Сәулет өнерінің теориялық негіздері

Дәрістің тақырыбы: Сәулет өнерінің теориялық негіздері.
Дәріс мақсаты: Сәулет өнерінің теориясының мәнін ашу және түсіндіру.
Дәрістің жоспары:
1. Ежелгі дүниенің сәулет өнері.
2. Қазақстанның ежелгі сәулет құрылыстары.
3. Сәулет өнерінің сыртқы бейнесі және стилі.
Ежелгі кезден бастап суретті жазықтықта орналастыру және орындаудың реті пайда бола бастады. Натураны бақылау, бейнеленетін заттардың перспективалық өзгерістері, суретті натурамен салыстыру, тональды шешім, фактура, орындалған жұмыстың қорытындысын шығару. Осылардың барлығы қосылып бірге жүрді.
Кескіндеме қауымдық ойдың формасы болып табылады, ол әлемнің суреттік түрін бейнелейді. Бірақ әлемді салуды суретші өзінің ойларын сезімдерін, ұмтылысын, эстетикалық ұмтылысын, эстетикалық идеалын, өмірге баға береді, әлемді өзіндік түсінуін бейнелейді.
Қола дәуірінің ерте (б.з.д. XVIII-XVI ғ.ғ.) және орта (б.з.д.ХV-XII ғ.ғ.) кезеңдеріне сәйкес келген, ғылымда «андронов» деген атаумен белгілі төл мәдениеттің неолит дәуірінде (б.з.д.II мыңжылдык) қалыптасқандығын археология ғылымы анықтады. «Мәліметтерге сүйенсек, андронов тұрғындары көбіне отырықшы өмір салтын жүргізген. Олар аралас сипаттағы, бакташылығы басым мал-егін шаруашылығымен айналысқан.
Тұрмыс заттары мен әртүрлі әшекейлер осы кезендегі тайпалар мәдениетінің деңгейін көрсетеді. Қыштан жасалған ыдыстар өзінше ерекшеленеді». Бұл ыдыстар үшін «қыш өте мұқият таңдалған, кейде оларды бірнеше ондаған километр қашықтықтан әкеліп, содан кейін өндеген». Бұл ыдыстардың пішіндері мен пластикаларының алуан түрлілігі ғана емес, сондай-ақ олардың ою-өрнектері де өзіне назар аудартады. Қола дәуіріндегі өрнектерді кейінгі кезең өрнегімен салыстырған кезде олардың бір бірімен жақындығы айқындалды. Осы пішіндермен бірге қола дәуіріндегі тайпаларда бабалар рухы мен о дүниеге сенім-нанымның кең тарағанын айта кетуге болады. Сондықтан олар қайтыс болған адамды мүмкіндігінше тамақ, киім-кешек, еңбек құраддары, қару-жарақ және түрлі -әшекейлермен жасақтап қана қоймай, сонымен қатар үйге ұқсайтын зират тұрғызған. «Молалар, әдетте, қабырғалардан тұрғызылып, тік төртбүрышты, шаршы, сопақ дуалдармен белгіленген. Камераның ең кең тараған конструкциясы — тіке орналасқан плиталардан жасалған тас жәшіктер».
Кейінгі қола дәуірінің аяғында Казақстан аумағында б.з.д. X-VIII ғғ. пайда болған Орталық Казақстан тайпаларының материалдық мәдениетінде бірнеше аймақтық ерекшеліктер қалыптасты.Мысалы, Қарағанды қаласының маңындағы Дәңдібай ауылынан және Солтүстік Балкаш жағалауындағы Беғазы мекенінен табылған. Дәндібай-беғазы мәдениетінің ескерткіштері Андронов мәдениетімен салыстырғанда өзінің біршама жоғары деңгейімен ерекшеленеді.
Б.з.д. VII—IV ғғ. Казақстан мәдениеті «тілі мен мәдениеті жағынан сақ жөне сармат тайпаларына жақын, этномәдени массивке рулық-тайпалық бөлік ретінде кірген» тайпалар және тайпалық топтармен байланысты. Соңғылар кезінде «Орта Азия, Алтай, Хакассия, Тува және Солтүстік Моңғолияның туыстас тұрғындарымен ғана емес, сондай-ақ Ассирия, Мидия, ал б.з.д. VI ғ. ортасынан бастап ахеменидтер мемлекеті — Парсымен байланыс жасады».
Табиғи су қоймалары мен кең алқаптарға бай Оңтүстік Қазақстан аудандары, әсіресе Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінң жағалауы мен Қаратау бөктерінің жайлы табиғи-климаттық жағдайы шаруашылықтың үшінші түрі — отырықшы мал шаруашылығының қалыптасуына ықпалын тигізді. Отырықшы мал шаруашылығы суармалы және тәлімі жер шаруашылығымен үйлесті. Мұның барлығы осы аудандарда ірі жер иеліктерінің ерте пайда болуына әкеп соқтырды. Б.з.д. I мыңжылдықта ірі мал шаруашылығы қауымдастықтарының жерінде жаппай отырықшылану жүрді.
Б.з.д. I мыңжылдықтың бас кезінде халықтардьщ жоғарғы мәдени деңгейі болғандығын Бесшатыр обаларынан табылған заттар айғақтайды. Бұл заттар сақтардың үйге арналған қалың қара киіз бен киім тігуге арналған жұмсақ ақ киізді жасау әдістерін білгендігін тағы бір мәрте дәлелдей түседі. Олар сондай-ақ дөңгелекті көлікті де дамытты. Бұл кезде кен табу және өндеу, ұсталық, құю және зергерлік өнер сияқты өндірісті мамандандырылған түрлері де болды.
Оңтүстік Қазақстан климатының қолайлы жағдайы, әсіресе Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің жағалауы, Қаратау бөктерлері — шаруашылықтьщ түрі үшінші отырықшы мал шаруашылығының дамуына қолайлы болды. Бұл осы өңірлерде отырықшы тұрғын жайлардың орнығуына (б.з.д. I мыңжылдықта) әсер етті.
Б.З.Д. I мыңжылдықта жоғарғы дәрежедегі мәдениет болғаңдығы табылған қазбалардан көрінеді. Солардың бірі Бесшатыр обасы болып табылады. Бұл оба сақтардың тұрғын үйлер үшін жүй 1 өнімдерін пайдалана білгендігін, киім тігіп, тері илеу кәсіптерін меңгергендігін байқатады. Әрі сақтардың дөңгелекті арбаларды -пайдаланғандығы туралы деректер кезігеді. Дәл осы кезенде темір; өндеу, тоқымашылық, зергерлік сияқты кәсіптер дамыды. Сақ шеберлері әртүрлі өнеркәсіпке қажетті, күнделікті тұрмысқа пайдаланатын бұйымдарды саз балшықтан, металлдан, сондай-ақ тастан дайындады. Ағаш әрі теріден жасалған бұйымдар бізге 1 Пазырық қорғандарын ашқан кезде (таулы Алтайдағы) келіп жетті. Олардың ішінде тері мен жүннен жасалған бұйымдар: құты, қапшық, т.б заттар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды.
Саз балшықты тақтадағы жазуларда б.з.д. II мыңжылдықтың қола дәуірінде жеке меншік ұғымы пайда болады. Жетісу өңіріңдегі «патшалық қорғандар» б.з.д. VII—VI ғғ. Шу және Іле өңірінде сақ І тайпаларында таптық бөлінушіліктің пайда болғандығын көрсетеді. Көрші иеліктер арасыңдағы мәдени-экономикалық байланыстарды жіктей келе, еуразиялық мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар: сақ, савромат, скиф және т.б. осы сияқтылар. Сауда әрі айырбас саудамен айналысатын тайпалар арасында ұқсастық байқалатыны анықталды.
Бұл тайпалардың Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан, Еділ бойы, Қаратеңіздің Солтүстік жағалауын мекендегені белгілі. Бірақ бұл ұқсастық тайпалар арасындағы өзара айырмашылықтарды ажыратуда қиындық тудырмайды. Б.з.д. VIII—II ғғ. сақ тайпаларындағы мәдениеттің дамуы Сібір, Қазақстан, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Еуропаны мекендеген тайпалар арасында «аңдық стиль» ;» (дәлірек айтсақ (скиф-сібір) андық стилі) деген атпен белгілі. Аңдық стиль генезисі туралы әртүрлі көзқарастар бар. Біреулер мұның шығу тегін жергілікті өнерге жатқызса, оның шығу кезеңінің түп тамырьш кейінгі кола дәуіріне жатқызады. Ал базы біреулер бұл стильді Алдыңғы Азияны мекендеген сақ тайпаларына ахеменидтік өнердің әсер етуімен келді деп тұжырымдайды.
Б.З.Д VI ғ. аяғы және V ғ. басы еуропалық және азиялық өнердің дамуына антикалық мәдениет (Ежелгі Элладада еуропалық өнер арқылы қалыптасқан) әсер етеді деген тұжырым айтады. Осы кезенде сақ өнеріңде ешкімге белгісіз, беймәлім геральдикалық композициялар орын алады. Мұнда тәңірдің белгісі болатын (қасиетті ағаш немесе арыстан бейнесі яки фантастикалық тазқара) бейнелер, сондай-ақ гүлдер мотиві немесе лотос гүлінің шоғы ; бейнеленеді. Б.З.Д. III—II ғғ. аң стилі өнеріңде өзгеріс байқалып, өрнек түріндегі бедерлер қалыптасты. Б.з.д. І-мыңжылдықтың аяғында полихромдық, өнер таңғажайып жаңалықтар әкелді. Бұл өнер техникалық инкрустация арқылы, сондай-ақ әртүрлі тастар, дән және т.б. заттармен көркемдеу арқылы ерекшеленді. Қолөнер де дамыды. Бұл өнер жануарлар әлемінде схемалық түрде орын алды. Зерттеулер сақтар қолөнерінің кең тарап, маңызды рөл атқарғандығын дәлелдейді. Ою-өрнек шығармашылығының туындылары Алтай бауырындағы Пазырық қорғанынан табылғаны белгілі. Осы кезеңге жататын ою-өрнектің бірнеше мотивтері: геометриялық, өсімдік тектес, зооморфтық, символикалық және т.б. болды. Бір затта немесе бұйымда бірнеше мотивтің комбинациялары кездеседі, Қазақстан аумағындағы этникалық біркелкі әртүрлі аймақтағы мәдениеттердің жергілікті ерекшеліктеріне әсерін тигізбеді, Олардьщ арасында Орталық Қазақстан аумағынан табылған б.з.д. VII ғғ. жататын «Тасмола мәдениеті» өз ерекшеліктерімен көзге түседі. Бұл мәдениеттің басқа қорғандардан ерекшелігі сол — «мұртты обалардың» — тасты қатарлардың болуында. Мұндай обалар Қазақстанның шөлді аймақтарында, әсіресе Орталық Қазақстан аймағында кездеседі.
Көшпелі ;мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен II айналысатын аймақтардың дамуы сауда қатынастарыньщ дамуына әсерін тигізді. Б.З.Д III—II ғғ. Қазақстан өңірінде бірнеше ірі ертедегі көшпелі одақтар Жетісуды және Оңтүстік Қазақстанды мекеңдеген Үйсін тайпалар одағының және Сырдарияның орта ағысын мекендеген Қаңлы тайпасының қалыптасуына негіз болды Бұл тайпалар б.з I ғ. ірі әскери-саяси күшті одақ құрып, б.з II ғ. ұлы, құдіретті Кушан империясының құрылуына негіз болды. Бұл империя б.з. II ғ. П-жартысында тегеурінді Грек-Бактрия мемлекетінің шабуылынан кұлайды. Оңтүстік және Оңтүстік Шығые Казақстан аумағы жаңа державаның, ал мәдениеті Шығыстың ықпалында қалды. Мұның әсерінен қалалық мәдениет дамыды. Қалалық мәдениеттің дамуы Орталық Қазақстанды мекендеген көшпелі тайпаларға қатты әсерін тигізді. Халықтардың ұлы араласуы, ғүндар ықпалынан болған б.з.д. II ғ. ғұндар көші Қазақстан өңіріндегі этносаяси картаға көп өзгеріс әкелді. Тек Қазақстан ғана емес, Алдыңғы Азия, Орта Азия, Еуропа елдерінде де өзгеріс байқалды.
Үйсін тайпасыньщ шаруашьшығын негізінен жартылай көшпелі мал шаруашылығына жатқызуға болады. Зерттеулер Қазақстан аумағында бірегей мәдениеттің қалыптасқандығын дәлелдейді.
Үйсін тайпасы шаруашылығының негізгі пішіні -жартылай көшпелі мал шаруашылығы үнемі даму үстінде болып, жер өндеу, егіншіліктің дамуына да әсерін тигізді. С.И. Руденко қытай хронологиясына сүйене келе, «дәулетті үйсіндер арасында 4-5 мың бас жылқысы бар үйірге иелері де болған» деген тұжырымға келсе , И.В.Кюнер «тарихшы Суй Сун үйсіндер су мен шөпке мән бермесе де, олардың қала мен тұрғын жайлары болған» деген пікір айтады.
С.П. Толстов»Каунчинск, Жетіасар және Отырар-Қаратау топтарына жіктеген Қанғуй мәдениетінің орнығуына отырықшы және көшпелі тайпалар да әсер етті. Бұл тайпалардың негізгі мекедеген жерлері Сырдарияның орта ағысы. Қанғұй мемлекетінің материалдық мәдениеті-отырықшы мемлекеттердің мәдениеті болып табылады», -деген пікір айтты.
Б.З.Д. II ғ. I жартысындағы Қазақстан тарихы мен мәдениеті түркі: тайпаларымен тығыз байланысты. «Б.з.V ғ. Солтүстік Моңғолия өңірінен Амударияның төменгі ағысына дейін Тирек (Теле) деген атаумен белгілі тайпалардың өмір сүргенін айтады». VI ғ. ортасында Тирек тайпаларыньщ түркі тайпаларына қарсы бас көтерулері басталды. Бұған қоса тарихымыздағы маңызды оқиғалардың бірі-жалпы түркі тайпаларының бөлініп, ерте феодалдық мемлекеттердің калыптасуы (VII ғ.) байқалады. Орталығы «Суяб» болатын Батыс Түрік қағанаты ежелгі үйсіндер мекен¬деген; жерлерде өз мемлекеттерін құрды. Көшпелі мал шаруа¬шылығы және отырықшы-егін шаруашылығы қағанаттъщ негізгі шаруашылығы болып табылады. Әрі феодалдық қатынастар да жоғарғы деңгейде дамыды. Қала мен дала қағанат өмірінде біртұтас тұрмыстық-саяси бөлінбейтін бөлшек болып қала берді.
Тарихи-археологиялық зерттеулер Қазақстан аумағында алғашқы тұрғын үйлердің қалыптасуы орта қола дәуіріне жататындығын дәлелдейді. тұрғын жайлардың ізі Орталық, Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан өңірлерінен табылып отыр. Ә.Х. Марғұланның зерттеулері бойынша Қазақстан аумағы, әсіресе Орталық Қазақстан өңірі қола дәуірінде халықтың тығыз қоныстанған аймағына жатқызылады. Мұңда андронов кезеңіне жататын Атасу қонысында патриархалдық отбасылар әртүрлі шаруашылық құрылыстары бар үлкен жеркепелерде тұрғандығы белгілі. Атасу қонысындағы жеркепелер тік төртбұрышты пішінде (13×12 м) салынғаны, солтүстік бұрышында бір-бірімен дәліздер арқылы жалғасқан 3 кішігірім жеркепе тиіп тұрғаны белгілі болды. Үйдің төбесін көтеріп тұратын тіректер үйді 2 бөлікке бөлген. Мұның бір жағында адамдар тұрса, екінші жағы мал ұстауға пайдаланылды. Андронов кезеңінің аяғында тұрғын үй кұрылысының аумағы кішірейе бастайды, шұңқырлар жойылады да, оның орнына жер асты қабырғалары таспен қаланған үйлер қалыптасты. Ішкі жағынан қабырғалар ағаштан жасалынды да, оның үстіне күрке тәрізді шатыр орнатылды. Шатырдың жоғарғы бөлігі тігінен орналасқан бөренелерге қойылған. Барлық құрылыстың жоғарғы жағы қамыспен немесе бұталармен жабылды. Аса биік емес, аласа қабырғалы тастан қаланған үйлер жел-бұрқасыңдардан қорғап тұрды. (Атап айтсақ, Жамбай, Қарасу, Бұғылы I—II)
Орта қола дәуірінің ерте Алакөл кезеңіне жатқызуға болатынСолтүстік және Батыс Қазақстан аймақтарынан Петровка-П, Новониколъск-І, Жетісу тұрақтары табылды. Олар өте биік емес, едені жерге 15-20 см тереңдетілді. Тұрақты ашу кезіңде бөренелер үшін қазылған жақсы сақталынған шұңқырлар байқалды. Алакөл кезеңіне жататын тұрғын-жайлар тікбұрышты пішінде созыңқы ұзыңдау қалыпқа ие еді. Ауданы 140 м-ден 200 м-ге дейін, 2 бөлікке бөлінген, шығар жері бұрышта, дәліз тәрізді болып келеді. Тұрғын
үйдегі ошақтар саны 1-ден 8-ге дейін кездеседі.
Тұрғын үйлер тұрғызу кезінде ең әуелі ошақ орны мен олардың саны, тұрмыстық шұңқырлар, металл өндейтін, қару жасайтын орыңдар белгіленіп алыңды. Бөлек сальшған тұрақтар қоғамдық жиылыстарға, культтік дәстүрлер өткізуге пайдаланылды. Мұндай қатаң дифференциялық қолданысқа жатқызуға келетін тұрғын үйлер отырықшылық пен қалыпты қоғамдық тіршілікке жарамды әрі тиімді болды. Солтүстік Қазақстанның орманды дала зонасындағы тұрғын үйлерді салуға көбіне ақ қойыңдар пайдаланылғаны байқалады. Бөрене қалау, тоқылған ағаш қамыспен қоршау, сылау жұмыстары, шым қалау-бұлардың барлығы тұрғын үйлерді Керчтегі Анфистерия склепіндегі қиылған пирамида түрінде күркелерге тоқтайды.
Скиф-сарматтардың қиылған пирамида түріндегі күркелері көшпенділер өміріндегі ерекше маңызды бейне болды. Мұнда ең әуелі интерьердің жандануы көрініс берсе, екіншіден ас дайындау мүмкіндігі пайда болды. Л.Г.Нечаеваның пікірі бойынша мұңдай тұрақ қабырғалары мықты шарбақ түрінде жасалды. Е.И. Вайнштейн бұл пікірге қарсы шығып, «Мұндай конструкция көшіп жүруге тиімсіз» екендігін айтты. «Күрке 4 тағанды конус түрінде құралған қаңқаны үш жерден төртбұрыштап көлденең құраған шабақтардың үстіне киіз жабылған деу логикаға сияды».
Гиппократ скиф көшпенділері туралы: «Оларды көшпенділер деп үйлері жоқ болғандықтан атаған, олар үстіне үй тігілген арбаларда өмір сүрген. Арбалар төрт немесе алты дөңгелекті болып келеді және екі-үш қабат киізбен қапталады. Бұл арбаларға екі немесе үш жұп өгіз шегіледі, ал еркектер ат үстінде жүреді. Олардьщ артынан отарлы қойлары мен табынды сиырлары, үйірлі жылқылары көш түзейді. Осыдан болар бұл керуен олардың пікірі бойынша «күймелі арба» деп айтылады».
Киіз үйлердің генезисі туралы сұраққа Вайнштейн былай деп жауап берді. Қазба жұмыстарын жүргізу кезінде скиф заманына жататын заттар табылды және біз оны Қызылған мәдениетіне жатқыздық. Ол Б.Х.Кармышевтің пікірінше «қарлұқ киіз үйі» деп аталады.
Конструкциясы жағынан күрке «иілген тіректер мен тұрғын үйлердің орталығына орналасқан тіректерден тұратындығы» айтылады. Көшпелі-кеңістіктік композициялы жартылай домалақ күркелер түркі, қазақ киіз үйлерінің пайда болуының негізгі кезеңі болды. Б.з.д I мыңжылдықтың соңында тағы бір далалық мәдениетке жақын, әсіресе арбамен тасығанға тиімді, жиналмайтын дулығалы күркелер пайда болды. С.И. Вайнштейн мұны ғұндар күркелеріне жатқызады.
Минусийск шүңқырындағы Боярскіден табылған петроглифтер арасында сақталынған суреттер өте маңызды. Бұл суретте тұтас бір отырықшы ауыл тұрақтары көрініс береді. Ауыл көрінісі киіз үй тәрізді тұрақтармен берілген. Кейбір ғалымдардың пікірінше бұл көшпенді киіз үй емес. Күркенің бір түрі сияқты (күрке, қос) конус пішіні ғана қалған, ал мұртты обаларда түтін шығатын құбыр интерьері ғана сақталынған.
Әдеби шығармаларда киіз үйлердің пайда болуы жайлы әртүрлі пікірлер беріледі. Көбінің пікірі киіз үй ежелде пайда болған дегенге келіп тіреледі. Н.Н.Харузин «киіз үй күмәнсіз үлкен жолды бастан кешуі тиіс, дел қазірғі кейіпке келгенге дейін ұзақжол жатқандығы» туралы өз пікірін білдірді. Н.И.Щепетильников «негізгі үйдің пайда болу мерзімі туралы бір нәрсе айту қиын, оның тамыры өте ұзақ ғасырларға кетеді» деп жазады. Бірақ, зерттеулердің бәрі киіз үйдің пайда болуын I мыңжылдыққа жатқызуға болатындығы туралы айтады. Бұл туралы М. Мүқанов XIII ғ. басында моңғолдардың кеп бөлігі ғүндық типтегі үйлерді пайдаланғандығын айтады.
Б.з.д I мыңжылдықтьщ II жартысында киіз үй көшпенділер өмірінде
кеңінен қолданылды. Сонау Шығыс Азиядан Оңтүстік Шығыс Еуропаға дейінгі аймақты қамтыды.
Ежелгі түркілердің киіз үйлерінің архитектуралық-көркемдік құрылысы 1315 ж парсы миниатюрасында бейнеленген монғол ауласына ұқсас болып келеді. Ежелгі түркілердің қозғалмалы тұрақтары цилиндр тәрізді киіз үйлер, ортасына конус жасай отырып, кабырғалар тал бұтақтарымен көмкерілген. Конус пішінді шатырлар иілген талдардан жасалған. Бұны қазақстандық археологтар да жоққа шығармайды. Көптеген саяхатшылар көшпелі түркі халыктарының киіз үйлеріне қайран қалғандығын айтса, әл-Якуби (IX ғ.) түркі шатырлары туралы мақтанышпен жазады. Ибн Фадлан X ғ. Батыс Қазақстан аумағынан өтіп бара жатып, түркілердің күмбез тәріздес киіз үйлері туралы жазады. Бұл пікірлері қимақтарды суреттеген «Худуд-әл-Алам» атты еңбегінде кездеседі. Мұнда «халық жазда да, қыста да киіз үйде көшпелі өмір сүреді» деп жазады.
Б.з.д I мыңжылдықтың ортасында киіз үй тек түрік-моңғол халыктарының арасында кең таралды. Орта Азияға, соның ішінде оғыздарға киіз үй I мыңжыддықтың соңына қарай келді. Киіз үйлермен қоса оғыздарда көшпелі киіз үйлер, яғни, қостар (шатыр) болды. Осылайша ерте кездегі тұрғын жайлар конус пішінді күрке болып табылады. I мыңжыддықтың соңында дөңгелекті тұрғын үйлер пайда болды.
Монументалды сәулет өнерінің адамзат өмірінің ертедегі кезеңіндегі өзіндік бағдарламасы ата-бабалар рухын материализациялау, аялап сақтау болды. Бұл процес Казақстан аумағында, басқа да аймақтарда мегалиттік құрылыстың әр түрін: менгир, кромлех, дольмен, циста, қоршау сияқты түрлері дамыды. И.А,Кястанье айтпақшы: «Далалық көшпенділер ұлы әрі мәңгілік болатын ешнәрсе жасамады, бірақ өлім оба құрылысының қатарын тудырды». Олардың әртүрлілігі мен құрылысы әркімдіде таң қалдырады. Олардың арасында ең ежелгісі менгирлер. Биіктігі 1,5—6 м, дөңгелек немесе тікбұрышты пішінді болып келеді. Ежелгі культтік ескерткіш ретінде олар биіктен орын алып, өз сұлбаларымен тау бөктерлері мен қыраттарға жан береді.
Сәулет өнерінің дамуына дольменевидтік сандықтардың пайда болуы әсерін тигізді. Марғұланның зерттеуі бойынша республика аумағыңда тасты қорғандардың 3 түрі кездеседі. «Қотан тас» — үйілген топырақпен қоршалған; үйіндісі өте көлемді гранит тастармен шеңберлене қоршалған қорған түрінде; бұрьштары әлем жақтарына бағытталған квадрат немесе тік төртбұрыш түріндегі дольмендік құрылыстар (аумағы 4×5 м). Мемориалдық құрылыстардың бәрі түрғын үйлердің дәстүрлі құрылымдарні деңгейінде салынады. «Қотан тас» құрылысы жағынан қарапайымы, жай малшы үйі болып табылады, екінші типтегі қорған-рухани тұлғаның, үшіншісі ауқаттылардікі.
Сандық тастар (цисты) әдетте сақиналы ретпен қаланған тастармен қоршалған әрі 30 см биіктіктегі үйіндімен жабылады. Сақиналы қалаулар
6-9м диаметрде екі рет қайталанып келеді. Дәл ортасында ошақтың орны орналасқан. Құрылыс төртбұрышты болып келеді. Құрылыс әдетте биіктігі 1,1 м, ірі тастармен қапталған камераларадан тұрады. Тастар бірдей пішінде іріктеп алынып отырған. Жабынды үшін 125×12 см көлемдегі тегіс тасты плиталар қолданылады.
Мұндай типтегі мазарлар Беғазы, Ақсу-Аюлы, Бұғылы және т.б. жерлерден табылды. Бұл мемориалдарды дамыған қола кезеңіне жатқызуға болады. И.А.Кастаньенің дәйегі бойьшша «қорғандар ішкі пішіні жағынан әртүрлі болып келеді». Олар Қазақстан өңіріңде Курган-мар-шишкан-оба (Тас, Кішкене, Қызыл, Сары, Қара Қос), Төбе (Қызылорда обл.), Мүйктен үй (Семей), Мук немфе Муг (Жетісу) атауларымен әйгілі. Әрі қорғаныс мақсатындағы қорғандар да кездеседі. Соның бірі — 1820 ж. тұрғызылған Краков қорған-обасы. Бүл бекініс поляк патриоты Коефшкоға арнап салынды Мұндай қорғандар тек Ресейдің ғана емес, Еуропадан, Балқаннан, Босния, Моравия, Дунай жағалауы, Азия Үндістан, Америкадан табылды.
Ақсу-Аюлы кешенінің; қорғандары да айтарлықтай қызығушылық тудыртады. Бұл қорған ерте Беғазы кезеңіне (кейінгі қола б.з.д. XII—XI ғғ.) жатады. Казақстанда бұл жөніндегі жұмыстар 1933, 1952 жылдары Ә.Х. Марғұланның археологиялық зерттеулері кезінде атқарылды. Ақсу-Аюлы қорғаны дәстүрлі сақиналы құрылысты болып келеді. Биіктігі 1,2—1,6 м, жерге қырынан отырғызылған гранит плиталарда тұрады. Орталық қорғанның диаметрі 30 м массивінің центрі сандық-саркофагпен белгіленеді.
Саркофог пирамидалы-баспалдақты пішінді болып келеді. Ішкі сақиналы қорғандар үлкен гранитті плиталармен қоршалған. Мұндай қорғандар Қазақстан аумағында орта қола дәуірінде қалыптасты .
Беғазы монолиттері өте қызықты әрі сирек кездесетін ежелгі құрылыстарға жатады. Бұл монолиттің Ақсу-Аюлы және Дәндібай құрылыстарымен біраз ұқсастығы байқалады. Беғазы тобына бір типті алты кешен кіреді; олар бір-бірінен көлемі, қабырғаларының құрылымы жағынан ерекшеленген. Құрылыс құрылымы бір немесе екі камерадан тұрады. Орталық камера жанама галереямен қоршалынады. Беғазы ескерткіштеріне тән ерекшелік тігінен тұрғызылған бағаналар болып табылады. Өзінің құрылымы жағынан тіреуіштер қоладәуір кезеңін еске салады. Беғазы монолиттерінің ішінде екі құрылыс ерекшеленеді. Сыртқы бекіністері 9×9 м, ал ішкілері 6×6 м болып келеді. Орталық құрылыс ені 1,5—2 м болатын галереямен қоршалған. Шығыс жағындағы құрылыста ұзын дәліз бар. қүрылыс ені бойымен тас плиталармен қапталынған.
Мегалиттік құрылыстың дәстүрлі құрылымы жонды болып келеді. Тайпалық одақтар кезеңін өткергеннен кейін бұл дәстүр, бұл құрылыс түрі ерте ортағасырлық кезеңге (VIII—X ғғ.) дейін жалғасты.
Дәл осы кезенде Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген тайпалардың сәулет-құрылыс өнері жеткілікті деңгейде жоғарғы дәрежеге жетті. Бізге дейін жеткен құрылыстардың негізін салғандар да осылар. Бұған Тағыскен кесенесінің архитектурасы айғақ. Ол Қызылорданың оңтүстік-батыс жағынан 20 км жерде Іңкәрдария жағалауында орналасқан. С.П.Толстов 70 қорғанды атап, оларды солтүстік және оңтүстік деп екі топқа бөлді. Солтүстік |Тағыскендегі өте ертедегі кесенелер б.з.д. IX—VIII ғғ. жатады. Архитектуралық-жобалық шешімдерді зерттеу оларды қорғандармен, әсіресе, Орталық Қазақстандағы және Беғазы, Дәндібай қорғандарымен байланыс жасауға мүмкіндік береді. Кесенелердің жоспары төртбұрышты пішінде. Бірақ кесенелердегі галереялар жалғыз емес, екеу, әрі екеуі де квадрат ішінде. Шығыс Арал өңірі жағдайындағы сәулет өнерінде культтік құрылымдар принципі туындады. Өте ертедегі кесенелердің тобына ішкі кірпіштен және ағаштан тұрғызылған конус түріндегі шатырмен жабылған композициялық туындылар жатады. Үлкен шеңбер бойындағы бағандар (әдетте жалпы саны 8—12) арасы кірпіш қабырғалар арқылы жалғасқан. Бұлар, біріншіден, галереяны бөліп тұрса екінші жағынан саз балшықтан жасалған суфыға арқалық қызметін атқарады. Кесененің кіре берісі шығысқа бағытталған әрі өліктер өртелетін камераға апарады.
Солтүстік топ 11 жерлеу құрылыстарынан тұрады. Бұлар б.з.д II мыңжылдыққа тән, оңтүстіктегілеріне негізінен б.з.д VI—V ғғ. сақ қорғандары жатады. Өте ертедегі әрі ірі көлемдісіне Тағыскен мавзолейін жатқызуға болады (бұған қазба жұмыстарын В.А. Лоховцев жүргізген). Кесенеге кіре беріс шығыс қақпада орналасқан; Бұл кезең Қазақстанда исламның дамуына зор ықпалын тигізді. Ең қызығы ішкі және сыртқы бағандар концентрикалы қоршалынған тіректердің шұңқырларында орналасқан. С.П.Толстовтың зерттеулері бойынша «қайтыс болғандарға арналған үйлер оның тірі кезінде тұрған үйіне ұқсас» болады. Тағыскендіктердің тұрақтары дөңгелек және бағаңды конструкциялы болды.
Кесенелердің көлемі мен кеңістігі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. С.П.Толстовтың зерттеулеріне сүйенсек, «цилиндрлі-қонустық кұрылыс күйдірілмеген кірпіш пен ағаштан» жасалды. Өз пікіріне дәлел ретінде ол Шығыс және Оңтүстік Африка, Судан мен Эфиопиядан табылған ұқсас мысалдарды алға тартады. Мұңда біз Керченск склептерінен келіп жетіген тұрғын үйлердің суреттерін еске аламыз. Схема бойынша кесене реконструкциясы құрылысқа қатысты барлық сұрақтарға жауап бола алады.
Сонымен, сақина тәрізді кесене кеңістігі қиылған конус пішіндес болып келеді; ортадағы цилиндр тәріздес кеңістіктер көлденең, сырғауылдармен жабылды. Соңғысы қиылған конус пішінді, түтік шығатын ойығы, желдеткіші бар «чор-чорох» немесе «түндік» түрінде жасалды. Сөйтіп, архитектуралық-кеңістіктік тұрғыда кесене композициясы центрден тараған сатылы шатырлы тағыскендік тұрғын үйлерге ұқсас. С.П.Толстов зерттеген кесенелердің үстіне оба үйілмеген. Олардьщ айналасында өзара жақын орналасқан алты үйлесімді құрылыс бар. Бұларды зерттей келе мамандар құрылыстың мерзімін б.з.д. IX—VIII ғғ. жатқызады. Мұңдағы Тағысқен қерамикасы Орталық Қазақстандағы Дәндібай-беғазы кешеніне өте ұқсас: Бұл кезеңде батыста, Хорезмде тазабагьяб мәдениеті, Іңкәрдарияның жоғарғы ағысында (Қазақстан аумағы) басқа мәдениет — далалық қала мәдениетінің ерекше нұсқасы — далалық-қала мәдениеті қалыптасты.
Тағыскен кесенесінің архитектурасында әртүрлі өзгерістер байқалады. Сыртқы сақинаның диаметрі — 25 м, орталық — тіктөртбұрышты камера 7,3×6,9 м, ішкі контуры дөңгелек болып келеді; оның ортасында диаметрі 1,3 м шұңқыр бар; ішкі контуры шеңбер тәрізді, диаметрі 15 м. Б.З.Д. V ғ Тағыскен кесенесіндегі дөңгелек ішкі камералар 4 түрлі кеңістіктерге бөлінеді.
Б.з.д. IV—III ғғ. осы кесенелердің әсерімен апаскактар тайпасы тұрған аумақта мемориалдық құрылыстарда жерасты мәйітханалардың пайда болуы байқалады. Олар Шірік-Рабат, Бәбіш-молда, Баланды-2, Асар және т.б.
Тағыскеңдердің архитектуралық дәстүрлерінің дамуы б.з.д. IV ғ. жататын Баланды-2 кесенесінен көрінеді. Бұлар да дөңгелек пішіңді, Індәрдария жағасында орналасқан прототиптерінен қашық емес (33сур.). Диаметрі 16 м, биіктігі 6 м. Кешен жобасы дөңгелек пішінді орталықтан және ішкі (сақина тәрізді) екі бөліктен тұрады.
Тағыскеннен 6-дан өзгешелігі сыртқы бөлігі 7 кеңістікке бөлінген әрі дәліздер арқылы өзара жалғасады. Кіретін есік оңтүстік жақта орналасқан. Соңдықтан мәйіт қоятын орын сыртқы шеңберлі бөлікте орналасқан, ал жер жеке бөліктерге бөлінген. Ең әуелі бұл орталық бөліктер күмбездің пайда болуы (диаметрі 5,5 м болып келетін) болып табылады. Қабырғалар мына тәртіпте қаланған: алдымен құм төселіп, үсті сазбен сыланған, содан кейін бірнеше қабат пахса және оның үстіне кірпіш қаланатын болған.
Баланды-2 кесенесіндегі негізгі тарихи жағдай күмбездердің пайда болуы еді. Бұл тарихи жайтты С.П.Толстов «Күмбез әлі күнге дейін Алдыңғы Азия сәулет өнерінде әйгілі» деп тұжырым жасайды. Бұлай болса, зерттеушінің деректері бойынша біздің аймақта нағыз күмбез Рим архитектурасында б.з.д. II ғ. кең тарай бастаған ең көне күмбезді кұрылыстардан екі жүз жыл бұрын пайда болды. Композициялық тұрғыда кесене аса үлкен цилиңд пішінді. Ортасында күмбез ұшы, ал қасбет 25 рельефті өрнекпен көмкерілген.
Қазақстан аумағында «жалған» күмбездерді қолдану әлі күнге дейін кездеседі. Күмбез диаметрі 3-4 метрден аспағанда күмбездің беріктігін конус түріндегі қосымша күшейтусіз-ақ қамтамасыз етті. Кесенелердегі шикі кірпіштен конус түріндегі жабынды Сырдария жағалауында кең қолданысқа түсті (б.з.д. I мыңжылдық).
Архитектуралық мемориалдық құрылыстардың дамуында бірдей өзгерістер байқалады. Бұл жағдай өте маңызды. Казақстан аумағы мен Орталық Азияда негізгі материал — тас, ал Оңтүстік Түркіменстандағы егіншілік мәдениеті аймағында құрылыс күйдірілмеген кірпіштен жүргізілді. 42-45×22-24×24-10 көлемдегі тік төртбұрышты кірпіштер ерте кезде кесене салуға әкелінді. VI ғ. кезеңіңдегі стандарт 48-49×23-24×11-12, Теккели-тепеде 50-48×25-24×14 см, Язда 54x28x11 см болды.
Бүтіндей алғанда Тағыскен мавзолейлері мен Орталық Казақстандағы ескерткіштер арасындағы туыстық байланыстық болуы анық және де тағыскендік мемориаддық құрылыстардың мысалында олардың жергілікті шығу тегі мен жоғары архитектуралық-техникалық деңгейін атап өтуіміз керек. Бірақ, соған қарамастан И.А.Кастанье: «Исламға дейінгі дәуір негізінде пұтқа табынушылық сипатта болды, қорғандар үшін біз соларға қарыздармыз және оны қорғанды дәуір деп атай аламыз», — деді.
Шынында да түптамырлары қола дәуірінің құрылыстық дәстүрлеріңе кететін қорғандық құрылыстар бүкіл Қазақстан аумағы мен көршілес Оңтүстік Сібір, Орал, Орта Азия аймақтарына кең тараған, жәңе де олар сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ т.б. осы аймақтарды мекендеген тайпалардың мәдениетімен байланысты. Көлемінің ерекше үлкендігімен Жетісудағы сақтар ортасында дамыған ерте темір дәуіріндегі (б.з.д. VII—IV ғғ.) қорғандар бөлек тұрады (Іле өзінің алабы, Іле Алатауының етектері). Ол жерлерде, А.Н. Бернштамның айтуынша, Орта Азия мен Қазақстанның басқа аймақтарында кездеспейтін «патша» қорғандарының көп мөлшері жинақталған. Мұндай археологиялық ландшафт оны «патша сақтарымен үйсіндерінің нақ осы Жетісу аймағында тұрғандығы жайлы тұжырымға әкелді. Бұл қорғандар туралы ең толық мағлұматтарды Бесшатыр және Есік обаларынан табуға болады. Бесшатыр (Іле жағалауының оң жағында, Шылбыр аумағында) 31 қорғаннан тұрады. Бесшатыр обалары 3 әлеуметтік топ өкілдеріне қатысты құрылыстар. Сақ «Патшаларының» обаларының диаметрі 50—100 м, биіктігі 8—15 м болып келеді. Тайпаның ақсүйектерін, атақты жауынгерлерді көсемдердің бейіттерінің жанына жерлеген. Бірақ олардың бейіттерінің үстіне үйілген обалардың диаметрі 30-45 м, биіктігі 5—6 м болған. Қорымдағы шағын обалар (диаметрі 6—18, биікгігі 1—2 м) соғыстарда зор ерліктер жасап, «патшалар мен ақсүйектердің қорғандарының қасына жерлену күрметпен алған қатардағы жауынгерлердікі.
К.А. Ақьшев зерттеулерінің ішіңце обаларды тұрғызуға арналған жер, топырақ, тас туралы мәліметтер көп. Үлкен Бесшатыр 3 ірі, 3 орташа және ұсақ обалардан тұрады. Алғашқы Бесшатыр обасының диаметрі 52 м, биіктігі 7,6 м. Бесшатыр обасы өз заманы үшін күрделі ағаштан қиылған және бірнеше бөліктерден тұратын құрылыс болды. Бөлме қабырғаларындағы бөренелер бір-біріне тығыз байланыстырылған. Бөренелерден жасалған тегіс төбе үстіне ши жіппен байланған қамыс төсеніш салынған. Көптеген жерлерде қабырғаларда құстар бар, мұңда май шамдар тұрғанға ұқсайды. Негізгі кіретін жолдың ұзындығы тармақтарымен қоса 55 м созылып жатыр.
14 нөмірлі Бесшатыр обасында конструкциясы жаңа типті жерасты жерлеу құрылысы бар. Оның үсті үш қабатты жабыңдымен жабылған (екі қатары Тянь-Шань шыршаларымен жабылса, үстіңгі қатар жиделерден құралады). Жерлейтін орын төртбұрышы, күмбез тәрізді жабындысы бар. Кіретін тесігі шығыс жақта орналасқан. Бесшатыр обасының барлығына тән нәрсе — олардың қабырғалары таспен қаланып, төбесінің тегіс болып келуі.
Кіші әрі үлкен Бесшатыр обаларының кешені б.з.д. V ғ. сақ тайпаларының сәулет өнерінде тік төртбұрышты әрі дөңгелек жоспарлы құрылыстардың болғандығын, ағаш, тас, қамыс сияқты құрылыс материалдарын қолданғандығын көрсетті. Бұл сияқты ірі нәтижелер тек культтік ескерткіштерде ғана емес, тұрғын үйлерді, тұрмыстық жайларды салуда байқалады.
К.А. Ақышевтің және А.К. Ақышевтің зерттеулері бойынша б.з.д. V—IV ғғ. жататын сақтарға тән ескерткіштердің бірі — Есік қорғаны (диаметрі 60 м, биіктігі 6 м). жерлеу камерасының көлемі 2,9×1,5 м. Бұл қорған онда көмілген заттардың бағалылығымен де ерекшеленеді. Мұнда табылған «сақжауынгерінін,» сырт киімі мен бас киімі, сондай-ақ аяқ киіміндегі әшекейлердің саны төрт мыңнан асып жығылатынын атаса да жеткілікті. Сақтар кезеңінде Қазақстан өнері жоғарғы деңгейге жеткені белгілі. «Патша» обаларды тұрғызуға көп мөлшерде адам күші пайдаланылып, ұзақ уақыт кетті. Есік қорғанының құрылысына 4 мың адам-сағат жұмсалды. Бесшатыр обасына бұдан 10 есе көп күш жұмсалды. Жетісу қорғандары Шығыс және Орталық Қазақстан аудандарында кең тараған. Олардың композициясындағы ерекшелік Шілікті қорғанында көрінеді. Черниковтың мәліметтері бойынша үлкен қорымның құрамында 51 оба бар.

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
1. Сәулет өнерінің түрлері мен типтері.
2. Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан мысалдар келтіріңіз.
3. Қазақ халқының сәулет өнері және қолөнерінің тәрбиелік мәні

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *