АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ
ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шайхисламова Гулнара Шарапатовна
Жалағаш ауданындағы №117 орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты ӛзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын кӛзбен бағалай отырып саралауы, жастардың шығармашылық әлеуетінің дамуы, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыдан ұйымдастыруын талап етеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Ж.Қараевтың, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайыровтың, С.Лактионованың, М.Жанпейісованың т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз ӛсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам ӛркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы ӛз елінің патриоты болады», — деп кӛрсетілгендей, ертеңгі келер күннің құдіретті күші білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің ӛзекті мәселесі.
Ал, ұстаздың міндеті – жеке тұлғаның ӛзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және ӛз бетімен білім алуына, ӛзін-ӛзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты әр педагог сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіру қажет, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Ақпараттық қоғамның негізгі тала- бы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып ӛсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Сол себепті тарихшы ұстаз ӛз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік-құқықтық, психологиялықпедагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан-жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы қажет әрі оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта АКТ құралдарын қолдана білу керек.
Жас ұрпақ – ел тірегі, ертеңіміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отансүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран – түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз – шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сӛзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.
Білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сӛйлеген сӛзінде Елбасы: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры –ұстаздың қолында, ӛз Отаны Қазақстанды шексіз сүйетін, еліміздің болашағына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау – ұстаз міндеті», — деген болатын.
Қазіргі таңда біздің республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялықпедагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты үйрете жүріп, үйрену.
Білім берудегі жаңа технологиялар
Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін ӛзгертеді. Менің тарих пәнін оқытуда озық технологияларды пайдалануымның басты мақсаты – оқушыларға білім беру үдерісіне кӛмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулық-тар, тексеру бағдарламалары мен тестік, ӛзіндік жұмыстар ерекше орын алады.
Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық ӛзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен ӛзара байланысын талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады.
Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:
— оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
— бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;
— оқушылардың дүниеге ғылыми кӛзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
— оқушыларды ӛз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;
— оқушылардың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;
— эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.
Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңа-
1214
лықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, ӛз бетінше оқып, білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау, жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогі К.Ушинскийдің «Мұғалім ӛзінің білімін үздіксіз кӛтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сӛзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет. Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады. Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше. Осыған орай 7-сыныптарға арналған «Тарихи жәдігерлер» атты бейінді оқытуға арналған бағдарламамда жаңа тақырыпты түсіндіру барысында электрондық оқулықтағы мысалдарды кӛрсете отырып түсіндіремін, интерактивті тақтаның кӛмегі арқылы тест тапсырмаларының жауаптарын тексеруге болады.
Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып-үйренуде, олардың әр түрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады. Оқытудың осындай жаңа әдістәсілдерін пайдалануда мұғалім де, оқушы да табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі ӛзекті мәселе. Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі, маңызды. Ӛйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойнымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну ӛз қолымызда деп білемін. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», — деп кӛрсетілген [1.]. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни «Берілген үлгі бойынша ӛнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын кӛтеру.
Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту үдерісі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа кӛзқарастар қалыптасуда.
Сондықтан білім беру саласы да ӛзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет ӛзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам ӛркениетті бола бастайды.
Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне кӛшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да ӛзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Ӛйткені олар – ӛзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.
Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан ӛз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік-құқықтық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан-жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін ӛзекті мәселелерінің бірі. Біздің №117 орта мектептің жаратылыстану және математика пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану – оқу үрдісін белсенділігін, оқытуды жекешелендіруге, оқушының ӛзін-ӛзі бақылауына мүмкіндік туғызып отыр.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын кӛтеруді жүзеге асыруға бағытталған үдеріс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.
Білім берудегі жаңа технологиялар №1 (47) 2016
Электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, ғаламторда жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді кӛздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамның негізгі тала- бы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны ӛзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды кӛздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бӛлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттары бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және ғаламтордың дамуы мысал бола алады.
Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиялық, бейне және дыбыс бӛлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға кӛп кӛмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда ӛзін-ӛзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан ӛзін-ӛзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесіне тұтастай жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың ӛзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Осылайша жаңа технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына кӛмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Бұл технологияның ӛзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі ӛзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық-коммуникациялық жағдайларда жаңа кӛрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.
Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде. Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық кӛзқарастарын қалыптастыра алатын, ӛзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сӛйлеп, ӛз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың
маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты кейіпкеріміз – оқушы болса, онда барлығымыздың бағытымыз бір, бағдарымыз байсалды болмақ. Әр мұғалім оқушыға кӛпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны ӛз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Бұл «Ұстаз» атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып, жол тартқан кӛкірегі ояу, кӛзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту. Сабақты тартымды ӛткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әр түрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007.
2. Г.Ғ.Еркебаева Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттері, бағыттары мен мазмұны. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдар жинағы. Шымкент, 2011. – 6-9 бб.
3. С.А.Смирнова Педагогика: теории, системы, технологии. – М., 2006.
4. В.П.Беспалько Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.
5. К.З.Халықова, Г.А.Абдукәрімова Педагогикалық информатика. /Білім беруді ақпараттандыру. – Алматы, 2007