілі тоқ тип бейімділіктің, эмоциялық ыңғайлылықтың, сұхбаттас адамға сындарлы кӛзқарастың тӛмендігімен сипатталады және ішкі кикілжің кӛрсеткішінің жоғарылығымен, туындаған мәселеден қашуымен сипатталады. Бірақ, С.М.Рогожникова атап кӛрсеткендей, бұл айырмашылықтар кӛп жағдайда бірінші типпен салыстырғанда онша маңызды емес. Нәтижесінде бұл типке жататын педагогтің жеке-кәсіби ерекшелігі бірінші типке жататын педагогқа қарағанда аса елеулі емес, бірақ үшінші, тӛртінші типке жататын педагогтармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болады.
Іштей келіспеушілік (кикілжің) типі басқа типтермен салыстырғанда жеке-кәсіби сипаты келіспейтін ең жайсыз тип. Ӛзін-ӛзі қабылдамай, мұғалім балаларды да қабылдамайды, педагогикалық қарым-қатынас жағынан әр түрлі жағдайларда ӛзін оңтайсыз ұстайды, жалған мінез кӛрсетеді, шектен тыс таптаурындарға ұрынады. Қиындықтарды ойламауға тырысып, олардан қашқақтайды. Эмоциялық жайсыздықты сезінеді, әртүрлі мүмкіндіктерді пайдаланбайды, басқаларды түсінгісі келмейді, ӛзінің мінезіндегі жағдайды басшылыққа алып, соларды шешеді.
Осылайша, ӛзін-ӛзі қабылдауда дәлдіктің жоқтығынан, ӛзін-ӛзі дамытуға ұмтылыстың жоқтығынан алға жылжуына ішкі кикілжің себеп болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Рогожникова С.М. Личностно-профессиональные особенности педагогов с различными типами взаимосвязи самопринятия и самосовершенствования //Психологические и психотерапевтические методы обеспечения психического и физического здоровья личности. – Череповец, 2002.
2. Выготский Л.С. Педагогическая психология.− М., 1990.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *