ФИҚҺ ТЕРМИНДЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

Сейдмухаммед ӘБДУНАЙМ
Нұр-Мүбарак университетінің магистранты

ФИҚҺ ТЕРМИНДЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

Ғылым әлемінде терминологияның алатын орны айрықша. Бұған қызықпайтын, оның күрделі мәселелерін қарастыруды қаламайтын маман кем де кем. Тіпті, әрбір тармағы сараланып, салаланып өз алдына өріс ашқан қазақ тіл білімінің де терминдік лексикаға байланысты зерттелетін мәселесі толып жатыр. Рас, жалпы тіл білімінде қазақ және басқа да түркі тілдерінде лингвистикалық терминнің жеке мәселелері ғылыми-зерттеу нысанына айналған.
Терминологияның жан-жақты зерттеу нысанына айналғанына біраз уақыт болды. Салалық терминология мәселесін зерттеудің бірнеше себептері бар, біріншіден, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай оның терминологиясы да заман талабына орай дамуға тиіс, екіншіден, мемлекеттік тілдің негізі – қазақ әдеби тілі болса, оның ғылыми тілі, стилі өзіне тән терминдік жүйесі қалыптасуы қажет екендігі өмірдің өзі көрсетіп отырған шындық екені даусыз. Ең бастысы қазіргі кезде қазақ терминологиясы қоғамдағы өзгерістерге байланысты дағдарысқа ұшырап, әркімнің өз бетінше термин жасауы барынша орын алуда. Демек, қазіргі кезеңде қазақ терминологиясына терминжасамның негізгі қағидаларына, терминжасамның талабына сай көзқарас тұрғысынан қарай отырып, жалпы терминдерді қалыптастырудың принциптерін белгілеу – бүгінгі күннің басты мәселесі. Дегенмен, зерттеуші ғалымдардың назарына ілікпеген қазақ терминологиясының салалары әлі де аз емес.
Ал діни терминдердің қалыптасу жолдары зерттеу нысаны бола қойған жоқ. Ендеше, дін саласындағы терминдердің қазіргі жағдайын қарастырып жинақтап, жүйесін саралап ғылыми бағасын беру қажет.
Қазақстан егемендігін алғалы барлық салаларда едәуір серпілістер мен көзқуантарлық жаңалықтар күннен күнге өрісін кең жайып отыр. Соңғы жылдарда отандастарымыз дінге бет бұрып, шариғат үкімдерін орындаушылар саны күрт өсіп жатқандығы оның айқын дәлелі. Қазақстанның әлемнің бәсекеге қәбілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылу бағытында жасап жатқан іс-шараларына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қосар үлесі мол, өйткені жастардың бойына діни сауаттылық пен тәрбиелік мәні жоғары төл әдет-ғұрыптар мен кісілік құндылықтарды сіңіру басқарманың негізгі нысандарының бірі болып табылады. Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университеті елімізге жоғары білімді имамдар мен араб, ағылшын тілдерін үйрететін білікті ұстаздар дайындауда. Қазіргі таңда Қазақстанның барлық аймақтарында аталмыш университеттің түлектері мешіт-медреселер мен мектептерде халыққа қызмет көрсетуде. Дегенмен, қазіргі таңда дін қызметкерлері алдында, діни терминдердің бірізділікке келмеуі қиындық тудыратындығы сөзсіз. Сондықтан діни терминдерді бір қалыпқа келтіріп, оның қазақша терминдік баламасын табу қазақ ғалымдарының еншісіндегі өзекті мәселе.
Дүниежүзінде таза тіл кездеспейтіні белгілі. Сөз алмасу-ауысу процестері ертеден-ақ бар құбылыс. Сөз алмасу процестері туысқан тілдердің арасында да құрылысы әртүрлі, бір-бірімен туыстық жақындығы жоқ тілдердің арасында да болады. Әлемдегі өзге де халықтардың тілдеріндегі сияқты, басқа тілдердің қазақ тіліне тигізген ықпалы аз болған емес.
Қазақ тіліне басқа тілдердің тигізген әсері, әрине, тарихи факторларымен байланысты. Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорында түбірлес (түркі) тілдерге ортақ сөздер де, араб, және басқа тілдерден ауысқан элементтер аз емес.
Араб-парсы тілдері әсіресе түркі тілдерінің тарихында айтарлықтай қызмет атқарғанын кезінде шығыстанушы ғалымдар қарастырған болатын. Түркі тілдеріндегі араб, парсы кірме сөздерін А.Сияров, Э.А.Мамедов сияқты ғалымдар өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Қазақ тіл білімінде Н.Оңдасынов, Б.Бекмұхамбетов, Л.Рүстемовтер кірме сөздердің осы қабатын зерттеді. Көрнекті ғалым Р.Сыздықова араб, парсы сөздерінің ХҮІІІ ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының шығармаларынан мол кездесетінін айтып, бұл сөздер әңгіме етіп отырған дәуірден көп бұрын халықтың тіліне сіңісіп, қазақ лексикасының байлығына айналған деп тұжырымдайды. Араб, парсы сөздерін арнайы зерттеген ғалым Л.Рүстемов: “Араб және парсы сөздерінің қазақ тіліне ауысуы жүздеген жылдарға созылған ұзақ процес» [Рүстемов Л. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. – Алматы: Ғылым, 1982. – 160-б.] екендігін атап көрсетеді. Сол сияқты, қазақ тіл білімінде араб, парсы сөздерін шамамен болса да дәуірлеу қиын деген пікір бар. Кейбір ғалымдар бұл тілдерден сөз ауысуы орта ғасырға жатқызады [Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Қаз.мемл. ОПБ, 1962, — 316-б].
Қазақ даласына араб, парсы элементтері ХІ ғасырдан бастап кең өріс ала бастады. Оның таралуына әртүрлі себептер болды. Бірінші себебі – ислам дінінің таралуы. Екіншісі – қазақтар ХҮ ғасырға дейін ұйғыр жазуын қолданып келсе, ХҮІ ғасырдан бастап араб әліппесін қолданады. Сол кезеңде Орта Азия мен қазақ жерінде мәдени-ағарту жұмыстары жандана бастады.
Сонымен, талай тарихи кезеңдерді басынан кешірген қазақ халқының тілдік құрамы екі қабаттан:
1) Негізгі – қазақтың төл сөздерінен;
2) Өзге тілдерден еніп, сіңісіп кеткен лексикалық элементтерден тұрады.
Араб-парсы сөздерінен жасалған фиқһи терминдер қазақ терминологиясының жүйесінен елеулі орын алады.
Кірме сөздердің семантикалық ауқымы қабылдайтын тілде толық сақталуы мүмкін. Кірме сөздер қазақ тіліне: зекет, тәйммум сүннет,құрбан, тиләуәт,құран қәри т.б. сияқты дайын терминдер күйінде кірген.
Арабтың الصداقة «cадақа» деген сөзі төмендегідей мағыналарға ие:1.шыншылдық; 2. сенім; 3. бауырластық. Қазақ тілінде тек бір ғана садақа мағынасында қолданылады.
Айта кететін бір жай полисемантикалық араб сөздері негізінен қазіргі қазақ тілінде фиқһи терминдер ретінде өз мағыналарының тарылуы арқылы өзгертілген. Қазақ тіліне ауысқан соң қолдану өрісі тарылып, бұрынғысынан гөрі әлдақайда тар көлемдегі ұғымды білдіретін болып қалады.
Араб тіліндегі сын есімнің – вий, -ий аффикстері қазақ тілінде: ислами ұғым, фиқһи термин араби мәтін т.б. тіркестерде кездеседі.
Әр тілдің өзіне тән ішкі заңдылықтары болатыны белгілі. Белгілі бір тілдегі дыбыстық фонемалық қасиеті екінші тілде басқаша болуы мүмкін. Мысалы, қазақ тілінің өзіне ғана тән фонетикалық ерекшеліктері бар. Демек, басқа тілден ауысқан сөздер қалайда қазақ тілінің осы заңдылықтарына бағынып, алғашқы фонетикалық бейнесін өзгертеді.
Араб, парсы, қазақ тілдерінің тілдік құрамы әртүрлі келеді. Араб тіліндегі дауыссыз дыбыстардың бәрінің бірдей эквиваленті бола бермейді. Енді біз осыған қысқаша мысал келтіргіміз келіп отыр.
1. Алдыңғы қатардағы арабтың ашық, екпінсіз, еріннің қатысуынсыз келетін е(а) дауыстылары қазақ тілінде де редукцияланып, қысаң «і» дыбысына айналады: әліппе (алеф-ба).
2. «айн» әрібі яғни «а»дыбысы «ғ» дыбысымен алмастырылады: العبادة ибатат (ғибадат).
3. Араб тілінде «ф» тіс пен ерін дауыссызы қазақ тілінің барлық фонетикалық позицияларында қос ерінде қатаң «п» дыбысы арқылы беріледі: الفرض фард (парыз).
Ал «құран» القران және «зекет» الزكوة «кітап» сөздерде қазақ тіліне еңген сөздер, тереңнен зерттейтін болсақ, деректерде бұл сөздер араб тілі емес, көне арами тілінен кірме сөз екенін білуге болады.
Фиқһи терминдерді зерттеу және олардың қазақша терминжасамдарымен айналысудың берері мол. Мысалға құрбан айт кезіндегі ритуалдардың атауы «Ташриқ» сөзі қазақ тіліне енгенде «ташриқ» болып өзгермей енеді. Ал оны тілдік мағынасымен қоса білудің орны бөлек.
تكبيرات التشريق Ташриқ тәкбірі:
«Ташриқ» сөзі تشريقا — يشرق -شرق етістігінен жасалған қимыл атау. Мағынасы: күн шығыс тарапқа тастау ұғымын береді
التَّشْرِيْقُ: الصِّبْغُ الخفيف.
وَتَشْرِيقُ الشَّعِيرِ إلْقَاؤُهُ فِي الْمَشْرَقَةِ لِيَجِفّ
«Бидайды күннің астына құрғату үшін жаю»
وأيام التشريق ثلاثة أيام بعد النحر لأن اللحم يشرق فيها، أي يشرر في الشمس وسميت أيام التشريق
Ташриқ күндері құрбаннан кейін үш күн.
َАнықтамасы: құрбан айттың алдындағы күнді «Арафа күні» деп атайды. Бұл – Зилхижжаның тоғызыншы күні. Арафа күнінің таң намазының парызынан кейін, құрбан айттың төртінші күнінің намаздыгер уақытына дейінгі айтылатын тәкбірді – «Тәшриқ тәкбірі» дейді 237.
الْوَلِيُّ Мәйіт иесі:
الوالي » уәли» сөзі араб тілінде – وَلِيَ يَلي وِلاَيَةً етістігінен жасалған негізгі есімше. Мағынасы бір затқа ие болу.
Мысалға: وَلِيُّ اليَتِيْمِ ونَحْوِه : жетімнің иесі
الْوَلِيّ- «дос» «көмекші» деген мағынаны да білдіреді.
Оған мысал:
الله ولي المؤمنين أي معينهم
«Аллаһ тағала мүміндердің көмекшісі»
— артынан келу мағынасы да бар.
وَلَى يَلي » уәли» сөзі араб тілінде «көмектесуші» және оның керісі болған «көмек алушы» мағынасында да келеді:
والمؤمن ولي الله أي المعان بنصر الله عز وجل
«Мүмін Аллаһ тағаланың «уәлисі»; бұл мысалда «уәли» сөзі Аллаһ тағаланың көмегін алушы ұғымын беріп тұр
» мәулә» сөзіне келер болсақ, бұл ырықсыз есімше болып «ие» немесе оның антонимы болған «құл» ұғымын береді.
والمَوْلَى: الوَلِيُّ، واللهُ تَعالى مَوْلاَه: أي وَلِيُّه. .
Sultan الملك ونحوه، أو الوالي، كل من له حق الاجبار في جهاز الحكم في الدولة…
الوالي –» әлуали» «уау» әрібінен соң «әлиф» бен келген негізгі есімше болса оның ұғымы өкімет әкімшілігінде заңдарды қарастыратын немесе дайындайтын тұлғаға берілетін лауазым екенін білуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *