ИМАМ ӘЛ-БҰХАРИДЫҢ «САХИХ ХАДИСТЕР» ЖИНАҒЫНДАҒЫ АХЛАҚҚА ҚАТЫСТЫ ТЕРМИНДЕР ТҮСІНІГІ

Әділ МАРХАБА,
Нұр-Мүбарак университетінің магистранты

ИМАМ ӘЛ-БҰХАРИДЫҢ «САХИХ ХАДИСТЕР» ЖИНАҒЫНДАҒЫ АХЛАҚҚА ҚАТЫСТЫ ТЕРМИНДЕР ТҮСІНІГІ

Имам әл-Бұхаридың «Сахих» кітабы сүннеттің едәуір бөлігін қамтитын, маңыздылығы жағынан Құран Кәрімнен кейінгі ислам тағылымының екінші негізі болып табылатын, мұсылман жұртшылығы сүйсіне оқитын танымал алты хадис жинақтарының біріншісі . Біз осы шағын мақаламызда көрнекті хадистанушы, имам әл-Бұхаридің хадистер жинағындағы ахлаққа, яғни мінез-құлыққа қатысты термин сөздердің мән-мағыналарын талдаймыз. Ислам дінінде ахлаққа, оның ішінде көркем мінез-құлыққа ерекше көңіл бөлгендігі белгілі. Имам әл-Бұхари өзінің сахих хадистер жинағында пайғамбарымыздың жалпы мінез-құлыққа қатысты хадистерін қамтумен қатар, тіпті, осы тақырыпқа орай, яғни көркем мінез-құлыққа қатысты «әл-Әдәбу әл-муфрад» атты жеке бір еңбек жариялаған.
Біз тақырыпқа кіріспей тұрып, ахлақ сөзін этимологиялық және мән мағынасы тұрғыдан қарастырып кетейік.
Ахлақ сөзі араб тілінде «хулқ» неме «хулук» деген сөздің көпше түрі болып табылады. «Хулқ» мінез, табиғат (жаратылыс) деген мағынаны білдіреді. Осыған қарағанда «ахлақ» – мінез-құлықты, адамның жан дүниесінің табиғатын білдіретін ұғым.
Ахлақ жайында ғалымдар өздерінің анықтамаларын берген, бірақ имам әл-Ғазали бұл анықтамаларды қорыта келіп: «Ахлақ адамның ішкі жан дүниесінде орналасқан қабілет, іс-әрекеттер ой-санаға салмақ салмай осы қабілет арқылы адамнан өте жеңіл шығып тұрады», – деген.
Осы анықтама арқылы біз ахлақтың қандай қасиет екенін түсінуімізге болады:
а) Ахлақ адамның іс-әрекеттерін жарыққа шығаратын қабілеттер жиынтығы. Бұл анықтама бойынша, ахлаққа қатысты іс-әрекеттер мінез-құлықтың өзі емес, оның нәтижесі мен көрінісі.
ә) Ахлақ сөзі тек қана жақсы мінез, жақсы қабілеттер үшін ғана қолданылмайды. Жақсы, жаман барлық мінездер ахлақ болып табылады. Сондықтан жақсы мінезі да ахлағы жақсы, жаман мінезі да ахлағы жаман деп аталады. Демек ахлағы жоқ адам болмайды. Ауыз әдебиетінде ахлағы жақсы болғандар әдепті, ал ахлағы жаман болғандар әдепсіз, ахлақсыз деп аталады.
Көркем мінез адамның жаратылысымен байланыстылығы бойынша үшке бөлінеді.
1. Басқаға зиян тигізбеу. Керісінше шама келгенше көмек, көрсету, мал дүниемен, мінезімен т.б. Ал кім көмек көрсете алмай, керісінше, зиян тигізсе, ол көркем мінезге жатпайды. Бұл тұрғыда пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Барлық мұсылмандарға сендердің қолдарың, малдарың, намаздарың бір-біріне зиян арқылы болса, харам етіледі. Осы елде, осы осы айда, осы күннен бастап», – деген. Егер кісі біреуге, арамдық пен қиянат істесе, әдейі біреудің малын алса, ұрып соқса, сыртынан сөгіп балағаттаса, бұны көркем мінез деуге болмайды.
Ата-анаға жақын туыстармен көршілерге өз ретімен құрмет көрсетіледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алламен ант ішемін иманды бола алмайсыңдар», – дегенде, сахабалар «неге» дейді? Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жамандығынан көрінісі аман болмаған кісі, толық иманды болмайды», – деп жауап берген.
2. Жомарттық деген адамдар ойлағандай малды тарату емес. Қайта кез келген нәрсеге көмектесіп, адамдар арасында ғылым таратудын өзі абзал іс. Әрине бұл көркем мінезге жатады. Өйткені басқаларға қайырым етті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қалай болсаң да, Алладан қорқушы бол,жамандықтың артынан жақсылық істе,адамның болмысы көркем мінезбен болады», – деп айтқан. Мінез қарама қайшылығынан адамдар келіспей тартысады. Егер сен біреуден зұлымдық пен жамандық көрсең кешіріп, түсіндіріп, туралауың керек. «Аллаһ жолында мал сарып қылғандар, сондай-ақ, олар ашуларын женушілер, адамдарды, кешірім етушілер, Аллаһ жақсылық етушілерді жақсы көреді». (әль-Ғимран, 134); «Ғапу етіп, кешірсін» (Нұр, 22); «Кім кешірім етіп, жарасса, оның сыйлығы Аллаһқа тән». Барлық адамдар бір-бірімен қатынасады. Сондықтан адам басқа бір адамнан бір кішкене жақсылық тапса, сол үшін кешірім етіп, жарасу керек. Нағыз ғылымды оқып үйрену керек. Сонда ғана екі адамның арасында қатыгездік жойылып, аяушылық махаббат, шыншылдық пайда болады.
Аллаһ тағала: «Жақсылық пен жамандық тең емес, Жамандықтың ең көркем түрде жолға сап,сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандарың болған біреу,өте жақын достай болып кетеді», – деген (Фуссилат, 34).
3. Жүздің жарқындығы. Яғни бауырыңмен жүздескен де жымиып, күлімсіреу де көркем мінезге қатысы бар. Сондықтан пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Егер бауырыңды жарқын жүзбен қарсы алсаң, еш нәрсе жасырып қалмайды», – деп айтқан. Тағы Ибн Аббастан жеткен хадисте: «Жарқын жүз, жұмсақ тіл – ең керек нәрсе», – делінген.
Имам әл-Бұхари жеткізген хадистерде келген кейбір ахлаққа қатысты термин сөздердің мағыналарына тоқталайық.
Жақсылыққа тырысу
Жақсылық етіп көркем болу الإحسان
Яғни, әрбір істің, мінездің, сөздің, қатынастың ислами негізден көркемделуі, бұл мінез-құлықтың бәрі исламнан келген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Негізі Алла сендердің әрбір іс істегенде толықтырып, істегендеріңді жақсы көреді», – деген.
Кішіпейілділік التواضع
1. Шындықты қабылдау. Яғни, қандайда бір келген адам шындықты айтса, соны қабылдау. Өйткені кейбір адамдар, шындықты қабылдамайды. Тек өзінен үлкен болса ғана тоқтауы мүмкін, ал егер өзінен кіші, әрі төмен болса ешқашан қабылдамайды. Нақты қабылдау кез келген адам тұрғысынан болады, яғни бай, кедей, құрметті, жексұрын, күшті, әлсіз болсын.
2. Адамдарға қанатыңды жаю. Яғин, адамдармен қарым-қатынаста жұмсақ болу, қай жағдай да, қызметші, қызметкер, құрметті, жексұрын болсын.
Шыншылдық الصدق
Шынында, шыншылдық пайғамбарларға міндеттелген сипат, қай пайғамбар болсын, оның өтірігі болуы мүмкін емес. Бұл сипат барлық пайғамбарға тән қасиет. Өйткені Аллаһ тағала Құран Кәрімде де барлық пайғамбарды шыншыл деп сипаттаған. Ибраһим (Мариям, 41), Ідіріс (Мариям, 56 аят), Исмағил (Мариям, 54) пайғамбарлар адамзат баласына үлгі-өнеге көрсету үшін жіберілген.
Аманат الأمانة
Расында, аманат (ерекше сенімді) – ислам дініндегі негізгі сипат. Осы мінез арқылы адамның барлық жағдайын біле аламыз. Адамдардың көпшілігі сенімділік мінезімен қарым-қатынас жасайды. Сол үшінде бізге аманат үшін сенімділікте нық болу керек. Аманат ауқымы өте кең ұғым.
Қамқорлық الرعاية
Негізі, бұл сипатты жүрек өте жақсы көреді.сезім мүшелерін де бұл мінездің ерекше орны бар. Яғни, тыныштықты, рақатты, кеңшілікті сезу. Қамқор мінезді адам бұл өмірде өте сенімді қуанышта жүреді. Бұл мінезбен жасалған қарым-қатынас адамдар арасында ерекше болады.
Ұялу الحياء
Негізі, бұл мінез ең маңыздысы, өйткені әрбір жеке тұлғада, отбасыда, қоғамда тигізетін әсері мол. Ал қазіргі таңда бұл мінез аяқ астына тапталды. Қоғамда бұзақылық көбейіп, бұл мінездер жоғалды. Ал бұл мінезді ұстанатын әрбір қоғам иесі өте таза байланыста болады. Қоғам да қиыншылықтар күшейіп, жақсы мінездер жойылып бітті. Негізі ұялшақтық иманға лайықты мінез. Сондықтан, иман ұялшақтықтың күшейіюмен күшейеді, кемісе кемиді.Ұялшақтық – сезім қалауымен тығыз байланысты. Яғни ұятты кісі жаман істерді жасауға талаптанбайды, тіпті, шамасы келмейді, әрі өзі Аллаһтың немесе елдің не өз-өзінің алдында, жалаңаш көрінуге де ұялады.
Мейрімділік الرحمة
Бұл мінез тек қана айтылып қана қоймайды. Керісінше, тәжірибеде де орын алады. Өйткені бұл мінезді жұқтырып, тәжірибеде іске асырса, қиямет күні де, Аллаһ қалауымен, бізге де солай болуы мүмкін, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Аллаһ мейрімді құлдарын ғана мейріміне бөлейді», – деген.
Туыстық қатынасты үзбеу صلة الرحم
Негізі, бұл қатынасты үзбеу міндет, кімде-кім үзсе, жаннаттан құр қалады. Аллаһ тағала: «Егер іс басына келетін болсаңдар, сендерден жер жүзінде бұзақылық істеу, жақындық байланысты үзу ғана үміт етілмей ме?» Олар Аллаһ, лағнет етіп, саңырау немесе көздерін соқыр қылғандар», – деп айтқан. (Мұхаммед 22,23). Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қарым-қатынасты үзген жаннатқа кірмейді», – деген.
Көршімен көркем қатынаста болу
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім Аллаһқа және ақырет күніне сенсе, көршісін құрметтесін, Жәбірейіл маған көрші туралы айтқаны соншалық тіпті, мирас қалдыр деп айтама деп ойладым»; Сол секілді пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Үш қайтара имансыз болады», – дейді. Жанындағылар кім деп сұрағанда? Ол (с.ғ.с): «Көршісі жамандығынан аман болғандар», – деген.
Жетім міскінге Аллаһ жолындағыларға жақсылық ету
— Жетім – балиғат жасына жетпей әкеден айрылған бала. Сол үшін Аллаһ оларға жақсылық етуді бұйырды. Пайғамбарда жетім туралы бернеше хадистер айтқан.
— Міскін, яғни кедей-кепшік
— Аллаһ жолындағылар, яғни, жолаушылар жолда қалса немесе көмекке мұқтаж болса, Өйткені жолаушы ешбір көмексіз болады. Сол кезде жақсылық жасап, құрметтесең, міне осы шариғаттың бұйырғаны осы.
— Қызметшіге немесе құлдарға қарым-қатынаста жұмсақ болу. Яғни, адам құлынан жұмсақтық – оны тамақтандыру, егер тамақтандырсаң, киіндір, егер жағдай жасасаң шамасы келмейтін істерді жүктеме. Ал қызметшіге жасалатын қатынас – тек, мұқтаж кезінде көмектесіп, бар күш жігеріңді жұмса.Ал қыста арнайы қатерсіз орынға орналастыру, Егер қиыншылыққа ұшыраса тамағын сусынын апарып көмектесу, егер тамақ ішуге шамасы келмесе,ішкізіп көмектесу. Сондай-ақ шамасы келмейтін істі жүктемеу.
Сол секілді, хадистерде жаман мінез-құлықты білдіретін термин сөздерді де қамтиды. Мысалы: Ысырап етпеу, сарандық, өкіну, тәкаппарлық, ызалану, уәдесінде тұрмау, балағаттау, т.б. секілді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисіндегі арнайы мінез-құлық жүйесі.
Хадистегі мінез-құлық толық жүйе деп айтуға тұрарлық. Оның арнайы ерекшеліктері, жүйесі ережелері басқалардан өте артық келген. Тұрасын айтсақ, хадистегі жүйе кез келген жүйеден басым түскен және әр мінез өз орнын дәл тапқан.
1. Туа біткен мінез, яғни тума сезім, Аллаһ солай етіп жаратқан. Амаж Абул Кайстан: «Аллаһ сендегі екі мінезді ұнатады: жұмсақтық пен кішіпейілділік», – дегенде, сахаба: «Мені солай етіп жаратты ма»? Жоқ, әлде Аллаһ сыйлық етті ме?», – деді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алла ұнататын мінезді берген үшін бүкіл мақтаулар болсын», – деп жауап қайтарды..
2. Жүре бітетін мінез, яғни, адам оған үйренумен, әдетпен ғана, яғни көп тер төгіп, тәжірбие арқылы жетеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқанындай: «Ғылым үйренумен,сабырлық төзумен». Ал енді, алда айтылған, жалпы мінез-құлық екіге бөлінеді.
1. Жеке бастың мінез құлқы, егер тәжіржиеде қолданса пайдасы өзіне ғана тиеді. Мысалы: Ынта әділдік, кешірімділік, жұмсақтық, ұят, шыншылдық, сабырлық, бұл жөнінде көптеген жаңалықтар бар, аятта бар.
2. Қоғамдағы мінез-құлық. Яғни, қоршаған ортада.Бұл басқамен байланысты, пайдасы тек өздеріне ғана тиесілі. Мысалы. уәдеде тұру, ата-анаға қамқорлық ету, кедейлерге қол ұшын беру, жаманшылықты кешіру, жомарттық,табыстыру, бұлар жөінінде де бірнеше көрністер айтылады. Тіпті кейбір ғалымдар, мінез-құлықтан бес түрі бар дейді.
1. Жеке бастың мінез құлқы. Мысалы: Кешірім, әділдік, шыншылдық.
2. Жанұяға қатысты мінез-құлық. Мысалы: Ата-ананы құрметтеу,ерлі зайыптыны табыстыру, туыстық қатынасты үзбеу.
3. Қоғамдағы мінез-құлық. Мысалы:Аманатты өтеу, уәде де тұру, кедейлерге қамқорлық жасау.
4. Мемлекетке байланысты мінез-құлық. Мысалы: Келісім, жиналыс, әділдік, уәде де тұру.
5.Дінге қатысты мінез-құлық.Мысалы: Аллаға бойұсынып-шүкірлік ету, өтеміне құдыретіне риза болу, сүйіспеншілік, одан қорқу, оған тәуекел ету.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Сахих әл-Бұхари (ықшамдалған нұсқасы), Әбулаббас Ахмад ибн Абдуллатиф әз-Зубәйди, 5-8-б.
2. С.Сейтбеков С., Нысанбаев. Ислам Әдебі, Шымкент, 2003.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *